Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Жалпы және қолданбалы психология»
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Салыстырмалы талдау жүргізу және кесте түрінде ұсыну: Абрахам Маслоу: «Мотивация және тұлға» кітабындағы теорияларды психологиядағы тұлғаның негізгі теорияларымен салыстырмалы талдау
Орындаған:Жил-Хайдарова.К.
Тексерген: Токсанбаева. Н.К.
Алматы 2021.
Жоспар:
І. Кіріспе
А.Маслоудың өмірбаяны мен еңбектері
ІІ .Негізгі бөлім
1. А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының даму тарихы
2. А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы сипаттамасы
ІІІ. Қорытынды
Қажеттіліктердің иерархиясындағы негізгі ойлар мен алғы шарттар
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мен антидотринермін. Мен есіктерді жабуға қарсы тұрамын және мүмкіндіктерді қысқартамын.
А. Маслоу
Абрахам Харольд Маслоу (1908-1970) – көрнекті америкалық психолог, гуманистік психологияның негізін қалаушы. Адами қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық баспалдақ түрінде орналастыру – Абрахам Маслоудың «Маслоу қажеттіліктер пирамидасы» деген атпен танымал болған жұмысы. Маслоу тұжырымдамасы «Уәж және жеке тұлға» (Motivation and Personality) кітабында жан-жақты баяндалған. Пирамида түрінде бейнеленген қажеттіліктер иерархиясы АҚШ, Европа және Ресейде тұлғаны ынталандырудың әйгілі модельдерінің біріне айналды. Оны негізінен менеджерлер мен маркетологтар көп пайдаланады.
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарындағы оқу туралы көптеген теориялық зерттеулерді гуманистік психологияға негіздеп және өсудің адами әлеуетін
«мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып
қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды.
• А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек.
А.Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз
көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934),
“Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық”
(1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу
“қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен ынтаның
(қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде
танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және
олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген
бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Қажеттіліктер – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның
тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек
нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы.
Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын
көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінезқұлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады.
«Біздің баталарымызға үйрену - адамзатты зұлымдықтың, қайғы-қасіреттің және қайғы-қасіреттің маңызды зиянды емес генераторларының бірі».(Мотивация және тұлға, 1954)
«Меніңше, жасау керек нәрсе - қателіктерден қорықпау, қателіктер жібермеу, қолынан келгеннің бәрін жасау, ақыр аяғында оларды түзету үшін жеткілікті білуге үміттену.»
(Мотивация және тұлға, 1954)
«Музыканттар музыка жасауы керек, суретшілер сурет салуы керек, ақындар олар өздерімен тату болу үшін жазуы керек. Адам қандай бола алады, олар солай болуы керек. Олар өз табиғатына сай болуы керек. Бұл қажеттілік өзін-өзі атауы мүмкін актуализациялау.
(Мотивация және тұлға, 1954)
1-сурет. А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Достарыңызбен бөлісу: |