Эссе сұрақтары Қойылатын талаптар



Дата21.04.2023
өлшемі22,08 Kb.
#175075
түріРеферат
Байланысты:
2-СОӨЖ



Эссе сұрақтары


Қойылатын талаптар:
Студент саясаттану пәні бойынша белгіленген мерзімде, таңдап алған атқырыбы бойынша міндетті түрде жазбаша тапсырма (эссе, реферат т.б.) тапсыру тиіс.
Студенттің бірінші кезектегі міндеті тапсырмада саясаттану ғылымы үшін жаңа және ең мәнді ақпаратты көрсету.
Студент бейнелейтін мәселеге, проблемаға ғылыми тұрғыдан қарауы тиіс: тарихи байланыстарын қарастыру, құбылыстың қоғамдық дамуда қалай пайда болғандығын және өрбігендігін, өз дамуында қандай кезеңдерден өткендігін және қазіргі уақыттағы зерттелуін қарауы тиіс.
Зерттеуші тақырыппен жұмыс істеу барысында ең алдымен құнды әдебиеттерді таңдап алуы тиіс, яғни берілген тақырыптың проблемасын ашуда көп қайталанатын пікірлерге сүйенбей, анағұрлым маңызды еңбектерді пайдаланғаны жөн.
Негізгі өлшемдерінің ішінде маңыздылары: теориялық деңгей, ондағы саясаттанудың теориялық және қолданбалы проблемаларын шешу деңгейі, оқу пәнінің негізгі ғылыми бағытына және талабына сәйкестілігі, дұрыс қорытынды жасауға негіз болатын ақпараттардың толықтығы.
Эссе,реферат жазу – көпқырлы шығармашылық жұмыс. Оны жазуда дәйектілік, ақпараттылық, қысқалық және ұғымдылық сияқты принциптер сақталуы тиіс.
Эссе, реферат мәтіні кемінде 3-4 кітаптан, газет-журнал мақалаларынан, тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан, Интернет-сайттардың құжаттарынан тұрғаны өте ұтымды. Тек алынған үзінділер «тырнақшалар» («»,“ „ ) ішінде сөзбе-сөз дәл кетіріліп, сол беттің төменгі жағында алынған жері, (авторы, кітап, мақала аты, басылған жері, жылы, үзінді алынған беті) толық көрсетілуі керек. Рефератта үзінділер студенттің ойын дәлелдеуге, анықтауға қолданылады.
Жазба жұмысын жасаудың тағы бір мәні – ол жалпы студенттің келешекте курстық, диссертациялық, монографиялық жұмыстар жазуына бейімдеу болып табылады. Басқаша атйқанда, бұл келешектегі зерделі, нағыз зиялы азаматтарды, жоғары дәрежедегі маманды даярлаудың ең сарапталған бір жолы.
Жазба жұмысының тақырыбын талдау мен оны орындау. Жазба жұмысын мүмкіндігінше компьютерлік теріммен, 1,5 интервалдық жиілікпен, 14 әріптік кегельмен (сол жағы 3 см., қалған жақтары 2 см. мөлшерінде) жазылған, көлемі 4 беттен аз болмауы керек.
Жазба жұмысын қорғау.Студент жазба жұмысын СОӨЖ кезінде топтың және ұстаз алдында қорғайды. Оның мәнісі рефераттың мәтінін бастан-аяқ оқу болмау керек. Студент жұмысының әрбір бөлімінде не жазылғандығы туралы ауызша 5-6 минут ішінде айтуы керек. Бұл студенттің өзі жазған жұмысын толық түсінгендігін көрсетеді. Сонымен бірге, оған қойылатын сұрақтарға уақыт болу керек және сабақ уақытында онан да басқа студенттердің сөйлеуіне мүмкіндік берілуі керек.

  1. Қазақстандағы адам құқығының сақталуы туралы не айта аласыз?

  2. Қазақстанда саяси тәртібі бойынша қандай мемлекетке жатады?

  3. Қазақстандағы басты саяси проблемаларды атаңыз

  4. Қазақстандағы саяси проблемаларды шешу жолдары қандай?

  5. Қазақстан қоғамын реформалаудағы басты бағыттар қандай?

  6. Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай?

  7. Қазақстанның ұлттық саясатының негізгі бағыттарына не жатады?

  8. ҚР егемендік және ұлттық мемлекеттілік қаншалықты байланысты?

  9. Қазақстандық мемлекеттің конституциялық даму кезеңдерін атаңыз

  10. ҚР дамуындағы басты мақсаттар мен жоспарлар қандай?

  11. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?

  12. ҚР сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді мақсаттарды атаңыз

  13. Қазақстан қандай ірі халықаралық ұйымдарға мүше?

  14. Посткеңестік кеңістікті интеграциялау бойынша Қазақстанның бастамаларын атаңыз

  15. Қазақстанның сыртқы саясатында орталық азия аймағындағы мемлекеттермен байланысы қандай орын алады?

  16. Қазақстанның ұлттық мүддесі қандай мәселелерге негізделеді?

  17. Қазақстанның әлемдік аренадағы орны қандай?

  18. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамаларын атаңыз

  19. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты принциптері ретінде нені атай аласыз?

  20. Қазақстанның шет елдермен қатынсын дамытуда қандай кемшіліктер бар?

  21. Саяси жаһандану ұғымын қалай түсінесіз?

  22. Жаһандану процесі қай кезеңнен бастап жүруде?

  23. Қазіргі заманғы жаһандық проблемаларға не жатады?

  24. Жаһандық проблемаларды шешуе бағытталған ғылыми-техникалық саясаттағы қандай бағыттарды білесіз?

  25. Жаһандық пробеламалардың туындауына не себеп болуда?

  26. Жаһандық пробелемаларды шешу жолдары қандай?

  27. Жаһандану процесінің субъектілеріне не жатады?

  28. Қазақстанның жаһандық пробеламаларды шешудегі қадамдары қандай?

  29. Жаңа әлемдік тәртіптің негізгі белгілеріне не жатады?

  30. Жаңа әлемдік тәртіп қандай факторларға негізделеді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет