Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі



бет10/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)
модерация
Философияидеология

Философияның тағы бір қызметі, келесі анықтамасы оның идеологияға қатынасынан көрінеді. Философия, қоғамдық сананың басқа формаларындай, идеологиялық сана болып табылады. Ғылым, негізінде, идеологиядан, саясаттан алшақтау жатады. Дей тұрғанмен, жанамалап болса да билеуші топтар, таптар ғылымды да, ғалымдарды да өз жағына тартуға әрекет жасайды. Т. Гоббстың кең тараған мынадай сөзі бар: «Егер де үшбұрыштың үш бұрышы квадраттың екі бұрышына тең келеді деген қағида... билік иелерінің мүдделеріне қайшы келсе, онда геометрия ілімі жоққа шығарылмағанмен де, барлық геометриялық кітаптарды отқа өртеу арқылы ығыстырылып шығарылар еді» (Гоббс Т. Избр. произв. В 2т., Т.2, – М., 1965. С. 133). Философия дүниеге келгеннен бері үстем таптың сенімді құралына айналды. Философия – таптық қоғамның туындысы. Бұдан екі мың жарым жыл бұрында, қазір де адамзат қоғамы мүдделері қарама-таптарға, топтарға, күштерге бөлінген. ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы екі жүйе, екі қоғам – социализм мен капитализм текетіресте өмір сүрді. Олардың арасында өршілескен идеологиялық күрес жүріп жатты. Буржуазия идеологтары да адам санасын, көзқарасын билеу үшін бар күш-жігерін салып бақты. Философия, өзінен-өзі түсінікті, бұл таластан сырт қала алмады.Соңғы кезге дейін біздің арамызда философияның партиялық сипаты баса көрсетілді. Әңгіме философиядағы әр түрлі қарама-қарсы пікірлерді, көзқарастарды білдіруде ғана емес – бұл әрқашан да болатын заңды процесс. Философияның партиялығы сонымен бірге қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік-саяси күштердің мүддесін қорғауда, жақтауда болды. Философияның партиялығын көбірек

дәріптеген, дәйекті жүргізген В.И. Ленин болды.
Сонымен, философияның идеологиялық қызметі қоғам талабынан туындап жатады. Бір кезде Гераклит Грециядағы аристократиялық күштердің сөзін сөйледі. Гегель өз ілімінде Германиядағы жаңадан бас көтеріп келе жатқан буржуазияның талап-тілегін бейнелесе, Маркс қаналған тап – пролетариаттың мүддесін жақтады. Мұның бәрі белгілі, бәрі түсінікті жайттар. «Әркім өз заманының түлегі; философия да ойда өрнектелген дәуір», – деп Гегель өте

дұрыс айтқан. Ол өз уақытынан, өз ортасынан асып ешқайда бара алмайды (Гегель Г.В.Ф. Философия права. – М., 1990. С.55).Философия, қаласа да, қаламаса да, идеологиялық функциялар атқаруға мәжбүр болады. Мәселе басқада: философияда идеология қандай орын алады, қандай рөл атқарады? Канттың, Гегельдің, болмаса Ницшенің ілімдерінде, олар жөніндегі қалыптасқан пікірге қарамастан, идеологияның әсері басым болған жоқ.


Идеализм де, матерализм де, – ең алдымен, философиялық көзқарас, философиялық талғам. Олардың таптық, идеологиялық белгілерін ескеру керек, бірақ оларды тегістей идеологиядан, таптық мүдделерден шығаруға

тырысу – теориялық тұрғыдан алып қарағанда негізсіз болып табылады. Біздер бір кезде немістің классикалық идеалистік философиясын неміс буржуазиясының әлсіздігімен, қорқақтығымен, келісімге бейімділігімен түсіндірмек болғанбыз. Бұл – жаңсақ пікір. Мысалы, Канттың, Гегельдің ілімдеріндегі ішкі қайшылықтар, ең алдымен идеалистік көзқарастың сыңаржақ тылығынан пайда болған нәрселер. Егер біз бүкіл шындықты, барлық табиғи-тарихи құбылыстарды біржақты – тек қана идеалистік тұрғыдан түсіндірмек болсақ, сөз жоқ, шешілмейтін қайшылықтарға тап боламыз. Болмаса, рухани дүниелердің – ғылымның, өнердің, философияның шама-шарқын, даму барысын бір ғана тұрғыдан – материалдық факторлардың ықпалымен түсіндірмек болсақ, философияның,



ғылымның дербестігін, өзіндік ерекшеліктерін елемесек, тағы да тығырыққа тірелеміз; материалистік көзқарастың да жеткіліксіздігіне куә боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет