Эссе Тақырыбы: «Білім-асқар таудай алып күшке ие » Орындаған: Жұмақұл Ж. Тобы: Фи-18-1К1 Қабылдаған: Халикова Н. 2020 жыл «Білім-асқар таудай алып күшке ие »



Дата06.02.2022
өлшемі57,06 Kb.
#81352
Байланысты:
2эссе методика Жұмақұл Ж.Фи-18-1к1


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті



Эссе



Тақырыбы: «Білім-асқар таудай алып күшке ие...»
Орындаған:Жұмақұл Ж.
Тобы: Фи-18-1К1
Қабылдаған:Халикова Н.

2020 жыл
«Білім-асқар таудай алып күшке ие...»


Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,
не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Білім асқар тау секілді алып күшке ие.Қойнауы қазынаға толы тау секілді адам тау секілді биікті бағындырады.Көкжиекті қиындықсыз аңғара алады.Сол іспетті білімді адамның таным көкжиегі кеңейе түседі.Білім қазіргі заманда,қайзаманда да болсын алып күшке ие.Жаңа заманның таңдай қақтырар өнертабыстары,жаңа технологиялардың барлығы – қойнауы білім дейтін қазынаға толы біліктілердің жеңісті ісі.
Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар демекші,білім – адам бойына біткен ең мықты қару.Күллі адамзат өмірін білімге арнап келеді. Себебі,білім-ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Адамдар бір орнында тұрған жоқ,жылдан жылға түрлі технологиялар,жаңа білім бағдарламалар ойлап табылып,білім сапасы артуда.Білімді ұрпақ – келешектің кепілі.Білім үнемі кепілдегі байлық.Адам ешқашан білімге қанық бола алмайды.Білгенім бір тоғыз,білмегенім бір тоғыз.Менің де меңгерерім,үйренерім өте көп. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер біздің болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Жүсіпбек Аймауытов келтіргендей:
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
ХХІ ғасыр –ақпарат пен технологияның заманы.Ендігі адамзаттың білім алу деңгейі жаңа деңгейге көтерілді,сапасы артуда.Тіпті,технологияның арқасында адам тілді ешқайда шықпай бір орнында отырып- ақ үйрене береді.Мұның бәрі –білімнің шексіз құдіреті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет