Теміртау қаласы-2022ж Ғылыми жоба «Таңғажайып 7 саны»
Мазмұны
Кіріспе. ..................................................................3
1. Негізгі бөлім. .......................................................
1. 1. Сандардың шығу тарихы. ...............................5
1. 2. 7 саны – қасиетті сан. .....................................7
1. 3. 7 санына байланысты қазақ аспаптары. ..........11
Қорытынды. ..........................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................17
Аннотация Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық.
Зерттеудің мақсаты: Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.