Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Физика- эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.