Есте сақтау қабілетін дамыту
Есте сақтау қабілеті әр адамда әр қалай болады. Біреулерде есте сақтау қабілеті механикалық түрде, кейбіреулерде жүйелі түрде болады екен. Енді балалар мен сіздерге өмірде болған есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған тұлғалармен таныстырып өтейін.
Гай Юлий Цезарь – ол кім? Ол әлемге белгілі Рим императоры. Ол кісі өзінің 30000 әскерінің түрін есінде сақтап, олардың аттарын жатқа білген екен.
Вольфранг Амадей Моцарт – ол кім? Ол әйгілі музыкант, композитор. Ол кісінің 40-тан астам шығармалары бар. Моцарт бір рет тыңдаған шығармасын бұлжытпай қайталап орындап берген екен. Бұдан біз есту арқылы есте сақтау қабілетінің қаншалықты жақсы дамығанын көре аламыз.
Сондай ақ Александр Пушкин, Н.Преживальский, Шыңғысхан сияқты есте сақтау қабілеттері жоғары дәрежеде болған адамдарды айтып өткім келеді. Әрине, бұл кісілердің есте сақтау қабілеттері табиғаттан берілген сый. Бірақ есте сақтау қабілеттері төмен, не орташа адамдарға не істеу керек? Әрине, үнемі жаттығу жасау арқылы, есті дамыту.
Енді бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында біраз жаттығулар дайындап келгем. Сол жаттығулар:
Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу.
Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сандар көрсетемін. Сендер 30 секунд уақыт зейін салып қарап, есте сақтауға тырысыңыз.
12
|
69
|
75
|
15
|
84
|
82
|
35
|
45
|
48
|
Талдау: 8-9 сан есте сақталса, онда есте сақтау қабілеті жылдам, жақсы болған екен.
6-7 сан есте қалса, онда орташа
5-6 сан есте қалса, онда төмен дәрежеде.
Есту арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу.
Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сөз тізбектері оқылады. Сіздер мұқият тыңдап, естеріңізде қалдыруға тырысыңыздар. Мен 2 рет оқып, қайталап, содан есте қалған сөздерді алдарыңыздағы қағазға жазуды сұраймын.
Терезе
|
Дәптер
|
Гүл
|
Ақша
|
Кітап
|
Етік
|
Парта
|
Компьютер
|
Тағам
|
Орындық
|
Есік
|
Телефон
|
Бұл жаттығулар көру және есту арқылы есте сақтауға арналған.
Есте сақтау қабілетін дамытуда мынадай ережелерді ұстанғанымыз жөн.
Бірінші ереже салыстыру. Яғни біз бір фактні есте сақтауымыз керек болса, онда міндетті түрде басқа бір фактімен салыстыруымыз керек. Мысалы: Абай Құнанбаевтың туған жылын жаттауымыз керек болса, ол 1845 жыл. Біз еске түсіреміз 1945 жылды, ҰОС аяқталған жыл. Арасы 100 жыл.
Екінші ереже ол - ұқсату. Мысалы ағылшын тілінде сөзді жаттауымыз керек болды. Мынадай сөзді алайық: tear – қазақша баламасы жас. Бірақта оқылуы қазақши тир сөзіне ұқсас. Мен тирда атайын деп едим, көз жасым кедергі болды.
Үшінші ереже – жүйелі түрде ассоцияциялау. Мысалы бір сөздер тізбегін орнын ауыстырмай жаттау керек болса, мынадай әдісті қолданамыз. Ол сөз тізбегі. Маса, қылыш, мысық, сабан, сым, дақ. Бұған мынай әңгіме құруға болады. Ұшып бара жатқан масаны көрдім. Масаның бүйірінде қылышы бар екен. Қылышының басы мысыққа ұқсас екен. Мысықтың мұрты сабан сияқты. Сабаннан сым тоқыдым. Сымымды бұлғап, дақ түсіріп алдым. Осындай әңгіме құрып үйрету арқылы, баланың қиялын дамытамыз және есте сақтау қабілетін дамытамыз.
Сергіту сәті: джунглидағы жаңбыр.
Нұсқау: балалар қазір бәріміз орнымыздан тұрып, біріміздің артымызға біріміз тұрып, қолымызды созғанда бір-біріміздің арқамызға жететіндей етіп тұрамыз. Мен айтқанда, қолымызбен массаж жасауға кірісеміз. Енді бізді мұқият тыңдаймыз. Джунглидамыз. Күн ыстық. Быраздан соң ақырындап жел соға бастады. Ол жел күшейе бастады. Бір кезде себелеген жаңбыр жауа бастады. Ол жаңбар күшейіп, селге айналды. Бұршаққа жалғасты. Бұршақ қайтадан селге, сел жаңбырға, одан дауылға, дауыл желге айналып барып басылды. Күн шығып, ауа райы орнына келді. Осы жаттығуды екі-үш рет қайталаймыз.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ережелер:
Бір затты жаттаған кезде, бөліп-бөліп жатта.
Сәрсенбі күні берілген тапсырманы, жұма күні айту керек болса, бейсенбі күнін күтпей ақ сәрсенбіде жаттап, бейсенбі күні тек қайталау керек.
Бір мәліметті жаттағанда, басқа бір фактымен салыстыра отырып жатта
Бірінші көзбен көріп, әсер ал. Содан кейін есту қабілеті арқылы байланыстырып жатта.
«Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту
Педагог-психолог: Д.Омарова
Достарыңызбен бөлісу: |