Ғалымдар мен әдіскер-дидактардың ұсынған әдіс- тәсілдері: З. Я. Рез; В. Вголубков; Рыбникова; Көшімбаев; Ә.Қоңыратбаев; Бітібаева; Т. Жұмажанова т б. әдіскерлердің әдістемелік ой- пікірлері



бет1/4
Дата14.10.2022
өлшемі20,86 Kb.
#153156
  1   2   3   4
Байланысты:
Ғалымдар мен әдіскер-дидактардың ұсынған әдіс- тәсілдері


Ғалымдар мен әдіскер-дидактардың ұсынған әдіс- тәсілдері: З.Я.Рез; В.ВГолубков; Рыбникова; Көшімбаев; Ә.Қоңыратбаев; .Бітібаева; Т.Жұмажанова т.б. әдіскерлердің әдістемелік ой- пікірлері.
Әдіс-тәсілдер, олардың түрлері, қалыптасу жолдары. Оқу үдерісі — өте күрделі құбылыс. Мектепте білім берумен қатар оқыта отырып тәрбиелеу, оқушы санасының күнбе-күн жаңа біліммен жетіліп жаһандану үдерісіне еркін араласатындай дамып отыруына күш салу, оқыта отырып өзіндік көзқарасын қалыптастыру, жан дүниесінің толығып, баюына, адамгершілік қасиеттер мен игі ұстанымдарға жол басшы болатын негіздердің қалыптасуына, сезімі мен мәдениетін кӛтеріп, адамгершілік ұғымдарын кеңейтуге, бәсекеге қабілетті жан-жақты, толық адам етуге күш салу, сол арқылы жеке тұлға қалыптастыру көзделеді. Кез-келген ортада әртүрлі жағдаяттарда ӛзінің құзіреттілігін таныта алатын жеке тұлға қалыптастыру, алған білім мен дағды, машықты өмірдің әр кезеңдерінде тиімді қолдана алатын, өзін жанжақтылыққа бағыттай алатын тұлға тәрбиелеу міндеттері жүктеліп отыр. Осындай мұғалімнің таяу уақыттағы және түбегейлі мақсаты оқу үдерісінде жүзеге асырылады. Оқу үдерісі тікелей әдістер жүйесінің қатысуымен жүргізіледі. Әдіс (метод) деп грек тілінде адамның практикалық әрекеттерін және ӛмірді тани білу амалдары мен тәсілдерін атаған. Дүние тануда адам әрекеттерінің түрлеріне қарай әрқайсысының өздеріне тән әдістері болады. Ғылымизерттеу жұмысының әдіс болатыны сияқты оқытудың да өздеріне тән әдісі болуы заңды. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың материалды қабылдау жолдарын айтады. Әдіс оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты құрылады. Оның өзгеруіне қарай әдіс те түрленіп отыруы қажет. Оқыту әдісі баланың жас ерекшелігіне қарай құрылуы, тӛменгі сынып пен жоғары сынып оқушыларына қолданылатын әдістердің елеулі айырмашылығы болатыны белгілі. Әр пәнге қолданылатын әдіс әртүрлі болып келеді. Мәселен қазақ, орыс, шет тілі сабақтарында жаттығу әдісі көбірек қолданылса, химия, физика сияқты пәндерде көбіне лабораториялық әдіс басым келіп отырады.
Білім алу — әдістемелік деңгейдегі ең маңызды әрі басты мәселенің бірі болып саналатындықтан, оқыту әдістері ғылыми мәселе ретінде еш уақытта да кез-келген ғылымнан кенже болып кӛрмеген. Олай болатын себебі, оқыту әдістері болмаса білім беру мәселелерінің жоғарғы сапаға ие болуы, онсыз ғылымды дамыту мүмкін болмаған болар еді. Демек оқыту әдістерінсіз ешбір оқу тәрбие процесі, танымдық, тәрбиелік әрекеттер жүзеге аспайтын да еді. Сондықтан Батыс Европа дидактиктері шығыс ғалымдары, орыс педагогтары мен қазақ әдіскерлерінің жазған еңбектері, әдістемелік тәсілдері қазіргі таңда ұсынылып, қолданылып келе жатқан жаңа әдіс-амалдары оқу-тәрбие ғылымы саласында ӛз орнын табуда. Айталық, дидактиканың жалпы мәселелеріне байланысты

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет