Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі



бет8/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)

Философиякөзқарас

Философияның негізгі анықтамаларының бірі, байырғы функциясы – дүниеге көзқарас, адамның дүниеге нақты, тиімді, пәрменді көзқарасын қалыптастыру. «Дүниеге көзқарас» деген ұғым айтуға да, жазуға да қиынырақ, әрі сыңаржақтылау. Бұл ұғым философияның басты нысанасы сыртқы дүние, табиғат болған кезде ХVIII ғасырда қалыптасқан. Философия, философиялық көзқарас сыртқы дүниемен шектелмейді, адамды да қамтиды, адамға бағытталған. Біз «дүниеге көзқарас» деген ұғымның орнына «көзқарас» деген ұғымды қолдануды жөн көрдік. Жұмыста бастан аяқ философия, философиялық көзқарас жөнінде, оның ерекшелігі, функциялары және рөлі жөнінде әңгіме болады. Бұл арада біз «көзқарас» ұғымының мазмұнын ашпақ ниеттеміз.Көзқарас – адамның қоршаған орта, дүние, өмір, уақыт жөніндегі және өзі, өзінің дүниеге қатынасы, дүниедегі орны жөніндегі ойы, пікірі, түсінігі. Көзқарас – адамдардың іс-қимылының бағдарламасы, адамдардың өмірлік ұстанымы, таңдаған талғамы. Көзқарас әр нәрсені танудың, түсінудің, бойға сіңіріп, басшылыққа алудың түйіні, тұжырымы. Көзқарастың түп тамырын түсінуге Лениннің мына пікірі септігін тигізеді: «Адамның алдында табиғат құбылыстарының желісі бар. Инстинкті адам, тағы адам өзін табиғаттан бөліп алмайды. Саналы адам бөліп алады, категориялар дегеніміз осы бөліп алудың, яғни дүниені танудың кішкене сатылары, табиғатты тануға және оны меңгеруге көмектесетін желінің өзекті пункттері» (Ленин В.И. Шығ. толық жинағы. 29 т., – Алматы, 1979. 87 б.). Көзқарас – естіліктің, саналылықтың көрінісі, кісіліктің белгісі. Саналы, есті адам өзін-өзі біледі, өзіне-өзі есеп береді; қоршаған ортаға, басқа адамдарға қалай болса солай қарамайды, белгілі бір тұрғыдан сынай, барлай қарайды.

«Рефлексия» деген латын сөзі бар. Тура мағынасы – «бейнелеу». Бірақ айнадағы, фотографиядағы біржақты бейнелеу жөнінде емес. Айнада рефлексия жоқ. Әңгіме адамның сыртқы дүниені, басқа заттарды, адамдарды танып, түсінуі арқылы өзін-өзі тануы, басқалардан өз бейнесін көруі жөнінде. Философия рефлексия деген ұғымды адамның өне бойы өзі жөнінде, өзінің басқаларға қатынасы жөнінде, өзінің сол ортадағы орны жөнінде ойланып-толғануын білдіру үшін қолданады. Рефлексия, сонымен, адамның естілігін көрсететін көзқарастық мәні бар ұғым. «Кіммін мен? Қайдан шықтым? Қолымнан не келеді? Неге ұмтылам?» деген сұрақ кімді болса да ойландырмай қоймайды. Адам бұл сұрақтарды өзінің, халқының атынан да қояды: «Кімбіз біз? Кімнен кем, кімнен артықпыз? Жеткен жеріміз қандай? Қайда барамыз?» Конфуцийдің шәкірттері арқылы бізге жеткен бір сөзі: «Мен өзімді күн сайын үш нәрсеге байланысты бақылап отырамын: адамдарға адал қызмет етіп келем бе, достарымның алдында адалмын ба, ұстазымның сөздерін есте ұстап жүрмін бе деп» (Конфуций. Уроки мудрости:

Сочинения. – М., Изд-во ЭКСМО; 2003, С. 17).


мына сөзі ауыздан түспей келеді: «Мен күн сайын бойымдағы құлдықты бір тамшыдан сығымдап шығаруға тырысам». Абай өзінің 15-сөзінде есті адам мен есер адамның бір белгілі парқын сөз етеді. Есті адам өмірдегі орнын, өзіне артылған жүктің шама-шарқын біледі, өзін-өзі ақтауға тырысады. Ал есер адам орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады ...».Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, – дейді ұлы Абай, – күнінде бір мәрте, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? (Құнанбаев А. Шығ. бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961. 451-452 бб.).
Кейде адам өзіне-өзі разы болып, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнына қанағаттана қарайды. Бұл құр масаттану емес, өмірде өте маңызды сәт: адам өз бағасын, орнын, рөлін біледі; онымен басқалар санасады, оған үміт артады. Бірақ көбіне көп адам өзіне, ісіне, қызметіне, жүріс-тұрысына разы болмайды; өзін-өзі кінәлайды. Көптеген ойшылдардың, жазушылардың өзі жөнінде жазған күнделіктерінде, хаттарында, тәубеге келген сәттерінде осындай сын жиі кездеседі.Адамның бір қасиеті, Абай айтқандай, «білмекке құмарлық,

таңдану, таңырқау, анаған да, мынаған да қызығу». Сәби кезінен

адам қоршаған ортаны, әр алуан заттарды білмек болады, не болса соны сұрайды: Ол немене? Бұл немене? – деп. Есейген шақта да адамды мазалайтын сұрақтар көбеймесе, азаймайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет