Түркістан қаласы,
№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназияның
қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
Серикбаева Роза Семенханқызы
Елін сүйген ер тұлғамен біргеміз!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды әлемдегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елін сүйген ер тұлға» атты мерекелік іс - шара Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда жоғары деңгейде өтті.Мектепте түрлі көрмелер болып,сурет салуда оқушылардың ұшқыр қиялынан туындаған әдемі суреттер,оқушының санасына тәрбие беретін тәрбие сағаттар мен ашық сабақтар өтті.Шешуші іс-шара мектептің акт залында көрсетілді.Тарих пәні мұғалімдері ОмарА,Сыздыкова М, Ұ. Адилбекова мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері Менлибекова Ж, Берентаева А, Сыздыкова З,Г.Ахметова және музыка пәні мұғалімі А.Султанбекованың ұйымдастыруымен өтілген бұл шарада 9 «А» сынып оқушыларының «Таңбалы тас» атты қойылымдары театр қойылымдарындай жоғары деңгейде қойылса,өзге ұлт өкілдерінен құралған оқушылар тәуелсіздік жайлы қазақша өлең оқыды.1-9 сынып аралығында қатысқан оқушыларды жоғары деңгейде дайындап шығаруда еңбек!Оқушылар елбасы туралы өлең оқығанда 1 «А»сынып оқушысы Келісбек Жансая таңқалдырды.Жансаядан еліміздің нағыз патриоты шығатынына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |