Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді



Дата08.02.2022
өлшемі15,96 Kb.
#98391
Байланысты:
Айдын Ибраимов
ХХ асырды екінші жартысында ы аза станда ы ке ест

Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп – шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерін, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру – оқытудың негізігі мазмұны – техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл – басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
ә) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90 –шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігн қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген. Футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет