Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері



бет3/6
Дата09.10.2022
өлшемі22,68 Kb.
#152328
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com

Ұйытуды мұғалім сабақта және одан тыс уақытта пайдаланады. Жаңа материалды дәстүрлі түрде түсіндіру, жауап алу және бағаларды қою, дәріс, танымдық әңгімелесу, жиналыста сөйлеу - міне ұйыту әдісін пайдаланудың мысалдары. Мұғалім ұйытуға негізделе отырып оқушылармен жұмыс жасаған кезде, ол өзінің беделін ойлауы керек, орындалмайтын уәделер бермеуі керек, қорқыту-үркітуге жол бермей, сөзі мен ісінің алшақ кетпеуін, қорытынды-түйіндерін жақсылап ойлана отырып жасауы тиіс. Ол бұл қорытындыларды оқушыларға дайын түрде береді, сондықтан да олар күмән туғызбауы және дау-дамай мен талқылауға себеп болмауы тиіс.

Шебер педагог ұйыту ықпалының алуан түрлі нысандарын меңгерген болуы тиіс: репликалар («Жарайсың»), дауыс үні (тілектес, сергітетін немесе керісінше, айыптайтын), мимика (қуанышты, қанағаттануды, ренжуді және т.б. білдіру), көзқарас, көңіл-күй, өз сөзін сәтті құрау. Ұйыту нысандарына бұйрықтар, тәлімдер, топтар арқылы көрінетін тікелей ықпал етулер жатады. Олар оқушыларда автоматты түрде орындалатын («Оқулықтарды жабыңдар!», «Қолдарыңды партаға қойыңдар!») іс-әрекеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұйрық берген сәттегі оқытушының жауапкершілігі өте жоғары, себебі оқушылар оның осы іс-әрекеттің мақсатқа сай екені туралы ойына толығымен сенеді. Нандыратын тәлім мектептегі аз таралған тәсіл. Ол іс-әрекет пен тәртіптің бейнесі сипатталған, қысқаша тіркестерді («Сен жақсы оқи аласың және оқығың келеді») айтудан тұрады.

Ұйытудың тиімділігі педагогтың бойында тиісті құралдардың барлығының болуына тікелей байланысты екені жоғарыда айтылған. Оларға жататындар: - көзқарас - тік, жарқын, біруақытта тұрақты және жылы; - дауыс - тембрлік тұрғыда бай, модуляция бойынша икемді, шаңқылдақ ноталарсыз; - сөйлеу ырғағын басқара білуі - серпілтетін, тыныштандыратын, жалықтырмайтын; - мимика - реңкі және мазмұны ойынша бай, сайма-сай жағдай; - қимылдар — қысылмаған және жортылмаған, сондай-ақ ахуалға және жағдайға сәйкес; - эмоцияны басқару: ұйыту сәтінде мұғалімді қандай да бір эмоциялар жаулап алса да, ол оған мақсатқа жетуге көмегін тигізетіндерді ғана айтуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет