«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Диев орта мектебі»мм география пәні мұғалімі – Аргынбаева Ботагоз Ануаровна 2018-2019 ж «География пәнінен әдістемелік-жинақ материалдар үлгілері»



бет1/6
Дата03.02.2020
өлшемі456,5 Kb.
#57106
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДИДАКТИКА




«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Диев орта мектебі »ММ

география пәні мұғалімі – Аргынбаева Ботагоз Ануаровна



2018-2019 ж

«География пәнінен әдістемелік-жинақ материалдар үлгілері»



Құрастырушы: Аргынбаева Ботагоз, география пәні мұғалімі/Диев орта мектебі – 2018-2019 жыл, - 65б/

«География пәнінен әдістемелік-жинақ материалдар үлгілері» авторлық бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің география пән мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Авторлық бағдарлама мұғалімге күнделікті сабақты пысықтауда, мәтіндерге назар аудартуда, термин сөздерге маңыз беруде, негізгі ұғымдар мен деректерді есте сақтау үшін пайдалануда көп көмек болары сөзсіз.




ТҮСІНІК ХАТ

 

«География пәнінен әдістемелік-жинақ материалдар үлгілері» авторлық бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің география пән мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Авторлық бағдарлама мұғалімге күнделікті сабақты пысықтауда, мәтіндерге назар аудартуда, термин сөздерге маңыз беруде, негізгі ұғымдар мен деректерді есте сақтау үшін пайдалануда көп көмек болары сөзсіз.



Мұнда әртүрлі дидактикалық материалдар, кестелер, сөзжұмбақтар, түрлі тапсырмалар, географиялық және сандық диктант үлгілері, тест тапсырмалары, сарамандық тапсырмалар үлгілері мен мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар үлгілері берілген.

Осы бағдарламаны құруда жалпы білім беретін мектептің 7-11 сыныбына арналған география оқулықтары пайдаланылды.




І. Түрлі дидактикалық тапсырмалар үлгілері.
«1 әріпке 10 атау ойыны»


Атаулар

«А»

«Б»

Мемлекет







Қала







Тау







Арал







Көл







Өзен







Аң







Құс







Ағаш







Жеміс










Атаулар

«С»

«Т»

Мемлекет







Қала







Тау







Арал







Көл







Өзен







Аң







Құс







Ағаш







Жеміс








«Адасқан терминдер»


1

Бриз

А

Ғылым

2

Пампа

Ә

Мұз

3

Айсберг

Б

Жанартау

4

Демография

В

Дала

5

Лава

Г

Жел

6

Изотерма

Ғ

Глобус

7

Еңбек ресурсы

Д

Сызық

8

Экватор

Е

Халық


1

Мұхит

А

Нәсіл

2

Азимут

Ә

Аң

3

Архипелаг

Б

Штат

4

Атлас

В

Эра

5

Кайот

Г

Арал

6

Негр

Ғ

Су

7

Техас

Д

Карта

8

Архей

Е

Бұрыш

«Қане, бөлісейік»


Ұғымдар

Көл

Өзен

Балқаш, Ертіс, Есіл, Сырдария, Мичиган, Виктория, Байкал, Ніл, Амазонка, Арал, Каспий, Гурон, Чад, Титикака









Ұғымдар

Бұғаз

Шығанақ

Мексика, Гибралтар, Беринг, Бенгал, Дрейк, Гудзон, Магеллан, Калифорния,

Ла-манш, Малак, Гвинея, Карпентарий, Парсы, Босфор.











«Сыңарым қайда?»





Терминдер




Мағынасы

1

Материк

А

Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, беткейлері қия болып келетін биік бөлік.

2

Флюгер

Ә

Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат.

3

Шығанақ

Б

Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы.

4

Тау

В

Желдің бағытын анықтайтын құрал.

5

Мұхит

Г

Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан бөлігі.

6

Лава

Ғ

Мұхиттың, теңіздің, көлдің құрлыққа сұғына кіріп жатқан бөлігі.





Ұғымдар




Анықтамасы.

1

Теңіз

А

Жан-жағынан су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі.

2

Арал

Ә

Құрлықтың суға тереңірек енген бөлігі.

3

Шығанақ

Б

Мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшау тұратын бөлігі.

4

Түбек

В

Дүниежүзіндегі мұхиттарды бір-бірімен жалғастырушы.

5

Бұғаз

Г

Мұхиттың, теңіздің құрлыққа кіріп жатқан бөлігі.


«Қатесін тап!»

1. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлкені - теңіз деп атайды. Дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз бұл – Каспий.

2. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын суды – көл деп атайды. Жер шарындағы ең терең көл – Арал теңізі. Қазақстандағы ең үлкен көл – Ертіс.

3. Солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтарды параллель деп атайды. Меридиандардың ұзындықтары әртүрлі. Ең ұзын меридиан бұл – экватор.

4. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен 50-орында және ол Африка материгінде орналасқан. Оның астанасы Алматы қаласы.

5. Қазақстанның аласа таулы өлкелері 4-ке бөлінеді: Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай және Сарыарқа.

6. Литосфералық тақталар теориясының негізін В.В.Алисов салды. Литосфералық тақталар жылына 50-60 см-ге жылжиды.

7. Гималай тауы Оңтүстік Америка материгінде орналасқан. Оның ең биік нүктесі – Мак-Кинли 7055 м.

8. Балықшының әңгімесі.

Бұл оқиға Жайық өзенінде болған еді. Үш күн бойы өзенмен жүзіп келеміз. Үш күннен кейін өзенге Күнгес пен Текес өзендері келіп құйды. Енді өзеннің суы молайды. Балықшылар Жайық өзенімен балық аулай отырып, зайсан көліне жеттік. Көл жағасын құм алып жатыр. Құмға қыздырынып, суға шомылып, балық аулауға кірістік. Каспий теңізінен бірақ шықтық.

9. Аңшының әңгімесі.

Балқаш көлінің маңайы. Біз екі күн бойы көл жағасында түйемен жүрдік. Түйелер әбден шаршады. Көл жағасында құстар көрінбейді. Бір кезде ну қамыстан тауешкі, марал шыға келді. Біз бірнешеуін атып алдық. Су маңайында мұнай өндіріліп жатыр екен. Су ащы екен. Біраз тынығып, суға шомылып алған соң, атқан аңдарымызды алып, Сырдария өзені арқылы жүзіп отырып, ауылға қайттық.



«Бір сөзбен жауап бер»


  1. Ауа қысымын өлшейтін құрал. (барометр-анеройд)

  2. Жер сілкінуді зерттейтін құрал. (сейсмология)

  3. Жер шарындағы ең үлкен алапты өзен. (Амазонка)

  4. Бағдарды анықтауға арналған аспап. (компас)

  5. Қоршаған орта туралы ғылым. (экология)

  6. Африканың ең құрғақ аймағы. (Сахара)

  7. Францияның астанасы. (Париж)

  8. Аустралияның байырғы халқы. (абориген)

  9. Жер бетінің қатты тас қабаты. (литосфера)

  10. Экватордың ұзындығы. (40000км )

  11. Дүние жүзіндегі ең биік шың. (Эверест)

  12. Ұлы Жібек жолы басталатын ел. (Қытай)

  13. Қазақстандағы ең лай сулы өзен. (Сырдария)

  14. БҰҰ-ның штаб-пәтері қайда орналасқан?(Нью-Йорк)

  15. Географияның атасы. (Эратосфен)

  16. Желдің бағытын анықтайтын құрал? (флюгер)

  17. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)

  18. Жердің ауа қабаты. (атмосфера)

  19. Қазақстандағы ең ірі су қоймасы. (Бұқтырма)

  20. Күнге ең жақын ғаламшар. (Меркурий)

  21. Фонтан түрінде оқтын-оқтын су атқылап тұратын бұлақ. (гейзер)

  22. Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы? (Ф.Магеллан)

  23. Экологиясы ең нашар көл? (Арал)

  24. Жердің қозғалысын сезетін аспап? (сейсмограф)

  25. Ең үлкен жылы ағыс? (Гольфстрим)

  26. Биіктен құлап ағатын су? (сарқырама)

  27. Жердің радиусы қанша? (6371 км)

  28. Рим қай елдің астанасы? (Италия)

  29. Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)

  30. Литосфералық тақталар негізін салған кім? (Вегенер)


«Иә-жоқ»

Иә +

Жоқ -

  1. Гольфстрим – ең үлкен жылы ағыс. (+)

  2. Биіктен құлап ағатын суды гейзер деп атайды. (-)

  3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Игуасу. (-)

  4. Қазақстан Республикасы қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. (+)

  5. Іле өзені Балқаш көліне құяды. (+)

  6. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл – Гоби шөлі. (-)

  7. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған Килль каналы. (-)

  8. Оңтүстік Америка ежелгі Гондвана материгінің құрамында болды. (+)

  9. Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабына жатады. (+)

  10. Таулар биіктігіне байланысты 3-ке бөлінеді. (+)

  11. Астана қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. (-)

  12. Орал тауының Қазақстандағы жалғасын Сарыарқа деп атайды. (-)

  13. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен ел – Аргертина. (-)

  14. Дүние жүзін тұңғыш айналып шыққан саяхатшы Ф.Магеллан. (+)

  15. Италия Пиреней түбегінде орналасқан. (-)

  16. Швецияның астанасы Осло қаласы. (-)

  17. Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орын алады. (+)

  18. Екібастұз көмірі шахталық әдіспен өндіріледі. (-)

  19. Австралияның байырғы тұрғындары үндістер болып табылады. (-)

  20. Картада атмосфер қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық изобара деп аталады. (+)


«Артығын тап»


  1. орыстар, қазақтар, ағылшындар, арабтар, граниттер, немістер.

  2. қала, ауыл, аймақ, облыс.

  3. Вашингтон, Париж, Астана, Сидней, Пекин, Берлин.

  4. Африка, Америка, Еуропа, Антарктида, Арктика, Австралия, Азия.

  5. Тянь-Шань, Сахара, Гималай, Анд, Памир, Кавказ.

  6. Өзен, түбек, теңіз, шығанақ, көл, мұхит.

  7. Ниагара, Анхель, Енисей, Игуасу, Тугел, Виктория, Йосемит.

  8. Сахара, Гоби, Калахари, Атлас, Такла-Макан, Атакама, Руб-әл-Хали.

  9. Миссисипи, Ніл, Амазонка, Гурон, Янцзы, Меконг, Хуанхэ, Юкон.

  10. Байкал, Балхаш, Танганьика, Беринг, Чад, Жоғарғы көл, Мичиган.

  11. Килиманджаро, Фудзияма, Ключи шоқысы, Косцюшко, Этна, Везувий, Гекла.

  12. Мадагаскар, Хонсю, Сицилия, Отты жер, Пиреней, Багам, Гренландия, Жаңа Зеландия.

  13. Пиреней, Сомали, Арабия, Аппенин, Гвинея, Үндіқытай, Лабродар.

  14. Бенгал, Гудзон, Мексика, Панама, Парсы, Карпентарий, Калифорния.

  15. Гибралтар, Бискай, Беринг, Ла-Манш, Мозамбик, Магеллан, Дрейк.

  16. Баренц, Балтық, Азов, Охот, Қызыл, Жасыл, Сары, Норвег, Қара, Ақ, Жерорта.

  17. АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Ұлыбритания, Польша, Канада, Франция.



«Берілген сөздердің орнын табу».
1. Л П О Ю С (полюс)

2. Т А Р К А (карта)

3. И А Н М Е Д Р И (меридиан)

4. М Т У З И А (азимут)

5. Е Ф А М О Т А С Р (атмосфера)

6. Қ Л Ы Й О Б (бойлық)

7. А Л Л Ь Л Е П Р А (параллель)

8. Қ З А Ж Ы (жазық)

9. Л П Н А (план)

10. Р Т О К В Э А (экватор)

11. Ф Е С Р А Й Б О (биосфера)

12. С П М А О К (компас)

13. И Р О Ф С Е А Р Г Д (гидросфера)

14. М Б Р О Е Р Т А (барометр)

15. Н Ы А Қ А Ғ Ш (шығанақ)
«Сандар сөйлейді».

1. 8848 метр;

2. 0-200 метр;

3. 35о/оо;

4. -89,20С;

5. 1024 метр;

6. 11022 метр

7. 510 млн.км2;

8. 6995 метр;

9. 1000-2000 метр;

10. 1620 метр;

11. 6671 км;

12. 396 000 км2;

13. - 405 метр;

14. 2,7 млн км2;

15. 41о/оо
«Ситуациялық сұрақтар».
1-сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал, олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді?

Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікті халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағнаны білдіреді.
2-сұрақ: Саяхатшылар алғаш рет бұл жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары «күмістен», жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай материк және қандай өсімдік еді?

Жауабы: Оңтүстік Америка. Жүгері өсімдігі.
3-сұрақ: Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме?

Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
4-сұрақ: Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық?

Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.
5-сұрақ: Кенгуру неге жолбарыстан қорықпайды? Жауабы: Аустралияда жолбарыс тіршілік етпейді.

ІІ. «Географиялық диктант» үлгілері.

1- Нұсқа

1. География ғылымының дамыған жері………………

2. География……….сөзі

3. География……… деген мағынаны білдіреді.

4. ……. жердің табиғатын, табиғат құбылыстарын, олардың өзара байланысын зерттейді.

5. Жер шары халқын, шаруашылығын, оның орналасу заңдылықтарын зерттейтін географияның саласы…..

6. «География ғылымының атасы» грек оқымыстысы……….

 2- Нұсқа

1. Ежелгі Грекия………. ғылымының дамыған жері.

2. «Табиғат» деген мағынаны білдіретін грек сөзі……

3. …………. «шаруашылықты басқару» деген мағынаны білдіреді.

4. Физикалық география ………..зерттейді.

5. Экономикалық география…….. зерттейді

6. «География» терминін ғылымға енгізген……



Дұрыс жауабы:

1-нұсқа

1. Ежелгі Грекия

2. Грек

3. Жерді сипаттау



4. Физикалық география

5. Экономикалық география

6. Эратосфен
2-нұсқа

1. География

2. Физис

3. Экономия

4. Жердің табиғатын

5. Жер шары халқын, шаруашылығын

6. Эратосфен



«Жер және оның қозғалысы» тақырыбына арналған диктант

1. Жер Күн жүйесінің….

2. Планета….сөзі

3. Планетаның Күн төңірегіндегі жолы……

4. Жер бетінің көлемі….

5. Жердің полюстік радиусы…..

6. Жер өз осінің орбита жазықтығына…. көлбей орналасқан.

7. Жер өз білігін…. қарай айналады.

8. Жер өз білігін…. бір рет айналып шығады.

9. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты… деп аталады.

10. 366 күнге толатын жыл…

Дұрыс жауабы:

1. Планетасы

2. Грек

3. Орбита



4. 510 млн шаршы шақырым

5. 6357 км

6. 66,5о

7. Батыстан шығысқа

8. 24 сағатта

9. Жыл


10. «Кібісе жылы»

 

План мен карталарда Жерді кескіндеу» тақырыбына арналған диктант




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет