«Физика» кафедрасы «Механика» пәні бойынша зертханалық жұмыс орындауға арналған



бет1/51
Дата10.04.2022
өлшемі1,48 Mb.
#138687
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
мехЗертханалық жұмыс23-12
126-38а Саттаркулов Санжар Моә 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы Жоғары мектебі



«Физика» кафедрасы


«Механика» пәні бойынша
зертханалық жұмыс орындауға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


6В05310 -физика мамандығы студенттері үшін

Шымкент, 2021ж.


ӘОЖ 539.1. (076.5)

Құрастырушылар: Серикбаева Г.С., Баубекова Г.М.


Оқытушылар М.О.Әуезов атындағы ОҚУ


«Механика» пәні бойынша зертханалық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқау.-Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан , 2021.- 44б.

6В05310-физика мамандығы студенттері үшін


Әдістемелік нұсқау типтік оқу бағдарламасының және «Механика»пәнінің бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған және мұнда зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті барлық материалдар берілген, бұл әдістемелік нұсқау курстың ең қиын бөлімдерін терең оқып үйренуге, студенттердің өзіндік, шығармашылық жұмыс жасау дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік береді.


Әдістемелік нұсқауға 9 зертханалық жұмыс енгізілген.

Пікіп жазған:


Абекова Ж.А. ф.-м.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Физика» кафедрасының доценті
«Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы мәжілісінде (хаттама №5,«27»12 2021ж.) және «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінің әдістемелік комиссиясында (хаттама №__ «___ »____2021ж.) қаралды және баспаға ұсынылды.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. (хаттама №__ «___ »____2021ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2021ж.


Шығарылымға жауапты: Серикбаева Г.С.Баубекова Г.М.


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе................................................................................................. ............................ 4

1. №1 Жұмыс. Қарапайым өлшеулер және оларды өлшеу............................................... 5


2. №2 Жұмыс. Қатты дененің айналмалы қозғалыс заңдарын зерттеу.........................................................................................................................15


3. №3 Жұмыс. Гироскоптың қозғалыстарын зерттеу.................................................... 21


4. №4 Жұмыс. Максвелл маятнигінің қозғалысын зерттеу............................................28


5. №5 Жұмыс. Физикалық маятниктің көмегімен тербеліс заңдарын зерттеу..........................................................................................................................32


6. №6 Жұмыс. Домалау үйкеліс коэффициентін анықтау….….....................................39


7. №7 Жұмыс. Қатты денелердің инерция моментін бұралмалы тербелістер әдісімен анықтау......................................................................................................................44


8. №8 Жұмыс. Айналмалы баллистикалық маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын табу.....................................................................................................51


9. №9 Жұмыс. Ілгерілемелі қозғалыстың кинематика және динамика заңдарын АТВУД машинасы көмегімен зерттеу......................................................................................56





Кіріспе
Оқу құралында «Механика» бөлімі бойынша зертханалық жұмыстардың түсіндірмесі берілген.
Егер әрбір жұмысты оқытылатын физикалық құбылыстың маңызын айқын түсініп жасаса, онда лабораториялық жұмысты орындау студентке материалды терең меңгеруге көмектесетіндігі күмәнсіз. Ол үшін зертханалық сабаққа дейін жұмыстың түсіндірмесін және оқулықтың сәйкес таралуын көңіл қойып оқып шығу керек.
Физикалық зертханалық жұмыста нені үйрену керек?
Бір жағынан студент өзбетімен негізгі физикалық құбылысты еске түсіріп және оны сараптауға үйренуі керек. Екінші жағынан алынған нәтижелерді теориямен салыстыруға үйренуі керек. Жұмыс орындау кезінде студент зертханада жұмыс істеудің элементар дағдыларын алады және физикалық приборлармен жұмыс істеуге үйренеді.
Физикалық зертханада жұмыс істеу студенттен терең ойлау, зейінді болып, ойын жинақтай білуді талап етеді. Кезекті зертханалық жұмысты орындауға алдын-ала дайындалуы керек. Ол үшін керекті теориялық материалды оқып және прибордың сипаттамасымен танысу керек.
Зертханалық сабаққа дайындауды жетілдіру үшін әдістемелік нұсқауда жұмыстың түсіндірмесі мен қатар теориядан қысқаша мәлімет берілген. Онда қажетті анықтамалар мен керекті формулалар берілген.
Әр жұмыста соңында үйде дайындалып зертханалық жұмысты тапсыру үшін қажетті пысықтау сұрақтар бар.
Әрбір зертханалық жұмыста, жұмыстың мақсаты, мазмұны, құрал-жабдықтары, зертханалық қондырғының конструкциясы эксперимент әдістемесі, нәтижені өңдеуге қажетті әдістемелер берілген. Қажетті жағдайларда техника қауіпсіздігі жөнінде қысқаша нұсқау берілген.

1 Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет