«Фармацевттік өндірістің технология» кафедрасы
ОБӨЖ Тақырыбы: Фармацевтік өндірісінің негізгі процестері.
Гидростатика.
Құбырлардың гидравликалық кедергілері.
Орындаған: Дүйсенбай Алмасхан
Тобы: В-ФӨТҚА 02-21
Қабылдаған: Момбаев М.М.
Фармацевтік өндірісінің негізгі процестері.
Өнеркəсіптік өндіріс стандартты үлгілерімен шығатын дайын дәрілік препараттардың жаппай сериясын қарастырады.
Дәрілер өндірісі кең ауқымды сериялы (Химико-фармацевтикалық заводтар, фармацевтикалық фабрикалар мен фирмалар) және кіші сериялы (аурухана, аурухана аралық жəне дәріхананың басқа түрлері) болып бөлінеді.
Кіші сериялы өндірісте аттас өнімдерді шығару систематикалық түрде қайталана береді (ай, квартал сайын).
Кең ауқымды сериалы өндірісте технологиялық процестер механикаландырылған, қазіргі заманғы құрылғылармен, тар өндіріс специализациясымен жабдықталған жəне дәрілік препараттардың номенклатуралық шектеу бар жəне ұзақ мерзімде сақталады.
Кең ауқымды сериялы өндіріс үшін құрылғылар технологиялық процестің жүру барысы бойынша орналастырылған.
Химико-фармацевтикалық өнеркəсіптерінің ұйымдастырылуы өзінің спецификалық ерекшеліктерін қамтиды. Фармацевтикалық өнеркəсіптің дәрілік өндірісі цехтық ұстаным бойынша жəне арнайы бір-бірімен байланысты болатын цехтардан тұрады.
Цех – өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнімнемесе шикізат жасалатын өңдірістік цех не қосымша материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (қосымша цех) құрылымдық бөлімшесі.
Өз кезегінде цех өзінің бірнеше аумағын қамтиды, онда технологиялық процесті құрайтын бір типті операциялар жүргізіледі.
Жасалынатын жұмыс сипатын қарай цехтық негізгі, көмекші жəне қосалқы түрлері болады.
Цехтағы машиналар мен аппараттардың орналасу түрлері:
– цехтық орналасу;
– технологиялық процестің жүру барысы бойынша орналасу
- аралас орналасу
Дәріхана - денсаулық сақтау мекемесі, негізгі міндеті: 1) халыққа дәрілерді рецепт бойынша дайындап жіберу; 2) халыққа рецептсіз сатуға рұқсат етілген дәрілерді босатып жіберу, санитария және гигиена, дезинфекциялық заттарын, оптикалық заттарды, медициналық инструменттерді сату; 3) емдеу-профилактикалық мекемелерді медикаменттермен қамтамасыз ету; 4) дәрілік шикізатты алдын ала дайындау; 5) халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді қалыптастыру. Екі түрлі дәріхіналар бар: а) ашық және б) жабық – емдеу мекемелердің ішінде. Ашық дәріханалар – сату және медициналық өңдіріс, жеке түлғаларды және емдеу мекемелерін дәрілермен қамтамасыз етеді. Жабық дәріханалар тек өңдірістік функцияларды атқарады, яғни емделіп жатқан аурулар үшін дәрілерді жасап шығарады. Дәріханалар 3 бөлімдерден тұрады: рецептуралық – өңдірістік, сату бөлімі, сақтау бөлімі. Рецептуралық – өңдірістік бөлімінің міндеттері: халыққа рецепт бойынша дәрілерді жасап дайындау. Сату бөлімінде рецепт бойынша дайындалған дәрілерді халыққа жібереді, рецептсіз рұқсат етілген дәрілер, санитария заттары сатылады. Сақтау бөлімінде медикаменттерді қабылдау және сақтаумен қатар концентраттарды, полуфабрикаттарды дайындау жүреді. Дәріханаға қойылатын талаптар: дәрілерді дұрыс дайындау және босату, дәріхана жұмысшыларының жоғары өнімділігі, бөлмелерде және жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, дәрілік заттарды дұрыс сақтау.