Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша «Физика заңдылықтары» тақырыбындағы қолданбалы курстың жоспары
11 сынып (34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Мақсаты:
-
Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
-
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.
-
Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.
Міндеттері:
-
Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
-
Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
-
Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
-
Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).
Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;
- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:
-
Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.
-
«Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
-
Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
-
Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
-
Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы). Алматы 2009ж.
-
Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.
-
Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.
-
Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
-
Электронды оқулық «физика 10 сынып».
-
В.С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.
-
Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».
Күнтізбелік жоспар
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Қосымша әдебиеттер
|
|
Жылу құбылыстары
|
3
|
|
1
|
Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы
|
1
|
|
2
|
Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы. Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК
|
1
|
|
3
|
Жылу құбылыстарының тарауына тест алу
|
1
|
|
|
Электр құбылыстары
|
3
|
|
4
|
Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз
|
2
|
|
5
|
Электр тізбегіне арналған есептер
|
1
|
|
|
Электр – магниттік құбылыстар
|
2
|
|
6
|
Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро – магниттік индукция
|
1
|
|
7
|
Электр – магниттік құбылыстар тарауына тест алу
|
1
|
|
|
Жарық құбылыстары
|
2
|
|
8
|
Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар
|
1
|
|
9
|
Линза көмегімен кескін алу, есептер шығару
|
1
|
|
|
Қозғалыс және денелердің өзара әсері
|
3
|
|
|
Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2,1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы
|
2
|
|
|
Механикалық қозғалысқа, динамика бөліміне есептер шығару
|
1
|
|
|
Тербелістер мен толқындар
|
2
|
|
|
Тербелістер, резонанс, математикалық, серіппелі маятниктер
|
1
|
|
|
Тербелістер мен толқындар есептер шығару
|
1
|
|
|
Аспан сферасы
|
1
|
|
|
Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы.
|
1
|
|
|
Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану
|
2
|
|
|
Фотоэффект, радиоактивтілік , Атом ядросына есептер шығару
|
1
|
|
|
Фотоэффект, радиоактивтілік , Атом ядросы тарауына тест алу
|
1
|
|
|
Молекулалық физика және термодинамика
|
4
|
|
|
Молекулалық – кинетикалық теория негіздері
|
1
|
|
|
Термодинамика негіздері
|
1
|
|
|
Молекулалық физика және термодинамика тарауына есептер шығару
|
1
|
|
|
Молекулалық физика және термодинамика тарауына тест алу
|
1
|
|
|
Электродинамика
|
3
|
|
|
Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы
|
1
|
|
|
Электродинамика, электростатика есептерін шығару
|
1
|
|
|
Электродинамика (жалғасы)
|
6
|
|
|
Электромагниттік тербелістер, айнымалы ток, электромагниттік толқындар
|
1
|
|
|
Айнымалы токтың пайда болу заңдылығы
|
1
|
|
|
Оптика
|
2
|
|
|
Жарық толқындары, дифракция, жарықтың сынуы, линзалар
|
2
|
|
|
Кванттық физика
|
4
|
|
|
Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы
|
1
|
|
|
ҰБТ – ке дайындық
|
3
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |