Ғаламтордың пайдасы көппе, әлде зияныма?
Жетекші:Исембаева Л.А.
Жұмабек Ә.Ж., 1-курс студенті,
ҚазМемҚызПУ, Алматы қаласы,
Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті,
Кәсіптік оқыту-5B012000.
«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.»- деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай біз XXI ғасырдың білімді жастары еркін елді басқа елдерге таныта аламыз, Қазақстанды бәсекеге қабілетті, терезесі тең елдердің қатарына жатқыза аламыз.Менің ойымша, жастардың жүрегінде иман, ойында білім, бойында қайрат болуы керек.Осындай қасиеттері бар жастарымыз ғана биік белестерді бағындыра алады.
Қазіргі дамыған ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та әрбір жасты компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестету қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестету тіптен де мүмкін емес.
ХХІ ғасыр – компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз.
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей , ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік. Мен ғаламтордың ағылшын тіліне пайдасы мен зияны туралы сөз қозғамақпын.
Пайдасына келер болсақ, біріншіден, уақытты тиімді пайдалануға болады. Керекті мәлімметтерді тез табуға болады және мұғалім үйге берген тапсырманы ағылшын тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне жылдам аударма жасауға мүмкіндік береді. Білмеген ережені оқып білесің. Және де қашықтықтан оқуды пайдалануға болады, яғни үйде отырыпта ағылшынды үйренуге болады. Ағылшынды үйрену үшін видеолар, аудиолар немесе ғаламтордан ережелер оқу арқылы үйрене аламыз.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік.
Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті кейбір оқушылар ғаламторсыз сабақ оқуға болмайды деп есептейді. Сол себепті ата- аналардың өзі балалар ешкімнен кем болмасын деп балалардың ғаламтор желісіне қосылуына мүмкіндік жасап қойған. Бірақ ата- аналар балаларының ғаламторда неге кіретінін тексермейді. Қазіргі балалар сабақ оқып отырмыз деп ғаламторда ойындар ойнап отырады.
Бәріне бірдей топырақ шашқым келмейді, сабақ оқитындары да бар. Бірақ ғаламторда ойын ойнап, әлеуметтік желіде отыратындар басымырақ.
Кейбір оқушылар ағылшын тілінен берген тапсырманы ғаламтордағы аудармашыны (переводчик) пайдаланады. Мұның пайдасынан зияны басымырақ. Бұлай айтуымның себебі, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару үшін суретке түсіріп аудару функциясы бар. Оны пайдану арқылы біріншіден, дайынға ие болады. Екіншіден, аудармашы(переводчик) мәтінді сөзбе-сөз аударғандықтан және ол мәтіннің ұйқаспайды, сондықтан,көп сөздің аудармасын білмейді. Сондықтан аудармашыны(переводчик) өз орнымен қолдана білу керек.
Қорытындылай келе, ғаламтордан балаларды қорғайтын ол –ата-ана. Сондықтан әрбір ата-ана балаларының немен шұғылданып, не көріп жатқанын тексеріп отыруы тиіс. Ғаламтор заман талабы деп, таңертеңнен қара кешке дейін ғаламторда отырып, уақытты босқа өткізбеу керек. Зиян жағын тежеп, пайдалысымен жұмыс жасау қажет. Әр адам ғаламторды өз пайдасына пайдалана білсе, керектісін алып, керек емесін пайдаланбаса, зиянынан гөрі пайдасын көп көрмек.Сөздің соңын Шәкәрім атамыздың мына сөзімен аяқтауды жөн көрдім:
«Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.»
Әдебиеттер тізімі:
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 31 қаңтар 2017ж.
Ш.Құдайбердіұлы, «Үлкен Жинақ».// 1988 ж.// «Жалын» баспасы.
Түйіндеме
Автор мақаласында ғаламторды өз орнында қолданып, әр баланы ата анасы қадағалап. Баласының болашағына мән беруге үндейді.
Резюме
В статье Автор на месте с использованием интернета, следить за каждого ребенка родители. Уделять будущему единству человечества.
Summary
In the article the Author on the spot using the Internet, to monitor each child's parents. To pay for the future unity of mankind.
Достарыңызбен бөлісу: |