Физика 10 сынып Теориялық сайыс



Дата04.01.2022
өлшемі151,53 Kb.
#108898
Байланысты:
10 сынып Физика


Физика

10 сынып

Теориялық сайыс


  1. Автомобиль жолдың үштен бірін υ1 жылдамдықпен, ал қалған бөлігін υ2=50 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Егер автомобилдің бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы 37,5 км/сағ болса, жолдың бірінші бөлігіндегі жылдамдығы қандай?

  2. Ұзындығы 3 метр, массасы 180 кг қайық суда тыныштықта тұр. Егер массасы m2 болатын адам қайықтың алдынғы жағынан артқы жағына орын ауыстырғанда қайық 0,75 метр қашықтыққа жылжыды. Адамның массасын табыңдар. Судың кедергі күшін ескермеңдер.

  3. Ұзындығы 5 метр, биіктігі 3 метр көлбеу жазықтықта массасы 50 кг жүк тұр. Осы жүкті көлбеу жазықтықпен жоғары қарай қозғау үшін қандай күш жұмсау керек?

а) Бірқалыпты. /Үйкеліс коэффиценті барлық жағдайда 0,2 ге тең/

б) 1 м/с2 үдеумен.

в) Көлбеу жазықтықта ұстап тұру үшін.


  1. ПӘК-і 90% болатын су турбинасының пайдалы қуатын анықтау керек. Егер турбинаға түсетін судың жылдамдығы 6 м/с, ал одан шығатын судың жылдамдығы 1 м/с. Су деңгейлерінің айырмасы 4 метр. 1 секундтағы су шығыны 20 м3.

  2. М ассасы m болатын горизонталь ұшып келе жатқан оқ массасы М болатын ұзындығы l болатын бірдей екі жіпке ілінген денеге соғылып, сол денеде қалып қояды. Нәтижесінде жіптер α бұрышқа ауытқиды (1 сурет). m << M есептеп:

а) оқтың денеге соғылу жылдамдығын анықта;

б) оқтың алғашқы кинетикалық энергиясының қанша салыстырмалы бөлігі жылуға айналады.


Эксперименталдық сайыс
Көлбеу жазықтықтағы түтікше
Құрал-жабдықтар: Трибометр, ұзындығы 4 см металл түтікше /шаңғының алюминий таяғынан кесіліп алынған/, секундомер, сызғыш, бір кесек қатты қағаз, ағаш білеуше

1 –тапсырма. Металл түтікшенің домалау уақытының көлбеу жазықтықтың көкжиекке көлбеулік бұрышына тәуелділігін зерттеу.

2 – тапсырма.Алынған нәтижелер бойынша еркін түсу үдеуінің мәнін анықта.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет