ӘОЖ К 54.265.7
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Саурықбай Г.М. – 112-23 тобының студенті
Ғылыми жетекші: – Баймаханова Г.М., х.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.
Аннотация
В данной статье использование технологий с элементами этнопедагогики, элементов народной традиции и культуры на уроках химии, позволило расширить и углубить знания по химии, а также вызвать интерес к предмету.
Summary
In this article, the use of technology with elements ethnopedagogics, elements of folk tradition and culture in the classroom chemistry, allowed to expand and deepen the knowledge of chemistry, as well as generate interest in the subject.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиессіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
Әл — Фараби
Қазіргі оқу тәрбие процесінде халақтық педагогиканың тәлім – тәрбиесін қолданып, оларды халқымыздың ежелгі тарихы мен салт- дәстүрлеріне, халақтық психологиясын негіздей отырып жүргізу қажет. Әр пәнді оқыту кезінде халақтық педагогикасының үлгілі дәстүрімен шебер ұштастырып, салт-дәстүріміздің тағылымы мол, тәрбиелік мәні бар ұшан- теңіз пайдасын жүзеге асыру тікелей оқу процессінің бағыты Халықтық педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану, химия пәнінің әр тарауларынан өткізген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет [1].
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Химия сабағында этнопедагогика элементтерін енгізіп өткізген сабақ жоспары:
“Металдар” орта мектеп оқушыларының химияға қызыушылығын арттыру мақсатында халық шығармашылық матиралдарын қолданудың маңызы зор. Олар үй тұрмысында, зергерлік бұйымдар ретінде күнделікті өмірде таныс. Осы орайда металдар тарауын қортындылау сабағы халықтық педагогика элементтерін пайдаланып дәстүрден тыс білім сайыс түрінде өткізілді
Сабақтың мақсаты:
Металдар тарауы бойынша халықтық педагогика негізінде меңгерілген білім деңгейін анықтау, бекіту, оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру, ұлттық сана сезімін ояту, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, ізденімпаздылығын, шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді [2] .
Көрнекілік:
Магниттік тақта, екі салт атты бейнеленген сурет, “Түркістан көне қала” бүктмесі, тай қазан суреті, әшекей бұйымдар, жұлдызшалар . Білім сайысы көкпар тарту түрінде өтті. Көкпар тарту сайыс. Бұл ойын шығыс пен орта Азияның басқа халықтарында ертеден белгіл. Ойынға екі салт атты қатысыады, команда болыпта қатысуға болады.
Сабақ жоспары:
Сұрақ- жауап, жұмбақ шешу, мақал- мәтелдер жалғастыру, өлең жолдарының мәнін түсіндіру, тірек сөздерге сөйлем құрау: зер, зергер, зерек.
I айналым: сұрақ- жауап
Қазақтың металдан жасалған ыдыстары?
Темірдің қазақ халқының тұрмыстық өміріндегі рөлі?
Адамзат баласына ертеден таныс металдарды атаңыздар?
Зергерлік қандай өнер бар?
II айналым: Жұмбақ шешу
Табылса бұрын там тұннан,
Көп бұл өлкеде
Қымбат болды алтыннан
Қандай метал ертеден (алюминий)
Қара жер адамзатқа болған мекен
Қолда барда қуанып кім білмейді
Химикткрге жақпайтын не сыры бар
Әрқашан жман метал құрғыр дейді (темір)
III айналым: өлең жолдарының мәнін түсіну
Атадан қалған ақсауыт
Жағасы алтын, жеңі жез.
Шығыршығы торғай көз
Алтын қалпақ дуылға
Шекесінде жарқындай
Өлең жолында көшпелі халықтың тіршілік болмысында әрі киім, әрі қорғаныс құралы, әрі қару жарақ болған химиялық элемент (жауабы: темір)
IV айналым:
Тірек сөздерге сөйлем құрау:зергер, зер, зерек
Зергер сөзінің мәні – қазақта әсемдік заттар қыз балалардың әшекей бұйымдпарын жасайтын адамды зергер дейді
Зер сөзінің мәні- адамзатттың ойлау қабілетін белгігілі бір затқа көңіл бөлуін зер салу дейді
Зерек сөзінің мағанасы- адам баласы қандайда бір затты тез иегріп алатын адамды зерек
Бекіту:
Көміртек (II) оксидіне атмосфераның қаіпті ластаушысы. Қан құрамындағы гемоглобинмен әрекеттесіп ол оттегін тасымалдауға кедергі жасайды. Мидың жұмыс қабілетін төмендтеді және қан қысым ауруларын тудырады. Оттының толық жанбауынан жер қыртысында осы заттың 5*10 8 т пайда болады. Осы себептер бойынша (қ.ж) улы газдың қандай көлемі түзілетінін есепте
Шешуі:
n = (CO)= m⁄M n(CO)= V/Vm
осыдан m⁄M = V/Vm немесе V(CO)=Vm*m/M
V(CO)= 22.4*5* 1014/ 28= 4* 1014 /(л) = 4*1011( м3)
Есептік бал бойынша оқушылардың ішінен жеңімпаз анықталады [3].
Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың бойында ұлттық сана сезім қалыптасады. Бұл рухани жағынанда, моральдық жағынан да дамуға септігін тигізері анық. Этнопедагогика элементтерін мақал-мәтелдерді қолдану арқылы, сабаққа байланыстырып жұмбақтар қою арқылы сабақ барын жақсарту, оқушылардың қызығушылығын ояту тиімді тәсілдердің бірі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. З. Әбілова, Қ.Қалиевалардың «Этнопедагогика Оқулығынан», 2010
2. И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print - 2008
3.Л.Омарова. Химияны оқыту әдістемесі. //[Электрондық ресурс]:- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012
Достарыңызбен бөлісу: |