Физика пәнінің мұғалімі мамандығының



Дата25.05.2020
өлшемі15,47 Kb.
#71144
Байланысты:
Бұхатханов Нұрасыл мінездеме


Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

физика пәнінің мұғалімі мамандығының

2 курс студенті Бұхатханов Нұрасылға

Мінездеме


Бұхатханов Нұрасыл 2020 жылдың 4 мамырынан 16 мамыры аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «№33 орта мектебі» КММ-де «Білім алушылардың таңдау пәні» педагогикалық практикасынан өтті. Практиканың алғашқы кезеңінде мектептің жұмыс ережесімен, әдістемемен, сондай-ақ қашықтықтан оқытудағы нұсқаулықтармен таныстырылды.

Нұрасылға 3 А сыныбында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін жүргізу тапсырылды. «Презентацияға арналған ақпараттар» тақырыбына сабақ жоспарын құрып, презентация әзірледі. Аталған тақырыптағы сабақты Whatsapp желісі арқылы қашықтықтан жүргізді. Оқушыларға берілетін тапсырмалары оқушының жас ерекшелігіне сай құрастырылған. Сабақта лездемелік сұрақтар қойды, сабақты «адасқан объектіні табу» арқылы бекітті. Сабақта ойын элементтерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді, үнемі кері байланыс орнатып отырды.



Іс-тәжірибенің екінші аптасында Нұрасылға 3 сыныпқа арналған тест тапсырмаларын құрастыруды тапсырдым. Тапсырманы уақытылы, тиянақты орындады.

Іс-тәжірибеден өту кезінде Нұрасыл барлық өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты атқарып шықты. Ұқыптылығымен, ашық мінезімен көзге түсті. Адамдармен тез тіл табыса алады. Компьютермен жақсы жұмыс жасай алады. Алдағы уақытта Нұрасылдан мықты маман иесі шығады деп ойлаймыз. Біздің мекемеден өткен практикасын «5» деп бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет