Вольтер Франсуа Мари Аруэ (1694-1778) “Тарих философиясы” терминді XVIII ғ. француз Ағартушылық-тың өкілі Вольтер ұсынды. Ол оны сыншыл сипаттағы тарих ғылымы ретінде, тарихи ойлаудың тәсілі ретінде түсіндірді. Бұл тәсіл арқылы тарихшы ғалым көне кітаптардағы бұрын болған оқиғалар туралы айтылған пікірлерді қайталамай, өз зерттеуін жүргізіп, өзіндік пайымдауды білдіреді.
Гердер «тарихшылдық» ұғымы туралы
тарихшылдық — бұл «тарихты сезуді» тудыратын тарихқа бағдар мен көзқарас, сол сезім тарихты философия мен ойлаудың контексті-сіне және алғышартына айналдыра-ды
тарих пән ретінде барлық гуманитарлық ғылымдарға ықпал ететін үстем ғылымға айналады. Гуманитарлық ғылымдар тарихқа бағдарланған пәндерге айналады (мысалы, философия тарихы, өнер тарихы, дін тарихы т.с.с.)
Иоганн Готфрид Гердер(1744-1803) «Адамзат тарихы-ның философиясы жөнінде идеялар»
Тарихшылдық ғылыми принцип ретінде
Неміс тарихшы Фридрих Мейнеке ғылыми зерттеудің принципі ретіндегі тарихшыл-дықтың келесі белгілерін атап көрсеткен : 1) тарихи оқиғаларға айрықша, бірегейлі, ерекше тарихи құбылыс ретінде назар аудару. 2) имманентік түсінікке ұмты-лу, яғни тарихи контекстке және тарихи байланыстарға сүңгіп кетуге ұмтылыс Фридрих Мейнеке (1862—1954), неміс тарихшы «Тарихшылдық-тың пайда болуы» (1936)