Байланысты: Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com
1. Әсірелеу әдісі: адамның әрекетінен тұратын, оқиғаның немесе салдардың нақты маңыздылығын әсірелеу. 2. «Анекдот» әдісі: әңгімелесушінің дәлелдерін анекдоттық оқиғаға немесе фактіге айналдыру. 3. Беделді қолдану әдісі: өзінің сөзін, ойын, өтініштерін адам беделдірек адамның (директор, ата-аналар және т.б.) сөзі арқылы жеткізеді. 4. Әңгімелесушінің беделін түсіру әдісі: дәлелдеудің орнына адам әңгімелесушіні кемсітеді немесе қорлайды (мысалы: «Сен бұдан не түсінуші едің!»).
5. Оқшаулау әдісі: қарсы пікір айту және дәлелдемелер келтіру үшін негіз ретінде әңгімелесушінің жалпы мәтінінен алынған, алғашқы ой кері мағынаға айналатындай етіп байланыстырылған жеке тіркестер пайдаланылады. 6. Бағытты өзгерту әдісі: әңгімелесуші ұсынған тақырыпты талқылағанның орнына, мұғалім өз тақырыбын талқылай бастайды. 7. Шатастыру әдісі: әңгімелесушіні сендіру үшін, оған жалған ақпарат береді. 8. Мерзімін ұзарту әдісі: уақытты созу үшін қажет емес сұрақтарды қою немесе белгілі мерзімге шешімді кейінге қалдыру (мысалы, «Кейін келіңіз (байыбына жетеміз)», егер мұғалім мерзімді көрсетпесе, онда бұл мерзімін ұзарту әдісі). 9. Шағымдау әдісі: жауаптың орнына мұғалім әңгімелесуіпінің аяушылығын шақыра бастайды («Менің қолым бос емес», «Мен бүгін шаршадым» және т.б.). 10. Қақпан-сұрақтар әдісі: сұраққа сұрақпен жауап беру, әңгімелесупгінің сөзін бөлу, «сауда».