Фотоальбом



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі1,09 Mb.
#166358
  1   2   3
Байланысты:
тарих

Қазақтардын этногенезінің басталуы

Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерiн зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерiмiзде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан Монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді. Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалык- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тiлi Алтай тіл семьясына (монгол-манчжур-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс- маньчжур тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай- балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалык-европа-монголдык- монголдық- европалық. Бiрiншi кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалык топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды

Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ- қыпшақ конфедерациясы мысал болады.

Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ- қыпшақ конфедерациясы мысал болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет