Еуразиялық Одақ және Қазақстан Республикасы



Дата13.05.2020
өлшемі20,69 Kb.
#67608
Байланысты:
126-28 Жақсылық Ғазиза филос
126-28 Жақсылық Ғазиза филос

Еуразиялық Одақ және Қазақстан Республикасы

XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өз нарығын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді ықпал ету мақсатында түрлі саладағы бірлестіктер пайда болды. Осы мақсатта Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.

Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілестік және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген. Әйтсе де, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазіргі еуразиялық интеграция идеясы – көршілес мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді түрде одан әрі кеңейтудің «практикалық нұсқауы» болып отыр.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі посткеңестік елдердің алғашқы интеграциялық талпынысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудан басталды. Н. Назарбаев Орта Азия мемлекеттерінің көшбасшыларының қолдауымен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің кездесуін Алматыда өткізуді ұсынды. ТМД құру туралы Декларацияға 9 республика қол қойды. Кейінірек оған басқалары да қосылды. Бұл жағдайды геосаяси жеңіс деп қарастыруға болады. «Бірақ оны әсерлеп суреттеуге ерте еді, себебі үздіксіз қызмет ететін координациялық қызметті құру сияқты қарапайым мәселелер туралы келісудің өзі ТМД мүшелері үшін оңай емес екенін алғашқы кезден-ақ байқалды»-деп Елбасымыз атап өткен болатын.



Егемен мемлекеттердің тек ТМД шеңберінде ғана дамуы олардың экономикадан басқа, саясат, ғылым, мәдениет, білім беру сияқты көп салаларда бөлектеніп кететінін байқауға тура келеді. Оған себеп көп, соның ішінде интеграция түсінігіне деген нашар көзқарас, кез келген интеграциялық бастама егемендікке қауіп деп қабылданғандығы болды. Достастық мемлекеттерінің кейбірінің саяси қақтығысулары, Батыс және Шығыспен мемлекетаралық экономикалық одақтар құруға жедел ұмтылу, шетел көмегінен үміттену, біріккен потенциалдың ондаған жылдар бойы қалыптасуы секілді фактылер де ықпал еткен болытын.

Н. Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын алғаш рет 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессороқытушылар құрамының жиналысында сөз еткен болатын. Еуразиялық Одақ идеясын ұсынғаннан бері ол мәселені ілгері жылжыту оңайға түскен жоқ. Көп сындар болды. Әлемдік жағдай талап етіп отырған өзгерістер тәуелсіз елдерді Еуразиялық Одаққа жетеледі. Бұл одақ болашақтың интеграциясы. XXI ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес. Н. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру туралы ұсынысының мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет