+1. Оқытушылар туралы мәлімет Давыдов Родион Геннадьевич – бірінші санатты дәрігер стоматологы, жалпы стажы 15 жыл, пед. стажы 11 жыл. 65 ғылыми жұмыстары бар.
Қожабеков Еркинбек Мэльсбекович жоғары санатты дәрігер стоматологи, жалпы еңбек стажы . стажы 9 жыл. 30 ғылыми жұмыстары бар.
Мухамбетов Муратбек Айдаралиевич. – бірінші санатты дәрігер стоматологы, жалпы стажы 15 жыл,пед. стажы 11 жыл. 9 ғылыми жұмыстары бар.
2.Байланыс ақпараты:
1.Кафедраның негізгі базасы Шымкент қаласы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент кампусы, Быковский көшесі №54. «Стоматология» оқу-клиникалық орталығы.
Кафедраның клиникалық базалары.
1. «Мурат стом» жеке стоматологиялық клинникасы. Телефон 98-52-18.
2. Қалалық тіс емханасы. Телефон 45-20-30
3.ШҚ ЖЖА жақ бет хирургия бөлімі.
3.Пәннің саясаты Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерннің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интернтер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Дәрігер-интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кафедраның қызметі сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальды шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту үдірісіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, интернтердің шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған пәнді өту үшін өзімен бірге
Медициналық халат, қалпақ, маска, санитарлық кітапша, сурет салу үшін альбом, планшеткалар болу керек.
Себепсіз сабақ жібермеу керек және кешікпеу керек. 1-2 сабаққа келмеген интерн оқытушының рұқсатымен сабаққа кіреді, 3 сабаққа келмесе кафедра меңгерушісінің рұқсатымен сабаққа кіреді, ал егер 3 сабақтан көп болған жағдайда деканаттың рұқсат қағазымен сабаққа кіреді.
өз уақытында, кесте бойынша ИӨЖ-ді орындап тапсыру керек, сонымен бірге кафедра мүліктеріне ұқыпты қарау керек.
Ереже бойынша қауіпсіздік техникасын сақтау керек
Штраф санкциялары
Кафедра шешіміне байланысты пән тәртібін бұзған үшін ағымдағы баға мынандай жағдайларда 1 балға төмендейді:
--- интерн сабаққа дайындалмай келсе
--- ИӨЖ уақытында тапсырылмаса
--- интернде (колпак,маска,халат,аяқ киім) формасы болмаса