Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі


Философияның басты қызметтерінің бірі – адам тәрбиелеу



бет9/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)
модерация
Философияның басты қызметтерінің бірі – адам тәрбиелеу, ұстаздық ету. Сократ та, Конфуций де, Будда да, Монтень де, Кант та, Толстой да, Ыбырай мен Абай да «ұстаздық етуге жалықпаған» даналар. Олар сөзімен де, ісімен де, өмір салтымен де адамға ықпал етіп, ақыл-есін жетілдіріп, түзетпек болған, адамшылық жолына бастаған. Мұндай ойшылдардың мектептері болған және мұнда оқу, оқыту ісімен бірге тәрбиеге де айрықша мән беріліп отырған. Философия тәрбиені тек сырттан әсер ететін, объектіге бағытталған процесс деп есептемейді; тәрбие – субъект пен субъектінің, тәрбиеші мен шәкірттің қарым-қатынасы, өзара әрекеті. Объектіні тәрбиелеу

қиын, ол ештеңені түсінбейді; объектіні өзгертуге, құрал ретінде пайдалануға болады.Адам саналы, есті бола тұрса да, ет пен сүйектен жаралған

пенде болған соң, қателіктер жібереді, жаман ғадеттерге салынады, «жақсы менен жаманды айыра алмайтын» кездері болады. Жеткіншектің шалыс басқан жерлерін ата-ана, ұстаз, тәрбиеші дер кезінде байқап, мән беріп, шәкіртпен бірге түзеп отырмаса, онсыз жарамсыз қылықтар әдетке айналып, күш бермей кетуі мүмкін. ХІХ ғасырда өмір сүрген, британдық философ Г. Спенсердің пікірінше, адам бойындағы қорғасындай салмақты оңбағандықты сылып тастайтын саяси алхимия жоқ. Былайша айтқанда, адамды түзету

мүмкін емес. Мұндай пікірмен Абай келісе алмайды. Ол ғылымның, білімнің, даналықтың, мәдениеттің күшіне сенеді. Даналықтың мәнісі адамға әр түрлі үлгілер ұсыну арқылы адамды жетілдіру, түзету. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, – деп жазады Абай 37-сөзінде, – адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім». Достоевскийдің ойынша, қоғам да, адамдар да тәрбие саласында сыртқы объективтік жағдайларға (мемлекетке,

заңға, мектепке, т.б.) көбірек үміт артып, адамның өзіне, ниетіне, адамгершілікке, түсінікке, даналыққа, жақсылардың үлгісіне арқа сүйеуді ескермейді.
Тәлім-тәрбие философиясы тұрғысынан өмір – әрқашан да күрделі мәселе; ол – ойыншық не серуен емес. Өмірде өздігінен жүзеге асатын бастаулар болмайды. Қысқа ғұмырды қалай болса солай өткізу – ақылға сыймас даңғазалық болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет