ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математитика және цифрлық технологиялар ИНСТИТУТЫ
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
«Бекітемін»
ФМЦТ институтының директоры
__________Г.И.Салғараева
«____» __________ 2022 ж.
Студенттердің жоба (кэйс) дайындауына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Пән атауы: Компьютерлік желілер және web-технологиялар
Алматы 2021
Құрастырушы: аға оқытушы Таурбекова А.А.
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы бойынша жоба дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «6В01506-Информатиика» мамандығының студенттеріне арналған.
Информатика және қолданбалы математика кафедрасының мәжілісінде қарастырылған және ұсынылған.
Хаттама № « ____»______________2022 ж.
Бағдарлама басшысы______________ Б.Г.Бостанов
Физика, математика және цифлық технологиялар жоғары мектебінің оқу-әдістемелік бюросымен ұсынылды «____»________20___ ж. хаттама №___
_______________ Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы Ж.А.Орынтаева
Жоба жұмысына қойылатын талаптар:
Жоспары:
Жоба жұмысының кезеңдері
Жобаға тақырып таңдау
Жоба тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу
Жоба жұмысының жоспарын құру
Жоба жұмысын рәсімдеу
ТАҚЫРЫП - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл мәселелерді шешу әдістері болады. Сондай-ақ, жоба тақырыбында пәнаралық байланыстар да болғаны жөн.
Жұмыстарды бағалау критерийлері:
арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі;
шеттілді әдебиеттерді түпнұсқа тілінде қолданылуы;
анализдың және ақпараттың өңдеуінің қазіргі әдісін игерушілігі ;
меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы;
білім алушының өзіндік жұмыс тәсілі;
шешімнің және практикалық ұсыныстың болуы;
жұмыстың безендірілуі.
Жалпы ережелер:
Жоба бойынша жұмыс 1500 таңбаға дейін, 2-3 беттен аспайтын түсіндірме жазба түрінде орындалуы керек (титулдық беттерді қоспағанда);
Жобалау жұмысы плагиатқа қарсы тексеруден өтіп, тексеру нәтижесінің анықтамасы болуы керек (плагиатқа қарсы тексеруді мысалы, https://text.ru/antiplagiat, https://www.antiplagiat.ru/ сайттарында жүргізуге болады; мәтіннің бірегейлігінің нәтижесі 80%-дан артық болуы керек);
CD дискте жұмыстың электрондық нұсқасы, программасы жинақталуы қажет;
Орындалған және рәсімделген тапсырманы студент емтиханға дейін алдын ала 2 сағат бұрын өзінің жеке кабинетінде тиісті пәнге тіркейді.
Жобаны қорғау кезінде студент 3-4 беттен аспайтын презентацияны қолданады және жұмыстың толық нұсқасын комиссия мүшелеріне ұсынады.
Жоба кафедраның 2-3 мүшесінен (осы пәннің мамандары) жұмысты тексеретін кафедра оқытушысының қатысуымен бірге құралған комиссиялардың алдында ашық түрде қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |