Қарағанды облысы
Шет ауданы
Батық орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Ақмолдина Төлеутай Қойкенқызы
ЕУРОПАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әлемдегі Батыс Еуропа елдерінің бірлескен Еуропалық ықпалдастық ұйымының құрылуы мен дамуы туралы нақты білім беру
Дамытушылық: Оқушылар тақырып материалымен танысу арқылы халықаралық ұйымның саясаты , мақсаттары мен мәні туралы нақты ұғым ала отырып, дүниетанымдарын арттыру, өз ойларын дәйекті жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі туралы білімдерін жетілдіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: саяхаттау,тест,
Сабақтың көрнекілік-құралдары: дүние жүзінің саяси картасы,слайд-суреттер, сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Скандинавия елдеріне саяхат.
Финляндия мемлекеті бойынша тапсырма.
Тест арқылы оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын тексеру.
Дания, Норвегия, Швеция елдерінің саясатында қандай партиялар шешуші рөл атқарды?
А) Коммунистік партия
Б) Социал-демократиялық партия
В) Христиан демократиялық партия
2. Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы НАТО-ға мүше болды?
А) Норвегия мен Дания
Б) Швеция мен Финляндия
В) Норвегия мен Швеция
3. Скандинавия мемлекетінің қайсысы Ресеймен тарихи байланысты ел болды?
А) Норвегия
Б) Финляндия
В) Швеция
4. 1946 жылы Финляндия елінің президенті болып кім сайланды?
А) Ю.Паасикиви
Б) У.Кекконен
В) М.Ахтисаари
5. Финляндия қай жылы БҰҰ-на мүше болды?
А) 1952 жыл
Б) 1953 жыл
В) 1954 жыл
6. 1956 жылы Финляндия елінің президенті болып кім сайланды?
А) Ю.Паасикиви
Б) У.Кекконен
В) М.Ахтисаари
7. Қай президент Паасикиви-Кекконен бағыты деп аталатын саясатты жалғастырды?
А) Ю.Паасикиви
Б) У.Кекконен
В) М.Ахтисаари
8. 1963 жылы президент Кекконен елдің қаіпсіздігі мен бейбітшілігін нығайту мақсатымен қандай келісімшартқа отыруға ұсыныс жасады?
А) ЕҚЫҰ
Б) Солтүстік Еуропаны ядросыз аймаққа айналдыру
В) Қауіпсіздік пен шекараны нығайту
9. Финляндияның астанасы Хельсинкиде қандай кеңес өткізілді?
А) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі
Б) Солтүстік Еуропаны ядросыз аймаққа айналдыру
В) Қауіпсіздік пен шекараны нығайту
10. 1982 жылы Финляндия елінің президенті болып кім сайланды?
А) М.Койвисто
Б) У.Кекконен
В) М.Ахтисаари
11. 1994 жылы Финляндия елінің президенті болып кім сайланды?
А) Ю.Паасикиви
Б) М.Койвисто
В) М.Ахтисаари
Кестені толтыру:
№
|
Финляндия елінің президенттері
|
Президент болған жылдары
|
Басқарған кезеңдегі болған оқиғалары
|
1
|
Ю.Паасикиви
|
?
|
?
|
2
|
У.Кекконен
|
?
|
?
|
3
|
М.Койвисто
|
?
|
?
|
4
|
М.Ахтисаари
|
?
|
?
|
Дания,Норвегия,Швеция мемлекеттері бойынша тапсырма.
Зымыран сұрақтар:
Дания, Норвегия,Швеция мемлекеттерінде қандай партияның ықпалы зор болды?
1951 жылы Солтүстік консультативті Кеңес құрған мемлекет?
Қай жылы Дания Еуропа одағына мүше болды?
Швеция мен Финляндия Еуропа одағына қай жылы толық мүше болды?
1991 жылы Скандинавия елдері қандай келісімге қатысты?
Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы Еуропалық одаққа енген жоқ?
Солтүстік Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жоспары:
Еуропалық ықпалдастық ұйымының құрылуы
Қоғамдастықтың және Батыс Еуропа ықпалдастығыныңдамуындағы жаңа кезең. Еуропалық Одақ құру.
1948 жылы Еуропалық экономикалық ынтымақтасу ұйымы құру.
№1
Мақсаты: ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдері әскери-саяси және экономикалық жағынан жақындасуға бет бұрды. Ұлттық шаруашылықты біріктіріп, біртұтас экономикалық жүйе құру
«Маршалл жоспары» арқылы 1948-1952 жылдары 18 батысеуропалық елдер 13 млрд доллар көмек алды.
Бретон-Вуд жүйесіне қосылып, Халықаралық қаржы қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкіне мүше болды.1950 жылы өндірістерін қалпына келтірді.
№2.
Таскөмір, темір кендерін шығаратын,болат, шойын металл өңдейтін кәсіпорындар бір-бірімен серіктесіп, кеденақысыз ынтымақтасуға кірісті.
1960 ж. қаңтарда Еуроплық еркін сауда қауымдастығын құру жөніндегі конвенцияға қол қойды.
Еуропа ықпалдастығының алғашқы қадамы
1957 жылы 25 наурыз Римде Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) және Атом қуатына қатысты еуропалық қоғамдастық құрылды.
«Ортақ рынок» қалыптасып, 1970 жылы еуропалық айырбас ақша экю қабылданды.
1975 жылы Хельсинкиде Еуропалық ынтымақтастық ұйымын құру туралы кездесуге 33 еуропалық мемлекет, АҚШ және Канада қатысып, қортынды актіге қол қойды. Ол «жасыл кітап» деген бейресми атауға ие болды.
Қорытынды актінің 10 қағидасы:
халықаралық мен мемлекеттердің егеменлі құқығын құрметтеу
күш қолдану
шекаралардың мызғымастығы
мемлекеттердің аумақтық тұтастығы
дау-жанжаодары бейбіт реттеу
ішкі істерге араласпау
адам құқығы мен негізгі бостандықты құрметтеу
халықтардың тең құқығы, өз тағдырларын өздері шешу
мемлекетердің арасындағы ынтымақтастық
міндеттерді адал ниетпен орындау.
Оқушыларға тапсырма:
Қазақстан Республикасының Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық етуінің тарихи маңызы қандай?
Тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады. Төмендегі кестені толтырады.
Кестені толтыру
ЕЫҚҰ мүше болу еліміздің дамуына қандай әсері бар?
Ішкі саясат
|
Сыртқы саясат
|
Қауіпсіздік жағдайы
|
Экономикалық және әлеуметтік дамуы
|
Мәдени дамуы
|
?
|
?
|
?
|
?
|
?
|
Хронологиялық кесте
1986 жылы Еуропалық Одағы актісі бекітілді.
1991 жылы 11 желтоқсанда Маастрихт қаласында Германия мен Франция шақыруымен Еуропа Одағы туралы шартқа қол қойылып, біртұтас қаржылық-экономикалық және саяси одақтас ұйымы өмірге келді.
1995 жылы Австрия, Швеция және Финляндия осы одақтың тең құқылы мүшесі болды.
1997 жылы ЕО дамуына қажетті Амстердам шартына қол қойылды.
1999 жылы 1 қаңтарда бірыңғай жаңа ақша – еуро жүретін болды.
2004 жылы ЕО 10 ел қосылды (Польша, Венгрия, Чехия,Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония, Мальта, Кипр)
Тәуелсіз мемлекеттердің өз еріктерімен шарттасуы арқылы құрылған ұйым
Әлемдегі ең қуатты ұйым
Дүниежүзілік сауда мен жалпы ішкі өнім өндіруде бірінші орынға ие
Әлемдегі қауіпсіздікті реттеу және оны сақтайтын ұйым
Бейбітшілік мемлекеттер одағы, мемлекеттер арасындағы ұйым
Еркін ынтымақтасуға жағдай туғызатын ұйым
ІV. Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
ЕЫҚҰ құрылуының тарихы туралы баяндау
Қандай жағдайлар Батыс Еуропа елдерінің бірлесуіне себеп болды?
Ұйымның құрылуының негізгі кезеңдерін ата
ЕО мүше болған мемлекеттерді ата
Қазіргі кезеңде бұл одаққа неше мемлекет мүше?
Үйге тапсырмалар:
ЕЫҚҰ мүше болудың басты мақсаты-Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығу.
Қазақстанның 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы
Осы тапсырмалар бойынша жазбаша хабарлама дайындау.
§27 оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |