Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары



Дата21.10.2022
өлшемі1,15 Mb.
#154283
түріҚұрамы
Байланысты:
fizika-pnnen-8-synypa-arnalan-orytyndy-test
03E3498A-D112-40DC-A068-F1A09B881370, тарих жауап, Силлабус леуметтану, Ердес А өзінікі

Физикадан 8-сыныпқа
арналған тест жұмыстары


Жылу құбылыстары. Тест А-1

1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?


а) молекулалардың арақашықтығы артты; б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;
в) молекулалардың өлшемі өзгерді; г) молекулалардың құрамы өзгерді;
д) ешқандай өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты; б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді; в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды; г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді; д) дұрыс жауап жоқ.
3.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.
а) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;б) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді; в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;
г) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді; д) дұрыс жауап жоқ.
4. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?
а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды; д) дұрыс жауап жоқ.
5. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К.
Қай білеушенің температурасы жоғары?
а) ағаш; б) темір; в) білеушелердің температуралары бірдей; г) білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;
д) дұрыс жауап жоқ.
6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?
а) дененің ішкі энергиясы тәуелсіз шама; б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына; в) денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына; г) денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына; д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .
7.100 ºC ретінде қандай температура алынған?
а) мұздың температурасы; б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы; в) қайнап жатқан судың температурасы; г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы; д) тұз араласқан мұздың еру температурасы.
8.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы; б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы; в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы; г) қыздыру кезінде сәуле шығару; д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция .
9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?
а) ағаш; б) мыс; в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?
а) радиатордан жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады; б) бөлменің жылынуы тек жылу өткізгіштік арқылы жүзеге асады; в) бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы жүзеге асады; г) энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
Жылу құбылыстары Тест А-2

1.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?


а) жылу өткізгіштік; б) сәуле шығару; в) конвекция; г) жылу өткізгіштік және конвекция; д) сәуле шығару және конвекция.
2. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460 .Бұл сан нені білдіреді?
а) кез-келген массадағы темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
б) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
в) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
г) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
д) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады.
3.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...
а) 347  ; б) 390  ; в) 293  ; г) 3510  ; д) 1560  .
4.Төменде келтірілген әрекеттердің қайсысында дененің (мұз, су) ішкі энергиясы өзгермейді?
а) мұз кесегін тоңазытқыштан алып, тарелкаға салады;
б) мұз кесегі тарелкада 0ºС-қа дейін қызады;
в) 0ºС температурада мұз ериді;
г) пайда болған суды шәугімге құяды;
д) шәугімдегі суды қайнатады.
5. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?
а) 50 ºC; б) 63 ºC; в) 55 ºC; г) 75 ºC.
6.Екі бірдей қорғасын шар бір-біріне қарама-қарсы бағытта  және 2 жылдамдықпен қозғалып келеді. Шарлардың серпімсіз соқтығысуы нәтижесінде олардың температуралары ... шамасына артады.
а)  ; б)  ; в)  ; г)  ; д)  .
7.Екі стакан сумен тәжірибе жасалды.Бірінші стакандағы суды 1Дж жылу ала отырып, салқындатты. Екінші стаканды 1Дж жұмыс атқара отырып, биікке көтеріп қойды.Бірінші және екінші стакандағы судың ішкі энергиялары өзгерді ме?
а) біріншіде және екіншіде де азайды; б) біріншіде азайды, екіншіде артты; в) біріншіде де, екіншіде де өзгермеді; г) біріншіде өзгермеді, екіншіде азайды; д) біріншіде азайды, екіншіде өзгермеді.
8.Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек?
а) ≈213м; б) ≈319м; в) ≈429м; г) ≈535м; д) ≈268м.
9. 2.Егер калориметрде жылу сыйымдылықтары бірдей, бірақ массалары әртүрлі (m ), және температуралары әртүрлі (t ) екі сұйықты араластырса, онда қоспаның температурасы ...
а)  ; б)  ; в)  ; г)  ; д)  .
10. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?
а) меншікті булану жылуы; б) меншікті жану жылуы; в) меншікті балқу жылуы;
г) меншікті жылу сыйымдылық; д) жылу өткізгіштік.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Тест А-1


1.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:


А) мұзды балқыту кезінде;
Б) мұзды t -5ºC –тан t =0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.
Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1 , меншікті балқу жылуы 340 .
а) А жағдайында; б) Б жағдайында; в) екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;
г) есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;
д) дұрыс жауап жоқ.
2.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...
а) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;
б) шарды 2ºC-қа қыздырса;
в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;
г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;
д) дененің ішкі энергиясы тұрақты шама.
3.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.
а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;
б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;
в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;
г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;
4. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
а) 12 ºC; б) 0 ºC; в) 37 ºC; г) 59 ºC; д) 75ºC.
5.Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?
а) 0,38 кДж; б) 210 кДж; в) 352 кДж; г) 175 кДж; д) 0.
6. 100ºС температурадағы массалары бірдей мөлшердегі су мен су буының ішкі энергиялары U бірдей бола ма?
а)  = ; б)  > ; в)  < ; г) нақты жауап беру мүмкін емес.
7.Сұйықтың булануы неге тәуелді?
а) тек сұйықтың тегіне;
б) тек сұйық бетіндегі желге;
в) тек сұйық бетінің ауданына;
г) тек сұйықтың температурасына;
д) а-г жауаптарда көрсетілген барлық жағдайларға.
8. Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?
а) 84 ºC; б) 255 ºC; в) 123 ºC; г) 212 ºC; д) 167ºC.
9. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%. Құрғақ термометр  және ылғал термометр  көрсетулері үшін қандай теңбе-теңдік орындалады?
а)  =  ; б)  < ; в)  > ;
г) нақты жауап беру мүмкін емес;
д) бөлменің температурасына тәуелді болуы мүмкін.
10.Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?
а) Q=q·m; б) Q= ·m; в) Q= cm( ); г) Q=L·m; д) Q=0.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. ТестА-2


1.Мұздың меншікті балқу жылуы 340 кДж/кг.Бұл сан нені білдіреді?


а) балқу температурасында алынған 340кг мұзды балқыту үшін 1 кДж жылу қажет;
б) 1кг мұзды қыздыру және балқыту үшін 340 кДж жылу қажет;
в) балқу температурасында алынған 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет;
г) 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет екенін көрсетеді;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2. Тұрақты температурада сұйық күйден газ тәрізді күйге өткенде заттың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) ішкі энергия заттың күйіне тәуелді емес; г) заттың ішкі энергиясы тәуелсіз шама; д) жағдайға байланысты артуы да, кемуі де мүмкін.
3. 0 ºC температурадағы мұзды балқыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, дәл сондай мұз кесегін 1 ºC-қа қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерінен неше есе көп?
а) 2; б) 162; в) 72; г) 330; д) жауап мұздың массасына байланысты.
4.Қалайы және мыс 500ºC температурада қандай (сұйық немесе қатты) күйде болады?
а) қалайы сұйық, мыс қатты күйде; б) қалайы қатты, мыс сұйық күйде; в) екеуі де қатты күйде; г) екеуі де сұйық күйде; д) анықтау мүмкін емес.
5.Су ішінде мұз кесегі жүзіп жүр. Екі заттың да температуралары 0ºС.Осы кезде не байқалады?
а) мұздың еруі; б) судың қатаюы; в) бір мезгілде судың аздап қатаюы мен мұздың еруі;
г) ешқандай агрегаттық өзгеріс болмайды; д) нақты жауап беру мүмкін емес.
6. Әр түрлі болат бұйымдарды балқытылған болатты қатаю кезінде арнайы қалыптарға құю арқылы алады. Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз:
а) қатаю кезінде болаттың ішкі энергиясы артады; б) қатаю кезінде болаттың температурасы төмендейді; в) қатаю кезінде молекулалар кристалдық тор құрап, реттеліп орналасады; г) молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады; д) ішкі құрылымында ешбір өзгеріс болмайды.
7.Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.
а) 424 кДж; б) 890 кДж;
в) 680 кДж; г) 932 кДж;
д) 403 кДж.



8.100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.


а) 4,1кг; б) 2,5кг; в) 0,63кг; г) 1,026кг; д) 0,82кг.
9. Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет.Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.Бұл неге байланысты?
а) ауаның меншікті жылу сыйымдылығының өзгеруіне байланысты; б) адам денесінен ылғалдың булану жылдамдығының өзгеруіне байланысты; в) атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты; г) ауадағы оттегінің құрамының өзгеруіне байланысты;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?
а) 92г; б) 46г; в) 126г; г)104г; д) 118г.
Жылу машиналары Тест А-1

1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:


а) Q=A; б) Q= U+A; в)  U= −A; г) Q= + U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

2.Суретте идеал газдың күйінің өзгеруінің әр түрлі процестері көрсетілген.Осы процестердің қайсысында үлкен жұмыс атқарылады?


а) 1-2; б) 1-3; в) 1-4; г) 4-1-2.

V


3. Суретте идеал газдың күйінің өзгеру процестері көрсетілген. Жауаптар ішінен дұрысын тап.


а)1-2 изохоралық,2-3изобаралық,3-1изотермиялық;
б)1-2 изотермиялық,2-3изобаралық,3-1изохоралық;
в)1-2 изобаралық,2-3изохоралық,3-1изотермиялық;
г)1-2 изохоралық,2-3изотермиялық,3-1изобаралық;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
P
V

4.Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?


а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
5. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:
а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.
6.Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт қалай аталады?
а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...
а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;
г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.
8. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?
а) 70 %; б) 59 %; в) 30 %; г) 17 %.
9. ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?
а) 7500 кДж; б) 0,75 кДж; в) 7,5 кДж; г) 75 кДж; д) 750 кДж.
10. Егер қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларын 2 есе кемітсе, онда қозғалтқыштың ПӘК-і:
а) 2 есе артады; б) 4 есе артады; в) 2 есе кемиді; г) 4есе кемиді; д) өзгермейді.

Жылу машиналары. Тест А-2


1. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді?


а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
2.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-ін арттыруға болады, егер ...
а) қыздырғыштың температурасын арттырса;
б) салқындатқыштың температурасын арттырса;
в) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде арттырса;
г) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде кемітсе;
д) салқындатқыштың температурасын арттырып және қыздырғыштың температурасын төмендетсе.
3.Автомобиль 50км жолға 5,67кг бензин жұмсайды.Егер автомобильдің жылдамдығы 90км/сағ, ал ПӘК-і 22% болса, онда қозғалтқыштың қуаты қандай?
а) 14,7 кВт; б) 28,6 кВт; в) 32,5 кВт; г) 36,8 кВт; д) 22,3 кВт.
4. Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын
а
Р, Па
1
2
нықтаңдар?
3 ·102
а) 750 Дж;
б) 150 Дж;
в) 1200 Дж;
г
V (м3)
) 300 Дж;
д) 600 Дж;
1
3

5. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып,жанғыш қоспа сығылады.Осы такт қалай аталады?


а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Термодинамиканың ΙΙ-заңына сәйкес…
А. Жылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды.
Б. Қыздырғыштан алған жылуды түгелімен механикалық жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.
В.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашанда 100%-тен кем.
а) тек А; б) тек Б; в) тек В; г) А,Б және В; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) A= − U ; г) Q= − U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?
а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %.
9. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі...
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10.Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?
а) 1,67; б) 3,22; в) 2,7; г) 2,5; д) 1,32.
Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы. Тест А-1

1.Шыны таяқшаны электрлегенде оның заряды 6,4·10 Кл болды.Шыны таяқшаның массасы...


а) 3,6·10 кг шамасына артты; б) 3,6·10 кг шамасына кеміді; в) 1,8·10 кг шамасына артты; г) 1,8·10 кг шамасына кеміді; д) таяқшаның массасы өзгермеді.
2.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:
а) электрондар сызғыштан жүнге ауысады; б) протондар сызғыштан жүнге ауысады;
в) электрондар жүннен сызғышқа ауысады; г) протондар жүннен сызғышқа ауысады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
3.Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?
а) 16 В/м; б) 24 В/м; в) 81 В/м; г) 54 В/м; д) 72 В/м.
4.Егер өзара әсерлесу күші 1,8 Н болса, 0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік екі заряд бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?
а) 10см; б) 1см; в) 1м; г) 0,1 см; д) 10 см.
5.Зарядтары –q және +7q екі бірдей кішкентай шарларды бір-біріне жанастырып, содан кейін бұрынғы орындарына қояды.Шарлардың арасындағы өзара әсерлесу күші ?
а) 7есе артты; б) 7 есе азайды; в)  есе артты; г)  есе кеміді; д) өзгермеді.
6.Екі зарядталған шар қандай да бір ортада бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан.Осы шарлар ауада дәл сондай күшпен бір-бірінен 10см қашықтықта әрекеттеседі.Ортаның диэлектрлік өтімділігі қандай?
а) 2; б) 2,5; в) 4; г) 5; д) 10.
7. Бір-бірінен 0,5м қашықтықта орналасқан зарядталған екі шар керосин ішінде бір-бірінен 0,34 ·10 Н күшпен тебіледі.Шарлардың жалпы заряды 10 Кл.Әрбір шардың заряды...
а)  Кл,  Кл; б) 5·10 Кл, 5·10 Кл; в) 2·10 Кл, 8·10 Кл;
г) 9,5·10 Кл, 0,5·10 Кл; д) 9,8 ·10 Кл, 2·10 Кл.
8. Массасы 1,6·10 г тозаң кернеулігі 1000В/м электр өрісінде қалықтап тұр.Тозаңдағы артық электрондар саны...
а) 10 ; б) 10 ; в) 10 ; г) 10 ; д) 10 .
9.Электр өрісінің -2·10 Кл зарядты потенциалы -700В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғандағы жұмысы ...
а) 18 мкДж; б) -18 мкДж; в) 10 мкДж; г) -10 мкДж; д) -9 мкДж.
10. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы электр өрісін сипаттайды?
1) күш сызықтары зарядтармен байланысқан;
2) өрістің энергиясы бар;
3) өрістің энергиясы жоқ;
4) күш сызықтары тұйықталған;
5) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең;
6) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең емес.
а) 2,3,5; б) 1,3,6; в) 3,4,5; г) 1,2,5; д) 2,4,6.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы. Тест А -2

1.Эбонит таяқшаны электрлегенде оның заряды -3,2·10 Кл-ға тең болды. Эбонит таяқшаның массасы ...


а) 3,6·10 кг-ға артты;
б) 3,6·10 кг-ға кеміді;
в) 1,8·10 кг-ға артты;
г) 1,8·10 кг-ға кеміді;
д) өзгермеді.
2. Электр заряды +5·e су тамшысынан электр заряды -3·e су тамшысы бөлініп кетсе, тамшының қалған бөлігінің заряды:
а) − 8·e; б) +2·e; в) − 2·e; г) +8·e; д) +4·e.
3. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы өзара әсерлесу
күші неге тең?  Кл.
а) 2,3·10 Н; б) 2,3·10 Н; в) 2,3·10 Н; г) 4,6·10 Н; д) 2,3·10 Н.
4.Егер әрқайсысының зарядын 2 есе азайтып және оларды вакуумнен диэлектрлік өтімділігі  2,5 ортаға апарып орналастырса, бірдей екі зарядталған шарлардың арасындағы өзара әсерлесу күші қанша есе азаяды?
а) 5 есе; б) 10 есе; в) 20 есе; г) 4 есе; д) 8 есе.
5.Зарядтары q және 7q бірдей екі кішкентай металл шарларды бір-біріне жанастырады да, бұрынғы арақашықтыққа апарып орналастырады.Шарлардың арасындағы өзара әсерлесу күші ...
а) 2,3 есе артты; б) 7есе кеміді; в) 4 есе артты; г) 4 есе кеміді; д) өзгермеді.
6. Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ конденсаторлардың екеуі параллель, үшіншісі оларға тізбектей жалғанған. Конденсаторлардың жалпы сыйымдылығы неге тең?
а) 6 мкФ; б) 5 мкФ; в) 4/3 мкФ; г) 3/4 мкФ; д) 3 мкФ.
7.Массасы 10 г май тамшысы пластиналарының арақашықтығы 2см жазық конденсатор өрісінде қалықтап тұр. Пластиналарға 1000В кернеу берілген. Май тамшысының заряды ...
а) 10 Кл; б) 10 Кл; в) 3·10 Кл; г) 2·10 Кл; д) 4·10 Кл.
8. БХЖ-де Дж/В түрінде көрсетуге болатын физикалық шаманың өлшем бірлігі қалай аталады?
а) Кулон; б) Ампер; в) Ньютон; г) Фарад; д) Ом.
9. Конденсатордың бір пластинасының электр заряды +2Кл, екінші пластинасының заряды -2Кл.Пластиналар арасындағы кернеу 5000 В.Конденсатордың электр сыйымдылығы неге тең?
а) 0; б) 0,0004 Ф; в) 0,0008 Ф; г) 2500 Ф; д) 1000 Ф.
10. Төменде келтірілген F(r) графиктердің қайсысы нүктелік екі зарядтардың өзара әсерлесу күшінің олардың арақашықтығына тәуелділігін сипаттайды?
F
1) 2) 3) 4) 5)

а) 1; б) 2; в) 3; г) 4; д) 5.
Электр тогы. Тұрақты ток заңдары. Тест А-1

1.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?


а) 0,4 Кл; б) 16 Кл; в) 160 Кл; г) 2,5 Кл; д) 4 Кл.
2. Көлденең қимасы 0,5мм және кедергісі 8 Ом никелин өткізгіштің массасы неге тең?
(никелиннің тығыздығы 8900 кг/м , меншікті кедергісі 0,42·10 Ом·м)
а) 0,24кг; б) 0,042кг; в) 1,5кг; г) 0,12кг; д) 0,16кг.
3.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?
а) 50 В; б) 18 В; в) 200 В; г) 36 В; д) 100 В.
4.Ішкі кедергісі 0,09 Ом амперметрдің өлшеу шегін 10 есе арттыру үшін қандай шунт және оны қалай жалғау керек?
а) 0,01 Ом параллель;
б) 0,01 Ом тізбектей;
в) 0,1 Ом параллель;
г) 0,1 Ом тізбектей;
д) 0,11 Ом параллель.
5. Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 ом резистордан тұрады.Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы ток күші неге тең?
а) 0,15 А; б) 0,24 А; в) 0,28 А; г) 0,31 А; д) 0,62 А.
6. 110 В-қа есептелген электр шамының қуаты 40Вт. Шамның кедергісі:
а) 55 Ом; б) 1210 Ом; в) 606 Ом; г) 730 Ом; д) 303 Ом.
7.Электрқыздырғыштың кедергілері әр түрлі қыздырғыш элементінің екі секциясы бар.
Біреуін қосқанда су t уақыт ішінде, екіншісін қосқанда t уақыт ішінде қайнайды.Егер осы секцияларды параллель қосса, су қанша уақыт ішінде қайнайды?
а)  ; б)  ; в)  ; г)  ; д)  .
8. Өлшем бірлігін  түрінде көрсетуге болатын физикалық шама:
а) кедергі; б) ток күші; в) ток көзінің ЭҚк-і; г) өткізгіштік; д) меншікті кедергі.
9.Суретте көрсетілген схема бойынша тізбектің жалпы кедергісін анықта:

а) 5 Ом;
б) 2 Ом;


в) 3 Ом;
г) 12 Ом;
д) 14 Ом.



10.Кедергілері  Ом,  30 Ом,  20 Ом үш резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Қай резистор арқылы көп ток жүреді?


а)  ; б)  ; в)  ;
г) бәрінде бірдей;
д) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл ток көзіне байланысты.
Электр тогы. Тұрақты ток заңдары. Тест А-2

1.Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны:


а) 1,5·10 ; б) 3·10 ; в) 1,5·10 ; г) 3·10 ; д) 1,5·10 .
2. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы:
а) 1000 Кл; б) 30 Кл; в) 100 Кл; г) 2,5 Кл; д) 150 Кл.
3. Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом.Осы тізбектегі ток күші:
а) 8 А; б) 5,5 А; в) 10 А; г) 4 А; д) 12А.
4.Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт кедергі алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанған.Осы кезде олардың жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) 4 есе артты; б) 16 есе артты; в) 16 есе кеміді; г) 4 есе кеміді; д) өзгермеді.
5.Егер U кернеу көзіне жалғанған өткізгіште t уақыт ішінде Q жылу бөлінетін болса, осы уақыт ішінде өткізгіш арқылы өтетін электр заряды:
а)  ; б)  ; в)  ; г)  ; д)  .
6.Төмендегі өрнектердің қайсысы тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласы?
а)  ; б)  ; в)  ; г)  ; д) .
7.Электрқыздырғыштың кедергілері бірдей қыздырғыш элементінің екі секциясы бар.
Егер осы секцияларды тізбектей жалғаса оларда 300 Вт қуат бөлінеді.Егер осы секцияларды параллель жалғап және кернеуді 2 есе азайтса, онда оларда бөлінетін қуат:
а) 600 Вт; б) 300 Вт; в) 150 Вт; г) 75 Вт; д) 450Вт.
8. Суретте көрсетілген схема бойынша амперметрлердің көрсетуін анықтаңдар.
,  ,  .

а)  3А,  2А;


б)  6А,  3А;
в)  2А,  5А;
г)  2А,  3А;
д)  3А,  5А.

9. Әртүрлі орта арқылы ток жүргенде оның қандай әсері әрқашан да байқалады?


а) жылулық; б) химиялық; в) магниттік; г) жарық; д) физиологиялық.
10.Кедергілері  =1Ом,  Ом,  3 Ом үш резистор электр тізбегіне алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанады.Осы жағдайлардың қайсысында және қай резисторда көп жылу бөлінеді?
а) тізбектеп және параллель жалғағанда да  резисторда көп;
б) тізбектеп және параллель жалғағанда да  резисторда көп;
в) тізбектей жалғағанда  резисторда, параллель жалғағанда  резисторда көп;
г) тізбектей жалғағанда  резисторда, параллель жалғағанда  резисторда көп;
д) тізбектеп және параллель жалғағанда да  резисторда көп;

Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-1


1. Электролиттер және газдарда электр тогын қандай заряд тасымалдаушылар тудырады?


а) электролиттерде де, газдарда да тек иондар;
б) газдарда тек иондар, электролиттерде –иондар және электрондар;
в) газдарда тек электрондар, электролиттерде - иондар және электрондар;
г) газдар да, электролиттерде тек электрондар;
д) газдарда иондар және электрондар, электролиттерде тек иондар.
2. Вакуумдік диодта катодтан электрондардың ұшып шығуына себепші:
а) фотоэффект; б) анод пен катод арасындағы кернеу; в) катодтың тотығу химиялық реакциясы; г) термоэлектрондық эмиссия; д) радиоактивті бета ыдырау.
3.Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасы қаншаға артты? Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10 кг/Кл.
а) 0,09г; б) 0,17г; в) 0,54г; г) 0,27г; д) 0,18г.
4.Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?
а) 0,5А; б) 1А; в) 2А; г) 10А; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5.Қандай ортада электр тогы тек электрондардың реттелген қозғалысы нәтижесінде пайда болады?
а) вакуумде;
б) газдарда;
в) электролиттерде;
г) жартылай өткізгіштерде;
д) металдарда.
6. Сыртқы ионизатордың әсерінен газдың иондалады.Осы кезде қандай физикалық құбылыс жүреді?
а) атомнан электрондық қабықшаның бөлінуі;
б) газ молекулаларының оң және теріс иондарға ыдырауы;
в) атом немесе молекуладан бір немесе электрондардың жұлынуы;
г) атом ядросының нейтрон мен протонға ыдырауы;
д) разрядты түтікшенің катодынан электрондардың ұшып шығуы.
7. Электр тогы жүріп жатқан кезде электролитті қыздырады.Осы кезде электролиттің кедергісі ...
а) кемиді; б) артады; в) өзгермейді; г) жауап электролиттің түріне байланысты;
д) электролиттің кедергісі электролиттің температурасына тәуелсіз, оның концентрациясына тәуелді.
8. Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?
а) 10 ; б) 2·10 ; в) 1,6·10 ; г) 6,25·10 ; д) 2·10 .
9. Рельфті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды қалай атайды?
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальваностегия;
г) рекомбинация; д) гальванопластика.
10.Электролиз кезінде ток күшін 2 есе арттырса, электролит ерітіндісінен катодта бөлініп шығатын заттың массасы қалай өзгереді?
а) 2 есе артады; б) 2 есе кемиді; в) өзгермейді;
г) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл токтың жүру уақытына байланысты;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет