М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының төрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестоматиясы» оқулығы, хрестоматияның оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби эстетикалық танымын қалыптастыруға елеулі ықпалы болды . Қырқыншы жылдарға дейін қазақ әдебиетінің әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды деуге болады. Бұл қалыптасу бірнеше бағыттағы үдерістен кӛрінеді: осы кезеңде мектептің сабақ жүйесі қалыптасты, яғни жалпыға бірдей орталау және орта білім беру жүйесі құрылды; әдебиет оқулықтарының ғылыми-әдістемелік, материалдық базасы қалыптасу үстінде болды; оқу бағдарламалары мен оқулықтарының әдістемелік құрал ретіндегі рӛлі күшейе түсті. Әдебиет оқулықтарының оқушы мен мұғалімнің сүйенетін негізгі құрал ретіндегі рӛлінің күшейуі ендігі жерде әдістемелік жүйесін де нығайту талабын туғызды. Ендігі жерде мектеп оқулықтарына әдістемелік нұсқаулардың жазылу қажеттігін туындатты. Сол тұстағы идеологияның әсерінен мектепте оқылатын ақын-жазушыларды іріктеу үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылу себепті, ендігі жерде жеке ақын-жазушылар ӛмірі мен шығармашылығын мұғалімдерге түсіндіруге арналған танымдық мазмұндағы мақалалар жарияланып, бірлі-жарым әдістемелік кітапшалар пайда болды.
Ал Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесің еңбегінде практикалық әдістерге поэтикалық талдау, кӛркем мәтінмен жұмыстар, репродуктивтік әдіс пен эвристикалық әдістерді жатқызады. Әдіснама — пәнді оқытуда басшылыққа алынатын қағидалар, ұстанымдар, көзқарастар жүйесі деп тани отырып, жаңа оқыту технологияларына түсініктеме береді. Технологияның пән бойынша білім мазмұнын сұрыптауды, таңдауды білім берудегі уақыт ӛлшемдерін, білім беру мӛлшерлерін, қажетті құралжабдықтарды, оқыту түрлерін, оқу үдерісіне қатысушылардың орнын, әрекеттерін оқытудың мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді, олардың бағалауды т.б. мақсаттан нәтижеге жеткізетін жағдайлар мен оларды ұйымдастыруды қамтитынын атап ӛтеді. Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығында әдістеме ғылымында кеңес кезеңінде қалыптасқан әдістемелік жүйені атай келе, көбірек жаңа технологияларды саралайды. Әдіскер-ғалым дамыта оқыту технологиясы, модульді оқыту технологиясы, деңгейлік оқыту технологиясы, компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясының үлгілері, оқытудың жобалау технологияларын сипаттайды. Әдіскердің көбірек сыныптан тыс оқыту мәселесіне ден қояды.