Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі



бет11/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)
модерация
Глоссарий:

Аксиология (грек. axios – құндылық, logos - ілім) – құндылықтар туралы ілім.

Абсолют (лат. аbsolutus сөзсіз, шектелмеген; absolutum еркін, ештеңеге тәуелді емес) - әлемнің түпнегізі мен алғашқы бастамасын, толыққанды жетілген болмысын білдіретін философиялық категория. Абсолют барлық тіршілікті жаратқан шығармашылық бастама.

Дуализм (лат. Dualis – екіжақты) – материя мен сана, физикалық пен психологиялық сияқты бір – біріне қарама – қарсы екі түпнегіздің теңділігін жариялайтын философиялық ілім.

Диалектика ( грек. – пікірталастыру өнері, пікірталас) - әртүрлі мағынада түсінуге болады. Басында, ежелгі гректерде пікірталастыру өнері ретінде қалыптасқанымен, кейіннен ойдың дамуын, бірте – бірте тұтастай тіршіліктің дамуын білдіретін ілімге айналды. Диалектика - дүние және ондағы барлық тіршіліктің өздігінен дамуын, дүниенің ұдайы қозғалыста, дамуда, қарама – қайшылықта болатынын тұжырымдайтын философиялық тәсіл. Диалектиканың басты мәселесі - даму.

Идеализм (грек. idea – идея, сана, рух) - материя мен сананың арақатынасы мәселесінде сананы (идея, рух) алғашқы орынға қоятын философиялық бағыт. Идеализм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді: объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т.б.) және субъективті идеализм (Беркли, Юм). Объективті идеализм концепциясы бойынша, дүниені жаратушы күш бар, ол біздің санамыздан тыс әрекет ететін – идея. Материалды әлем өз бетімен тіршілік ете алмайды, ол бар болғаны, «идеялар әлемінің» көрінісі, нақты жүзеге асуы. Объективті идеализм Платоннан бастау алады. Ал субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді. Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес. Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі – мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ.

Космоцентризм - барлық тіршілік Ғарышқа және ғарыш заңдарына тәуелді өмір сүреді деп тұжырымдайтын, қоршаған әлем мен табиғат құбылыстарын Ғарыштың сыртқы күштерінің ұлылығы мен шексіздігі арқылы түсіндіруге ұмтылатын философиялық дүниетаным.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет