«Қәзіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма?Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?»
Заман өзгерген сайын кәсіп түрлері де, маман сапасы да өзгеру үстінде. Өкінішке орай, кейбір маман иелері тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды. Ал кейбір мамандар өз істерін өмірлік миссия ретінде бағалап, кәсіпқой маман болуға ұмтылады. Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай деп ойлаймын. Себебі жаңа технологиялар арқылы, ғаламтор арқылы шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз. Ең бастысы – дұрыс ниет пен айқын мақсат болса болғаны. Кәсіпқой маман - бұл өз жұмысы үшін ақша алатын адам. Иә, ол өз жұмысын неғұрлым жақсы істеген сайын, соғұрлым көп ақша алады деп ойлауға болады. Көпшігімізді ата-аналарымыз осылай тәрбиелейді. Бұның да дұрысы да, бұрысы да бар. Көп нәрсе адамның қандай ортада жұмыс істейтініне байланысты. Себебі, кедей елде бәрінен де жақсы жұмыс істеп, көк тиын алуға болады, ал бай елде жұмысты нашар жасап, кедей елдің кәсіпқой маманы тіпті мұндай әлсіз кәсіпқойдың көп алатыны туралы ойланатындай ақы алуға болады.Әрине, кәсіпқой маман болу барысында адам түрлі қиындықтарға тап болып, соларды жеңумен арпалысады. Қиындық арқылы адам өседі, тәжірибе жинап, кәсіпқой маман иесі болуға бір қадам жақындай түседі. Мәселен, мұғалім болып жұмысқа тұрған кезде бәрі берден сені жақсы көріп, жоғарғы жалақыны бере салмайды. Ең алдымен адам өзінің шеберлігін дәлелдеп, тәжірибе жинағаннан кейін ғана ортасында сыйлы болады. Яғни, кәсіпқой маман болу үшін түрлі қиындықтар мен тәжірибелерден өту міндетті.
Адам өмірінде дұрыс шешім қабылдауды қажет ететін, қателікті кешірмейтін сәттердің бірі – мамандық таңдау. Мамандықпен бірге өмірлік жолыңды, болашағыңды таңдайсың, сондықтан жауапкершілігі орасан зор. Кәсіпқой маман болу үшін өз ісіңді жан-тәніңмен сүйе білуің керек. Себебі ақша, мансап секілді ниеттер ұзаққа бармайды. Ұзаққа апаратын – ісіңе деген махаббат пен сүйіспеншілік.Осы орайда, санамызда «Кәсіпқой маман болуға не кедергі келтіреді?» және «Кәсіпқой маман болуға не ықпал етеді?» деген сұрақтардың туындары мүмкін. Шынында – ақ, ойланып қарасақ кедергілер жетерлік. Тіпті оларды топ топқа бөлуге болады. мәселен, бірінші кезекте барлық адамда болатын кедергі болса, ал екіншісінде тек кейбірінде болатын кедергі. Бұл жерде менің айтқым келетіні кедергілер жетерлік, тек әр адамда әртүрлі, кейбіреуінде бірдей. Мысал ретінде ең басты кедергі – материалдық жағдай деп келтірсек болады. Неге десеңіз, жоғары оқу орнында оқып, қалаған мамандығына түсу үшін ақшаның керектігі айтпасақта белгілі. Ал мемлекет көптеген жастардың оқуын өздері төлеп береді. Бірақта барлығын емес, тек грантқа іліккендерді ғана. Ал ілікпегендер өз қаржысынан оқиды. Міне осы кезде олар көптеген жастар қате жолды таңдайды, оқуды тастап қана қоймай жеңіл ақша табу үшін казино сияқты жерлерге барып, қарызға белшесінен батады. Ал екінші кедергі ата-ана тарапынан болады. Неге десеңіз олар баланы жастайынан дәрігер, полиция бол деп тәрбиелейді. Жастарымыз оқу соңында мамандық таңдау барысында ата – анасының қалаған пәнін таңдайды. Бірақта бұл көптеп кездеспейді. Кейбір жандарда ғана кездеседі. Ал үшінші кедергі жанындағы адамдарға байланысты болады. Егерде адам жанына надан, арсыз, еріншек, мақтаншақ, оқу оқымайтын, жаман әдеттерге үйір жандарды жанына жинаса, ол адамның болашағынан еш үміт жоқ. Міне, кәсіпқой маман болуға ненің ықпал ететін жоғыра да айтып өттім
Қорытындылай келе, кәсіпқой маман болу үшін өз ісіңді сүйіп, қиындықтар мен тәжірибелерден өту керек екенімізді ұғындық. Ең бастысы – еңбек етіп, мақсат қойып, жауапкершілік сезіну.
Достарыңызбен бөлісу: |