Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. (танымдылық ойын)



Дата08.06.2018
өлшемі68 Kb.
#41799
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

(танымдылық ойын)

1-жүргізуші: Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген.

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліңе, халқыңа пайдасы тисін», - деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

2-жүргізуші: Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.

«Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз)

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» (мақал)

«Білім мен даналық - адам көркі» (Ә.Науаи)

«Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі - Білім» (Ж.Дантон) т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.

1-жүргізуші: Ғылыми-техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың, физиканың орасан зор маңызы бар. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын математикалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді тұлпарларымызды шақырамыз.

Ойынға 4 оқушы қатынасады. Ойын бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап аламыз.

Содан кейін әрбір оқушыға сипаттама беріледі. Сипаттама айтылып болған соң, әр оқушы өз девиздерін айта кетеді.

1-оқушы: Достықта – досқа жан тәнімен берілу, өмірде – сенімді тірек.

2-оқушы: Білім + еңбексүйгіштік + жолы болу + жетістік.

3-оқушы: Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

4-оқушы: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

І-кезең. Ойлан, тап.

Шарты:


15 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға тез арада жауап беру. Дұрыс жауап 10 ұпай жүйемен бағаланады.

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  2. 1 т мақта ауырма, 10ц темір ауырма? (тең)

  3. Себетте 5 алма бар еді. 5 алма себеттен 5 балаға таратып бергенде 1 алма қалыпты. Сонда қалай болғаны? (балаға себетімен береді)

  4. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі соңында;біреуі соңында екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында;үшеуі бір- бірінің соңында. Үйректер нешеу? (3)

  5. 50-ді ½ бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай? (103)

  6. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  7. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минутта)

  8. Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  9. Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4)

  10. Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (1 сағ20 мин = 80 мин)

  11. Кюри температурасы нені білдіреді? (Бір күйден екінші күйге ауысу температурасы . Мысалы: судан – буға, будан -суға)

  12. Компьютердің миы? (жүйелік блок)

  13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

  14. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус)

  15. Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)

ІІ кезең. Тіл-өнер.

1-жүргізуші: Әр ғылым математика дамығандам ғана дами алады немесе «Математика – барлық ғылымдар атасы» - деп тегіннен айтылмаса керек.

2-жүргізуші: «Ақын жанды болмасам, математикте болмаған болар едім» - деп София Ковалевская айтқандай, біздің тарландарымыз да өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша шеберліктерін көрсетеді.

Шарты: Жұмбақ, мақал-мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударады. Әр аударма 10 ұпай.

Логикалық есептер.



  1. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (8: сегіз, восемь, eight)

  2. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (10: он, десять, ten), (100: жүз, сто, one hundred)

  3. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады, ал егер екі аяғымен тұрса,қанша тартады? (12: он екі, двенадцать, twelve)

  4. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді. Аңшы оның екеуін торғайын атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (екі, два, Two)

  5. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (Сызғыш, линейка, ruler )

  6. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр.Сен жанындағы біреуін өшірдің, қаншасы қалды? (бір, один, one)

  7. Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.

(Сіріңке, спичка, matgh )

  1. Қос құлақты, жүз тісті, жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара, пила, saw )

1-жүргізуші'>ІІІ кезең. Қасиетті жетілік.

1-жүргізуші: Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске (кіші сәске, ұлы сәске), түс, бесін (кіші бесін, ұлы бесін), қызыл іңір.

Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Жаңа туған нәрістенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін біледі» дейді.

Көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.

2-жүргізуші: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санның тектен-тек тумағандығы айқын. Басқа-басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға 7 түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

1-жүргізуші: Сонымен, «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттын қамын жер» деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.

Шарты: Әрбір сайыскер кезектесіп ұяны ашып, сұраққа жауап береді. Жауап берген оқушы келесі ұяны ашады.

Ұяшықтағы сұрақтар.



  1. Информатика. Программаның жұмыс істеу барысында өз мәндерін өзгертпейтін мәлімметтер, яғни мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар.

А) компилятор б) константа в) команда г) идентификатор

  1. Физика. Қандай жағдайда ғарыш кемесін материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады?

а) Кеме орбита бойымен ұшқанда; б) Кеме старт алаңында тұрғанда;

в) Екі ғарыш кемесі түйісу кезінде;

  1. Физика. Ұялы телефонды ойлап тапқан физик-ғалым кім?

а) В.Рентген; б) Мария Кюри; в) Ж.Алферов г) Дж.Томсон;

  1. Математика. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, оған қарсы соққан желдің жылдамдығы 4 км/сек. Велосипедшінің байланысқан санақ жүйесінде желдің жылдамдығы қандай?

а) 40 км/сағ; б) 4 м/сек; в) 70 м/сек г) 14 м/сек;

5. Математика. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрышты ата?

а) параллелограмм; б) ромб;

в) трапеция г) тік төртбұрыш

6. Математика. ах2 + bх + с = 0 квадрат теңдеудің дискриминантын есептеуге арналған формула.

а) D = b2ac б) D = b2 +4ac

в) D = 4b2 + ac г) D = b2 – 4ac

7. математика. Екі әкесі мен екі баласы 3 апельсин тауып алды. Теңдей ғып бөлгенде әрқайсысына 1 апельсиннен тиді. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: атасы, баласы, немересі.

ІV кезең. Көкпар – тапқырлық бөлімі.

1-жүргізуші: Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдарлары бар. Мысалы: әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.

Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.



2-жүргізуші: Ал Архимед сұйық ішіндегі денені кері итеруші күш көлемі дененің көлеміндей сұйықтық салмағына тең екенін қалай тапқаны туралы мынадай бар емес пе?

Гиерон патша Архимедке алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәждің салмағы оны жасауға берілген алтынның салмағындай болса да, патша алтын мен басқа арзанырақ металдың қоспасы деп күдіктенген. Тәжді бұзып-жармай, оның ішінде қоспасы бар-жоғын білуді Архимедке тапсырған. Егер сол тығыздық судың тығыздығынан 19,3 есе артық болмай, одан кем болса, онда тәж таза алтыннан жасалмаған болады. Себебі алтынның көлемі дәл сондай судан 19,3 есе артық еді. Бұл мәселені шешу , Архимедке оңай түспеді.

Бір күні моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен. Сонда оның ойына кенеттен әлгі мәселенің шешуі келген. Өз табысына қуанған Архимед «Эврика», «Эврика» яғни «Таптым», «Таптым» деп айқалай жіберген. Архимед тәждің салмағын алғаш ауада, одан соң суға батырып тұрып өлшеген. Сондағы салмақтың айырымы бойынша ол көлемі тәждің көлеміндей судың салмағына тең кері итеруші күшті тапқан. Міне, тапқырлық деп осыны айт.

1-жүргізуші: Енді біздің білімдар балаларымыздың тапқырлығын көрейік.


  1. Жылудың өмірдегі пайдасы мен зияны.

  2. Өмірде математика керек пе, керек емес пе?

  3. Қағазды доғаларды пайдалана отырып қию. Ешқандай қиық түспеу керек (тұтас түсу керек). Алынған қиыққа адам тұтас сыйып кету керек.

V-кезең. Жорға.

1-жүргізуші: Біздің қолданыстағы санау жүйесі 10 цифр арқылы жазылып, қолданылатын ондық санау жүйесі. Мұның өзі адам ертеден 10 саусақты санап, әдеттенгендіктен алынған. 10 дөңгелектенген сан, 10-ға, 100-ге көбейту жеңілге түсетін болған. Ондық санау жүйесі Үндістанда, VI-ғасырда пайдаланылған. Ондағы цифр қазіргіге қарағанда өзгешелеу болды. Мұхаммед әл-Хорезмидің (783-850) IX-ғасырдың басында жазылған «Үндіше есептеу» еңбегі арқылы арабтарға, Европаға, одан барлық елдерге таралған.

2-жүргізуші: Сен білесің бе? 13 санын неліктен «Жаман сан» немесе «Шайтан сан» деп атаған. Себебі, бұрын ондық санау жүйесінен басқа он екілік санау жүйесі де болған. Себебі 12 санының бөлгіштері көп болған ғой (1,2,3,4,6,12). Іс жүзінде 12 саны ыңғайлы деп, ал 13 саны қолайсыз «жаман сан» деп есептелген.

Діни уағызда Иса пайғамбардың 13 шәкіртінің бірі сатқын болып шыққан екен. Содан 13 саны адамзат санасында жайсыз сан болып қалған.



1-жүргізуші: І-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

  1. Ең алғаш әйел математик (С.Ковалевская)

  2. «Эврика» сөзі кімнің сөзі? (Архимед)

  3. а2 + в2 = с2 кімнің теоремасы? (Пифагор)

  4. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш (квадрат, шаршы)

  5. Квадраттың функциясының графигі (парабола)

  6. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  7. Катет қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрыш)

  8. Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер (айқас)

  9. Түбір астындағы 225-тең (15-ке)

  10. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (1800)

  11. «Ноль» қай елден шыққан? Мағынасы (латын, мисса - ешқандай)

  12. Үшбұрыштың негізгі элементерін ата, олар нешеу? (үш қабырға, үшбұрыш, барлығы 6)

  13. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады? (аралас сан)

  14. Табиғи жарық көзі (күн)

  15. Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізгі салушы (Евклид)

  16. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы (үш қабырғасы тең үшбұрыш)

  17. Координаталық түзуден санақ басына дейінгі қашықтық (модуль)

  18. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым (Аристотель)

  19. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім (Г.Лейбниц)

  20. «Сандар туралы ғылым – бұл барлық ғылымдардың ішіне кіріде». Кімнің сөзі? (Әл-Фараби)

2-жүргізуші. ІІ-сайсыкерге қойылатын сұрақтар.

  1. 3-ші дәрежелі функцияның графигі (кубтық парабола)

  2. Барлық қабырғасы тең параллелограмм (ромб)

  3. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? (тік бұрышты үшбұрышта)

  4. Жарты түзудің басқаша аты (сәуле)

  5. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы (1800)

  6. Қиылыспайтын түзулер (параллель)

  7. Түбір астындағы 625-тең (25)

  8. Аксиома дегеніміз не? (мағынасы күмәнсіз тұжырым)

  9. «Геометрия» сөзі қайдан шыққан, мағынасы? (гео-жер, метр - өлшеу)

  10. Үшбұрыштың қосалқы элементтерін ата, олар нешеу? (3 биіктігі, 3 медианасы, 3 биссектрисасы - 9)

  11. Натурал санның мағынасы қандай? (табиғи сан)

  12. «Фигура» сөзінің мағынасы (түр, кескін)

  13. Жасанды жарық көзі (от, сіріңке, шам, факел)

  14. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең? (3600)

  15. Пифагор теоремасын айт. (тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)

  16. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)

  17. Бос орын қалдыру пернесі (информатика)? (пробел)

  18. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап (электроскоп)

  19. Тоқ күшін өлшейтін құралды не деп атайды. (амперметр)

  20. Екілік жүйесінің сандары? (0 мен 1)

Кеш соңында жеңімпаз анықталып марапатталады. Қазылар алқасы кеш қорытындысын айтады. Кешке белсене қатысқан оқушылар мараппаталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет