Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі


Мәдени – тарихи контекстідегі философия



бет7/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)
модерация
Мәдени – тарихи контекстідегі философия

Дүниені философиялық тұрғыда зерттеудің негізгі тарихи типтерін мынандай төрт белгі арқылы жіктеп, түсіндіруге болады:


1. Барлық тіршіліктің, шынайылықтың негізінде қанша субстанция жатыр? Философия бұл мәселені монистік, дуалистік және плюралистік философиялар арқылы түсіндіреді.
2. Универсумның көрінісі мен дамуын анықтайтын не? Бұл сұрақты философия : 1) мифологиялық; 2) діни; 3) идеалистік; 4) материалистік бағыттар арқылы түсіндіреді.
3. Философиялық бағыттарды бөлудің үшінші белгісі адамның философиядағы орнын анықтаумен байланысты. Аталған мәселені философия аксиологиялық, экзистенционалдық, гносеологиялық, праксиологиялық бағыттар арқылы түсіндіреді.
4. Дүниедегі барлық тіршілік қандай жағдайда өмір сүреді, дүниеде даму қалай жүреді деген мәселені түсіндіруде философиялық ойлау диалектикалық тәсілге, не дүниенің өздігінен дамуын терістеп, дүние сыртқы күштердің ықпалымен ғана дамиды деп тұжырымдайтын догматикалық ( маркстік терминология бойынша - метафизикалық) тәсілге сүйенеді.
Философияның негізгі салаларының бірі – Гносеология (гр. Gnosis – білім, таным+логос – ілім), таным теориясы. Басқа ғылымдар таным үдерісін дербес құбылыс ретінде қарастырмайды. Танымның ерекшелігі, шегі, мүмкіндігі жөнінде ойланбайды. Ғылым ақиқатты таным үдерісінің нәтижесі деп біледі, ақиқатқа жетуге тырысады. Ақиқат ғылым үшін әзір тұрған нәрсе сияқты, соған жету, соны ашу – басты мақсат. Философия үшін таным, ақиқат – процесс, бұралаңы, кедір-бұдыры көп, ұзақ жол. Философия үшін таным нәтижесі – ақиқат қана маңызды емес, сол ақиқатқа бастайтын, ақиқатты аша түсетін жол да маңызды.
Философияны ғылымнан бөліп алу қиын, оны ғылымға қарсы қою ақылға сыймайды. Сонымен бірге философияны ғылым деп танып, ғылыммен ғана шектеп қою жеткіліксіз. Ғылым, ғылыми ізденістер – философияның бір бағыты, бір қыры ғана. Енді философия мен ғылымның айырмашылығын талдап көрейік.Ғылымның мәнісі – өне бойы сыртқы дүниені, объектіні қарастыру.Ғылым субъективизммен сыйыспайды, ол өз объектісін тап сол күйінде, объективтік тұрғыда бейнелеуге күш жұмсайды. Философия болса, ол адамды, субъектіні ешқашан естен шығара алмайды, адамның ойын, пікірін, көзқарасын білдіреді. Философия дүниеге адам үшін, адамның адам болып өмір сүруіне жол ашу үшін, адамды түзету, жетілдіру үшін келген. Философияда субъективизм орын алады, субъективтік көзқарас басым болады. Философияны қызықтыратын тағы бір нәрсе – адамның рухани

дүниесі: ақылы, ойы, үміті, сенімі, нанымы, көңіл күйі. Ғылымның бұлармен ісі жоқ.


Философиялық білімде, түсінікте ғылыми мазмұнмен бірге ғылымға жатпайтын ұғымдар да, пікірлер де кездеседі. Философияда эмоция орын алады, бірдеңені жарату-жаратпау, мақұлдау-мақұлдамау кездеседі. Ғылымда бұлар орынсыз деп саналады. Философия – сыншыл көзқарас. Бәріне де баға беріп жатады.
Философияның айрықша көңіл бөліп алға тарта беретін тағы бір құрамдас бөлігі құндылықтар болып табылады. Адам тек біліммен, ғылыммен күн көреді деуге болмайды. Адамзат мыңдаған жылдар бойы ғылымға емес, миф пен дінге, әдеттегі сана мен күнделікті тәжірибеге сүйеніп өмір сүрді, мәдениетін, өркениетін құрды. Адамдар қазір де дінге, Құдайға сенеді, үміт артады. Олар сонда діннен не іздейді деп ойлайсыздар? Ғылымды немесе, білімді ме? Жоқ. Жанашырлықты, мейірімділікті, түсінікті, рухани сүйенішті іздейді.
Бәрі де ғылыммен шешіледі деуге болмайды. Ғылым қажет. Казіргі заман ғылымсыз алға баса алмайды. Дей тұрғанмен, ғылымның мүмкіндігін тым әсірелеуге болмайды. Ғылымның орны бір басқа, діннің орны бір басқа, философияның орны бір басқа. Адам әр нәрсеге сенеді, үміт артады. Мәселе сенім мен үміттің ғылыми негізінде емес. Атақты америкалық физик Фейнманның айтқаны бар: ғылымнан басқа да, ғылымға қатысы жоқ нәрселер

болады, мысалы, махаббат. Ғылыми құны жоқ деп кім махаббаттан бас тарта алады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет