Г. Ж. Сұлтанғазина Альгология Оқу әдістемелік құралы Биология мамандығының студенттеріне арналған



Дата06.02.2017
өлшемі1,65 Mb.
#8821
түріОқулық
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi
Биология және химия кафедрасы

ББК 28.57

С 89




Г.Ж. Сұлтанғазина

Альгология
Оқу - әдістемелік құралы
Биология мамандығының студенттеріне арналған

Қостанай, 2011

ББК 28.57

С 89



Құрастырушы: Г.Сұлтанғазина б.ғ.қ, биология және химия кафедрасының доценті
Рецензенттер:

Сүйіндікова Ж.Т. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының биология және география кафедрасының аға оқытушысы

Сулейманова К.У., б.ғ.к, ветеринарлық медицина кафедрасының доценті

Жарлығасова Г.Д. биология ғылымының кандидаты, экология кафедрасының доценті

Сұлтанғазина Г.Ж.

С 89 Альгология. Студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011.- 73 бет.

Оқу- әдістемелік құралы мемлекеттік тілде балдырлар туралы жазылған еңбек. Мұнда балдырлар әлемі жан-жақты қарастырылған. Балдырлардың вегетативтік дене құрылысы, клетка құрамы, көбеюі, биохимиясы, физиологиясы, қоректену түрлері, таралуы жеткілікті баяндалған.

Оқулық жоғарғы оқу орындарының - Биология мамандығының студенттеріне арналған.


ББК 28.57

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ОӘК талқыланып, баспаға ұсынылды

(мәжіліс хаттамасы № ___.___. 2011 ж.)

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттiк университетi

КІРІСПЕ

Ұсынылып отырған оқу - әдістемелік құрал биология мамандығының студенттеріне арналған.

Бұл оқу - әдістемелік құралы студенттердің ботаниканың негізгі бөлімі – төменгі сатыдағы өсімдіктерді, оның ішінде балдырларды оқып меңгеруге көмектеседі.

Оқу - әдістемелік құралының негізгі мақсаты студенттердің өз бетімен дайындалу дағдылығын әдетке айналдыру мақсатына қарай құрастырылған. Осы мақсатқа қарай әрбір тақырыпқа қалай дайындалу және қандай мәселелерге көңіл аудару үшін студенттердің өз беттерімен дайындалуға арналған сұрақтар мен көптеген суреттер қоса беріліп отыр. Жазбада беріліп отырған суреттер мен схемалар, кестелер студенттердің қарайтын объектілерін тез және оны дұрыс тауып, оның құрылыстарын толық анықтауға және оларды жеткілікті игеруді жеңілдетеді, сонымен қатар олардың ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.

Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты адам өмірінде, табиғатта және т.б. жалпы болып жататын тіршілік процесінде аса маңызды орын алатын өсімдіктер дүниесінің бір әлемі- төменгі сатыдағы өсімдіктердің алуан түрлі болып келетін формаларымен таныстыру.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерді оқып үйрену үшін, ең алдымен зертханалық сабақта қаралатын тақырыпты және өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтарға студент үйде дайындалып келіп сабаққа рұқсат алу қажет. Ұсынылып отырған зертханалық сабақтар жүргізілетін минимумнан артық, оның себебі сабақтың басталу мерзімінің әртүрлілігі мен сабақтың жабдықталуына байланысты. Оқытушының қалауы бойынша уақыттың мөлшеріне, қарайтын материалдардаң барлығына қарай кейбір материалдарда қысқартып не ауыстыруына болады.

Зертханалық сабақты орындауда қаралатын объектілердің суретін альбомға салған жөн, мұның өзі студенттің өз бетімен қарайтын объектіні дұрыс тауып, оның құрылысымен танысуына және басқа материалдармен салыстыруына көмектеседі. Материалды меңгерудің бір әдісі суреті жақсылап оның құрылысын дұрыс белгілеу. Альбомда тақырыптың аты қазақша және латынша жазылады. Тақырыптан кейін сурет және оның құрылысының ерекшелігін баяндайтын текст болу керек.

Студенттің профессионалдық дайындығын арттыру мақсатында, бұл әдістемелік оқу құралының негізіне кіретін түрлерімен, құрылысымен

танысып сонымен бірге оның экологиялық жағдайымен де танысу.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерді оқып үйрену үшін төмендеғі оқулықтар мен құралдарды пайдалануға болады.

1.Абдрахманов О.А. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. Оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994ж. 122 бет.

2. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Алматы: - Ғалым ғылыми баспа орталығы, 2003.-440 бет.

3. Мәкенова М. Ботаника курсының прктикумы. Алматы - 2000. 236 бет.

Тәжірибиелік жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары

1 тақырып Микроскоптың құрылысы

Мақсаты:

– микроскоп құрылысымен танысып, жұмыс істеу ережелерін меңгеру



Жоспар:

1 Микроскоптың құрылысымен танысу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Микроскопты пайдалану тәртібі

Зертханалық сабақтарда өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясымен танысу үшін ең алдымен мироскоп түрлерімен танысу қажет.

Микроскоп өте нақты және күрделі де нәзік оптикалық прибор, сондықтан онымен жұмыс істеу барысында мына ережелерді сақтау керек:

1 Микроскоппен отырып қана жұмыс істейді және үстелдің шетінен 5-8 см қашықтықта орнықты етіп қойып, жұмыс істеп болғанша қозғамайды.

2 Микроскопты бір орнынан екінші орынға апарғанда бір қолмен мойынынан, екінші қолмен табанынан ұстайды.

3 Микроскоптың оптикалық бөлімдерін жұмсақ матамен сүртіп тазалайды.

4 Препаратты қарау – объективтің ең кішісінен басталады, объектив көрсеткіштері объектив цилиндірінің бүйір жағында көрсетілген. Объективтің орнында тұрғанын тырс еткен дыбысынан білуге болады. Үлкен ұлғайтқышқа көшу барысы оқытушының нұсқауымен жүргізіледі.

5 Айнаны қозғалту арқылы зат қоятын үстелшеге жарық түсіріп, окулярға қарап отырып, ең қолайлы жарықты таңдап алу қажет.

6 Препаратты объектив пен үстелшенің саңылауына сәйкес келетіндей етіп үстелшенің үстіне қойып, клеммаларын бекіту қажет болады. Зат үстелшенің астындағы конденсорды барынша жоғары көтеру керек. Конденсордағы диафрагманы ашып немесе жабу арқылы жарық деңгейін реттеуге болады. Осыдан кейін зат үстелшесінің бүйір жағындағы микрометрлік винтті сағат тілінің бағытында бұрау арқылы объективтің фронтальды линзасы мен препараттың арасындағы қашықтық 4-5 мм қалғанша төмен түсіріледі. Окуляр арқылы қарап отырып тубусты төмен түсіруге болмайды.

7 Окулярға сол көзбен қарап отырып, макрометрлік винтті сағат тіліне қарсы бағытта бұрап объективті зат бейнесі анық көрінгенше көтереді.

8 Затты үлкен объективте қарау үшін сол қолмен микроскоптың мойынынан ұстап ұстап салмақ түсіруге болмайды, оң қолымен револьверді бұрап, кіші объективті үлкен объективке ауыстырады.

9 Жұмысты бітіргенше микроскопты тұрған орнынан қозғауға болмайды.



10 Жұмысты аяқтағаннан соң микроскопты қайтадан кіші объективке ауыстырып, содан кейін ғана препаратты зат үстелшесінен алады. Микроскоп бөлімдерінің тұтастығын тексеріп, тазалап сүртіп, өзінің тұрақты орнына апарып қою керек.


1-сурет. Микроскоптың құрылысы: 1 - тубус, 2 - мойын, 3 - стопорлы бұранда, 4 - микроскоп мойнының басы, 5 - револьвер, 6 - объективтер 7 - зат үстелшесі, 8 - клемма, 9 - зат үстелшесінің винті, 10 - конденсор, 11 - диаграмма, 12 - конденсорды қозғайтын винт, 13 - микрометрлік винт, 14 - макрометрлік винт, 15 - айна, 16 - табан, 17 - окуляр.

Әдебиет: 3, 4-11 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Эукариотты және прокариотты жасушалар деп қандай жасушаларды айтамыз?

2 Жасушаларды пішініне қарай қандай түрлерге бөледі?

3 Жасушаның құрылымды бөлігін атаңдар.

4 Цитоплазма қандай қабаттардан тұрады және қабаттардың атқаратын қызметі қандай?

5 Цитоплазманың химиялық құрамында қандай заттар болады?

6 Вакуол деген не, және оның маңызы қандай?

7 Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарын қандай жағдайда кездестіруге болады?

8 Осмос және тургор қысымдары қандай жағдайларда пайда болады?

9 Сорушы күші дегеніміз не?




2 тақырып Балдырларды жинау әдістері

Мақсаты:

- балдырларды жинау әдістерімен таныстыру

Жоспар:

1 Планктонды балдырларды жинау

2 Жер үстіндегі балдырлар

3 Топырақ балдырлары


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Балдырларды лабораториялық жағдайында оқып білу үшін тірі, болмаса әртүрлі химиялық ерітінділермен қатырылған материал қажет. Табиғаттан балдырларды жинау үшін аса күрделі құрал қажет емес. Планктонды балдырларды планктон сүзгілері немесе аса терең емес су қоймаларынан тікелей шыны сауыттар арқылы сүзіп алуға болады. Фитопланктонды балдырлар, судын белгілі қабатында қалықтап тіршілік ететіндіктен, оны аулау үшін планктон сүзгісін белгілі терендікте су ағысына қарсы біраз сүзеді.

Мұндай организмдерге таза суық суларда тіршілік ететін жылтырауық сары, кейбір диатомды және қор заттары мол жылы суларда тіршілік ететін көк-жасыл, жасыл, эвгленалы балдырлар жатады. Десмидиялылар жұмсақ батпаққа айнала бастаған тұщы суларда тіршілік ететін планктонды балдырлар. Десмидиялылар жартылай бентосты тіршілік етуіне байланысты, көбінесе судың төменгі қабатында болтындықтан суды батпақтын жоғарғы лацлау қабатымен қоса жинаған жөн.

Бентосты балдырларға су түбінде не су астындағы заттарға бекініп тіршілік ететін, сонымен бірге судың жоғарғы жағында қалықтап салындылар құрайтын организмдер жатады. Сондықтан бентосты балдырларды жинау үшін су бетіндегі топырақта тіршілік ететін организмдерді және су түбіндегі заттарға бекінген балдырларды жинаған жеткілікті. Судың терендігі метрге дейін жететін жерлерде су түбіне батырған банка, пробиркалар арқылы не болмаса резина шлангасына кигізілген шыны түтік арқылы су түбіндегі заттарды сорып банкаға құяды. Терең сулардан балдырларды таяқтын ұшына темір банкалар байлау арқылы жинайды. Батпақты жерлердегі өсіп тұрған мүктерді қолмен қысып суын банкаға ағызу арқылы ондағы жабысқан балдырларды жинайды. Сонымен қатар су астындағы заттарға бекініп тіршілік ететін балдырларды да жинау керек. Салындыларды су терең болмаса қолмен не таяқтың ұшымен жинау қажет. Су астындағы заттарға жабысып өсетін балдырларды перифитон деп атайды.

Жер үстіндегі балдырлар ағаштың қабықтарың, жартастарды, дымқыл жерлерді, үйдің қабырғаларын иекендеп оны әр түсті бояуға бояп қабыршақ, не тозаң түрінде кездеседі. Мұндай балдырларды өздері бекінген субстраттарымен қоса жинайды. Жинаған балдырларды таза пакеттерге салады. Жер үстіндегі балдырларға бір клеткалы, қауымды және жіптесінді көк-жасыл,жасыл, диатомды балдырлардың жүздеген түрлері жатады.

Топырақ балдырлары топырақтың жоғарғы және ішкі қабаттарың мекендейді, тіпті кейде 1-2 м. терендіктен кездестіруге болады. Бұлардың 2000-дей түрі белгілі. Оларды жасыл,көк-жасыл, диатомды және эвгленалы балдырлар құрайды. Топырақтың жоғарғы бетінен жай көзбен әр түрлі киіз немесе көң тәрізді, не клегейлі қабаттар құрайтын көк-жасыл балдырларды байқауға болады. Топырақта тіршілік ететін балдырларды екі түрлі жолмен анықтайды. Бірінші сулы аздаған топырақты таза құнарлы ортасы бар колбаға себеді, екінші аздаған топырақты Петри шынысына салып оны дымқылдайды да, оның жоғарға жағына таза жамылғы шынысын тастайды, онда балдыр клеткалары жақсы өседі Бұл культураларды бөлме температурасында, жарық түсетін жерге қояды да мезгіл-мезгіл балдырлардың өсуіне қарап отырады, одаң сон оның құрамын анықтайды.



Әдебиет: 4, 6-9 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Планктон сүзгінің құрылысын сипатта.

2 Бентосты балдырларды қалай жинайды?

3 Перифитон деп қандай балдырларды атайды?

4 Жер үстіндегі балдырларға балдырлардың қандай түрі жатады?

5 Топырақ балдырларын қандай тереңдікте кездестіруге болады?




3 тақырып Балдырларды тірі жағдайда сақтау әдістері

Мақсаты:

- балдырларды тірі жағдайда сақтау әдістерімен таныстыру

Жоспар:

1 Балдырларды сақтаудың құнарлы ортасы


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Тірі жағдайда сақтау үшін оларды көң, аласа аквариум шыныларында, өздері тіршілік сулардан алған табиғи жағдайында сақтау қажет. Ыдысты ауа кіретіндей етіп жартылай жауып қояды.

Балдырларды тірі жағдайында сақтау үшін әр түрлі құнарлы сұйық ортаны пайдаланады. Олардын ішіндегі ең қарапайымды: балдырлар алынған жердің тазартылған бір литр суына 0,2 гр. КNO3 - 0,1 гр К2НРО4 тұздарын ерітіп құяды. Сонымен қатар 1% кнопа ерітіндісін пайдалануға болады, ол үшін бір литр суға:

1 гр-Са(NO3)2



0,25 гр-КNO3

0.25 гр-MgSO4 (сусыз)

0,25гр-КН2РО4

0,12 гр-КСI

1 тамшы 1% FeCI3 ерітіндісін тамызады. Әр тұздарды жеке-жеке еріткен дұрыс. 2% Бенеке құнарлы ерітіндісін дайындау үшін:

0,5 гр- Ca(NO3)2 (сусыз)

0,1гр- MgSO47H2O

0,2 гр- К2НРО4

Хлорлы темір тұзының дағы болуы керек. Ыдыстағы тірі балдырларды жарық тікелей түспейтін салқындау жерде сақтайды. Топырақтан субстратпен қоса алынған балдыр дымқыл құмды ортада жақсы сақталады.



Әдебиет: 4, 9-11 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Кноп ерітіндісін қандай заттар құрайды?

2 Тірі күйде балдырларды сақтау үшін қандай жағдай қажет?

3 Бенеке ерітіндісін қандай заттар құрайды?




4 тақырып Балдырларды қатыру (фиксациялау)

Мақсаты:

- балдырларды қатырудың әдісімен танысу

Жоспар:

1 Балдырларды қатыру фиксаторлары


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Кең тараған фиксатор болып аптекаларда сатылатын 40% формалин ерітіндісі есептеледі. Онымен фиксациялау үшін 10-20 есе су қосып 4-2% ерітінді жасайды. Жіптесінді және пластикалы балдырларды фиксациялаудан бұрын таза сумен жуады. Формалиндегі құмырсқа қышқылын бейтараптау үшін оған бірнеше тамшы екі көмір қышқылды сода ерітіндісін тамызады. Балдырдың клеткалық құрылысы формальдегид пен хром квасының ерітіндісінде жақсы сақталады. Ол үшін 500 мл суға 5 мл 4% формальдегид пен 10 гр К2SO4 Cr2(SO4)3 24H2O тұзын қосып ерітеді. Жіптесінді көп клеткалы балдырларды ұзақ уақыт сақтау үшін сыйымдылығы 500 см3 банкаларда, ал планктонды балдырлар үшін 50-100 см3 банкаларға фиксацияланса көп уақыт сақталады.



Әдебиет: 4, 11-12 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Балдырларды қатыруға арналған кең таралған фиксаторларды ата.

2 Формальдегидпен хром квасының ерітіндісі қалай дайындалады?

3 Формалиннің орнына қандай фиксаторларды қолдануға болады?




5 тақырып Балдырларды гербарийлеу

Мақсаты:

- балдырларды гербарийлеудің әдістерімен танысу

Жоспар:

1 Балдырларды гербарийлеу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Жіптесінді, бұталы тармақталған, пластинкалы балдырлар жақсы гербарийленеді. Жақсылап жуып балдырды кең табаққа салып су құяды да, оның астына тығыз ақ картон қағазын салып пинцетпен, оның бұтақтарын жазады. Картонды балдырмен қоса судан алып, сорғыш қағазбен суларын сорып алғаннан кейін, екі қабат сорғыш қағазбен газеттін арасына салып престейді. Мезгіл-мезгіл дымқылданған қағаздарды ауыстырып тұрады. Балдыр кепкеннен кейін кілегейлі қабаты арқылы қағазға жақсы клейленіп қалады.



Әдебиет: 4, 12 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Қандай балдырлар жақсы гербарийленеді?

2 Балдырларды гербарийлеу үшін алдын-ала қандай дайындық жүргізіеді?


6 тақырып Клетканың структуралық құрылысын зерттеудің сапалық әдістері

Мақсаты:

- клетканың структуралық құрылысын зерттеудің сапалық әдістерімен таныстыру

Жоспар:

1 Препарат дайындауды үйрену

2 Балдырлардың клеткалық құрылысын зерттеу ерітінділері
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Балдырлардың микроскопиялық құрылысын зерттеу үшін белгілі тәсіл бойынша препарат дайындайды. Көп уақыт бойы бір объектіні зерттейтін жағдайда «Аспа тамшы» әдісін қолданғанда жақсы нәтиже береді. Ол үшін таза жамылғы шыныға зерттейтін сұйықтын бір тамшысын тамызады да, тамшының шетіне парафин, не вазелин жағып оны ойыға бар арнаулы зат шынысымен жабады. Мұндай препаратты бірнеше ай бойы сақтап зерттеуге болады, тек мезгіл-мезгіл ылғалды камерада сақтау қажет.

Монада құрылысты балдырларды зерттеп білу үшін оның қозғалысын бәсендету керек. Ол үшін зерттейтін тамшыны кептіреді, я болмаса шие желімін қосқан жөн. Сол уақытта монада құрылысты организм қозғалысын бәсеңдетіп тоқтайды.

Клетка ішілік структурасын зерттеу үшін тірі уақытында көгілдір метилен, қызыл конго, жасыл Янус, қызыл трилан, ерітінділермен бояйды. Бұл бояулармен клетка қабықшасы вакуолясы, митохондриясы және басқа органоидтар жақсы боялады.

Ядроны зерттеу үшін Кларктың спиртті сірке қышқыл ерітіндісін пайдаланады. Оны дайындау үшін 96% этил спиртінің 3 гр-на 1 гр мұздақ сірке қышқылын қосады.

Балдырлардың клеткалық құрылысын зерттеу үшін 0,01% қызыл рутин ерітіндісін және хлорцинк йодты ерітіндісін қолданады. Бірінші ерітінді клетка қабықшасының құрамындағы пектинді затты сақтау үшін, екінші ерітіндіні целлюлозаны анықтау үшін пайдаланады.

Монада құрылыстылардың клетка талшықтарын зерттеу үшін Лефлер бояуын қолданады. Осмий тотығының ерітіндісінде фиксацияланған материалды аз уақыт абсолютты спиртке салады да, одан кейін спирттен алып кептіреді,бірнеше бояу тамызып бояйды. Бояуды дайындау үшін 20% таниннаң 100 мл судағы ерітіндісіне FeSO4 тұзының қанған 50 мл судағы ерітіндісіне және 10 мл фуксиннің спирттегі негізгі қаныққан ерітінділерін қосу арқылы дайындайды. Дистиляцияланған сумен шайқағаннан кейін тағы да 10 мин карболфуксин бояуымен бояғаннан кейін тағы да дистиляцияланған сумен шаяды да кептіруге қалдырады. Кебісімен канада бальзамын тамызып микроскоппен қарайды.

Вакуоляны байқау үшін клетканың тірі жағдайында қызыл бейтарап ерітіндісімен бояйды, сол уақытта вакуоля клетка шырынымен қоса айқын байқалады.



Митохондрии 0,1% Янус жасыл ерітіндісімен оттегі мол болып тұрғанда жақсы боялады. Сондықтан балдыр клеткасы бар препаратты бояғаннан кейін біраз уақыт өткеннен сон барып жамылғы шынысымен жабады.

Гольджи аппараты осмий тотығының ерітіндісімен фиксацияланған уақытта күнгүрттенеді. 0,01% көгілдір метилен ерітіндісімен бояғанда клетка ішілік заттары көк түске боялады да, Гольджи аппараты түссіз болып қалады.



Әдебиет: 4, 12-15 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Уақытша препарат дайындау үшін қандай құралдар керек?

2 Уақытша және тұрақты препарат дегеніміз не?

3 Жасушаның құрылымды бөлігін атаңдар?




7 тақырып Балдырдың даму циклдері және оның эволюциясы

Мақсаты:

- тіршілік (даму) циклі деген ұғыммен таныстыру



Жоспар:

1 Гаплофазды, гетероморфты, изоморфты эволюциялық даму циклі

2 Phyllophora, Laminaria, Fucus эволюциялық даму циклі
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Биологиялық және морфологиялық айырмашылықтары бар жеке бір организмнің бірінен соң бірінің жүйелі бір жолмен дамуын немесе даму стадиясының бір кезеңнен басталып сол кезеңмен аяқталуының жиынтығын даму циклі деп қарауға болады. Организмнің даму циклі, оның әр түрлі болуы ұрпақ алмасуы оның көбею жолдарының ерекшеліктері мен тіршілік ортасына және географиялық жағдайларына байланысты. Соған орай бір түрдің өзінің ішіңде де әр түрлі даму циклдері болуы мүмкін. Организмдердің даму циклдерін анықтау арқылы оның экологиясы мен филогенетикалық қарым-қатынастарын, құрылыстарындағы даму ерекшеліктерін және өсімдіктер систематикасында алатын орнын білуге болады. Сонымен қатар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің шығу тегін анықтауға да көмектеседі. Ұрпақ алмасу дегеніміз — көбею тәсілдерінің ерекшеліктері мен организмдердің тіршілік циклінің зандылығының алмасуы. Бұл жағдайларда дарақтарды спорофит және гаметофитгер деп бөледі. Гаметофиттердің даму фазаларында гаметалар түзілсе, спорофиттерде - споралар түзіледі. Көпшілік балырлардың талломдарында белгілі бір жағдайда жыныссыз көбею органдары түзіледі де, спорофиттің қызметін атқарады. Спорофиттердің де екі түрі болады. Бір жағдайда, шартты түрде спорадан гаметофитгер дамиды, спора дамыған организмді спорофит дейді. Мұндай жағдайда ондай талломдарды гаметоспорофит деп атайды. Екінші бір жағдайда, спорадан қайтадан спорофит қабаты өседі.

Балдырлардың ұрпақ алмасуы негізінен жыныс процесі болған жағдайда болатыңдығы белгілі. Алайда, жыныс процесі болмаған жағдайда да оның ұрпақтарының даму циклдерінің эволюциясы жүріп жатады. Мұның өзі көшпілік уақытта тіршілік ортасының өзгерістеріне байланысты. Теңізде тіршілік ететін көк-жасыл балдыр Нуеllа саеsрitоsа тіршілік жағдайына және жетілу уақытына байланысты жіптесінді форма құруы да, я құрмауы да мүмкін. Егер субстратқа бекініп тіршілік етсе, оңда оның төселіп жататын көп клеткалы жіпшесі болады. Ал егер известь субстратта бекінсе, онда оның ішіне қарай өне өседі де эиилитикалық жіпшесі болмауы мүмкін. Оның есейген жіпшелері хрококк не глеокапса клеткалары тәрізді бөлшектерге ыдырауға бейім келеді.

Адаптациялық полиморфизм құбылысы жыныс процестеріне бай-ланыссыз-ақ баддырларда кең тараған. Көшпілік криптомонада балдырлары суық судағы клетка мөлшері жылы судағыға қарағаңда анағүрлым үлкен келеді. Динофитті балдырлардың полиморфизмі: түстерінің, клетка мөлшерінің, формаларының өзгеруінде және қорғаныш қабықтарының пайда болуыңда. Жыл бойы вегетациялық жағдайда болатын организмдердің полиморфизмі, жыл мезгіддеріне қарай циклдік айырмашылық белгілері болады.

Жыныс процесі бар бір клеткалы организмдердің тіршілік форма-ларының ауысуы күрделі. Бір клеткалы балдырлардың даму циклінде гаплоидты фазасы басым болады, диплоидты болып зигота есептеледі. Әр балдырлардың, оның тобының эволюциялық даму циклдері мен тіршілік ерекшеліктері біркелкі болмайды. Тіршілік (даму) циклін кейде онтогенезбен ауыстырып жүреді. Тіршілік циклі дегеніміз балдырлардың алма-кезек жынысты және жыныссыз көбеюге қабілеттілігі. Тіршілік циклі - белгілі бір түрдің спорадан спораға немесе зиготадан зиготаға дейінгі даму жолы. Тіршілік циклі - даму фазаларының жиынтығы. Әдетте даму зиготадан басталады, пісіп жетілген уақытта келесі жаңа ұрпақ беру қабілетіне жеткен организм. Даму циклінің ұзақтығы ұрпақ санына, бір не бірнеше жыл бойы жетіліп аяқталуына және организмнің тыныштық уақытының ұзақтығына байланысты. Сондықтан онтогенез жиі даму цикліне сәйкес келмейді. Бір даму циклінде бір, не бірнеше онтогенез болуы мүмкін. Балдырдың бір даму цикліне көпшілік жағдайда гаметофит пен спорофиттің алмасуы жатады. Даму циклімен онтогенездің сәйкес келмеуі, әр түрлі көбею жолдарының болуында. Әркімге белгілі көпшілік балдырлар үш түрлі: вегетативті, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Барлық даму циклінде бұл көбеюлердің ара қатысы, бір-бірімен байланысы және біріне-бірінің жүйелілігі біркелкі болмайды. Даму циклі біраз балдырларда бірінен кейін бірі ретпен келіп отыратын жынысты, жыныссыз көбеюлерден тұрады. Жынысты және жыныссыз көбеюлердің қарым-қатынасы, бір-бірімен байланысы, ұзақтығы біркелкі емес. Қарапайым балдырларда бір дарақтан әрі гаметалар, әрі споралар дамиды. Зиготадан және спорадан дамитын дарақтардың морфологиялық, биологиялық айырмашылықтары болмайды. Олардың әр қайсысы жынысты және жыныссыз көбеюге қабілетті. Әрбір ұрпақта қайталанылатын мұндай даму циклі дарақтың онтогенезімен сәйкес келеді.

Эволюциялық даму процестерінің нәтижесіңде дарақтардың диф-ференциялануы болады. Бір дарақтан тек зооспоралар дамыса, екінші бір дарақтан тек гаметалар дамиды. Мұндай екі түрлі көбею жағдайында екі дарақтың бірде-бірі өзіне ұқсас дарақ бермейді. Спорадан жынысты, зиготадан жыныссыз дарақтар дамиды. Зиготадан дамитын дарақты спорофит деп атайды, одан мейоз процесінің нәтижесінде споралар түзіледі. Ал спорадан өсетін дарақты гаметофит деп атайды, онда гаметалар түзіледі. Спорофит пен гаметофит кезектесіп келіп отыратын даму циклін метагенез деп атайды. Метагенезді әр түрлі ұрпақтардың даму циклінде алмасып келіп отыруы деп түсіну керек. Алғаш рет ұрпақ алмасу деген ұғым зоологияда пайда болды. Оны XIX ғасырдың орта кезінде ботаникада алғаш рет қолданған неміс ботанигі Гофмейстер. Сонымен көптеген зерттеулер төменгі сатыдағы өсімдіктерде оның ішінде балдырларда әр түрлі даму циклдерінің болатындығын анықтады. Оларды ең көп таралған және жиі кездесетін 6 типті эволюциялық даму цикліне бөлуге болады.



I тип. Гаплофазды - Ulotrix типтес даму циклінде спорофит пен гаметофиттің алмасуы болмайды. Дарақтың кез келген клеткаларынан споралар және гаметалар дамиды. Мейоз процесі зиготаның өсе бастаған кезінде болады. Сондықтан даму циклі гаплоидта фазада өтеді, соған орай оны гаплофазды деп атайды. Мұндай фаза жасыл балдырларда кең тараған. II тип. Изоморфты – Ulva типтес даму циклінде барлық дарақтар макроскопиялық ірі, морфологиялық ұқсас, биологиялық айырмашылықтары бар гаметофит пенспорофиттен тұрады. Біреулері зиготадан өсіп диплоидты спорофит берсе, екінші біреулері спорадан өсіп гаметофиттер береді. Спорофиттен спора, гаметофиттен гаметалар дамиды. Бұл жағдайда тіршілік циклі бір онтогенезден тысқары болады. Шын мәнісінде жынысты ұрпақ пен жыныссыз ұрпақ алмасады.

III тип. Гетероморфты - Cutleria типтес гаметофит пен спорофит өз беттерімен бір-біріне байланыссыз тіршілікетеді. Спорофитпен гаметофиттің айырмашылығы сонша, көп уақытқа дейін әр қайсысын жеке туыс деп қарастырып келді. Дара жынысты гаметофиттің бұтақталған қабаты тканьді құрылымды, биіктігі 20 см-ге дейін барады. Спорофитті алақан пішінді, қыртысты, субстратқа төселе өсетін пластинкалы, көлемі 5—10 см бір жылдық өсімдік. Диплоидты спорофит таплоидты гаметофитпен алмасып отырады. Жынысты көбеюі гетероморфты.

IV тші. Phyllophora типтес даму циклы кейбір қызыл балдырларда кездеседі, гаплоидты фазасы басым. Бұл тип дамуы жағынан кутлерияға ұқсас. Бірақ сапрофит гаметофитге тіріпілік етуіне байланысты күшті редукцияланған, соған орай ол өз бетімен тіршілік етуден қалған. Соңдықтан спорофит вегетативтік клеткаларын жоғалтып, спора түзетін генеративтік орган ретінде қалған. Бұған мүк тәрізділердің даму циклы ұқсас келеді.

V тип. Laminaria типтес гетероморфты даму циклында талломды күшті дифференцияланған ірі макроскопиялық диплоидты спорофиттен микроскопиялық құрылымды гаплоидты гаметофиттер (өскіні мен алмасып отырады. Өскін дара жынысты, ол жеке өседі. Кейбір жағдайларда аналық өскіннің вегетативтік клеткасы болмайды, оогонийі жалғыз жұмыртқа клеткасы өсетін бір клеткалы болады. Жыныс процесі негізінен спорофиттің дамуы мен түрлердің көбеюіне қызмет етеді.

VI тип. Fucus типтес дамуда жыныссыз көбеюдің болмауына байланысты спорофит толық жойылған, сондықтан спорофит пен гаметофитгің алмасуы болмайды. Барлық дарақ диплоидты, гаплоидты болып гаметалар есептеледі. Мейоз процесі гаметалар түзелер алдында гаметангияда болады. Мұндай диплофазды даму циклы фукустардан басқа сифонды балдырларға да тән.

Әдебиет: 1, 296-298 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Ұрпақ алмасу дегеніміз не?

2 Балдырлардың 6 типті эволюциялық даму циклін атаңыз?

3 Спорофит дегеніміз не?

4 Гаметофит дегеніміз не?

5 Изоморфты ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

6 Гетероморфты ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

7 Карпоспорофитті ұрпақ алмасатын түріне мысал келтіріп, оны түсіндірініз.




8 тақырып Балдырлардың көбеюі

Мақсаты:

- балдырлардың көбею түрлері

Жоспар:

1 Балдырлардың көбею түрлерімен танысу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Көбею барлық тірі организмдерге тән тіршілік қасиеттерінің бірі. Басқа организмдер сияқты балдырларда көбейгенде өзіне ұқсас ұрпақ қалдырады, организм түрінің саны артады және органикалық дүние табиғатында көбеюдің сан-алуан түрі бар. Көпшілік ғалымдар көбеюді: вегетативтік, жыныссыз, жынысты деп үшке бөледі.

Вегетативтік көбею бір клеткалы балдырларда клетканың жай 2,4 бөлінуі арқылы, қауымды формалары қауымның ыдырауы немесе аналық клетканың ішінде жаңа қауымнын түзілуі арқылы көбейеді. Жіп тәрізді формаларда жіптің бөлшектерге бөлінуі, акинеттер, гормогония, ал кейбір хара тәрізді балдырларда ерекше түйнектердің пайда болуы арқылы көбейеді.

Жыныссыз көбею балдырларда өте көп тараған және ол клеткада пайда болған споралар арқылы көбейеді. Көпшіліктерінің споралары қозғалғыш, клетка қабықшасы жоқ монада құрылысты келеді. Қозғалғыш болуына байланысты оны зооспора деп атайды. Зооспоралар бірнешеу, кейде көп болып зооспорандияға түзеледі. Зооспора вегетативтік бір клеткалы балдырға өте ұқсас болып келеді де, біраз қозғалып жүргеннен кейін қабыққа оранып, жаңа балдырға айналады. Бірқатар балдырлардың споралары қозғалмайды. Оларды апланоспора немесе автоспора деп атайды.

Жынысты көбею кейбір төменгі сатыдағы балдырларда екі особь бүтіндей қосылады. Бұл жынысты көбею процесінің ең қарапайым түрін гологамия дейді. Көпшілік балдырларда жынысты жолмен көбею процессі екі жыныс клеткалаларының – гаметаларының қосылуы арқылы жүреді, соның нәтижесінде бір клеткалы зигота түзеді. Гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына қарай жыныс процесінің үш түрі байқалады.

Изогамия жыныс процесінде сыртқы түрі жағынан айырмашылығы жоқ өзара ұқсас, қозғалғыш аналық және аталық гаметалар қосылады. Гетерогамияда аталық гамета аналық гаметаға қарағанда кіші және екі гаметаның екеуіде қозғалғыш келеді. Изогамета және гетерогамета түзілетін клеткаларды гаметангия деп атайды. Егер бір особьтан түзілген гаметалар қосылса, онда мұндай балдырларды гомотальдық, ал әр түрлі особьтардың гаметаларың қосылуынан түзілсе оларды гетеротальдық балдыралар деп атайды. Гетеродальдық особьтардың сырттай қарағанда морфологиялық жағынан жыныс айырмашылығы білінбейді. Егер олардың гаметаларынан айырмашылық болмаса, ондай особьтарда тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылық байқалады.

Балдырларға жынысты көбеюдің ең жоғарғы түрі – оогамия басқа жыныс процестеріне қарағанда өте күрделі. Мұнда жұмыртқа клеткасы қозғалмайды және ол қозғалмыш аталық жыныс клеткасы – спарматозоидтан бірнеше есе үлкен. Оогамиялық жыныс процесінде аталық жыныс клеткасын түзетін гаметангияны антеридий, ал жұмыртқа клеткасын түзетін аналық гаметангияны – оогоний деп атайды, тек қызыл балдырларда ғана оны карпоген дейді. Антеридиден көптеген сперматозоидтар жетіледі, оогониде бір, кейде бірнеше жұмыртқа клетка дамиды.

Жыныс процесінің барлық кезеңдерінде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылады. Соның нәтижесінде қолайсыз жағдайларға өте берік, қалын қабықпен қапталған, көректік заттардың қоры жеткілікті қамтамасыз етілген зигота түзеледі. Зигота екі клетка ядроларының жиынтығы болғандықтан, оның ядросындағы хромосома саны жеке гаметадағыдан екі есе артық, яғни диплоидты. Зигота кейде теңіз балдырларында бірден, ал көбіне тыныштық кезеңінен кейін редукциялық жолмен бөлінген сон, хромосома саны екі есе азайып кемиді де, бұлар гаплоидты зооспораға ажырап төрт ұрпақ береді, кейде олардың саны көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы жаңа гаплоидты особьқа айналады. Кейбір балдырларда зигота редукцияға ұшырамай бірден жаңа особьқа айналады. Мұндай жағдайда особь диплоидты болады. Мысалы фукус.

Бұлардан басқа ерекше жыныс процесі – зигогамия немесе коньюгация болады. Бұл процесте екі клетка көлденен өсінділер беріп, бір-бірімен түйіседі де, бір клетканың ішіндегі протопласт екіншісіне құйылады. Бұларда талшықтар болмайды, сырт қарағанда гаметалар аналақ және аталыққа айқын ажырамаған. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге спора пайда болудың алдындағы радукциялы бөлінуден кейін диплоилты хромосома жиынтығы гаплоидтыға ауысады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде, олардың ішінде балдырлардың әрбір систематикалық топтарында редукциялы бөліну, даму циклдарының әртүрлі кезендерінде өтеді. Олардың біреулерінде жыныссыз ұрпақ – спорофит, жынысты ұрпақ – гаметофитпен дұрыс алмасып отырады. Мұндай жағдайда редукциялы бөліну, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты, гаметофит түзілетін спорофиттен спора түзілудің алдында жүреді. Балдырлардың көбісінде редукциялық бөліну зигота уақытында болады да, олардың барлық даму циклы гаплоидты фазада өтеді, ал диплоидты фазасы – зигота ғана. Демек, мұндай жағдайда ұрпақ ауысу демей, ядроның фазасың алмасуы деген жөн. Сонымен қатар бұған қарама-қарсы кейбір балдырлардын дамуы диплоидты фазада өтеді, ал гаплоидты болып тек редукциялық бөлінудің нәтижесінде пайда болған гаметалар ғана есептеледі.

Балдырлар – су өсімдіктері, олар теңіздері, көлдері, өзендерді, тоғандар мен батпақты мекндейді; жыралардың, шалшықтардың қай-қайсысында болмасан олар өте көп кездеседі. Бұл балдырларды сазды жерден, ағаштардың қабығынан, гүл еккен құмыралардан, дымқылды топырақтардан кездесуге болады.



Әдебиет: 4, 36-40 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Балдырлардың көбею ерекшеліктері неден?

2 Сарғыш-жасыл балдырлар қалай көбейеді?

3 Жынысты көбеюі, ауксоспораның түзілуі, ядро фазасының ауысуы, диплоидты, гаплоидты фазалар.

4 Харалардың жынысты көбеюі.

5 Хараларда ядро фазаларының ауысуы қалай жүреді?




9 тақырып Қызыл балдырлардың даму циклы

Мақсаты:

- қызыл балдырлардың (полисифония) даму циклімен танысу



Жоспар:

1 Қызыл балдырлардың өкілдерінің даму циклі


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Қызыл балдырлар жыныссыз және жынысты көбейеді. Бұл екі жақты көбеюі бір-бірімен тығыз байланысты және өсімдіктің даму циклінде бірінен кейін бірі кезектесіп келіп отырады. Көпшілік балдырларда жыныс органдары өсімдікте дамиды. Жыныссыз көбеюге қызмет ететін (моноспора, тетраспора, биоспора, полиспора) споралар спорофитті өсімдіктерге өссе, оогоний мен антеридий гаметофитті өсімдікте және олар көпшілік жағдайда әрқайсысы әр өсімдіктерде өседі. Сонымен олардың әрқайсысы жеке өз бетімен тіршілік ететін ұрпақ. Қызыл балдырларда бірнеше ұрпақ алмасу типтері болады. Көпшілік жағдайда үш формада (тетроспорофит, гаметофит, карпоспорофит) ұрпақтың алмасуы болады. Карпоспорфит деп карпоспоралар мен гонимобластаны айтады. Мұнда тетраспорофит пен гаметофиттер өз беттерімен тіршілік етеді және редукциялық бөліну тетраспора құраларда тетраспорангияда болады. Сондықтан тетроспоралар, гаметофиттер гаплоидты фаза болса, зигота, карпоспорофит, карпоспора, спорофиттер диплоидты фазада болады. Мұңын өзі екі жағдайда болуы мүмкін. Полисифония сияқты түрлерінде тетраспорофит пен гаметофиттер морфологиялық жағынан бір-бірінен ешқандай айырмашылығы болмайды. Екінші бір қызыл балдырларда тетраспорофит гаметофитке қарағанда күшті өзгеріске ұшырауына байланысты гаметофиттен айырмашылығы бар. Бұған гетероморфты ұрпақ алмасуы бар порфираны алуға болады. Пластинкалы ірі гаметофит микроскопиялық төселіп жататын бір қатар клеткалардан құралған спорофиттен айырылып тұрады.

Ульва туысы теңізде тіршілік ететін талломы пластинкалы, көп клеткалы организм. Өзінің алғашқы дамуын жіптесінді формадан бастайды. Клетканың екі жаққа бірдей бөлінуі нәтижесінде екі қабатта пластинкалы форма түзеледі.

Ульва улотрикс сияқты 4 зооспоралар арқылы жыныссыз, екі талшықты изогаметалар арқылы жынысты көбейеді. Улотрикстен негізгі айырмашылығы – зооспоралар мен гаметалар әртүрлі особьтардан дамиды. Талломның кез-келген клеткасы төрт талшықты бірнеше зооспоралар береді, олар өсе келе жаңа особьқа айналады, ал бұл жаңа особьтардың клеткалары екі талшықты гаметалар береді. Ульва дара жынысты болғандықтан, қарама-қарсы гаметалар қосылып зигота құрайды, ол тоқтаусыз өсіп жаңа пластинкалы особьқа айналады. Бірақ бұдан енді төрт талшықты зооспора дамиды. Мұндай сыртқы құрылысы жығынан ұқсас, алайда цитологиялық және физиологиялық жағынан айырмашылығы бар ұрпақ алмасуды- антитекалық ұрпақ алмасуы дейді. Бұл сияқты ұрпақ алмасу түрлерінде, теңіз салатында кездеседі, әсіресе бұл қоңыр және қызыл балдырларда көп таралған. Ульва өсімдігін гамета түзуіне байланысты гаметофит, ал зооспора түзуіне байланысты спорофит деп қарауға болады. Бірінші жағдайда особь гаплоидты да, екінші жағдайда диплоидта болады. Сонымен пластинка пішінді улотрикстер өздерінің онтогенздік дамуын жіп тәрізді тарамдалмаған формаға көшіу, одан пластинкалыға ауысуы, бұл қатарға жататын балдырлардың бірітіндеп күрделене бастағандығын көрсетеді.

Ульвамен гербарий не фиксацияланған материал арқылы талломның құрылысымен таңысыныз. Ұрпақ алмасу схемасын сызыныз да ядро фазаларының ауысуын белгіленіз.

Әдебиет: 1, 296-301 бет; 4, 62-63 бет. 4, 109-110 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Ульваның құрылысы, көбеюі, ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

2 Ульваның даму циклі қандай?

4 Қызыл балдырларда ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

5 Қызыл балдырлардың ядро фазаларының ауысуын түсіндіріңіз.

6 Полисифонияның даму циклі қандай?




10 тақырып Қоңыр балдырлардың даму циклдері

Мақсаты:

- қоңыр балдырлардын (култерия) даму циклімен таныстыру

Жоспар:

1 Қоңыр балдырлардың өкілдерінің даму циклі


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Култерия сияқты өсімдіктерде спорфиттің айырмашылығы сонша көп уақыт бойы, олардың әр қайсын әртүрлі туыстасқа жатқызып келеді. Пластинка пішінді спорофитті Аглорония деп келді. Даму циклінің бірінде гаметофит басым болса, көпшілігінде спорфит басым. Бұлардың талломдарының ұзарып өсуінің екі жолы болады. Бірінші - бұтақтың түп жағындағы уақ қысқа клеткалардын бөлінуі арқылы интерклярлық түрде ұзарып өссе, екінші біреулерінің бұталарының ұшындағы төбе клеткаларының бөлінуі арқылы таллом ұшынан екі жаққа бірдей өседі.



Әдебиет: 1, 296-301 бет; 4,97 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Қоңыр балдырлардың құрылысындағы ерекшелігі неде?

2 Култерия балдырында қандай фаза басым болып келеді?

3 Култерияның даму циклі қандай?




11 тақырып Қоңыр балдырлардың даму циклдері

Мақсаты:

- қоңыр балдырлар құрылысының ерекшеліктерімен және көбею ерекшеліктерімен танысу



Жоспар:

1 Қоңыр балдырлардың өкілдерінің даму циклі


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Барлық ламинариялық баддырлардың спорофитінен бір клеткалы, бір ұялы спорангилер өсетін жыныссыз көбею органдары дамиды. Бұлардың даму циклында спорофит басым. Спорофит болып өсімдіктің өзі есептеледі. Гаметофиттері микроскопиялық құрылымды, көп клеткалы тарамдалған жіптесінді. Кейде аналық гаметофитгер бір клеткалы да болады. Қалыыпты жағдайда гаметофиттер бір айдан 4 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт мерзімінде гаметофиттен гаметангиялар толық пісіп жетіледі.

Ламинариялықтарда жынысты көбею процесі — оогамиялық.

Ламинария — Laminaria туысының 30 шақты түрі бар. Көпшілігі 20 м-ге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Ламинария күрделі құрылымды, өте ірі, ұзындығы 60 метрге дейін жететін өсімдік. Бұл солтүстіктегі Ақ теңізде және Баренцев теңізінде көп тараған. Ламинарияның талломы саусақ салалы, лента пішінді, ұзын сағақты жапырақ тақтасы сияқты және цилиндр пішінді қысқа сабақ тәрізді бөліктен тұрады. Қысқа сабақтан көптеп тарамдалып шығатын ризоидтары арқылы төсемікке бекінеді. Ламинария — көп жылдық өсімдік, жапырақ тақтасы сияқты лента пішінді бөлігі қысқа қарай (солтүстік жақта) жылда түсіп, оның орнын жапырақ пен сабақтың шекарасындағы меристема клеткаларының өсуінен құралған пластинка тәрізді жаңа жапырақ тақтасы алмастырып отырады.

Анатомиялық құрылымында өзектік қабаты бос орналасқан жіпше тәрізді клеткалардан құралған. Түтікті жішпелері мен сүзгіш түтіктері де болады. Кілегейлі каналдары біреулерінде болса, екінші біреулерінде болмайды.

Жапырақ тақтасының бетінен гаплоидты зооспоралары дамитын бір ұялы зооспорангиялар жетіледі. Зооспорангиялардың арасында парафиздері болады. Әрбір зооспорангиада редукциялық бөлінуден кейін 16-дан 64-ке дейін зооспоралар құралады. Зооспоралар алмұрт шшінді, екі талшықты. Алдынғы талшығы қауырсыңды, артқысы жай, бір хлоропластасы болады. Зооспораның қозғалысы тіршілік жағдайына байланысты. Зооспора субстраттың қатты бетін кездестірп, талшығын тастап тоқтайды да, қабыққа оранып, эмбриоспораға айналады. Эмбриоспорадан өсу түгігі дамиды. Оған барлық зооспора тіршілік заттары өтеді де, өсу түтігі бос қалған эмбриоспорадан пердемен бөлінеді. Осылай алғашқы гаметофит клеткасы түзіледі. Эмбриоспора қабығы көп уақыт сақталады. Ламинарияларда гаметофит дара жынысты. Аналық гаметофит қысқа және жалпақтау, көп клеткалы, сирек бір клеткалы. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше оогониге дамиды, ал бір клеткалы болған жағдайда клетка тегіс оогониге айналады. Әрбір оогониден бірден жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі.

Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы оогоний тесігі арқьлы сыртқа, шығады, бірақ оогонийден ажыраспай, онда жабысып тұрады. Осы жағдайда ұрықтану болып, спорофит дами бастайды. Барлық жұмыртқа клеткасы сыртқа шыққаннан кейін гаметофит тіршілігін жояды, бірақ оның қабығы спорофитгің төменгі жағында көп уақыт сақталады. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше спорофит дамиды. Спорофит аналық гаметофиттен ешқандай қор затымен қамтамасыз етілмейді, тек спорофиттің бекіну органы болып есептеледі. Мұның балдырлардың тіршілігінде үлкен маңызы бар. Зооспоралар қатты төсемік тапқанша олардың көпшілігі қырылып қалады. Оған себеп қатты төсемік теңіз түбінде аз болады, оның көпшілігіне бал-дырлар мен жануарлар мекендеп қойған. Аталық гаметофит аналыққа қарағанда көп тармақталған және көлемі кіші, уақ, түссіз клеткалардан түзіледі. Онда сперматозоид түзілетін антеридилер дамиды. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы тыныштық жағдайына көшпей-ақ өсе келе бірқатар бірнеше клеткалардан құралған жіпшеге айналады. Кейіннен клеткалардың көлденең перделермен бөлінуіне байланысты одан бір қабатты пластинка дамиды, оның төменгі клеткасынан ризоид түзіледі. Пластинканың біртіндеп өсуіне қарай клеткалардың дифференциялануы болады, соның нәтижесінде бағана және тарамдалған ризоид өсіп жетіледі. Сонымен ламинарияда папоротниктерге ұқсас ұрпақ ауысу барлығы байқалады. Мұнда ірі диплоидты спорофит (ламинария), микроскопиялық мөлшерлі гаплоидты гаметофитпен ауысып отырады. Жыныссыз генерация жыныстыға қарағанда әлдеқайда үлкен және басым болады. Әрі қарай дамуда спорофиттің күрделене түскенін, ал гаметофиттің біртіндеп жойылып бара жатқанын көруге болады. Ламинария теңіз капустасы деген атпен тамаққа пайдаланылады.

Фукус - Fucus туысы Балтық және басқа солтүстік теңіздерде көп тараған өсімдік. Талломы жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, ұзындығы 0,5 метрге жететін пластинкадан тұрады, талломның төменгі жағының пішіні сабақ тәрізді жұмырланып келген. Сабақ төменгі ұшындағы жалпақ түбірлерімен су астындағы тастарға жабысып өседі. Жапырақ тәрізді талломның ортасынан жуандау келген орталық жүйе өтеді. Талломның жапырақ тәрізді жалпақ бөлігі өзара матасып жатқан көп клеткалы жіптерден құралады. Бұл қабаттың ішінде борпылдақ, сыртында хлоропластқа бай тығыз ткань құрайды. Талломы тарамдалған бұтақтың ұшындағы ойықтарда болатын төбе клеткалары арқыльі өседі. Фукустардың кейбір түрлерінде орталық жүйкенің бүйір жақтарында ауа көпіршігі деп аталатын ауаға толы қуыстары болады.

Көбеюі оогамиялы. Ересек талломның ұшынан ашық қызғылт-сары түсті буылтықтар пайда болады, бұлардан сыртқа қарай бір ғана тесік арқылы ашылатын шар пішінді қуыс — скафидия өседі.

Бұл қуыстарда өте жіңішке көп клеткалы парафиздердің арасында аналық жынысты оогоний мен аталық жынысты антеридилер өсіп жетіледі, бұлар кейде бір қуыста, ал көбінесе әр түрлі қуыстарда немесе жеке дарақтарда дамиды. Оогоний шар пішінді болып қысқа сабағы арқылы скафидияның түбіне бекініп жатады. Әрбір оогониден редукциялық бөлінуден кейін 8-ге дейін жұмыртқа клетка дамиды. Кей жағдайларда редукциялық бөлінудің нәтижесінде түзіген 8 ядроның төртеуі қалып, қалғаны жойылып кетеді. Жұмыртқа клеткалары сперматазоидтан әлдеқайда (30.000 есе) үлкен болады. Антеридилер қысқа бұтақтарда көп мөлшерде дамиды. Формасы сопақтау, әр антеридиден екі талшықты 64 сперматозоид жетіледі. Антеридий оогоний сияқты скафидия қуысына үзіліп түседі де, кілегейдің ұлғаюына байланысты антеридиді оогоний сияқты скафидия қуысынан сыртқа шығарып тастайды. Кілегейдің көмегімен скафидияның сыртына жабысып, жыныс элементтерін босатады, барлық қабықтарынан босанған жұмыртқа клетканы қоршап алады да, оның біреуі жұмыртқаны ұрықтандырады. Ұрықтанудан пайда болған зигота қабыққа оранып, тыныштық кезеңін өтпей-ақ өсіп, жаңа фукусқа айналады. Жыныссыз жолмен көбеймегендіктен ұрпақ ауысу болмайды.

Сонымен, гетерогенераттыларда гаплоидтық кезеңнен диплоидтық кезеңнің басым болғанын көрсек, мұнда тек диплоидты кезеңнің болатындығын көреміз. Гаплоидтық кезең тек жыныс элементтері түрінде ғана болады.



Әдебиет: 1, 198-202 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Қоңыр балдырлардың құрылысындағы ерекшелігі неде?

2 Қоңыр балдырлардың талломдардың құрылысының күрделенуі қалай болады?

3 Қоңыр балдырлардың басқа балдырлармен филогенетикалық қандай байланыстары бар? Оның схемасын сызыңыз.

4 Қоңыр балдырлардың практикалық маңызы неде?


12 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклі

Мақсаты:

- көп клеткалы жіптесінді жасыл балдырлардың (ульваның) даму циклімен танысу



Жоспар:

1 Жасыл балдырлардың өкілдерінің даму циклі



Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Ульва туысы теңізде тіршілік ететін талломы пластинкалы, көп клеткалы организм. Өзінің алғашқы дамуын жіптесінді формадан бастайды. Клетканың екі жаққа бірдей бөлінуі нәтижесінде екі қабатта пластинкалы форма түзеледі.

Ульва улотрикс сияқты 4 зооспоралар арқылы жыныссыз, екі талшықты изогаметалар арқылы жынысты көбейеді. Улотрикстен негізгі айырмашылығы – зооспоралар мен гаметалар әртүрлі особьтардан дамиды. Талломның кез-келген клеткасы төрт талшықты бірнеше зооспоралар береді, олар өсе келе жаңа особьқа айналады, ал бұл жаңа особьтардың клеткалары екі талшықты гаметалар береді. Ульва дара жынысты болғандықтан, қарама-қарсы гаметалар қосылып зигота құрайды, ол тоқтаусыз өсіп жаңа пластинкалы особьқа айналады. Бірақ бұдан енді төрт талшықты зооспора дамиды. Мұндай сыртқы құрылысы жығынан ұқсас, алайда цитологиялық және физиологиялық жағынан айырмашылығы бар ұрпақ алмасуды- антитекалық ұрпақ алмасуы дейді. Бұл сияқты ұрпақ алмасу түрлерінде, теңіз салатында кездеседі, әсіресе бұл қоңыр және қызыл балдырларда көп таралған. Ульва өсімдігін гамета түзуіне байланысты гаметофит, ал зооспора түзуіне байланысты спорофит деп қарауға болады. Бірінші жағдайда особь гаплоидты да, екінші жағдайда диплоидта болады. Сонымен пластинка пішінді улотрикстер өздерінің онтогенздік дамуын жіп тәрізді тарамдалмаған формаға көшіу, одан пластинкалыға ауысуы, бұл қатарға жататын балдырлардың бірітіндеп күрделене бастағандығын көрсетеді.

Ульвамен гербарий не фиксацияланған материал арқылы талломның құрылысымен таңысыныз. Ұрпақ алмасу схемасын сызыныз да ядро фазаларының ауысуын белгіленіз.



Әдебиет: 1, 296-301 бет; 4, 62-63 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Ульваның құрылысы, көбеюі, ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

2 Ульваның даму циклі қандай?
13 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері

Мақсаты:

- жасыл балдырлардың (хламидомонаданың) даму циклымен танысу



Жоспар:

1 Жасыл балдырлардың түрлерімен, жасуша құрамдарымен және көбею түрлерімен танысу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Хламидомонада (Chlamydomonасеае) тұқымдасына 500-дей түр жатады, олардың клетка қабықшасы жақсы жетілген, монада құрылымды бір клеткалы, сирек ценобиальды, тең екі не төрт талшығы бар организмдер. Хламидомонада — Chlamydomonаs бір клеткалы, ақпайтын, органикалық қосылыстар көп тұщы, жылынған суларда жиі кездесетін организм. Судың жарық мол түсетін беткі қабатында жүзіп жүреді, егер көбейіп кетсе судың "гүлденуін" туғызады. Оны қаланың су тазарту канализацияларынан көруге болады. Хламидонада сопақ шар, ұршық тағы басқа пішінді, пектинді клетка қабығы бар организм. Денесінің алдыңғы жағында түссіз тұмсықшасы, оның

түбінен алға қарай шығып тұратын тең екі талшығы болады. Клетка ішін тостағанша пішінді хлоропласт алып жатады, оның қалындап келген түбінде крахмалы бар шар пішінді пиреноид орналасады. Хлоропласта ірі, жақсы көрініп тұратын қызыл көзшесі, ойығында ядрошығы бар ядросы орналасқан. Оның жан-жағын цитоплазма толтырып тұрады. Түссіз тұмсықшасының төменгі жағында екі жиырылғыш вакуолясы орналасқан. Хлоропластың сыртын мембрана қаптап жатады. Көзшесі хлоропластың бір бөлігі болып табылады, ол ламелаллардың арасында орналасады. Гольджи аппараты ядроға тақау шоғырланып жатады. Рибосома, митохондрия, эндоплазматикалық тор,

тилакоидтары бар. Хламидомонаданың кейбір түрлерінде хлоропластарының шеттері ойық-ойық болып, келсе (Сhlincisа), екінші біреулерінде жұлдыз пішінді (Сhl. basistellatа) болып,бұрышты бірнеше бөлікке бөлінген (Сhl. stellatа).

Хламидомонада қолайлы жағдайда екі талшығы бар зооспора арқылы тез көбейеді. Мұндай жағдайда талшықтарын тастап, қозғалысын тоқтатады да протопласт клетка қабығынан алшақтайды да клетка ішілік заты 2—4, кейде 8-ге бөлінеді. Олардың әрқайсысы аналық клетканың ішінде қабықшаға оранып, тең екі талшығы бар зооспора түрінде аналық клетка қабықшасының кілегейленуі арқылы сыртқа шығып, тарап кетеді. Аналық клетка жас клеткадан тек үлкендігі жағынан ғана ажыратылады. Зооспора әдетте түнде түзеледі. Суда оттегі жетіспегенде су азайып кеткеңде хламидомонада талшықтарын тастап қозғалысын тоқтатады, бірақ көбею қабілетін сақтап қалады. Бұл жағдайда пайда болған клеткалар ажырасып кетпей, ретсіз клет-калар жиынтығын құрайды, мұны пальмеллевидті кезең деп атайды. Қолайлы жағдай болғанда клеткаларда талшықтар пайда болып, олар кілегейден босап жан-жаққа таралып кетеді.

Хламидомонаданың әр түрлерінде жыныс процесі түрліше өтеді. Көпшлігінде изогамиялық жыныс процесі байқалады. Гаметалар аналық клетканың ішінде 32, ал кейде 64-ке дейін ұсақ клеткалар түріңде түзіледі. Аналық клетканың қабықшасы жыртылу арқылы олар босап шығады да судың ішіңде біраз жүзгеннен кейін екі-екіден бірігеді, соның нәтижесінде қалың қабықшамен қапталған май, гематохром және басқа қор заттарымен қамтамасыз етілген зигота түзіледі. Ол редукциялық жолмен 4-ке бөлініп, екі талшығы бар зооспора сияқты сыртқа шығып, өз бетімен тіршілік ете бастайды. Гаметалардың зооспорадан айырмашылығы - сан жағынан көп, өрі ұсақ, өрі сопақтау пішінді келеді. Сонымен қатар кейбір түрлерінде гамета жалаңаш протоплазмалық дене түрінде сыртқа шықса, ал көпшілігінде зооспора сияқты пектинді қабығы болып, зооспорадан ешқандай айырмашылығы болмайды. Хламидомонаданың кейбір түрлерінде гетерогамиялық және оогамиялық жыныс процесі болатынын бірінші рет орыс ботанигі И. И. Горожанкин байқаған.



Әдебиет: 1, 242-243 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Вольвокс пен хламидомонданың даму циклінің ұқсастығымен айырмашалығы неде?

2 Хлорелла мен хлорококтың құрылысы, олардың жынысты және жыныссыз көбеюлері қандай?

3 Жасыл балдырлардың практикалық маңызы?




14 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері

Мақсаты:

- спирагираның сыртқы құрылысымен және көбею түрлерімен танысу



Жоспар:

1 Спирогираның құрылысымен танысу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Қолайлы жағдайларда клетканың белінуі өдетге кешкі уақытта өтеді. Аддымен ядро кариокинездік жолмен бөлінеді. Ядроның бөлінуі аяқтала бастаған кезде клетканың ортасынан көлденең протоплазмалық перде пайда бола бастайды да, ол хлоропласт екіге, кейіннен клетканы да екіге бөліп тастайды, ядро клетканың шетінен ортасына қарай жылжиды. Осылай пайда болған жас клеткалар аналық клетканың мөлшеріне дейін өседі де, спирогира жіпшесі ұзарады. Басқа зигнемалықтар сияқты спирогиралар да вегетативтік және жынысты жолмен көбейеді. Вегетативтік көбеюі жіпшелердің жеке бөлшектерге үзілуі не қолайсыз жағдайларда жеке клеткаларға ыдырауы арқылы болады. Әрбір бөлшектен және зақымдалмаған жеке клеткадан жаңа балдыр дамиды. Сонымен қатар апланоспоралар мен акинеталар құру арқылы да вегетативтік жолмен көбейеді. Вегетативтік клеткаішілік заттарының сығылуынан және екінші қабықтық қабат түзілуінен ап-ланоспоралар құралады. Оның қабығы зигота қабығына ұқсас. Акинета құраларда вегетативтік клеткаларда крахмал және май тамшылары жиналып, клетка қабығы қалындай түседі. Апланоспоралар мен акинеталар қолайсыз жағдайларға төзімді келеді.

Жынысты көбеюі коньюгациялы. Мұндай жағдайда спирогараның екі жібі бір-біріне жақын параллель орналасады да, сыртынан кілегеймен қапталады. Қарама-қарсы жатқан екі жіптің клеткалары бір-біріне қарсы өсінділер береді. Олар ұлғайып, ұштары арқылы түйіседі де, өсінділердің түйіскен жерлері еріп, екі клетканы қосатын каналша пайда болады.

Параллель жатқан жіптер бір-бірінен алыстайды, сөйтіп жіптердің әрбір жұбы баспалдақ тәрізді фигураға айналады. Осы уақытта бір мезгілде екі клетка ішіндегі протопласт жиырылып, қабықтан алыстайды. Әрі қарай бір клетканың ішіндегі заты каналшаның бойымен екінші клеткаға құйылады. Шартты түрде ішіндегі заттары басқаға құйьшатын клетканы аталық жынысты деп, ал басқа клетканың ішкі затын қабылдап алатынды аналық деп атайды. Екі клетка ішіндегі заттар қосылып қор затымен қамтамасыз етілген диплоидты ядросы бар зигота түзіледі де, екі не үш қабатты қалың қабықпен қапталады. Тыныштық кезеңін өткеннен кейін зигота өсіп, оның ядросы редукциялық жолмен бөлінеді. Пайда болған 4 гаплоидты ядроның үшеуі дегенерацияға ұшырап, ірі біреуі қалады. Қалған ядро клетканың ішіндегі затымен қабыққа оранып, сыртқа шығады да, жаңа спирогираға айналады. Спирогира балдырында жіпшелерінің жынысқа бөлінуі айқын білінбейді, себебі кейде бір дарақтың қатар жатқан клеткаларының арасында бүйірлік коньюгация байқалады.

Спирогираның клеткаларының құрылымы ірі және айқын болғандықтан, оны клетканың морфологиясын және физиологиясын зерттеуге зерзат ретінде жиі қолданады.

Әдебиет: 1, 287-288 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Спирогираның құрылысы қандай?

2 Коньюгаттар классының дамуы мен шығу тегі жөнінде не білесіздер?


15 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері

Мақсаты:

- хара балдырларының сыртқы құрылыстарымен, және көбею түрлерімен танысу.



Жоспар:

1 Хара балдырларының көбею түрлерімен танысу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Хара балдырлары ризоидтарында пайда болатын түйнектер және төменгі "сабақ" буындарының бөлініп кетуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі болмайды. Жынысты көбеюі оогамиялы. Жыныс органы күрделі құрылымды. Көп клеткалы оогоний және антеридий көпшілік уақытта бір-біріне тақау бір өсімдік жапырағының қойнында бір үйлі, сирек ер талломдарда пайда болып, қос үйлік байқатады. Жетілген оогоний эллипс немесе жұмыртқа пішінді 1 мм-дей. Оогонидің пайда болып, қалыптасуы антеридиге қарағаңда қарапайым. Алғашқы уақытта оогоний жапырақ буынындағы бір клетканың бөлінуінен басталады. Кейіннен ол клеткадан оогонидің сағағы қалыптасатын клетка бөлініп, бірнеше клетка түзіледі. Оның ортаңғы цилиндр пішінді бөлшектенген клеткасы бір не екі рет бөлініп, үлкендіктері әр түрлі клеткалар түзіледі. Оның клеткасынан жұмыртқа клетка дамиды, ал 1—3 уақ клеткалары жұмыртқа клетканың бүйір жағында не жоғарғы жағында түзіледі де, біртіндеп жұмыртқа клетканың негізіне қарай ауысады. 6л клеткаларды өзгерген гаметангия қабырғасының қалдығы деп есептейді. Бір мезгілде 5 бүйірлік клетка ұлғайып, лента пішінді жіпшеге айналып, жұмыртқа клетканы қоршай орналасады. Сөйтіп оогониден сопақша келген бір жұмыртқа клетка пісіп жетіледі. Оны оогонидің 5 жіпшесі жан-жағынан спиральша айнала қоршап жатады да, жоғарғы ұшы жазылып, кейде 5 клеткадан (харада), кейде 10 клеткадан (нителлада) тәж сияқты өсіндіге айналады. Оны корона деп атайды. Жұмыртқа клетка піскен уақытта корона клеткаларының ортасында сперматазоид өтетіндей саңылау пайда болады. Антеридий - жай көзбен көрінетін қызыл-сары түсті бүршігіне ұқсаған шар. Оның қабырғасы қалқан деп аталатын 8 жалпақ клеткадан тұрады. Клетканың ортаңғы бөлімінен тұғыр деп аталатын ерекше сүйеніш өседі, одан шумақталып оралған сперматоген (антериді) жіпшелері дамиды. Әрбір жіпше 100-300-ге дейін жалпақ клеткадан тұрады, әрбір клеткадан бірден сперматазоид дамиды. Оның әрқайсысының алдыңғы жағында спираль тәрізді иілген екі талшығы болады. Антеридидің қалқандары ажырағанда сперматазоидтар босайды. Ұрықтанғаннан кейін ұрық клетка қалың қоңыр-сары, қоңыр, күңгірт, қара түсті қабығы бар шар не жіңішке эллипсоид пішіңді, мөлшері 0,3 мм-ден ірі, 1 мм-дей ооспорага айналады. Ооспораның сыртқы қабығына известь тұзы сіңеді, жылтыр келеді, қор заты крахмал мен май. Ооспораның сыртында арнаулы жолақтары болады. Ооспора тьшыштық уақыттан кейін өне бастайды. Өсер алдында оның диплоидты адросы редукцияяық жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоңдты ядро түзеді. Жоғарғы жағындағы ядро протопластың бір бөлшегімен пердеге бөлінеді де, линза пішіңді орталық клетканы құрайды, ол клетка бөлініп, екі бағытқа қарай өседі, оның жоғарғы қарай бағытталған клеткасының бірінен жаңа өркен, ал төмен қарай бағытталған клеткадан ризоид өседі. Ооспораның қалған үш ядросы мен цитоплазмасы жаңа өсімдіктің өсуіне қызмет етеді. Сөйтіп хара баддырлары вегетативтік уақытта гаплоидты. Хара балдырларына 300-дей түр жатады. Ол Сharophyсеае класынан Сharales, қатарынан және Сharaceae, Nitellасеае, Nitellopsidасеае, тұқымдастарынан тұрады.

Әдебиет: 1, 293-294 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Қандай белгілеріне қарап хара балдырларын жеке бөлім ретінде қарайды?

2 Хараларда ядро фазаларының ауысуы қалай жүреді?

3 Хара балдырларының анатомиялық құрылысы қандай?

4 Хара балдырларының қандай практикалық маңызы бар?
Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары

1 тақырып Балдырлардың клетка құрылысы

Мақсаты:

- препарат дайындауды үйрену

- балдырлардың морфологиялық құрылыстарымен танысу
Жалпы түсінік

Препараттар жасау әдістері

Өсімдік мүшесінің анатомиялық құрылысын зерттеген кезде, алдымен препарат жасап алу қажет. Препарат дегеніміз – зат шынысы мен жабын шынысының екі арасына қойылған, микроскоп арқылы көруге арналған зат – объект. Препарат екі түрлі болады: уақытша және тұрақты, мұндай препараттарды жасаудың өзінше әдістері бар. Препарат жасамас бұрын әрбір студент оған керекті заттарды түгендеп, оларды тазалап алғаннан соң препарат дайындауға кірісу керек. Ол үшін зат шынысын алып, үстіне суы бар тамызғыштан су тамызып немесе пипеткамен глицириннің 1-2 тамшысын тамызу керек, содан кейін қатпарлы жуаның қабығынан өте жұқа етіп алып, судың немесе глицириннің үстіне арнайы шымшыуырмен дайындалған затты (объектіні) орналастыру керек, қабатталған, бүктелген жерлері болса иненің ұшымен жазып, шет жағынан таза жабын әйнегімен жабылады. Жабын әйнекті оң қолымыздың екі саусағымен ұстап, зат әйнегіндегі тамшыға әуелі бір жиегімен жанастырамыз, содан кейін біртіндеп төмендетіп барып жабамыз. Затты көруге ауа көпіршіктері кедергі болмау үшін сол қолмен зат әйнегін ұстап тұрып, оң қолмен иненің ұшымен жабын шынының үстінен жайлап соғамыз. Сонда ауа көпіршіктері ығысады және препараттағы сұйықтық біркелкі жайылып, зат толық батырылады. Егер препараттаға сұйықтық жабын әйнектің жиегінен сыртқа шығып тұрса, оның артық мөлшерін сорғыш қағазбен сорғыту керек. Осылай жасалған препараттағы су буланып кететін болғандықтан мұндай препараттар ұзақ сақтауға келмейді. Сондықтан олар уақытша препарат деп аталады. Бұл препарат жасаудың бір түрі. Препарат жасаудың екінші түрі – затты ұзақ сақтауға келетін тұрақты препарат жасау. Тұрақты препарат жасау үшін судың, глицириннің орнына зат жылытылған глицирин-желатиннің зат әйнегіндегі бір тамшысына салынып, жабын әйнекпен жабылады. Жабын әйнектің жиегі вазелин, лак немесе олифпен көмкеріліп, препараттың оң бұрышына заттың аты жазылған этикетка жабыстырылады.

Қазіргі уақытта барлық балдырларды 9 морфологиялық құрылымдарға (структураға) бөлуге болады.

Қарапайым монада құрылысты балдырларға-клетканың пішіні көбінесе сопақ, кейде алмұрт тәрізді немесе дөңгелек болып келетін бір клеткалы, не бір- біріне клетка пішіні, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас бірнеше клеткалардан құрылған қауымды организмдер жатады. Монада құрылысты балдырларды қозғалысқа келтіретін клетканың алдынғы жағында бір, көбіне екі,кейде одан да көп талшығы болады. Ең қарапайым балдырлардың вегетативтік тіршілігінің барлық кезенінде монада құрылысты екендігі байқалады, ал құрылысы күрделі балдырлардын жынысты және жыныссыз клеткалары ғана монада құрылысты болады. Кейбір қарапайым балдырлардың құрылысы амеба тәрізді. Мұндай балдырлардың оқшауланған клетка қабықшасы, талшығы болмайды. Олар амеба тәрізденіп жуан немесе жінішке, қысқа не ұзын жалғанаяқтарымен қозғалады.

Құрылысы пальмелоидты келген балдырлардың клеткалары бір-біріне байланыссыз, сыртқы кілегейленіп жатады. Мұндай жағдай кейбір балдырдың даму циклынын басынан аяғына дейін, не белгілі бір кезінде пайда болады.



Коккоидты құрылыстарға –табиғатта кең тараған, клетка пішіні әртүрлі, қозғалмайтын бір клеткалы не қауымды организмдер жатады. Монада құрылыстылардын айырмашылығы көзшесі, жиырылғыш вакуолясы және талшығы болмайды.

Жіптесінді балдырлар-табиғатта жиі кездеседі, кейде олар жан-жаққа тарамдалып та кетеді. Көпшілік жіп тәрізді-трикальды балдырлар, төменгі жағындағы ұзынша түссіз ризоидты клеткалар арқылы субстратқа бекініп тіршілік етеді.

Пластинка құрылысты балдырларжінішке және жалпақ пластинка пішінді келеді. Мұндай балдырлар өзінің онтогенездік дамуын жіп тәрізді формадан бастайды. Мұнда клетка алғашқы даму кезеніңде көлденеңінен және ұзынынан бөлінудің нәтижесінде жіп тәрізді формадан пластинкалы формаға айналады.

Тканьды құрылысты балдырлар күрделі, сырт пішіні жоғарғы сатыдығы өсімдіктерге ұқсас. Талломның ішкі құрылысы бірнеше қабаттан тұрады және олар дифференцияланған, соның нәтижесінде алғашқы тканьдар құралады. Әсіресе жақсы жетілген механикалық, өткізгіш, ассимиляциялаушы тканьдар болады. Мұндай тканьдар ламинарияда, фукуста, саргуссумда және басқа балдырларда кездеседі.



Әдебиет: 4, 21-25 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Қарапайым монада құрылысты балдырларға қандай организмдер жатады?

2 Пальмелоидты, коккоидты балдырларға қандай организмдер жатады?

3 Жіптесінді, пластинка, тканьды құрылысты балдырларға қандай организмдер жатады?




2 тақырып Көк - жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- көк-жасыл балдырлардың түрлері мен көбею ерекшеліктерімен танысу.

- хроококк балдырларының қауымдылығын бақылау, хроококк балдырларының суретін салу.
Жалпы түсінік

Көк – жасыл балдырлар бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы жіптесінді ағзалар, олардың 1500-2000-дей түрлері бар. Басқа балдырлардан жасуша құрылысының ерекшелігі, пигменттерінің құрамы, тіршілік ортасының өзгешеліктері арқылы айырылады. Жасуша қабықшасы оңай кілегейленетін пектинді, тек кейбіреулерінде ғана целлюлозды. Жасушасы органоидтраға бөлінбеген. Ол шеткі боялған қабаттан – хромоплазмадан, ортаңғы түссіз – центроплазмадан тұрады. Жасуша шырыны бар вакуольдар есейген жасушаларда ғана пайда болады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың жасушаларында азотпен толы газ вакуолі болады. Қор заты ретінде гликопротеид, волютин, анабенин жиналады.

Көк–жасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі бір жасушалы формаларында жасушаның тең екіге, қауымдыларда қауымның ыдырауы, жіптесінді формаларда талшықты жіптің үзілуі не гормогоняларға бөлінуі арқылы болады. Эндо- және экзоспоралар арқылы жыныссыз да көбейеді. Арнаулы қозғалыс мүшесі болғанымен, бұларда қозғалыс байқалады, ол сыртқы мембрана қабатының толқын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін.

Анабена (Anabaena) туысы жіптесінді тармақ, талмаған көп жасушалы балдыр. Жасушалары жұмыр, дөңгелектеу, сопақ не сақина пішіндес, моншақ тәрізді тізбектеліп келеді. Микроскоппен зерттеген кезде оның жасушаларына және шар пішінді сары не түссіз ірі гетероцистаға көңіл аударыңыз.

Осциллятория (Oscillatoria) туысы көп жасушалы тармақталған жіптесінді балдыр. Жіпшесі бір қатар орналасқан қысқа цилиндр пішінді жасушалардан тұрады да, жіптері жіңішке келеді. Микроскоппен зерттеген кезде осциллятория жіпшесінің теңселіп, қозғалып тұруына, жасушаның құрылысына және түсіне көңіл аударыңыз.

Микроцистис (Microcystis) туысы шар пішінді, газ вакуолі бар жасушалардан тұрады. Белгілі формасы жоқ кілегейлі қауым. Жасушалары қауым ішінде ретсіз орналасады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Топырақ тұнбасы бар стақандағы судан уақытша препарат дайындау. Ол үшін зат шынысына пипеткамен зерттелетін судан бір тамшасын тамызып, жабын шынысымен жабасызда микроскоппен қарайсыз.

2 Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен микроцистисті, анабенаны, осцилляторияны зерттеп, суреттерін саласыз.

3 Дайындалған препараттан осцилятория балдырын тауып, оның жасушаларын қарап, қозғалысын бақылап, суретін салу қажет.

4 Балдырлары бар судан препарат дайындап, носток бауырын іздестіріп, көрінген балдырдан гетероциста жасушасын көру, суретін салу.

5 Гүл өсіп тұрған құмыралардың қабырғаларындағы жасыл қабыршақтардан препарат дайындау.

6 Қорытынды ретінде қысқаша сипаттамасын және араларындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын баяндаңыз.

Қажетті құрал - жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 3, 125-138 бет; 4, 44-49 бет; 5, 190-192 бет.

Қайталау сұрақтары

1 Көк-жасыл балдырлардың басқа балдырлардан қандай аыйрмашылығы бар?

2 Гетероцист пен споралар қандай қызмет атқарады және негізгі ерекшелігі неде?

3 Көк-жасыл балдырлардың көбею ерекшеліктері неде?

4 Басқа ағзалармен туыстық қатынасы қандай?

5 Теориялық және практикалық маңызы неде?

6 Көк-жасыл балдырлардың таралуы, неге оны жасыл агрессор деп атайды?


3 тақырып Диатомды балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- диатомды балдырлардың құрылысының ерекшеліктерімен және көбею ерекшеліктерімен танысу


Жалпы түсінік

Диатомды балдырлар бөліміне көбінесе таяқша пішінді бір жасушалы және қауымды, микроскопиялық, күрделі құрылысты ағзалар жатады. Жасушаның ішкі жағынан пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы берік сауыт қаптап жатады. Жақтаудың үлкенін эпитека, кішісін – гипотека деп атайды. Жасушасы бір ядролы, хлоропласты бірден бірнешеуге дейін барады. Пластинкалы, сирек дән тәрізді хлоропластарында бір, кейде бірнеше пирениодтары болады. Жасушаның формасы оның орналасуына байланысты. Диатомды балдырлардың қозғалысы күрделі процесс, олардың қозғалыс қызметін атқаратын талшықтары болмайды, оны тігістері атқарады. Қор заты ретінде май тамшылары, сирек волютин және хризоламинарин цитоплазма мен вакуолінде жиналады.

Диатомды балдырлар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы вегетатиті көбейеді. Жынысты көбею көршілігінде коньюгация сияқты изогамия, анизогамия, кейбіреулерінде оогамия арқылы болады. Планктонды түрде тіршілік ететін диатомды балдырларда ұсақ 8-ден 16-ға дейін түзілетін микроспоралр арқылы көбейетіні анықталды. Микроспоралар талшықты не талшықсыз болады.

Пиннулярия туысы бір жасушалы, қозғалғыш, эллипс пішіндес созылған, екі жақтаулы, шеті дөңгеленіп келетін балдыр. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса, онды оның екі жақтауы айқын көрінеді. Ішкі кіші жақтау гипотека, оны жауып тұратын сыртқы жақтау – эпитека деп аталады. Сауыттың ішінді жатқан жассушаның орта бөліміндегі көлденең цитоплазмалық көпіршеде ядро жатады. Жақтаудың бүйір жағына қарай ірі пластинкалы екі хлоропласт орналасады, көпіршенің екі жағындағы бос қуысты жасуша шырынына толы вакуоль алып жатыр. Онда қор заты май тамшылары, волютин түйіршіктері жиналады.

Диатома жасушалары лента немесе иректелген тізбек құрйтын ағза. Сыртқы пішіні жағынан қауым табеллярияға ұқсас. Одан бүйір жағынан ұзын, тік бұрышты жасушалардан, ал жақтау жағынан сопақ пішінді және көлденең жолақтарының болуы арқылы айырылады.

Жұмыстың орындалуы

1 Стакандағы тұнбадан препарат дайындап, пиннулярияны тауып алып, құрлысына, пішініне, қозғалысына көңіл аудару.

2 Пиннулярияның тірі өкілдерін микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен зерттеп, эпитека мен гипотека құрылыстарын салу.

3 Пиннулярияның көбеюінің суреттерін салып, оргоноидтарын белгілеу.

4 Микроскоптың көмегімен диатоманың жасуша құрылысын зерттеп, суретін салу.

5 Тұнбадан препарат дайындап, тігістілер қатарының пиннуляриядан басқа түрлерін кітаптағы суреттермен салыстыра отырып анықтап, суреттерін салу.

6 Препараттан тігіссіздер қатарының түрлерінің жоғарғыдай анықтап суреттерін салу.

7 Препараттан центрикалықтан класының өкілдерін тауып, суреттерін салу.

8 Қорытынды ретінде өкілдердің жалпы сипаттамасын жазып, неліктен тігісті және тігіссіз болып бөлінетінін түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, диатоманың тұрақты препараты, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 3, 133-139 бет; 4, 85-94 бет

Қайталау сұрақтары

1 Диатомды балдырлардың басқа балдырлардан қандай айырмашылығы бар?

2 Диатомды балдырлардың классификациясы және әрбір класстың, қатардың қандай сипаттамасы бар?

3 Диатомды балдырлардың жасуша құрылысы қандай, фотоситез нәтижесінде қандай қор заттары жиналады?

4 Диатомды балдырлардың қозғалысын қалай түсіндіруге болады?

5 Диатомды балдырлардың көбеюі?

6Диатомды балдырлардың филогениясы, оның шығу тегінің схемасын сызыңыз?

7 Диатомды балдырлардың практикалық маңызы неде?




4 тақырып Сарғылт – жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- сарғылт-жасыл балдырлардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерімен танысу
Жалпы түсінік

Әр түрлі талшықты балдырлар көптеген морфологиялық ерекшеліктері арқылы сипатталады. Олардың ішінде барлық структуралық құрылыстар амебоидты, монадалы, пальмеллоидты, коккоидты, жіптесінді, әр түрлі жіптесінді, пластинкалы және сифондылар кездеседі. Сонымен бұл бөлім вегетативтік кезеңінде қозғалыштығын сақтайтын түрлермен бірге, көбінесе қозғалмайтын бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы және клеткалы құрылысы жоқ организмдерден тұрады. Басқа балдырлардан басты айырмашылығы-талшықтарының әр түрлі ұзындықта және құрылысының да әркелкі болуында. Екі талшықтың бірі ұзын, ол алға қарай бағытталған және қауырсын құрылымды болып келеді. Екіншісі қысқа, артқа қарай бағытталған, жай құрылымды. Екінші бір ерекшелігі-түстерінін сарғылт-жасыл болуы, оның хлоропластасында хлорофилдін а, с пигменттерінен басқа сары түсті лютеин, виола, антера, зуе, вошериа, гетеро, диадино, диато неоксантин- дердің болуында. Соған орай көпшілік уақытта сарғыш-жасыл, сарғыш, қоңыр-сарғыш, кейде көкшіл түсті болын келеді. Хлорофилл в және қоңыр, жылтырауық сары, диатомды балдырларға тән фукоксантин пигменттері әр түрлі талшықтарда болмайды.

Көбеюі. Бір клеткалы формаларында клетканың тең екіге бөлінуі, ал қауымды, көп клеткалы формаларында талломның франментациялануы не жеке клеткаларға бөлшектенуі арқылы вегетативтік көбейсе, Haematacoccus сияқты түрлерінде саусақ пішінді бір не көп клеткалы өсінділердін аналық организмнен үзіліп түсулері арқылы көбейеді. Ал Vaucheriada регенерация жолымен талломның зақымдалған не тіршілігін жойған бөлімдерінде перлелер пайда болын, организм қайтадан алғашқы тіршілік қалпына келеді. Сонымен бірге вошерияда балапан бүршіктер пайда болады. Жіптесінді формаларында акинеттер түзіледі. Жыныссыз көбеюі кен тараған. Әр түрлі талшықтыларда жыныссыз көбеюге қызмет ететін әр түрлі амебоидтар, зооспоралар, синзо- оспоралар, гемизооспоролар, автоспоралар, синавтоспоралар, апланоспоралар, синапланоспоралар, гипноспоралар түзеледі. Амебоидтар арқылы көбеюі сирек кездеседі, олар негізінен тек амебоид құрылымды балдырларға тән. Зооспора арқылы көбеюі сарғылт-жасыл балдырларда көп тараған. Зооспоралардың формалары әр түрлі. Оның бір ядросы, көзшесі, талшығы, жиырылғыш вакуолясы, бір хлоропластасы бар. Вошерия синзооспора арқылы көбейеді, оның көптеген ядросы, хлоропластасы, изоморфты, изоконты талшықтары болады. Гемизооспораның спорадан айрмашылығы-жиырылғыш вакуолясымен стигмасы болады, талшықтары болмайды. Аплоноспоралар арқылы көбею көптеген трихальды, гетеротрихальды, жалған паренхимозды формаларға тән. Бұларда аналық клетканың ішінле жатқанда қабыққа оанады.

Нағыз оогамиялы жыныс процессі Vaucheriada, ал изогамия арқылы көбеюі Tribonemaларда ғана болады. Жыныс органдары-антеридий және оогоний бір өсімдікте, сирек әр өсімдікте өседі. Антеридиден дамыған қос талшықты антерозоид оогониге еніп, жұмыртқа клеткасың ұрықтандырады. Зигота немесе ооспора бірнеше қабатта қалын қабыққа оранып, тыныштық жағдайынан кейін өсе келе жаңа өсімдікке айналады. Зиготалық мейоз толық дәлелденбеген, алайда вошерияның даму циклы гаплоидты деп есептеледі.

Сарғылт-жасыл балдырлардың жүйесі. Морфологиялық жағынан жасыл балдырлармен ұқсастығына байланысты көпшілік уақытқа дейін әр түрлі талшықтыларды жысыл балдырларға жатқызып келді. 1899 жылы А.Лютердің ұсынысы бойынша жеке группаға бөліп, әр түрлі талшықтылар деп атады. Алайда әр түрлі талшықтылар деген ат жалпы балдырлар жүйесіне келмейді, оның себебі жылтырауық сары және қоңыр балдырларда да әр түрлі талшықтары болды. Сондықтан 1930 жылы жаңа Xanthophyceae деген ат берді. Сарғылт-жасыл балдырларға әр түрлі құрылымды 2500 түр жатады. Бұл бөлім нашар зерттелген балдырлардың бірі. Соған байланысты бұл балдырлар тобын жіктеуде бір пікірлік жоқ. Соған қарамастан кейінгі уақытта көпшілік альголоктар Ксантоподалылар, Ксантомонадалылар, Ксантококкалылар, Ксантотрихалылар, Ксантосифондылар, Эустисматалылар деп 7 класқа бөліп жүр.

Ботридий – сифонды құрылысты, субстратқа бекініп тіршілік ететін балдыр. Бұл балдырды жаз айларында бөгеттердің жиектерінде, кеуіп бара жатқан лас сулардан кездестіруге болады. Балдырдың денесі субстратқа еніп жататын тарамдалған ризоидтан және алмұртқа ұқсаған көпіршік тәрізді жер бетіндегі негізгі денесінен тұрады. Жасушасында көптеген дөңгелек хлоропластары, ұсақ ядролары және май тамшылары болады. Жыныссыз көбейеді, зооспораның жоғарыда көрсетілгендей екі талшығы болады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Ботридий балдырының тұрақты препаратынын сыртқы құрылысын қарау.

2 Препараттан ботридий балдырының зооспорасының құрылысындағы ерекшеліктерді бақылау.

3 Ботридий балдырларының сыртқы құрылыстарының көбею мүшелерінің суреттерін салу.

4 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттерге талдау жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар: ботридий балдырларының тұрақты препараттары, балдырлары бар стақан.

Әдебиет: 3, 129 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Сарғыш –жасыл балдырлардың тіршілік формалары қандай және қай жерлерде кездеседі?

2 Жасушалары қандай құрамды бөліктерден тұрады?

3 Зооспоралары қандай құрылысты?

4 Сарғыш-жасыл балдырлардың түсі қандай пигменттердің болуына байланысты?

5 Ботридий, трибонема балдырларының құрылысында, көбеюінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?




5 тақырып Сарғылт – жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- сарғылт-жасыл балдырлардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерімен танысу
Жалпы түсінік

Вошерия – талломы жуан, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін баратын тарамдалған жіпшеден тұрады. Талломы сифон құрылысты, жасуша перделері болмайды. Субстратқа бекініп тіршілік етеді. Бұл көп ядролы. Хлорофилл пигменті жасыл түсті, түйіршіктері талломның ішінде бытырап жатады, пиреноидтары болмайды. Жасушаның ортаңғы бөлімінде жасуша шырынына толы вакуолі болады. Қор заты ретінде май тамшылары жиналады.

Көбеюі жыныссыз, көп талшықты зооспоралар арқылы көбейеді. Зооспоралары таллом ұшында пайда болатын зооспорангилерде дамып жетіледі. Зооспоралар суда белгілі бір уақыт жүзіп жүргесін тоқтап, талшықтарын түсіргесін жас вошерия балдыры өсіп шығады.

Жынысты көбеюі оогамды. Талломдарында шар пішінді төмпешіктер пайда болады, ол талломнан пердемен бөлініп оогонийдің қызметін атқара бастайды, яғни әрбір оогонийден бір-бір жұмыртқа жасушасы дамиды. Осы талломның жақын жерінен басқа төмпешік пайда болып, ол оогонийге қарай мүйіз тәрізденіп өсе бастайды, бұл да пердемен бөлініп антерийдиге айналады. Антерийден әртүрлі талшықты бірнеше аталық жасуша – сперматозоидтар дамып жетіледі. Осы сперматозоидтар оогонийдегі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, нәтижесінде зиготаооспора түзіледі. Зигота тыныштық кезеңін өткізгеннен кейін өсе бастайды да вошерия балдыры өсіп шығады.

Вошерия балдырын тез ағатын тұщы сулардан, бөгеттерден, су жиектеріндегі топырақтан кездестіруге болады. Дымқыл топырақта, оранжереяларда да кездеседі. Лаборатория жағдайларында су құйған ыдыстарда жақсы өседі. Оларды көп уақыт сақтау үшін жиі ауамен үрлеп тұрған жөн. Оның себебі өсуінде көп мөлшерде оттегін қажет етеді.

Жұмыстың орындалуы:

1 Балдырлары бар сулы ортадан препарат дайындап, вошерия балдырын іздеп, тауып, қандай мүшелерінің көрініп тұрғандығын зерттеу.

2 Тұрақты препараттан вошерия балдырының жыныссыз және жынысты көбею мүшелерін анықтау.

3 Тұрақты препараттан вошерия балдырының клетка құрамындағы хлоропластар мен ядроның соңына көңіл аудару.

4 Вошерия балдырларының сыртқы құрылыстарының көбею мүшелерінің суреттерін салу.

5 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттерге талдау жасау.



Қажетті құрал-жабдықтар: ботридий балдырларының тұрақты препараттары, балдырлары бар стақан

Әдебиет: 3, 130-132 бет

Қайталау сұрақтары:

1 Сарғыш-жасыл балдырларында қандай қор заттары жиналады?

2 Сарғыш-жасыл балдырлар қалай көбейеді?

3 Вошерия, трибонема балдырларының құрылысында, көбеюінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

4 Вошерияны қандай белгілеріне байланысты әртүрлі талшықтыларға жатқызады?

6 тақырып Қоңыр балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- қоңыр балдырлар мен қызыл балдырлардың құрылысының ерекшеліктерімен және көбею ерекшеліктерімен танысу


Жалпы түсінік

Қоңыр балдырлар көп жасушалы көпшілік уақытта теңіз түбінде ризоидтары арқылы бекініп тіршлік ететін, басым көпшілігі микроскопиялық, күрделі құрылысты өсімдіктер. Қоңыр балдырлардың денесі жіп тәрізді, дихотомиялық бұтақталған лента тәрізді, пластина пішінді, талломдардың қарапайым келетін түрлерімен бірге құрылысы күрделі «сабақ», «жапырақ», тәрізді бөліктерден тұратын түрлері де көп. Күрделі құрылысты формаларының талломдары қарапайым түрдегі ассимиляциялаушы, қор жинаушы, механикалық және өткізгіш ұлпаларға бөлінген. Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасы екі қабаттан – іші целлюлозды, сырты пектинді қабықшадан тұрады. Цитоплазмасында бір ядросы, қарапайым түрлерінде пластикалы, лента пішінді бірнеше, ал күрделі құрылыстарында дән тәрізді көптеген хлоропластары болады. Пиреноидтері өте уақ, оптикалық микроскоппен көрінбейді. Қор заты ретінде полисахарид – ламинарин, манит және майлар жиналады.

Талломдардың кездейсоқ жағдайларда жұлынып кетуі арқылы вегетативтік көбейеді. Екі талшықты зооспоралар және моно- не тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі изогамия, гетерогамия және оогамия.

Жұмыстың орындалуы

1 Сүрленген диктиота не басқа қоңыр балдырлар өкілінің қабатынан бузина өзекшесі не картофель түйнегі арқылы бірнеше көлденең кесіндісін жасап, оның жұқасын микроскоптың кіші, одан кейін үлкен көрсеткіш арқылы қарап, анатомиялық құрлысымен танысыңыз, суретін салып, органоидтарын белгілеңіз. Гербарий бойынша морфологиялық құрылысымен танысып, диктиотаның даму цикілінің схемасын сызыңыз.

2 Сүрленген материалды пайдаланып скафидия микроскоп арқылы қарап, ондағы жыныс элементтеріне көңіл аударыңыз. Оны скафидия қуысынан бөліп алып құрылысымен танысыңыз.

3 Ламинарияның құрылысымен және сыртқы пішінімен гербарий көмегімен танысып, суретін салу. Ламинарияның көбеюінің схемасын сызыңыз.

4 Қорытынды ретінде ламинария мен порфираның жалпы қысқаша түрде сипаттамасын жазыңыз.

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, тұрақты препараттар, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 4, 95-102 бет.

Қайталау сұрақтары

1 Қоңыр балдырлардың құрылысындағы ерекшелігі неде?

2 Қоңыр балдырлардың талломдардың құрылысының күрделенуі қалай болады?

3 Қоңыр балдырлардың басқа балдырлармен филогенетикалық қандай байланыстары бар? Оның схемасын сызыңыз.

4 Қоңыр балдырлардың практикалық маңызы неде?


7 тақырып Қызыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- қызыл балдырлардың құрылысының ерекшеліктерімен және көбею ерекшеліктерімен танысу
Жалпы түсінік

Қызыл балдырлардың көпшілігі көп жасушалы, күрделі құрылысты, теңіздерде, мұхиттарда өсіп, су астында ну орман құрайды. Күрделі морфологиялық және анатомиялық құрылысты болуларымен бірге өте сирек бір жасушалы және қауымды формалары да кездеседі. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі ірі өсімдіктер, ұзындығы бірнеше сантиметрден метрге дейін барады. Бұлардың 6000-ға дейін түрі белгілі.

Қызыл балдырлардың сыртқы пішіні әртүрлі, олардың ішінде жіптесінді, пластинкалы, «сабақты», «жаппырақты», қабықты, көпіршік және маржан пішіндес формалары бар, олардың тармақталуы әртүрлі. Қабықты талломдары бар түрлері тасқа не басқа балдырларға жабысып өседі. Маржан пішіндес формаларының ұлпасына кальций тұздары сіңген.

Қызыл балдырлардың жасуша қабықтары екі қабаттан: ішкі целлюлозды, сыртқы пектинді. Қарапайым құрылыстары бір ядролы, күрделі құрылысты түрлері көп ядролы, хлоропластары жұлдыз, лента, линза және дән тәрізді болады. Кейбіреулерінің талломында жұқа кутикула болады. Қарапайым құрылысты түрлерінде пиреноидтары бар. Цитоплазма жасушаның қабырғалық қабатына қарай орналасады, ортаның өзгерісіне сезімтал келеді. Қызыл балдырлардың көбеюі көп жақты аса күрделі процесс. Бұлар әртүрлі жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюлері де әртүрлі, күрделі құрылысты келеді. Вегетативтік көбеюі бір жасушалы және қауымды формаларда жасушаның екіге бөлінуі не бірнеше тума жасушалардың пайда болуы арқылы болады. Ламинария туысы күрделі құрылысты, ұзындығы 60 метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Жыныссыз көбеюі зооспора, жынысты көбеюі оогамия арқылы болады. Ламинарияның өзі диплоидты спорофит.

Порфира туысының өкілдері сопақ пішінді нәзік талломы бір-екі қатар жасушалардан құралған. Жасуша қабықшысында саңылауы болмайды, жұлдыз пішінді 1-2 хлоропласттары, бір ядросы мен пиреноиды болады.

Жұмыстың орындалуы:

1 Препарат дайындау үшін порфира гербарийінің шетінен кесіп алып, зат шынысына салыңыз. Бір тамшы су тамызып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші көрсеткішімен жұқа жерін іздеп, ұлғайтқыштың үлкеніне түсіріп, вегетативтік жасушаның құрылысымен танысып, суретін салыңыз.

2 Гербарий көмегімен порфираның сыртқы құрылысын зерттеп, суретін салу. Порфираның көбеюінің схемасын сызыңыз.

3 Қортынды ретінде порфираның жалпы қысқаша түрде сипаттамасын жазыңыз.

4 Белгілі жолмен препарат дайындап, батрахоспермумның құрылысына көңіл аударыңыз, препараттан цистокартийді табыңыз. Суретін салыңыз.

5 Калитамнион, гигартина, және басқа қолда бар қызыл балдырлардың өкілдерімен гербарий материалы арқылы танысыңыздар. Морфологиялық құрылысына, түсіне көңіл аударып, оны басқа макроскопиялық балдырлармен салыстырыңыз.

6 Оқулықты пайдаланып, 1-2 қызыл балдыр түрлерінің даму цикілінің схемасын сызыңыз.

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, тұрақты препараттар, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 4, 102-111 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Қызыл балдырлардың жалпы сипаттамасын айтыңыз?

2 Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан негізгі 5 айырмашылығы неде?

3 Қызыл балдырларда ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

4 Қызыл балдырлардың басқа балдырлармен филогенетикалық қандай байланыстары бар? Оның схемасын сызыңыз.

5 Қызыл балдырлардың практикалық маңызы, таралуы?

6 Тіршілік жағдайына қарай пигменттерінің құрамында өзгерістер бола ма?

7 Ауксилярлы клеткалар мен ообластема жіпшелерінің атқаратын қызметі неде?




8 тақырып Эвгленалы балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- эвгленалы балдырлардың құрылысы мен көбею ерекшеліктерімен танысу
Жалпы түсінік

Бір клеткалы сирек қауымды, таза жасыл түсті организмдер. Хлоропластасында хлорофилдің а және в пигменттерімен бірге қосымша ксантофилл және каротин пигменттері бар. Клеткалары ұзынша сопақтау эллипс пішіндес не ұршық тәрізді, микроскопты, монада құрылысты. Клеткасы цитоплазмадан, хлоропластан, ядродан, вакуолядан, көзшеден, денесінің алдынғы жағында орналасқан бір не екі талшықтан, пелликулалы клетка қабықшасынан тұрады. Қор заты ретінде крахмал жиналмай, оған жақын углевод парамилон жылтырауық дән түрінде хлоропласта немесе одан тыс жерге жиналады. Бұл эвгленалы балдырлардың басқа балдырлардан физиологиялық, биохимиялық құрылыстары жағынан оқшауланып түратынын көрсетеді.

Эвгленалықтар клетканың бойлай екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Көбінесе бөлінуі кешке не тәңертең ерте болады. Бұлар органикалық заттары мол тұщы, лас суларды мекендейді, сөйтіп автотрофты да, миксотрофты да коректене алады.

Эвглена туысы бір клеткалы ұршық тәрізді, арт жағы сүйірленіп, алдынғы жағы дөңгеленіп келетін, пішінін оңай өзгертетін бір клеткалы жасыл түсті организм. Денесінің мұндай құрылысты болуы оның сусымалы ерекше қозғалысын тездетеді.

Факус туысы бір клеткалы, ассиметриялы ширатылған балдыр. Клеткасы жапырақ алақаны сияқты жалпақ, арқа жағында сына тәрізді өсінділері болады, ал арт жағы сүйірленіп, жіңішкеріп сына тәрізді болып келеді. Тұщы суда жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінін арасында кездеседі.

Трахеломанас- бір клеткалы, дөңгелек пішінді, перипласт қабықшасының сыртынды түссіз тығыз үйшік сауыты болады. Сауытқа темір және марганец тұздары сінген, соңдықтан қызыл- қоңыр, қоңыр, сарғыш түсті болады. Дененің алдынғы жағында зооспора шығатын тесігі болады. Жазғытұрым, күздікүні саяз тұщы суларда кездесіп, судың гүлденуін туғызады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Препарат дайынданыз. Ол үшін эвглена бар судың бір тамшысын зат әйнегіне тамызып, жабын әйнегімен жауып, эвгленаның қозғалысына, пішінінің өзгеруіне көңіл аударыныз. Сорғыш қағазбен судың артығын сорып алып, эвгленаның қозғалысын тоқтатып, суретін салып, органоидтарын белгіленіз.

2 Препарат дайынданыз. Факус және трахеломанас бар судың бір тамшысын зат әйнегіне тамызып, жабын әйнегімен жауып микроскоппен қараныз

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, тұрақты препараттар, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 4, 50-51 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Эвгленаның клетка құрылысы, оның қандай ерекшелігі бар?

2 Клеткасының физиологиялық ерекшелігін неден байқауға болады?

3 Эвгленалардың көбею ерекшелігі неде?

4 Эвгленалардың тіршілік ерекшеліктері, эвгленаны не себебті индикатор деп атайды?

5 Медико- биологиялық зерттеу объектісі ретінде қандай мәні бар?



9 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- жасыл балдырлардың түрлерімен, жасуша құрамдарымен және көбею түрлерімен танысу
Жалпы түсінік

Хламидомонада туысы бір жасушалы дөңгелек, сопақ, ұршық және т.б. пішінді, монада құрылысты ағза. Хламидомонада талшығын зерттеу үшін 2 пайыздық йодпен не метил көгінің ерітіндісімен бояңыз.

Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге жететін ценобиальды балдыр. Екі талшығы арқылы қозғалады. Вольвокс жасушалары ұсақ және де ірі болып келеді. Құрылысы жағынан хламидомонадаға өте ұқсас.

Хлорелла туысы бір жасушалы, кішкене табақша пішіндес. Микроскоппен зерттеген кезде құрылысына, мөлшеріне, формасына көңіл аударыңыз. Хлорелла хлорококке өте ұқсас.

Улотрикс туысының жасушалары біркелкі цилиндр пішінді, жалғыз ядросы бар. Тұщы суларда су астындағы затқа түссіз төменгі жасушасы – ризоиды арқылы бекінеді. Улотрикспен танысу үшін фиксацияланған материалды қолданасыз.

Жұмыстың орындалуы:

1 Балдырлары бар судан препарат дайындап, хламидомонада, вольвокс балдырларын тауып, қозғалыстарын бақылау.

2 Хламидомонаданың жыныссыз және жынысты көбеюлерінің суретін салу.

3 Хламидомонада коллекциясынан хламидомонаданың хромотофорын, пиреноидын, ядросын, талшығын, көзшесін, жиырылғыш вакуолін, цитоплазмасын анықтап суретін салу.

4 Тұрақты препараттан микроскоп арқылы хлорелланың құрылысын зерттеп, цитоплазма, хроматофор, ядро суретін салу.

5 Уақытша препараттан вольвокстің қозғалысын байқау.

6 Вольвокс құрылысын тұрақты препараттан немесе зерттелетін судан микроскоптың көмегімен анықтап, суретін саласыз.

7 Тұрақты препараттан вольвокстің жыныс жасушаларын бақылап суретін салу.

8 Қорытынды ретінде зерттелген өкілдердің жалпы сипаттамасын, маңызын жазу.

9 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.



Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, хламидомонада балдырының коллекциясы, вольвокстің тұрақты препараты, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 3, 140-145 бет; 4, 52-72 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Вольвокс пен хламидомонданың даму циклінің ұқсастығымен айырмашалығы неде?

2 Хлорелланың құрылысы, жынысты және жыныссыз көбеюлері қандай?

3 Жасыл балдырлардың практикалық маңызы?


10 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- хлорококк, су торшасының жасуша құрамдарымен және көбею түрлерімен танысу
Жалпы түсінік

Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі. Оларға бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы тарамдалған және тармадалмаған жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Жасуша қабықшасы целлюлоза мен пектин заттарынан тұрады. Кейбір өкілдерінің жасуша қабықшасы болмайды. Ол цитоплазманың қалыңдаған бөлімі плазмалеммамен қапталған не болмаса перипластан құралады. Жасушалары цитоплазма, ядро, хлоропласт, пиреноид және вакуольден тұрады. Цитоплазмада бір немесе бірнеше хлоропласт болады. Жасыл балдырлардың көпшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Монада құрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, қызыл көзшесі, екі тең талшығы болады.

Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағашты мекендейді.

Хлорококк – Chloroccoccum туысы дымқыл жерде, ағаштардың қабығында, қабырғаларда, жылыжайларда, гүл отырғызылған құмыраларда және тұщы суда жиі кездесетін бір клеткалы, шар пішінді балдыр. Клеткасы целлюлозалы клетка қабығынан, бір ядродан, пиреноидты бар бір тостағанша пішінді хлоропластан тұрады. Екі талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Мұнда клетка ішілік заттары 8-ден 32-ге дейін бөлінеді де, әрқайсысы тең талшықты зооспораға айналады, олар аналық клетка қабығының жыртылуы арқылы босап шығып, біраз қозғалыстан кейін жан-жаққа тарап, талшықтарын тастап, қабыққа оранып, жаңа дараққа айналды.

Жынысты көбеюі изогамиялық.

Су торшасыHydrodictyon туысы күрделі ценобиальды құрылысты, ірі азотты қосылыстарға бай суларда тіршілік ететін балдыр. Ценобий тұйық қапшық тәрізді, ұзындығы 1 метрге, ені 10-15 сантиметрге дейін жетеді. Су торшасын цилиндр пішінді, ұзындығы 1 сантиметрдей клеткалар құрайды. Әрбір клетка ұштары арқылы 3-4 клеткамен байланысып, 5-6 бұрышты тор құрайды. Клеткасы көп ядролы тор пішінді, хлоропластасы клетка протоплазмасының сыртқы қабатына таман орналасқан. Онда көптеген пиреноидтары болады.

Клетканың ортаңғы бөлімін клетка шырынына толы ірі вакуоля алып жатады. Су торшасы жыныссыз жолмен көбейгенде алдымен клеткадағы ядро саны көбейеді де, клетканың протоплазмасының сыртқы қабаты ең алдымен көп ядролы, кейіннен бір ядролы бөліктерге бөлінді. Сонымен бір клеткадан бірнеше мың зооспора түзіледі. Зооспоралар аналық клетканың ішінде қозғалып жүреді де, клетка қабығының ішкі жоғарғы жағына барып тоқтап, онда қабыққа оранып, бір-бірімен жалғасып жаңа топ құрайды.

Су торшасы тұщы суда орга иикалық азотты қосылыстарға бай суларда жақсы өседі. Лаборатория жағдайында жақсы өсіп, көбейе алады. Жалпы сыртқы пішінімен аквариумнен алып, бинокулярлық лупа арқылы қарап танысыңыз.



Жұмыстың орындалуы:

1 Балдырлары бар судан немесе гүл құмырасының қабырғаларындағы қабыршақтардан препарат дайындап хлорококк балдырын тауып, суретін салу.

2 Препарат дайындаңыз, ол үшін хлорококк не хлорелла бар судың бір тамысын зат әйнегіне тамызып жабын әйнегімен жауып, алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен көрсеткішімен қарап, клетка құрылысына, мөлшеріне, формасына көңіл аударыңыз. Суретін салыңыз.

3 Препарат дайындаңыз. Зат әйнегіне бір тамшы су тамызып, оған су торшасының бір кішкене бөлшегін салып, оны инемен жақсылап жазып,

Жабын әйнегімен жауып, микроскоптың үлкен көрсеткішімен қараңыз. Қауымның клетка құрылысына клетка формасына, оның тор құрауына көңіл аударыңыз. Ядросын көру үшін препаратқа генциан-виолет бояуымен, ал пиреноидты байқау үшін иод ерітіндісін тамызу қажет. Препаратты бояу үшін спиртте ұсталған материалды алу керек.

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, хламидомонада балдырының коллекциясы, су торшасы- ның тұрақты препараты, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 3, 140-145 бет; 4, 52-72 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Жасыл балдырларының жасуша құрылысының негізгі ерекшеліктері неде?

2 Жасыл балдырлардың көбею жолдары?

3 Улотрикстың жасуша құрылысы және даму циклі қандай?




11 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

- улотрикс, ульва құрылысымен танысу
Жалпы түсінік

Улотрикс - Ulotrix туысы тұщы суларда, су астындағы затқа түссіз төменгі ризоиды - базальды клеткасы арқылы бекінеді. Олар суға ашық жасыл түс береді. Жіп тәрізді созылып жататын балдырлардың ризоидтарынан басқа клеткалары біркелкі цилиндр пішінді. Клетка қабығы пектин заты араласқан целлюлоздан тұрады. Протоплазмасында бір ядросы, күпшек тәрізді клетка қабырғасына қарай орналасқан хлоропластасы, онда пиреноиды болады. Клетка орталығында түссіз клетка шырынына толы вакуоля орналасады. Клетканың азық қоры ретінде пиреноидтардың айналасыңда крахмал жиналады.

Жіпшіелері қысқа сегменттерге ыдырау арқылы вегетативті көбейеді, бірақ басқа баддырлары сияқты мұндай көбеюі жиі болмайды.

Улотрикс балдыры жыныссыз да және жынысты жолмен де көбейеді. Жыныссыз көбейгенде кез-келген клеткалардан зооспора түзіледі. Зооспоралары құрылымы жағынан хламидомонадаға ұқсас, одан төрт талшығының болуы арқылы ажыратылады. Жыныстық процесс кезінде кейбір клеткалардан гаметалар дамиды.

Гаметалар құрылым жағынан зооспораға ұқсас, алайда олардан сан жағынан көп, ұсақ және екі талшықты болуымен ажыратылады. Әр түрлі жіп талшығынан шыққан гаметалардың қосылуы арқылы жынысты көбейеді. Жіптердің бірін шартты түрде аталық (-), екіншісін аналық (+) деп қарайды. Бұл жағдайда гаметалардың сырт көрінісі ұқсас келеді, жыныс айырмашылығы байқалмайды. Демек, улотрикстің жыныстық процесі - изогамиялық. Екі гамета қосылғаннан кейін 4 талшықты планозигота біраз қозғалыстан кейін тоқтап, қалың қабақпен қапталып, бір клеткалы спорофитке айналады. Ол тыныштық кезеңін өткізіп, редукциялық жолмен бөлініп, көп жағдайда 4-16 зооспора не апланоспора береді. Бұлардың бірінен аналық, екіншісі аталық гаметалар беретін жіптер өседі. Сонымен кейбір улотриксті балдырларда көп клеткалы жіптесінді гаметофит, бір клеткалы спорофитпен алмасады, сөйтіп гетероморфты алмасуы байқалады.

Улотрикс суда азот тұздары жетіспеген уақытта пальмеллевитті күйге көшеді. Ол кезде клетка қабықшасы бөртіп, кілегейленеді, бірақ бөлінуін тоқтатпайды. Соның нәтижесінде кілегейдің ішінде ретсіз клеткалар жиынтығы құралады.

Ульва - Ulva туысы ірі, қабаты тұтас пластинкалы не тармақталған ұзыңдығы 20-150 см-ге, ені 15 см-ге жетеді, төсемікке бекініп тіршілік етеді. Пластинкасы екі қабат клеткалардан құралған, олар бір-бірімен тығыз орналасады. Ульва алғашқы даму кезеңінде улотрикске ұқсас, тарамдалмаған жіп тәрізді. Кейін клеткалардың бірнеше бағытқа қарай бөлінуіне байланысты пластинкалы формаға айналады. Ульва да улотрикс сияқты төрт талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз және екі талшықты гаметалар арқылы жынысты көбейеді. Улотрикстен негізгі айырмашылығы зооспоралар мен гаметалар әртүрлі дарақтарда дамиды. Төрт талшықты зооспора беретін талломды спорофит деп атайды. Зооспоралардың бірі өсе келе аналық, екіншісі аталық гаметофит береді. Бұл жаңа дарақтардың клет-каларының екі талшық-гаметалар дамиды. Ульвы дара жынысты бол-ғандықтан, қарама-қарсы жынысты гаметалар қосылып зигота құрайды, ол тоқтаусыз өсіп жаңа диплоидты дарақ - спорофит береді. Бұдан кейін енді тек төрт талшықты зооспора дамиды. Зооспора дамымас бұрын зооспорангия түзілетін клеткада редукциялық бөлінуі болады.

Зооспоралар және гаметалар түзілетін дарақтардың сыртқы құры-лымында ешқандай айырмашылығы болмайды. Мұндай сыртқы құрылымы жағынан ұқсас, алайда цитологиялық және физиологиялық жағынан айырмашылығы бар ұрпақ алмасуды изоморфты ұрпақ алмасу дейді. Сонымен зооспора беретін дарақты - спорофит, ал гаметалар түзілетін дарақтарды гаметофит деп атайды. Бірінші жағдайда дарақ диплоидты да, екінші жағдайда гаплоидты. Бұл қатардағы балдырларға тән қасиет клеткаларының бөлінуі арқылы дарақтарының тоқтаусыз өсіп отыруы. Ульва балдырын теңіз салаты деген атпен тамаққа пайдаланады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Ульвамен гербарий не фиксацияланған материал арқылы талломның құрылысымен танысыңыз.

2 Ұрпақ алмасу схемасын сызыңыз да ядро фазаларының ауысуын белгілеңіз.

3 Улотрикстың жіпшесінің бөлігін микроскоп арқылы зерттеп, бірнеше жасуша құрылысының суретін саласыз.



Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, ульва, улотрикстың тұрақты препараттары, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 1, 260-263 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Ульва, улотрик балдырлар талломдардың ерекшеліктері, олардың даму жолдары, негізгі өкілдері, олардың құрылысы қандай?

2 Жер бетінде тіршілік етуге байланысты балдырлардың қандай ерекшеліктерін байқадыңыздар? Оған қандай балдырлар жатады және құрылысы қандай?

3 Ульва балдырдың практикалық маңызы неде?




12 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

  • тіркеспелі немесе конъюгация балдырларының сыртқы құрылыстарымен, және көбею түрлерімен танысу

  • спирогираның сыртқы құрылысымен және көбею түрлерімен танысу


Жалпы түсінік

Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі. Оларға бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы тарамдалған және тармадалмаған жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Жасуша қабықшасы целлюлоза мен пектин заттарынан тұрады. Кейбір өкілдерінің жасуша қабықшасы болмайды. Ол цитоплазманың қалыңдаған бөлімі плазмалеммамен қапталған не болмаса перипластан құралады. Жасушалары цитоплазма, ядро, хлоропласт, пиреноид және вакуольден тұрады. Цитоплазмада бір немесе бірнеше хлоропласт болады. Жасыл балдырлардың көпшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Монада құрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, қызыл көзшесі, екі тең талшығы болады.

Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағашты мекендейді.

Кладофора туысы көп жасушалы, тарамдалған жіптесінді балдыр. Жасушасы көп ядролы, хлоропласты, шұрықталған, пирениодты, қабықшасы целлюлозды. Қолмен ұстағанда қатты. Микроскоппен жақсы көру үшін йодпен бояңыз. Крахмал күлгін түске боялады.

Спирогира туысының жасушалары біркелкі, цилиндр пішінді, онда бір немесе бірнеше лента тәрізді оралма орналасқан хлоропласты бар. Бір ірі ядросы, көптеген пиреноиды болады. Сыртқы жасуша қабықшасы пектин затынан, ішкісі – целлюлозадан тұрады.

Жұмыстың орындалуы:

1 Кладофора жіпшесін микроскоптың көмегімен зерттеп, қауымның жалпы құрылысының суретін салу.

2 Үлкен үлкейткішпен жеке жасушаны қарастырып, кладофора жасуша құрылысының суретін саласыз.

3 Микроскоптың кіші және үлкен үлкейткішімен спирогираның құрылысын зерттеп, жасуша органоидтарын салу. Коньюгация үрдісіне көңіл аударып, суретін саласыз.

4 Қорытынды ретінде өкілдердің биологиясын, құрылыстарының ерекшеліктерін жазасыз.

5 Жасуша құрылысымен танысу үшін аквариумдегі жас материалды да пайдалануға болады.

6 Пиреноидты көру үшін препаратты йодты калий ерітіндісімен бояңыз. 7 ядроны көру үшін спиртте тұрған материалды пайдалану қажет. Ол үшін препаратты ашудас каротинімен не гематоксилин бояуымен бояу қажет.

Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, кладофора, спирогираның тұрақты препараттары, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 4, 50-51 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Коньюгацилылардың басты ерекшеліктері мен классификациясы?

2 Спирогираның құрылысы қандай?

3 Коньюгаттар классының дамуы мен шығу тегі жөнінде не білесіздер?


13 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

  • клостериум құрылысымен танысу


Жалпы түсінік

Клостериум - Closterium туысы бір клеткалы организм. Сыртқы пішіні жарты ай тәрізді, екі жақты симметриялы, бір-біріне ұқсас екі жартыдан тұрады. Клетка қабықшасының саңылаулары арқылы кілегейлер шығарады, ол кейде қозғалыс қызметін атқарады. Клетканың ортасында түссіз цитоплазмамен қоршалған ядро орналасқан. Ядроның екі жағында көлденең пластинкалы пиреноидтары бар бір-бірден хлоропластасы болады. Клетканың ұштарында вокуолялары бар. Онда қозғалыста болатын бір, екі не бірнеше кристаликтері орналасқан. Зиготалары әр түрлі пішінді, көлемді, көпшілік уақытта элипсоидты, шар тәрізді, кейде үш бұрышты не төрт бұрышты боялған, не біртекті тегіс боялмаған қабығы болады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Препарат дайындаңыз. Клостериумы бар бір тамшы су зат әйнегіне тамызып жабын әйнегімен жауып, алдымен микроскоптың кіші көрсеткішімен қарап, керек балдырды табыңыз, одан кейін үлкен көрсеткішімен қарап, құрылысымен танысыңыз. Суретін салыңыз. Басқа өкілдермен танысыңыз.

2 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Әдебиет: 1, 284 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Клостериум талломның морфологиялық структурасы.

2 Клостериум балдырға қандай вегетативтік көбеюлердің түрлері тән?

3 Клостериум балдырының практикалық маңызы.


14 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:


  • хара балдырларының сыртқы құрылысымен танысу


Жалпы түсінік

Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целлюлоздан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін полисахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларын қалдығынан құралған. Целлюлоздан айырмашылығы – түзу тізбек құрамай спиральды тізбек құрайды, оның сыртына кальций карбонаты жиналады да, өсімдікке қаттылық қасиет береді. Буындағы уақ клеткалары бір ядролы болса, буын аралықтарындағы ірі клеткалар көп ядролы. Клетканың қабырғалық қабатына қарай жатқан цитоплазмада жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлорофилл дәндері сияқты көптеген дөңгелек хлоропласталары орналасқан. Хлоропласт құрылысы жағынан жасыл балдырлармен бірдей. Хлоропластыларында хлорофиллдің а, в пигменттері мен каротиноидтары болады. Қор заты ретінде крахмал жиналады. Пиреноидтары болмайды.

Ересек клеткалардан цитоплазманың айналмалы қозғалысы байқалады. Басқа организмдермен салыстырғанда протопластың айналысы тез. Клетканың орталық бөлімін клетка шырыны бар вокуоля алып жатады.

Жұмыстың орындалуы:

1 Хара балдыры аквариумда жақсы өседі. Онымен танысу үшін сүрленген материалды пайдаланып, сыртқы құрылысымен танысыңыз. Ол үшін бинокулярлы лупаны пайдаланыңыз.

2 Хара балдырлардың талломдарын тұрақты микропрепараттардан, алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарап зерттеп, суретке салып, детальдарын белгілеу.

3 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.



Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, хараның тұрақты препараты, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 1, 293 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Хара балдырларының анатомиялық құрылысы қандай?

2 Хара балдырларының қандай практикалық маңызы бар?

3 Хара балдырларына қандай теориялық зерттеулер жүргізіледі?




15 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі

Мақсаты:

  • хара балдырларының көбею түрлерімен танысу


Жалпы түсінік

Харалар – күрделі харафитті құрылымды, жоғары сатыда дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20-30, кейде 50-100 сантиметрге жететін балдырлар. Басқа балдырлардан басты айырмашылығы – архегониялы өсімдіктер сияқты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуында. Хара балдырларының алғашқы даму уақытында талломның барлық клеткалары бір ядролы болады. Клетка көбею уақытында, ядролары митотикалық жолмен бөлінеді де, хромосома сандар,оның көлемдері мен мөлшері әр түрлерінде әр түрлі болады. Харафиттердің буын аралықтарын және көпшілігінің жапырақтарын қабық деп аталатын арнаулы клеткалар қаптап жатады. Сабақтың қабығы хара балдырында жақсы жетілген. Хара балдырлары тармақталған ризоидтары арқылы төсемікке бекініп жатады.



Жұмыстың орындалуы:

1 Тұрақты препаратынан хараның жынысты мүшелері – оогоний мен антеридийімен танысып, суретін салу.

2 Хара ризоидтарында пайда болатын түйнектерін зерттеп, суретін салу.

3 Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.



Қажетті құрал-жабдықтар: суда өсірілген балдырлар бар және топырақ тұнбасы бар стакан, хараның тұрақты препараты, микроскоптар, зат шынысы, жабын шынысы, мақта, пинцет, көркем кестелер, кеппешөптер (гербарий).

Әдебиет: 3, 147-149 бет.

Қайталау сұрақтары:

1 Қандай белгілеріне қарап хара балдырларын жеке бөлім ретінде қарайды?

2 Хараларда ядро фазаларының ауысуы қалай жүреді?

3 Харалардың жынысты көбеюі және жыныс органдарының басқа балдырламен филогенетикалық байланыстары неде?


Тесттер

1 Жасушаларында ядро, хроматофоралар, вакуольдер және нағыз митохондриялары жоқ балдырлар:

А) сары-жасыл

В) қоңыр

С) қызыл

D) жасыл

Е) көк-жасыл

2 Балдырларды зерттейтін ғылым саласы:

А) микология

В) бриология

С) эмбриология

D) лихенология

Е) альгология

3 Балдырларға тән қоректену тәсілі:

А) хемотрофт

В) фототрофты

С) гетеротрофты

D) аралас

Е) барлық жауаптары дұрыс

4 Балдырлардың стигма функциясы:

А) фоторецепция

В) фотосинтез

С) фоторедукция

D) қозғалыс

Е) барлық жауаптары дұрыс

5 Хламидомонаданың жыныссыз көбеюі жүзеге асады:

А) жасушалардың тең екі бөлікке бөлінуі арқылы

В) апланоспорамен

С) талшықты споралармен

D) өсу арқылы

Е) барлық жауаптары арқылы

6 Суда тіршілік ететін талшықсыз біржасушалы балдыр:

А) хламидомонада

В) хлорелла

С) улотрикс

D) спирогира

Е) ламинария

7 Қоңыр балдырлардың үлкен тереңдікте тіршілік етуі немен байланысты:

А) дене морфологиясына

В) субстратқа беку қабілетінің дамуына

С) олардың көк және күлгін түстерді сіңіре алатындығына

D) гетеротрофты тамақтану тәсіліне

Е) барлық жауаптары дұрыс

8 Амебоидтық құрылымы бар дене қандай балдырларға тән:

А) жасыл

В) диатомды

С) қоңыр

D) харалы

Е) алтын

9 Топырақта тіршілік ететін түрлері көбірек кездесетін балдырлар бөлімі:

А) көкшіл-жасыл

В) диатомды

С) жасыл-сары

D) жасыл

Е) эвгленді

10 Дененің пластина тәрізді құрылымы қандай балдырларға тән:

А) алтын

В) эвгленді

С) қызыл

D) диатомды

Е) көкшіл-жасыл

11 Қар мен мұзда жиі таралған балдырлар:

А) эвгленді

В) диатомды

С) харалы

D) қоңыр

Е) алтын

12 Қай балдырлар тұзды су қоймаларды қалайды:

А) эвгленді

В) диатомды

С) харалы

D) көкшіл-жасыл

Е) қызыл

13 Тіршілік ету циклінде диплобионт фазасы тән:

А) зигнемді

В) ульвалар

С) сфероплен

D) ламинариялар

Е) салбыраңқы улотрикс

14 Балдырлардың қайсысына дененің монадты құрылымы тән:

А) спирогиралар

В) хламидомонадалар

С) анабеналар

D) ламинариялар

Е) улотрикс

15 Жіпше таллом қай балдырға тән:

А) энтероморфтер

В) вольвокс

С) хлореллалар

D) спирогиралар

Е) анабеналар

16 Пластина тәрізді таллом қай балдырларға тән:

А) улотрикс

В) эктокарпус

С) ламинариялар

D) спирогиралар

Е) анабеналар

17 Қай балдырлардың жасушалары кремнийлі топырақты панцирмен қапталған:

А) спирогиралар

В) вольвокс

С) хламидомонадалар

D) хлореллалар

Е) пиннуляриялар

18 Қай балдырларға тостаған тәріздес хроматофоралар тән:

А) хламидомонадалар

В) спирогиралар

С) улотрикс

D) энтероморфтар

Е) ламинариялар

19 Қай балдырларға оралма лента тәрізді хроматофоралар тән:

А) вольвокс

В) улотрикс

С) ульва

D) спирогиралар

Е) зигнемалар

20 Хроматофор – бұл:

А) өсімдіктердің жасыл пигменті

В) бір ірі хлоропласт

С) көп дөңгелек хлоропласт

D) әрдайым оралма түрдегі лента

Е) өсімдіктердің сары пигменті

21 Диатомды балдырлар:

А) біржасушалы, көпжасушалы

В) біржасушалы, отарланған

С) жіпшетәрізділер, пластинатәрізділер

D) монадты, жіпшетәрізділер

Е) пластинатәрізділер, пальмелоидтылар

22 Денесі пелликуламен қапталған:

А) улотрикс

В) эвглена

С) хламидомонада

D) перациум

Е) ульва

23 Қай таллом фукус түріне жатады:

А) монадты

В) ценобиалды

С) гетеротрихальды

D) пластинатәрізді

Е) амебоидты

24 Пиннулярия түрі балдырлардың қай бөліміне жатады:

А) алтын

В) қызыл

С) диатомды

D) қоңыр

Е) жасыл

25 Фукус түрі қай балдырлар бөліміне жатады:

А) қоңыр

В) жасыл

С) қызыл

D) алтын

Е) харалы

26 Агар-агарды қай балдырдан алады:

А) жасыл

В) қоңыр

С) қызыл

D) алтын

Е) харалы

27 Парамилон көмірсуы қосымша заты қай балдырлардың жасушасына жиналады:

А) диатомды

В) қоңыр

С) эвгленді

D) қызыл

Е) алтын

28 Даму цикліне белсенді кезеңдер тән емес балдырлар:

А) жасыл

В) қоңыр

С) қызыл

D) көк-жасыл

Е) эвгленді

29 Қай бөлімге жататын балдырлар қосымша заттар – май және ламинаринді жинайды:

А) жасыл

В) қоңыр

С) қызыл

D) харалы

Е) көк-жасыл

30 Анабена түрі балдырлардың қай бөліміне жатады:

А) жасыл

В) диатомды

С) көк-жасыл

D) қоңыр

Е) алтын

31 Пиреноидалар қайда орналасқан:

А) ядрода

В) митохондрияда

С) вакуольде

D) хроматофорада

Е) рибосомада

32 Қызғылт крахмал қосымша заты қай балдырларда болады:

А) қызыл

В) қоңыр

С) жасыл

D) диатомды

Е) харалы

33 Ұзындығы ондаған метрге жететін ең ірі балдыр:

А) ульва

В) улотрикс

С) спирогира

D) порфира

Е) ламинария

34 Жыныссыз тәсіл арқылы ғана көбейетін балдыр:

А) харалы

В) қоңыр

С) қызыл

D) жасыл

Е) көкшіл-жасыл

35 Өлшемі бойынша әртүрлі қозғалғыш гаметалардың қосылуы қалай аталады:

А) гетерогамия

В) изогамия

С) оогамия

D) хологамия

Е) коньюгация

36 Вегетативті жасушаның ішіндегі заттың копуляциялық арна арқылы қосылуын қалай

атаймыз:

А) изогамия

В) гетерогамия

С) коньгация

D) хологамия

Е) оогамия

37 Коньюгация жыныстық процесі балдырлардың қай класына тән:

А) улотрикстік

В) протококктық

С) вольвокстық

D) сцепляндық

Е) сифондық

38 Балдырлар бөлімінің қай өкіліне талломның тармақталуы мен көпжасушалы жыныс

мүшелері тән:

А) сары-жасыл

В) диатомды

С) харалы

D) жасыл

Е) көк-жасыл

39 Жасушалары сыртынан шақпақты сауытпен қапталған балдырлар қай бөлімге жатады:

А) қоңыр

В) диатомды

С) қызыл

D) жасыл

Е) харалы

40 Бірядролы жасушалар, дәнтәрізді хроматофоралар, ламинарин қосымша заттар және майлар балдырлардың қай бөліміне тән:

А) қоңыр

В) қызыл


С) жасыл

D) сары-жасыл

Е) көк-жасыл

41 Эпитека мен гипотека қай бөлімге жататын балдырлардың сауытының жартысы:

А) қызыл

В) қоңыр

С) диатомды

D) харалы

Е) жасыл

42 Вошерия балдырлардың қай бөліміне жатады:

А) қоңыр

В) диатомды

С) алтын

D) сары-жасыл

Е) жасыл

43 Ең көп түрлерді (13000-ға жуық) қамтитын балдырлар бөлімі:

А) эвгленді

В) диатомды

С) сары-жасыл

D) көк-жасыл

Е) жасыл

44 Түйін мен түйінаралыққа дифференцияланған қырықбуынның өркеніне ұқсайтын

бұтақталған қабат қай балдырларда қалыптасады:

А) пиннулярий

В) спирогира

С) вошерия

D) хара

Е) зигнема

45 Қоңыр балдырлардың ішінде тағамдық өсімдік ретінде пайдаланылады:

А) эктокарпус

В) фукус

С) ламинария

D) диктиота

Е) кутлерия

46 Жасыл балдырларға ғана тән органоид:

А) вакуоль

В) ядро

С) хроматофор

D) стигма

Е) барлық жауап дұрыс

47 Спирогираның мекендейтін орны:

А) дымқыл топырақ

В) тұщы суқойма

С) ағаш қабығы

D) теңіздік орта

Е) қақпалар

48 "Теңiз қырыққабаты" деп қандай өсiмдiктi атайды:

А) балдырларды

В) мүктердi

С) саңырауқұлақтарды

D) бактериаларды

Е) шаңжапырақтарды

49 Йод және бром қандай балдырлардың күлiнде кездеседi:

A) жасыл


B) диатомды

C) алтын түстес

D) қоңыр

E) көк-жасыл

50 Хара және хлорелла балдырлардың қай бөлiмiне жатады:

A) жасыл


B) қоңыр

C) қызыл


D) диатомды.

E) алтын


51 "Эпитека" және "гипотека" қандай балдырларға тән:

A) жасыл


B) қоңыр

C) қызыл


D) диатомды

E) алтын


52 Пиреноид дегенiмiз не:

A) крахмал

B) белок денешiктерi

C) май тамшылары

D) витаминдер

E) қант


53 Конъюгация қандай балдырларға тән:

A) вольвоксқа

B) спирогираға

C) хараға

D) пинулярияға

E) хлореллаға

54 Бентосты балдырларға жататындар:

A) жасыл


B) қызыл

C) көкжасыл

D) диатомды

E) алтын түстес

55 Хара балдырларында жұмыртқа жасушасы пайда болады:

A) оогонияларда

B) антеридияларда

C) архегонияларда

D) гаметангияларда

E) зиготада

56 Жұмыртқа клетка түзілетін балдырлардың мүшесі не деп аталады:

А) оогониилер


В) антеридилер

С) гаметангилер


D) зигота


Е) архегонилер

57 Балдырларда кездеспейтін жыныс процесін атаңыз:

А) коньюгация

В) оогамия

С) изогамия

D) гетерогамия

Е) плазмогамия

58 Спирогира қалай көбейеді:

А) коньюгация

В) аскоспоралармен

С) базидиоспоралармен

D) конидиялармен


Е) жеміс денелерімен

59 Қыналар денесінін құрамына қандай балдырлар кіреді:

А) жасыл

В) қызыл


С) қоңыр

D) диатомды


Е) алтын

60 Қандай балдырлардың вегетативті көбеюі «арнайы түйнектер» жәрдемімен өтеді:

А) диатомды

В) хараларда

С) тек талшықтыларда

D) қоңыр


Е) қызыл

61 Ядро, цитоплазма, хромотофор, митохондриялар деген органоидтар қандай ағзаларға

тән:

А) бактерияларға



В) балдырларға

С) саңырауқұлақтарға


D) мүктерге


Е) вирустарға

62 Бактерияларда бір клеткалы балдырлармен салыстырғанда:

А) бірнеше ядро бар

В) дамыған ядро жоқ.

С) ядро қабықшаның қасында орналасады

D) ядрода бірнеше хромосома орналасады


Е) ядрода бір ғана сақиналы хромосома

63 Жабықтұқымдас өсімдіктермен салыстырғанда балдырлардың жасушаларында не болмайды:

А) ядро

В) хроматофора

С) цитоплазма

D) жасуша қабықшасы

Е) тамыр жүйесі

64 Жіпшетәрізді балдырлардың денесі неден тұрады:

А) жасушалардың көп қабатынан

В) екі жасушадан

С) жасушалардың бір қатарынан

D) бір жасушадан

Е) төрт жасушадан

65 Балдырлар суасты жартастарына қалай бекіп тұрады:

А) тамыр шашақтарымен

В) тамырларымен

С) гаусториямен

D) ризоидалармен

Е) өркендерімен

66 Балдырлардың ризоидалары – бұл:

А) тамыр тәріздес өскіндер

В) тамыр шашақтары

С) гаусториялар

D) қапталдас тамырлар

Е) қосымша тамырлар

67 Гүлді өсімдіктер сияқты балдырлар да:

А) ризоидалары болады

В) талшықтары бар

С) фотосинтезді жүзеге асырады

D) хромотофорасы болады

Е) айырмашылығы жоқ

68 Балдырлардан алынатын өндірістік өнім:

А) оттегі

В) көмірқышқыл газы

С) азот

D) йод


Е) аммиак

69 Қай балдырлар белсенді түрде қозғала алады:

А) бәрі де

В) тек біржасушалылар

С) талшықтары барлар

D) тек колониялдылар

Е) тек екі жасушалылар

70 Азық бола алатын суда мекендейтін талшықсыз біржасушалы балдырлар:

А) хламидомонада

В) хлорелла

С) улотрикс

D) спирогира

Е) ламинария.

71 Балдырлардың қарапайым құрылымының пішіні:

А) ризоподиальді

В) коккоидты

С) монадты

D) сифональды

Е) жіпшелі

72 Жоғары деңгейде үйымдастырылған таллом:

А) пластиналық

В) хонкоидты

С) жіпшелі

D) сифонды

Е) ұлпалы

73 Негізінен вегетативті көбеетін түрлер:

А) Rhodophyta, Phaeopheta

В)Xantophyta, Eyglenophyta

С) Cyanophyta, Charophyta

D) Cyanophyta, Eyglenophyta

Е) Chlorophyta, Dinophyta

74 Барлық өкілдері көпжасушалы балдырлар бөлімі:

А) қызыл, қоңыр

В) жасыл, сары-жасыл

С) қоңыр, харалық

D) динофит, криптофит

Е) көк-жасыл, алтын

75 Ұлпа түзетін тилакоид тән балдырлар:

А) Chlorophyta, Eyglenophyta

В) Chlorophyta, Charophyta

С) Chlorophyta, Xantophyta

D) Chlorophyta, Phodophyta

E)Chlorophyta, Rhodophyta

76 Паренхиматозды құрылым кездесетін балдырлар:

А) диатомды

В) эвгленді

С) қоңыр

D) динофитті

Е) қызыл

77 Монадты ұйымдастықтың алуандығына сай түр:

А) қозғалмайтын ценобий

В) апланоспора, автоспора

С) жылжымалы колониялар мен ценобий

D) акинеттер, хламидоспора

Е) циста, гетероциста

78 Газ вакуолі бар балдырлар бөлімі:

А) қызыл

В) жасыл


С) алтын

D) көк-жасыл

Е) қоңыр

79 Волютин, анабенин, гликоген заттары жиналатын балдырлар бөлімі:

А) жасыл

В) сары-жасыл

С) көк-жасыл

D) динофиттер

Е) криптофиттер

80 Көк-жасыл балдырларға тән пигменттер:

А) а,с хлорофилл, фикоэритрин, фикоцианин

В) а, в хлорофилл, фикоэритрин, фикоцианин

С) а хлорофилл, фикоэритрин, фикоцианин, аллофикоцианин

D) а, в хлорофилл, астоксантин, неоксантин, антероксантин

Е) а, d хлорофилл, фикобилин, каротиноид

81 Көк-жасыл балдырлардың жасуша қабықшасының құрамындағы зат:

А) целлюлоза

В) крахмал

С) хитин

D) муреин

Е) хитозан

82 Цианофиттердің жасуша қабықшасы:

А) ішкі-целлюлоза, сыртқы- халлоза

В) целлюлозды, целлюлозо-пектинді

С) целлюлозды, қабықша жоқ, пеликула

D) пектинді, муреин бар

Е) хитинді

83 Көк-жасыл балдырлардың цитоплазмасының ішкі ортаңғы боялмаған бөлігі:

А) гипотека

В) эпитека

С) эпиплазма

D) хроматоплазма

Е) центроплазма

84 Көк-жасыл балдырлардың цитоплазмасының боялған бөлігі:

А) гипотека

В) эпитека

С) эпиплазма

D) хроматоплазма

Е) центроплазма

85 Жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар:

А) трибонема, гетеродендрон

В) осциллатория, спирулина

С) микроцистис, глеокапса

D) мерисмопедия, анабена

Е) несток, лингбия

86 Басқа өсімдіктермен көк-жасыл балдарлардың туыстығы:

А) ядро жоқтығы

В) хлоропласт жоқтығы

С) жасуша шырыны бар вакуолдың жоқтығы, газ вакуольдеріні бары

D) оксигендік фотосинтез

Е) жасуша қабықшасының ультра структурасы

87 Қоршаған ортадағы өзгерістерге бейім болу үшін пайда болған балдырлардың вегетативті көбеюінің арнайы түрі:

А) гормогонийлер

В) эндоспоралар

С) экзоспоралар

D) акинеттер

Е) гетероцисталар

88 Гонидиялармен, коккалармен, планококкалармен көбеетін балдырлар:

А) Chlorophyta

B) Cyanophyta

C) Charophyta

D) Chrysophyta

E) Xantophyta

89 Көк-жасыл балдырлардың вегетативті көбеюіндегі арнайы түрді белгілеңіз:

А) апланоспора мен зооспора

В) гормогония мен жасуша бөлінуі

С) бүршіктер

D) қосалқы бүршіктер

Е) түйнектер

90 Жеуге жарамды цианейдің түрін белгілеңіз

А) микроцистис

В) носток

С) глеокапса

D) осцилятория

Е) анабена

91 Көк-жасыл балдырлардың қоректену типіне сай түрін белгілеңіз:

А) хемоавтотрофтар

В) сапрофиттер

С) гетеротрофтар

D) миксотрофтар

Е) фотоавтотрофтар

92 Қазіргі кездегі альгологтар қолданатын классификациялық жүйенің авторы:

А) Кондратьева

В) Пашер


С) Линней

D) Зверова

Е) Галлербах, Полянский

93 Вольвокс қатарына тән емес жынысты көбею:

А) изогамия

В) гетерогамия

С) оогамия

D) гологамия

Е) соматогамия

94 Хатофоралық, эдогониялық, кладосифоналық балдырларға сәйкес бөлім:

А) көк-жасыл

В) сары- жасыл

С) жас

D) эвгленаны



Е) қоңыр

95 Түтікшелі вегетативті денесі тән балдыр:

А) улотрикс

В) энтероморфа

С) драпанальдия

D) ульва


Е) празиола

96 Сифоналды құрылым тән балдырлар:

А) жасыл, сары - жасыл

В) жасыл, қоңыр

С) қызыл, көк-жасыл

D) сары – жасыл, хризомонадты

Е) криптофит, динофит

97 Жылбұрынға морфологиялық белгілерімен ұқсас балдырларды белгілеңіз:

А) хатофоралық

В) хризомонадалық

С) эдогониялық

D) харалық

Е) кладофоралық

98 Аплано- немесе автоспоралар түзетін жасыл балдырлар қатарын белгілеңіз:

А) вольвокстар

В) тетраспоралылар

С) протококкалылар

D) кладофоралылар

Е) эндогониялылар

99 Қызыл балдырларға тән пигменттер:

А) а, d хлорофилл, фикобилин

В) а,в хлорофилл, каротиноид

С) а,с хлорофилл, ксантофилл

D) а,с хлорофилл, ксантофилл, перидинин

Е) а,с хлорофилл, ксантофилл, диатомин

100 Қызыл балдырлар жыныссыз көбейгенде қатысатын арнайы споралар:

А) жыныссыз көбею жоқ

В) эндо-, экзоспоралар

С) амебоидтар, апланоспоралар

D) аплано-, автоспоралар

Е) моно-, ди-, тетра-, полиспоралар

101 Қоңыр балдырлардың практикалық маңызы:

А) агар-агар алады

В) қоректік

С) токсикоз тудырады

D) судың “гүлденуін” тудырады

Е) судың көрсеткіші болып келеді

102 Фитонейстон- бұл ............ өмір сүретін ұзақ өсімдіктердің жиынтығы:

А) тұзды суда

В) ыстық суда

С) су бетінде

D) су ішінде

Е) судың тереңінде (түбінде)

103 Жануарлардың үстінде тіршілік ететін балдырлар:

А) эпифиттер

В) эпизоидтар

С) геофиттер

D) перифитон

Е) нейстон

104 Балдырлар мен саңырауқұлақтарда жынысты көбейгенде дамитын аналық мүшені белгілеңіз:

А) карпагон

В) аскогон

С) оогоний

D) архикарп

Е) архегоний

105 Харалық балдырлардың көбею түрі:

А) изогамия

В) гетерогамия

С) оогамия

D) коньюгация

Е) гологамия

106 Харалық балдырлардың ассимиляция нәтижесіндегі зат:

А) гликоген, волютин

В) анабенин, парамилон

С) крахмал, май

D) багрянкалық крахмал, май

Е) крахмал, волютин

107 Криптофиттерге тән денесінің пішіні:

А) түссіз бұтақты колониялар

В) айналмалы, тегісті

С) бірсимметриялы

D) біржасушалы, дорзовентралді

Е) екі жақты симметриялы

108 Монадтық құрылымға ие өкілдер:

А) Chamydomonas Volvox

B) Chlorella, Pediastrum

C) Spirogyra, Mougeotia

D) Oscillatoria, Spirulina

E) Caulerpa, Valonia

109 Парамилонның жиналуы тән балдырлар:

А) диатомдық

В) сары-жасыл

С) жасыл

D) көк-жасыл

Е) эвгленалық

110 Пеликула тәрізді жасуша қабықшаға ие балдырлар:

А) эвгленалық

В) жасыл


С) көк-жасыл

D) диатомдық

Е) харалық

111 Жасыл балдырларға тән пигменттер:

А) хлорофилл а,с, фикобиллиндер

В) хлорофилл а,в, фикобиллиндер

С) хлорофилл а,d, фикобиллиндер

D) хлорофилл а,в, каротиноидтар

Е) хлорофилл а,с,е, каротиноидтар

112 Қоңыр балдырларға тән пигменттер:

А) хлорофилл а,d, фикобиллиндер

В) хлорофилл а,в, каротиноидтар

С) хлорофилл а,с, ксантофиллдер мен каротиндер

D) хлорофилл а,с, ксантофилл

Е) хлорофилл а, фикобиллиндер

113 Ламинариялықтардың вегетативті денесінде кездесетін ұлпалар түрі:

А) ризодерма, өткізгіш ұлпалар

В) меристодерма, қабық, аралық буын мен өзек

С) ассимиляциялық, қор жинаушы, арқаулық өткізгіш

D) бөліп шығарушы ұлпалар

Е) меристема, өткізгіш ұлпалар

114 Үш фазалық даму циклі тән балдырлар бөлімі:

А) Phaeopyta

B) Chlorophyta

C) Xantophyta

D) Rhodophyta

E) Charophyta

115 Талломның амебоидтық құрылымы сақталған балдырлар:

А) алтын және сары-жасыл

В) динофитті және эвгленалық

С) диатомды және жасыл

D) харалық және қоңыр

Е) қызыл және хриптофитті

116 Гаплобионтты балдырларда кездесетін өмір сүру циклінің типі:

А) диплогаплофазалық тип

В) диплоидтық тип

С) гаплофазалық тип

D) изоморфтық тип

Е) гетероморфтық тип

117 Қызыл балдырда дамитын аналық репродуктивті мүшелер:

А) оогоний

В) архикарп

С) архегоний

D) карпагон

Е) базидий

118 Жасыл балдырлардың жасуша қабықшасының химиялық табиғатын белгілеңіз:

А) хитиндік

В) целлюлозалық

С) пелликулалық

D) перипластық

Е) кремнеземдік

119 Көк-жасыл балдырлардың фотосинтез нәтижесінде пайда болатын заты:

А) крахмал мен май

В) парамилон

С) багрянкалық крахмал

D) гликоген, волютин, цианофициналық дәндер

Е) хризоламинарин

120 Талломның ұлпаларға бөліну белгісі тән балдырлар тобы:

А) Chlorophyta, Phyrophyta

В) Rhodophyta, Xantophyta

C) Cyanophyta, Chrysphyta

D) Phaephyta, Charophyta

E) Euglenophyta, Diatomeae

121 Пирофитті балдырлардың өсімдіктермен ұқсастығын дәлелдейтін белгілер:

А) белсенді қозғалыс

В) оксигенді фотосинтез

С) жасуша құрылымының мезокариотикалық типі

D) гетеротрофты қоректену типі

Е) гликоген түзу

122 Қоңыр балдырлар классификациясы негізінде жататын принциптер:

А) сауыт морфологиясы

В) таллом типі

С) өмір циклінің типі

D) аналық репродуктивті мүшелердің құрылысы және гонимобласттың даму үрдісі

Е) талшықтық аппараттың құрылысы

123 Сауыттың жармасында құрылымдық бірліктердің орналасу белгісі тән балдырлардың тобы:

А) Chlorophyta

В) Rhodophyta

С) Cyanophyta

D) Baccillariophyta

E) Euglenophyta

124 Ламинариялық балдырлардың таллом құрылымында кездесетін ұлпалар типтері:

А) меристема, жабындық ұлпа

В) ассимиляциялық, қор жинаушы, арқаулық өткізгіш

С) меристодерма, кора, аралық қабат пен өзек

D) ризодерма, өткізгіш ұлпалар

Е) бөліп шығарушы ұлпалар

125 Арнайы бұтақшалармен көбеетін балдырлар:

А) хлорофиттер

В) ксантофиттер

С) родофиттер

D) фаефиттер

Е) харофиттер

126 Ауксоспора- бұл:

А) көк-жасыл балдырлардың экзогендік спорасы

В) эвгленалық балдырлардың эндогендік спорасы

С) диатомды балдырлардың зиготасы

D) ауксині бар спора

Е) диатомды балдырлардың автоспорасы

127 Апланоспора – бұл:

А) қозғалмалы спора

В) қозғалыссыз спора

С) аналық жасушаға ұқсас спора

D) спорангийда бір-бірден болатын спора

Е) спорангийда төрт-төрттен болатын спора

128 Гаметангий дегеніміз:

А) спора пайда болатын мүше

В) гаметогамия жүретін мүше

С) зигота түзілетін мүше

D) гамета түзілетін мүше

Е) гаметангиогамия жүретін мүше

129 Стигма – бұл

А) қозғалыстық органелла

В) көк-жасыл балдырлардың талшық тәрізді органелласы

С) фоторецептор

D) талшық негізіндегі тәрізді жуандық

Е) жарық сигналын күшейтүші перде

130 Эпитека- бұл:

А) динофиттердің қуысының үстіңгі бөлігі

В) динофиттердің қуысының төменгі бөлігі

С) диатомдылардың сауытының үлкен жармасы

D) диатомдылардың сауытының кіші жармасы

Е) эписоманың қабығы

131 Гипотека – бұл:

А) динофиттердің қуысының үстіңгі бөлігі

В) динофиттердің қуысының төменгі бөлігі

С) диатомдылардың сауытының үлкен жармасы

D) диатомдылардың сауытының кіші жармасы

Е) эписоманың қабығы

132 Құрамындағы жасушалары морфологиясы және қызметі бойынша ажыратылатын шар

тәріздес колонияны құрайтын екіталшықты балдыр:

А) плеврококк

В) спирогира

С) вольвокс

D) зигнема

Е) ульва


133 Балдыр жасушалары қынаның қабатында біркелкі таралған, мұндай таллом қалай аталады:

А) жапырақты

В) қабықты

С) қақты

D) гетероөлшемді

Е) гомеоөлшемді

134 Балдырлар денесiнің құрамына не кіреді:

А) тамыр және жапырақтар

В) жапырақтар

С) ризоидтер

D) қатпарлар

Е) өркен


135 Хлорелла деген балдырдың көбеюi:

А) конидиелармен

В) аскоспоралармен

С) автоспоралармен

D) гаметалармен

Е) жемiстiденелерiмен

136 Харалық балдырлардың жынысты көбеюі:

А) изогамия

В) гетерогамия

С) оогамия

D) коньюгация

Е) гологамия

137 Балдырлар мен саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің аналық мүшесі:

А) карпогон

В) аскогон

С) оогоний

D) архикарп

Е) архегоний

138 Жылбұрынға ұқсас балдыр:

А) хатофоралық

В) сары- жасыл

С) эдогиниялық

D) харалық

Е) кладофоралық

139 Багрянка деп аталатын балдырлар:

А) жасыл


В) қоңыр

С) қызыл


D) диатомды

Е) сары-жасыл

140 Хлоропластта орналасқан ақуызды стромасы бар балдырдың органоиды:

А) пиреноид

В) ядро

С) митохондрия



D) рибосома

Е) Гольджи аппараты

141 Жасыл балдырларда жиналатын қор заттары:

А) гликоген

В) багрянкалық крахмал

С) крахмал

D) парамилон

Е) ламинарин

142 Харалық балдырлардың вегетативті көбеюі:

А) көбеймейді

В) түйнекпен

С) өркенмен, жасуша бөлінуімен

D) жасуша бөлінуімен

Е) ұрықтық өркен

143 Плазмогамия дегеніміз:

А) гаметалардың қосылуы

В) гаметенгиялардың қосылуы

С) гаметалырдың пайда болу үрдісі

D) протопластардың қосылуы

Е) плазмидтардің қосылуы

144 Кариогамия дегеніміз:

А) гаметалардың қосылуы

В) протопластардың қосылуы

С) ядролардың қосылуы

D) вегетативті жасушалардың қосылуы

Е) споралардың пайда болуы

145 Прокариоттар қандай белгілермен сипатталады?

А) ядро мембранасы, митоз, мейоз жоқ

В) митохонрий мен күрделі талшықтары жоқ

С) жыныс процесі мен хлоропластары жоқ

D) клетка қабықшасының құрамында целлюлозасы жоқ

E) барлық жауап дұрыс

146 Бактерияларда қор заты ретінде не жиналады?

А) май


В) гликоген, волютин

С) крахмал

D) анабенин

E) дұрыс жауап жоқ

147 Не себептен бактериялар жоғарғы және төменгі температураға шыдамды келеді?

А) клетка қабығының болуынан

В) эндогендік спора түзуінен

С) экзогендік спора түзуінен

D) циста құруынан

E) дұрыс жауап жоқ

148 Пальмелоидты құрылысты балдырлар деп:

А) бірнеше клеткалар жиынтығының клегейдің ішінде бір-бірімен байланыссыз орналасуы

В) бірнеше клеткалар клегейдің ішінде бір-бірімен байланысқан түрлері

С) көптеген клеткалардың плазмодесмалар арқылы байланысып клегейдің ішінде жатуы

D) қозғалмайтын жекелеген клеткалардың не қауымдардың клегейдің ішінде орналасуы

E) дұрыс жауап жоқ

149 Қай балдырлар бөлімінде жыныссыз көбею болмайды?

А) жасыл, көк-жасыл, диатомды

В) көк-жасыл, хара, қоңыр

С) қызыл, жылтырауық сары, сары-жасыл

D) хара, криптофитті, жасыл

E) көк-жасыл, диатомды, хара

150 Төмендегі бөлімдердің қайсысы тек вегетативтік жолмен көбейеді?

А) Rhodophyta, Phaeophyta

В) Xantophyta, Euglenophyta

С) Cyanophyta, Charophyta

D) Cyanophyta, Euglenophyta

E) Euglenophyta, Bacillariophyta

151 Қандай балдырлар бөлімінде барлық өкілдері көп клеткалы болып келеді?

А) қызыл, қоңыр

В) жасыл, сары-жасыл

С) хара, қоңыр

D) динофитті, криптофитті

E) көк-жасыл, жылтырауық –сары

152 Төмендегі бөлімдердің қайсысында тилакоидтар қыр құрады?

А) Chlorophyta, Euglenophyta

В) Chlorophyta, Charophyta

С) Chlorophyta, Xantophyta

D) Chlorophyta, Phaeophyta

E) Chlorophyta, Rhodophyta

153 Қандай вакуоль клетка құрамындағы артық суды сыртқа шығарып отырады?

А) газ вакуолясы

В) кәдімгі вакуоль

С) пузула

D) жиырылғыш вакуоль

E) дұрыс жауабы жоқ

154 Қандай балдырлар бөлімінде гликоген, анабенин, волютин жиналады?

А) жасыл


В) сары-жасыл

С) көк-жасыл

D) динофитті

E)криптофитті

155 Төмендегі пигменттердің қайсысы көк-жасыл балдырларға тән?

А) хлорофилл а, с, фикоэритрин, фикоцианин

В) хлорофилл а, в, фикоэритрин, фикоцианин

С) хлорофилл а, фикоэритрин, фикоцианин, аллофикоцианин

D)хлорофилл а, в, астоксантин, неоксантин, антероксантин

E) хлорофилл а, d, фикобилиндер, каротиноидтар

156 Төмендегі заттардың қайсысы көк-жасыл балдырлардың клетка қабықшасының құрамына енеді?

А) целлюлоза

В) крахмал

С) хитин


D) муреин

E) хитозан

157 Көк-жасыл балдырлардың цитоплазмасының ортаңғы боялмаған бөлімін қалай атайды?

А) гипотека

В) эпитека

С) эпиплазма

D) хромоплазма

E) центроплазма

158 Көк-жасыл балдырлардың цитоплазмасының боялған бөлімін қалай атайды?

А) гипотека

В) эпитека

С) эпиплазма

D) хромоплазма

E) центроплазма

159 Қоректену түрлеріне қарай көк-жасыл балдырлар:

А) хемоавтотрофтылар

В) сапрофитті

С) гетеротрофты

D) миксотрофты

E) фотоавтотрофты болады

160 Қандай балдырлар морфологиялық құрылысы жағынан қырық буынға ұқсас келеді?

А) хатофоралықтар

В) хризомонадалықтар

С) эдагониялықтар

D) харалықтар

E) кладофоралықтар

161 Қоңыр балдырлардың қандай маңызы бар?

А) агар-агар өндіреді

В) тамақтық, құнды өндірістік өнімдер алады

С) су қоймаларын уландырады

D) судың гүлденуін туғызады

E) су қоймаларының тазалығын анықтайды

162 Балдырлардың таралуына қандай факторлар әсер етеді?

А) химиялық

В) биотикалық

С) физикалық

D) абиотикалық

E) барлық жауап дұрыс

163 Балдырлардың таралуына әсер ететін температуралық факторды қалай атайды?

А) эвритермалық

В) стенотермалық

С) термофилдік

D) мезотермалық

E) барлық жауап дұрыс

164 Хара балдырлары жынысты жолмен қалай көбейеді?

А) изогамиялық

В) гетерогамиялық

С) оогамиялық

D) коньюгация

E) гологамиялы

165 Хара балдырларының қор заты болып;

А) гликоген, волютин

В) анабенин, парамилон

С) крахмал, май

D) багрянка крахмалы, май

E) крахмал, волютин есептеледі

166 Қандай балдырлар бөлімін багрянкалар деп атайды?

А) жасыл


В) қоңыр

С) қызыл


D) хризомонадалы

E) сары-жасыл

167 Тіршілік жағдайына байланысты балдырларды қандай экологиялық топтарға бөледі?

А) фитопланктон

В) фитобентос және тұзды су қоймалары

С) термофилді

D) топырақ және құрлық балдырлары

E) барлық жауап дұрыс

168 Ризоидтары арқылы су түбіне бекініп тіршілік ететін, жасыл түсті бунақталып келген талломы бар балдыр:

А) улотрикстыларға

В) вольвокстыларға

С) хараларға

D) хлорококтыларға

E) коньюгаттарға жатады

169 Көпшілік балдырлардың тіршілік кезеңінің жыныссыз көбеюін білдіретін өсімдікті қалай атайды?

А) карпоспорофит

В) спорофит

С) фитопатоген

D) гаметофит

E) сапрофит

170 Лютеин пигменттердің қандай тобына жатады?

А) хлорофилл

В) фикобилиндер

С) каротиндер

D) ксантофилдер

E) меланин

171 Қызыл балдырларда қандай аналық жыныс органдары қалыптасады?

А) оогония

В) архикарп

С) архегония

D) карпогон

E) базидия

172 Көк-жасыл балдырлардың фотосинтез қоры болып:

А) крахмал мен май тамшылары

В) парамилон

С) багрянка крахмалы

D) гликоген, волютин, цианофицинді дәндер

E) хризоламинария табылады

173 Жасыл балдырлардың клеткасында қандай қор заттары жиналады?

А) гликоген

В) багрянка крахмалы

С) крахмал

D) парамилон

E) ламинарин

174 Хара балдырларында вегетативтік көбею қалай жүреді?

А) болмайды

В) түйнектермен

С) өркендермен, клетканың бөлінуімен

D) клетканың бөлінуімен, талломның үзілуімен

E)өркен бүршіктермен

175 Қандай пигменттер Ламинариялылар мен Фукустарға иқоңыр түс береді?

А) хлорофилл а, е, с, фукоксантин болмайды

В) хлорофилл а және фикобиллиндер

С) хлорофилл а және d, фикобиллиндер

D) хлорофилл а, с, каратиноидтар, фукоксантин

E) хлорофилл а, b, каротиноидтар, ксантофиллдер

176 Қандай пигменттер диатомды балдырлардың хроматофорына сары не сары –қоңыр түсін береді?

А) хлорофилл а және фикобиллиндер

В) хлорофилл а, b, каротиноидтар, ксантофиллдер

С) хлорофилл а, с, каратиндер мен ксантофиллдер (вошериаксантин)

D) хлорофилл а, с, каратиндер мен ксантофиллдер (диатомин)

E) хлорофилл а, с, каратиндер мен ксантофиллдер (лютеин)

177 Қандай балдырлардың хлоропласттарында: сары лютеин, қоңыр фукоксантин, хлорофилл а мен с, β- каротин бар?

А) жасыл


В) сары-жасыл

С) диатомды

D) қызыл

E) жылтырауық сары

178 Хара балдырлары қандай белгілері арқылы жоғары құрылымды балдырларға жатқызылады?

А) жынысты көбею органдарының көпклеткалығы

В) ассимиляциялық пигменттер жиынтығы

С) шексіз өсуі

D) клетка қабықшасы целлюлозалы - каллоздыгы

E) бірклеткалы жынысты көбею органдарының болуы

179 Қоңыр балдырлардың классификациясы негізінде қандай принциптер алынған?

А) сауытының морфологиясы

В) талломның типі

С) тіршілік әрекетінің түрі

D) аналық органдардың құрылысы мен гонимобласттардың даму процесі

E) талшық аппаратының құрылысы



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Алматы: - «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003. – 440 б.

  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника – Алматы: Дәуір, 2005 – 512 бет.

  3. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы /оқу құралы/,- Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, Алматы. 2000 ж., 236 бет.

  4. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. /1 бөлім балдырлар мен бактериялардың лаборато- риялық жұмыстары және жаттығу тапсырмалары/. Оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 ж. 122 бет.

  5. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1989. – 416 с.

Қосымша:

6 Малый практикум по низшим растениям. М., «Высшая школа», 1976. –206 с.

7 Горбунова Н.П. и др. Малый практикум по низшим растениям. М.: Высшая школа, 1976. -206 с.

8 Гордеева Т.Н. и др. Практический курс систематики растений. М.: Просвещение, 1971. – 319 с.

9 Новости систематики низших растений.Л.:Наука, т.7,8, 1970

10 Владимирова Н.Г., Семененко В.Е. Интенсивные культуры одноклеточных водорослей. М., 1962

11 Клюшникова Е.С., Сизова Т.П. Методические указания по курсу низших растений. М., 1972


Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................

3

Тәжірибиелік жұмыстардың әдістемелікнұсқаулары........................................

1 тақырып Микроскоптың құрылысы……………………......................................

2 тақырып Балдырларды жинау әдістері…………………………...........................

3 тақырып Балдырларды тірі жағдайда сақтау әдістері………………...................

4 тақырып Балдырларды қатыру (фиксациялау)…................................................

5 тақырып Балдырларды гербарийлеу…………………………...........................

6 тақырып Клетканың структуралық құрылысын зерттеудің сапалық әдістері…......................................................................................................................

7 тақырып Балдырдың даму циклдері және оның эволюциясы.............................

8 тақырып Балдырлардың көбеюі.............................................................................

9 тақырып Қызыл балдырлардың даму циклы.......................................................

10 тақырып Қоңыр балдырлардың даму циклдері..................................................

11 тақырып Қоңыр балдырлардың даму циклдері.................................................

12 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері...................................................

13 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері...................................................

14 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері...................................................

15 тақырып Жасыл балдырлардың даму циклдері..................................................



Зертханалық жұмыстардың әдістемелікнұсқаулары.........................................

1 тақырып Балдырлардың клетка құрылысы...........................................................

2 тақырып Көк - жасыл балдырлар бөлімі..............................................................

3 тақырып Диатомды балдырлар бөлімі....................................................................

4 тақырып Сарғылт – жасыл балдырлар бөлімі.......................................................

5 тақырып Сарғылт – жасыл балдырлар бөлімі.......................................................

6 тақырып Қоңыр балдырлар бөлімі ........................................................................

7 тақырып Қызыл балдырлар бөлімі.........................................................................

8 тақырып Эвгленалы балдырлар бөлімі..................................................................

9 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.........................................................................

10 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі........................................................................

11 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.......................................................................

12 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.......................................................................

13 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.......................................................................

14 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.......................................................................

15 тақырып Жасыл балдырлар бөлімі.......................................................................

Тесттер .........................................................................................................................


4

4

5



7

8

8


9

10

13



15

17

17



20

21

22



23

25

25



26

28

29



31

33

34



35

36

38



39

41

42



43

44

45










Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет