Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері



бет2/6
Дата09.10.2022
өлшемі22,68 Kb.
#152328
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com

Теріс факторлар ретінде сабақтың қиын сәтінде аяқ астынан туыңдаған күлкі, қайдан пайда болғаны белгісіз шу, есінеу, пікірталас кезінде айқайға көшу, қоңырауда дене белсенділігінің артуы және т.б. болуы мүмкін. Әдетте мектепте жұқпалының теріс көрінісі балалар мен оқушылардың шаршауымен, қарқынның артуымен немесе сабақтың күрделігімен, талқыланып отырған сұрақтың эмоционалды маңыздылығымен байланысты. Педагогтар жұқтыру сәтінің туындаған кезінде, оны тоқтатудың қиын, ал негізінен мүмкін еместігін есте сақтаулары қажет.

«Еліктеу - жалпы мысалға, өлшемге еру, адамдардың топтық бірігуінің негізгі құбылыстарының бірі». Еліктеу - қоғамда баланың тәртіптің әртүрлі түрлерін, іс-әрекеттерді, қарым-қатынас нормаларын, ұлттық мәдениет ерекшеліктерін, мамандықты игеру механизмдерінің бірі. Бала біреуге немесе бір нәрсеге еліктеген кезде, ол сыртқы келбетті (тәртіпті, жай- күйді) қабылдайды және оны өзінің тәртібінде көрсетеді. Есейе келе еліктеудің мағынасы өзгере бастайды, яғни жай ғана сыртқы көшірмелеуге қарағанда жағдайдың шынайы мағынасына көбірек көңіл бөлінетін болады.

Еліктеудің келесі түрлері ерекшеленеді: логикалық және логикадан тыс; ішкі және сыртқы; сәнге еліктеу және дәстүрге еліктеу; бір әлеуметтік топқа және бір топтың басқа топқа еліктеуі.

Жасөспірім шақта еліктеу жасөспірімнің өзін сыртқы, (сирегірек - ішкі) кейбір нақты, оған маңызды болып көрінетін тұлғамен, топпен немесе тәртіптің жалпыланған қағидасымен сәйкестендіруіне бағытталған. Осы ерекшелікті біле отырып, мұғалімге еліктеудің жеке үлгілеріне қарсы күресу әдістерін табу жеңілірек. Еліктеудің жағымсыз үлгісін жою үшін, оны балалардың көзінше «тақтан алып тастау» емес, оларға өзге де үлгілерді ұсыну қажет. Бұған қоса екі талапты ескеру маңызды: - жасөспірімдер үлгі таңдауына ие болғысы келеді; - еліктеу үлгілері маңызды және эмоционалды тартымды болуы тиіс.

Ұйыту - бір адамның басқа бір адамға немесе топқа мақсатқа сай, айғақсыз ықпал етуі. Ұйытудың ерекшеліктері адамның оған келіп түсіп жатқан мәліметтер мен фактідерді бағаламайтыны, басқа ақпаратпен салыстырмайтыны, керісінше «сенім» деп қабылдайтыны болып табылады. Ұйытудың негізгі ерекшелігі оның адамның өз еркіне қарсы психикасына және тәртібіне әсерін тигізуінен тұрады және қылықтар, тырысулар, себептер мен қондырудан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет