Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп Тақырыбы: е е дыбысы мен әрпі Өткізген



Дата23.05.2017
өлшемі262,4 Kb.
#16653
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі

Өткізген: Аралова Г. Қ

Тобы: МАД-5 топ

Атырау қаласы

Күні: 29.02.2016ж

Тобы: 5-дайындық топ

Тәрбиешісі: Аралова Г. Қ

Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Е е дыбысы және әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребустар шешу). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Қолдарын жазуға машықтандыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, е әрпінен басталатын суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет

түрлері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті-

оятушы

 


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтарға амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәләметсіздер ме апайлар!

Бүгін бізде сауат ашу және жазу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен ашық сабағымызды бастаймыз. Біздің білімімізді қарауға апайларымыз келіп отыр.

ІІ. «Доп лақтыр» ойыны.

Ойынның шарты: Балалар сіздерге мен доп лақтырам. Допты қағып алған балаға сұрақ қойылады.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің неше айы бар?

  • Қандай? Қандай?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Қандай? Қандай?

  • Дауысты дыбысты қандай текшемен белгіленеді?

  • Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгіленеді?

  • Әріптердің неше түрі бар?

  • Қандай? Қандай?

ІІІ. Еске түсіру! Жұмбақ арқылы

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштанған.

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.

Педагог сөзі: ң дыбысы сөздің ортасында, және сөздің аяғында келеді. Мысалы: аңшы, шаңғы, жаңғақ, таң, соң, аң шаң

т.б. Балалар ң дыбысы сөздің соңында естіледі.

 

Жылулық шеңберінде тұрып, өлеңді бірге айтады.

Қайырлы күн достым,

 Ісің сәтке толсын.

 Біздің алар бағамыз,

 Кілең бестік болсын.



Балалар сұраққа жауап береді.

Қыс мезгілі

 Үш айы

 Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Екіге

 Дауысты ж/е дауыссыз

 Қызыл

 Көк



Екі

Баспа түрі, жазба түрі

Балалар жұмбақ шешеді.

Шешуі: шаңғы

Шаңғы суретін көрсету, ортасындағы әріпті тауып еске түсіру.


Ұйымдас

тырылып

негізделген

 

 



 

 

 



 

IV. Жаңа сабақ.

  1. Суретпен жұмыс: Үй жануарларының суретін ілу, әрқайсысының атын қай әріптен басталып тұрғанын айтқызу.

С Ж

Қ Т
Е

Олай болса бүгін біздер Е әрпі дыбысымен танысамыз.

V. Кім көп біледі. (ойынын ойнау).

Мысалы: есіл, етік, есік, еден, ер, ерін, ешкі, Ербол, Ержан

Балалар енді сауат ашу кітабымызды ашайық. Қандай әріпті көріп отырмыз. (Е е әрпін)

  1. Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Заттардың атын атату, дыбыстық талдау жасау, әрбір суретке сипаттама беру.

Балалар кесе неге жатады?

Кесе деген сөзде екі дауыссыз дыбыс е дыбысы дауысты болғасын е дыбысы екі рет келіп тұр. Сондықтан екеуі дауысты екеуі дауыссыз. Е дыбысы ортасында және соңында келіп тұр.



Елік орманда өмір сүреді. Елік деген сөзде е дыбысы басында келіп тұр. Екеуі дауысты екеуі дауыссыз.



Ескек қайықтың ескегі. Ескек қайықтың суда есу үшін керек. Яғни жүргізу үшін керек. Ескек деген сөзде е дыбысы дауысты болғасын екі рет келіп тұр. Сондықтан екеуі дауысты үшеуі дауыссыз.

  1. Оқулықтағы сөздерді оқыту. (Хормен)

Енді балалар сұқ саусағымызды алайық. Ең бірінші оқып алайық.

  1. Сергіту сәті: қара жорға

  2. Жазу.

А) Ауада жазу (жазба түрі). Енді балалар бәріміз ауада жазып алайық. Ауада жазба түрін жазып тұрмын. Жазба түрі екі жарты шеңбер сияқты е дыбысы бас әрпі кіші әрпін жазып болдық. Сіздерге жазба түрін жазып тұрмын.

Б) Баспа түрін. Әліппе дәптерімізді ашып, енді олай болса қолымызға қаламымызды алып е дыбысын баспа түрін жазайық.

6. Сызба арқылы сөзден сөйлем құрастыру.

Қаратпа сөз содан кейін үтір қойылып тұр

Мысалы: Ерден, кесе ал.

Кесе әдемі.

  1. Бейне сөз шешу.(кесе)

Кесе-(ыдыстың аты)ал (кеше)- уақытты көрсетеді.


Балалар тақтаға

ілінген суреттің қай әріптен басталып тұрғанын айтқызу.

 

 



 

 

 



 
 

е әрпінен басталатын сөздерді айту.
Е әрпінен басталатын бар суреттерді тақтаға ілу.


Ыдысқа

Балалар елік орманда өмір сүреді.

Ескек қайықтың ескегі.

Балалар оқулықтағы сөздерді оқу.
Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Балалар сауат ашу дәптерін ашып е дыбысын жазамыз.
Балалар сызба арқылы сөзден сөйлем құрастырады.

Үш сөйлем

Екі сөйлем
Балалар бейне сөз шешеді.




Рефлексті түзеткіші

VIII.Қорытындылау

  • Е дыбысы қандай дыбысқа жатады?

  • Дауысты дыбысты қай сандыққа саламыз?


Дауысты

Қызыл

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

 Е е  дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.

Нені игерді:

Е е дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын

Нені біледі:

Орманды қорғауды,ағштарға қамқорлық жасауды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет