ММОК-221 Ербол Ұлбосын
Диссертациялық жұмыс тақырыбы: Негізгі мектеп курсында мәтінді есептерді шешуге үйрету әдістемесі
Күнделікті тұрмыста практикалық мазмұнды есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәтінді есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәтінді есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі. Мәтінді есептер қандай да бір нақтылы оқиғаның сөздік моделі болғандықтан, есеп мазмұны бойынша оқиғаны ойша көз алдына келтіруге немесе көрнекі құралдар арқылы оның заттық моделін жасауға болады.
Мәтінді есептерді шешудің әр түрлі әдістері бар, олардың негізгілері: арифметикалық, алгебралық, логикалық және кестелік. Төменде осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшілігіне тоқтала кетуді жөн көрдім.
Алгебралық амалдар мәтінді есепті алгебаралық тәсілмен шығару есептің шартындағы талабына сәйкес теңдеу (теңсіздік) несеме теңдеулер(теңсіздіктер) жүйесін құру мен шешу арқылы жауабын табу болып табылады. Алгебралық тәсілдің артықшылығы оқушыларға мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға дағдыландыру арқылы оқушыларды алғырлыққа, салытыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді. Кемшілігіне тоқталатын болсақ өзім сабақ беріп жүрген оқушылардың тоқсандық жиынтық тапсырмаларын тексеру барысында байқағаным сабақты орташа оқитын оқушылар мәтінді есептерді логикалық дұрыс ойлай біледі, бірақ теңдеу немесе теңдеулер құру барысында шатасып дұрыс құрмай жатады. Жаңа айнымалылар енгізу барысында кателесіп жатады.
Арифметикалық амалдар берілген сандар бойынша тиісті шартты қанағаттандыратын басқа бір санды табу әдісі. Мектеп арифметикасында натурал сандар мен оң бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары қарастырылады. Берілген натурал сандарды қосу деп сол сандарда қанша бірлік болса, сонша бірліктерден құралған санды табу амалын айтады. Берілген сандар қосылғыштар, ал қосу нәтижесі қосынды деп аталады. Мәтінді есептерді шешуде арифметикалық тәсілді қолданудың артықшылығы барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдар қолдана алу білімін пайдаланып негізгі тұжырымға сүйенеді. Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Кемшілігіне тоқтала кететін болсам арифметикалық амалдармен күрделі мәтінді есептерді шешу қиындық тұғызады әрі уақыт жағынан тиімді болмайды. Жоғары сыныпта кездесетін жұмыс өнімділігіне, қоспа мен ерітіндіге қатысты мәтінді есептерді шығару қиындық тұғызады.
Логикалық тәсілмен шығару мәтінді есептің шартындағы талабына сәйкес есептеуді орындамай, тек логикалық ойлау арқылы жауабын табу болып табылады. Мәтінді есептерді логикалық тәсілмен шығарудың артықшылығы оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару - баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал. Логикалық тәсілмен шығарудың басты мақсаттарының бірі – оқушының тереңнен ойлауын , жан-жақты ізденуін дамытады. Кемшілігіне келсек логикалық тәсілмен шығару арқылы оқушы мәтінді есептің жауабын бірден шығарады бірақ шығарылу жолын білмей қалуы мүмкін, теңдеу немесе теңдеулер құра алмай калуы мүмкін, өзінің шығару жолын басқаларға түсінікті етіп жетізе алмауы мүмкін.
Кестелік тәсілмен мәтінді есептерді шығару есептің шартындағы талабына сәйкес есептің мазмұнын сәйкесінше құрылған кестеге енгізу арқылы жауабын табу, есепті толығымен қөруге мүмкіндік береді. Мәтінді есепті кестелік тәсілмен шығарудың артықшылығы есепті шешу барынша түсінікті және оңай болады. Бірақ кестелік тәсілмен шығарудық кемшілігі уақыт алады және кестелік тәсілмен шығару көп жағдайда жұмысқа арналған есептерде, қоспа және ерітіндіге арналған есептерде коп кездеседі.
Қазіргі кезде емтихандарда көптеген мәтіндік есептер ұсынылуда. Ең бастысы, мұндай есептердің түрін біріктіретін нәрсе, есептің шарты формуласыз және белгісіздер әріпсіз белгіленеді, ал есептің шарты кейбір мәтін түрінде тұжырымдалады. Мәтіндік есептерді іскерлікпен шешу оқушылардың дағдысына байланысты анықталады. Көптеген оқушылардың кез келген мәтіндік есептерді теңдеу құруға берілген есептер деп қарастыру оларды адасушылыққа әкеліп соқтырады. Оқушылар психологиялық тұрғыдан алып қарағанда оған дайын емес, өйткені есепті шешу үшін тек теңдеу құру жеткіліксіз немесе оларды теңдеусіз шешуге болады. Мәтiндiк есептердi шығару оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуға, функционалдық тәуелдiлiктiң идеяларын терең түсiнуге, есептеу мәдениетiнiң артуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай есептердi шығару нәтижесiнде оқушылардың нақтылы объектiлер мен құбылыстарды модельдеу бiлiгi мен дағдылары қалыптасады. 5-9 сынып математика курсында мәтiндiк есептердi шығарудың негiзгi екi тәсiлi қарастырылады: арифметикалық және алгебралық. Арифметикалық тәсiл iзделiндi шаманың мәндерiн тiкелей сандық өрнек (сандық формула) құрып, нәтиженi есептеу арқылы анықтайды. Алгебралық тәсiл есептi шығару үшiн құрылатын теңдеулер мен олардың жүйелерiн қолдануға негiзделген. Теңдеу құруға берiлген есептердi шығару мектепте алгебра курсындағы негiзгi мәселелердiң бiрi болып саналады. Оқушылар бiр белгiсiзi бар бiрiншi дәрежелi теңдеулердi шешудiң техникасын оңай игередi, бiрақ есеп шығару, оның iшiнде есептi теңдеу құру арқылы шығару оқушыларға қиын тиетiндiгi тәжiрибеден белгiлi. Мұның негiзгi себебi мынада сияқты. Оқушылар бастауыш сыныптарда есептегi шамалардың арасындағы тәуелдiлiктi аңғаруға, оларды пайдаланып есеп шығаруға жөндi дағдыланбайды. Сондықтан жоғары сыныптарда есептiң шартын жете түсiнiп, талдай алмайды. Бағдарлама бойынша оқушылар теңдеу құруға берiлген есептердi 5-сыныптан бастап шығаруы тиiс. Бiрақ мектеп тәжiрибесiне қарағанда оқушылар теңдеуге берiлген мысалдарды шығарғанымен, мәтiндiк есептердi аз шығарады, тiптi кейбiр мұғалiмдер мәтiндiк есеп шығаруға жөндi көңiл бөлмейдi.
Қортындылай келгенде мектеп оқушысының бойында есептерді шешудің түрлі әдістерін қолдана білу және шешімін табудың неғұрлым тиімді тәсілін таба білу дағдысы қалыптасуы керек. Мәтін есептерді шығартып үйрету барысында оқушылардың деңгейлері анықталуы тиіс және соның нәтижесін ескере отырып, мәтін есептерді шығаруда қиыншылыққа кездесетін оқушыларға қарапайым жеңіл есептерді шығартудан бастаған дұрыс. Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға оқушыларды қалыптастыру керек. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Оқушылар қарапайым есептерді жақсы түсінгендіктен, олардың игерген білімдері білмейтін материалдарды игеруге жетектейді. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен, оқушыларға өмірмен байланысты есептерді шығаруға беруді ескерген жөн, бұл оқушылардың танымдылығы мен қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. «Есепті жеңу - ой жеңісі, жігерлік жеңісі» болып табылады. Оқушыға нұсқау жасауда, мұғалім ең төменгі деңгейде нұсқау жасағаны дұрыс болар еді. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас «өзім жасауға көмектесіңіз» түрінде болуы керек. Қиындатылған есептер шығарылмаса, онда сыныптың потенциалын жоғалтып алуымыз мүмкін.