Философияның басты ерекшелігі әлемді, дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде Қытайда, Үндістанда кейінірек антика дәуірінде ежелгі Грекия топырағында қалыптаса бастаған.
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ:«Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету».
Геродот: «Философия – білімді, ақылдылықты сүю».
Аристотель: «Философия – ғылымдар негізі ».
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: «Философия – ақылдылыққа құштарлық» - дейді. Аквинат: «Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім» - дейді. М.Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекшк бір белгісі – ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» -дейді. Т.Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі»-дейді. Докарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім» - дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты» - деген.
Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
1)Философияданалықпен, ақыл- оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo – сүйемін, sophia – даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.
2)Философияның басы- таңдану. Сократ «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
3) Философиялық білімге еркіндік ,тәуелсіздік тән.
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылды. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңістік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
4) Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл –байыпты, ғылыми, толерантты еркин творчествалык ойлау
5) философиа жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкин емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы адам өміріннің мәні мәселесі табиғат, қоғам және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
Философияның анықтамасы философия бар болып отырғанды тұтас, элементтерін бір бірімен тығыз байланысты түрде карастыратын, онын даму зандылыктарын зерттейтин ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент адам, сондыктан ол философияның ең басты зерттеу обьектісі. М.Әуезов философия кең ақыл,терең қиял шығаратын адамның жанын тәрбиелейтин, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырырады.
Философия
адамнын кайдан жаралғанын шешпек
адамнын жанын,ішкі хәлін тексермек ,
адамнын дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылык жолындағы караңғы қалтарыстарда колға ұстаған шамшырақ дейді. Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады.
1) мен нені біле аламын
2) мен не істеуім керек
3) мен не нәрсеге үміттене аламын
4) адам дегеніміз не,
бірінші сұракка метафизика жауап береді, екіншісіне мораль ,үшіншісіне дін, төртіншісіне антропология. Бірак осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. Адамға аса қажет білім болса, ол мен окытып отырган, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады.