ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ – адам, адамның осы дүниедегі тіршілігінің мәні, алатын орны, адам мен әлемнің арақатынасы туралы, жалпы адам болмысына қатысты сұрақтардың барлығын қарастыратын ілім.
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ – қоғам, қоғамның болмысы, құрылымы, оның тіршілік етуі мен дамуының жалпы заңдылықтары, қоғам және табиғат, қоғамның рухани саласы, қоғамның материалды-экономикалық саласы, қоғамның әлеуметтік саласы, өркениет, адамзат қоғамының перспективалары қандай, экология және тіршілік ету проблемалары, т.б. туралы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |