1.1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі
Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі – Философия болып табылады.
Дүниегекөзқарастың басқа түрлеріне қарағанда философия білімге, ақыл-ойға негізделді. Әлем мен адамның тіршілік етуі мен дамуының мәні мен жалпы заңдылықтарын зерттеуде философия бірінші болып рационалды( ақыл-ойға негізделген) бағытты ұстанды. Сондықтан да, бұл теориялық жағынан дамыған, рационалды –жүйеленген дүниегекөзқарас түрі.
Философия термині грек тілінен аударғанда «филео»- құштарлық және «софия» даналық, яғни даналыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |