«Ғылымға құштар жас өрен (интеллектуалды ойын)»



Дата27.12.2022
өлшемі24,87 Kb.
#164584
Байланысты:
21-ғасыр көшбасшысы



«Ғылымға құштар жас өрен (интеллектуалды ойын
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, әділ-қазы алқасы мен ұстаздар!
2-жүргізуші: Математика, информатика, физика апталығының аяқталуына орай ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгін сіздер 9 сыныптар арасында өтетін «Ғылымға құштар жас өрен» атты интеллектуалды ойынының куәгері боласыздар.
2-жүргізуші:
Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын —
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыс бұрын, бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: _________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Өнер мен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар.
Білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.

♦ 1 кезең БӘЙГЕ
♦ 2 кезең ҒАЖАЙЫП ҮШТІК
♦ 3 кезең ДОДА
♦ 4 кезең ЖОРҒА
1 - кезең «Бәйгеде» берілген сұрақтарға номерді бірінші болып көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, келесі көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 балдан есептеледі.
2 - кезең «Ғажайып үштікте» оқушылар тор көзді таңдап, жауап берген жағдайда сол ұпай беріледі. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
3 - кезең «Додада» балдық жүйелермен тақырыптар беріледі. Қалаған тақырыбы және балдық жүйесі бойынша сұраққа жауап бере алады. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
4 - кезең «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке - жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс. Алған ұпайларына байланысты 1, 2, 3 орындар анықталады.

І айналым, «БӘЙГЕ»
Математика
1. Математика королі (неміс математигі К. Гаус)
2. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)
3. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
4. Ең кіші жай сан (2)
5. π - дің жуық мәні (3. 14 )

Физика
1. Пішінін де, көлемін де сақтамайды (Газ)
2. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
3. Электр заряды жоқ бөлшек (Нейтрон)
4. Еркін түсу үдеуінің мәні (9, 8м∕с²)
5. Элементар электр зарядының абсолют мәні (1, 6 * 10-19 Кл)

Информатика
1. Қоршаған орта туралы мәлімет (ақпарат)
2. Сегіз биттен тұратын топ (байт)
3. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат (файл)
4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

ІІ айналым, «ҒАЖАЙЫП ҮШТІК»
1)
1. 56 санының 25 пайызын тап (14)
2. Денелердің сұйықта жүзу шарты: Fa>FA
3. Қарапайым есептеулерді жүргізетін бағдарлама

2)
1. 125 санының 20 пайызын тап (25)
2. Молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатынын бірінші ашқан ағылшын ботанигі (Броун)
3. Ең ұзын перне

3)
1. √256 нешеге тең? (16)
2. Атомның планетарлық моделін жасаған ғалым (Э.Резерфорд)
3. Санау жүйесі нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?

4)
1. Шеңбердің ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? ( )
2. Жолдың жылдамдыққа қатынасы нені береді ? (уақыт)
3. Қазіргі кезде кең тараған операциялық жүйе
5)
1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (Диаметр)
2. Вакуумдағы жарық жылдамдығы неге тең ? (3*108 м/с)
3. Слайд жасауға арналған бағдарлама
6)
1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180º)
2. Гравитациялық тұрақтының мәні неге тең? (G=6,67*10 -11 )
3. Интерфейс деген не?

ІІІ айналым, «ДОДА»
Математика – 10:
«Математик болу үшін ақын жанды болу керек» бұл кімнің сөзі (С. Ковалевская – орыс математигі, механик)
Математика – 20:
Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 мин)
Математика – 30:
|х - 4|=7 теңдеуінің түбірін тап (11 және -3)
Физика – 10:
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)
Физика – 20:
Теріс зарядталған бөлшек? (электрон)
Физика – 30:
Салмақ пен массаның айырмашылығы неде? ( Салмақ дегеніміз – тіреуге немесе аспаға түсірілген күш)
Информатика – 10:
Қытай тілінен аударғанда “суан - пан” қандай мағынаны білдіреді?
Информатика – 20:
Операциялық жүйе нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?
Информатика – 30:
Ада Лавлейс қай жылы Бэббидж машинасына арнап бағдарлама жазды?

ІV айналым, «ЖОРҒА» (Kahoot қосымшасы арқылы )
А нұсқасы 3 қатысушы
1. Кесіндіні өлшейтін құрал? (сызғыш)
2. Сұйықтың көлемін қандай құралмен өлшейді? (мензурка)
3. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (диктофон)
4. 63 құрама сан ба? ( ия )
5. Жарық жылдамдығы нешеге тең? (3 * 108 м\с)
6. Принтердің неше түрі бар? ( 3 түрі бар )
7. Sin 45º мәні неге таң? (√2∕2)
8. Дене қызуын сипаттайтын шама (температура)
9. Сол жақтағы символды өшіретін перне (Backspace)
10. 5-ке қарама-қарсы сан ( -5 )
11. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)
12. Иілгіш диск қалай аталады (дискета)
13. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
14. Ең үлкен ғаламшар (Юпитер)
15. Жай кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?
(Word бағдарламасында орындалатын кестені жай кесте дейміз)

B нұсқасы (Kahoot қосымшасы арқылы ) 1 орынға
1. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
2. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
3. Дыбыс шығаруға арналған құрылғы (колонка)
4. 73 жай сан ба? (ия)
5. Судың қату температурасы ( 0ºC)
6. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
7. Cos45º мәні неге тең? ( √2∕2)
8. Орын ауыстыруды сипаттайтын шама (жол)
9. Оң жақтағы символды өшіретін перне (Delete)
10. 9-ға кері сан (1∕9)
11. Кернеуді өлшетін құрал (вольтметр)
12. Қатқыл диск қалай аталады?(винчестер)
13. Ең кіші екі таңбалы сан (10)
14. Ең кіші ғаламшар (Плутон)
15. Электронды кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?
(Excel бағдарламасында орналасқан дайын кесте).
1-жүргізуші:Осымен интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін, әділ-қазылар алқасына сөз береміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет