Эссе «Мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары»



Дата07.02.2022
өлшемі13,74 Kb.
#86958
Байланысты:
Кенес Балауса ТҚИҰ 20-01 эссе мұражайтану


Эссе «Мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары»
Жалпы мұражай адамзат баласының өміріне заттық және де рухани мәдениетті танытуда,әскери,еңбек,еңбек жетістіктерін,әдет-ғұрып,салт-дәстүрдің ерекшеліктерін үйренуге көмегі зор.Мұражай ісі-ғылымның,білім беру саласының маңызды бөлігі болып табылады.Мұражайдың мақсаты-елімізде және шетелде сақталған ел тарихына,мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін басылымдарды бір орталыққа жинау,сақтап қою,зерттеу жүргізу және дәріптеу,әртүрлі мәдени-тарихи жағдайда олардың әлеуметтік рөлін,көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба қоры негізінде жасақталды.Сонымен бірге,қорды толықтырудың басқа да жолдары қарастырылған.Атап айтқанда,букинистік дүкендер,мұражай құндылығын қызықтап келушілер мен мұрагерлік жолмен иемденген азаматтардан сұрастыру арқылы жинау.Мұражай негізгі бағыттары тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді.Олар:тарихи мұражайлар(жалпы тарих,археологиялық,антропологиялық,этнографиялық,нумисматикалық, т.б),көркемөнер мұражайы(көркемөнер,мүсін,қолөнер,қолданбалы өнер,театр,музыка,кино, т.б),жаратылыстану мұражайы(биологиялық,зоологиялық,геологиялық,минералдық,палеонтологиялық,т.б),техникалық мұражай(авиация,автокөлік,кеме жасау,тау-кен ісі,өнеркәсіп,өндіріс өнімдері т.б),кешенді мұражай(тарих,шаруашылық,жаратылыстану т.б бағыттарды біріктіретін кең профильді өлкетану мұражайы),мемориалдық мұражай(мемлекетке өнерге,әдебиеткеғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өмірі,өнері мен қызметіне арналған арнайы мұражай).Мұражай ісінің негізгі бағыттарына-мұражай жәдігерлерін жинақтау,есепке алу,сақтау,қорларды жүйеге келтіру,рестоврация,консервациялау,зерттеу нәтижелерін ақпарат негізінде тарату,мұражайдың кадрлық жүйесін жақсарту,жетілдіру жатады.Көрмелер ұйымдастыру,экспозициялар,тақырыптық дәрістер,ғылыми практикалық конференциялар үйымдастыру,мұражайлық басылымдар шығару т.б мұражайдың негізгі жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне жатады.
1.Мұражайтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны.
Қоғамның белгілі бір даму кезеңдерінде ғылыми іздену,халық-ағарту,сәдени мұраларды сақтау жұмысының жүйесі-бұл мемлекеттік маңызы бар мұражай мекемелерінің жұмысы болып табылады.Және де мұражай халқымыздың мәдениетін,этностық ерекшеліктерін сақтауда,оларды насихаттауда және тарихи жәдігерлерді сақтауда маңызы,орны зор.
2.Мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметі және жұмысын ұйымдастыру.
Ғылыми-зерттеудің негізгі міндеті-коллекцияларды жүйелеу және зерттеу болып табылады.Оның нәтижесі мұражай қорындағы шығармалардың каталогында,мақалаларда,мұражай жолсеріктерінде,буклеттерде,арнайы ғылыми кітаптарда көрініс табады.Мұражайлар қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының тақырыптары аясында симпозиуымдар,семинарлар,конференциялар өткізуді жүйелі жолға қойған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет