С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Патофизиология модулі СӨЖ ГЕМОСТАЗ. ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ Орындаған: Ермекбай А.А Тексерген: Төлепбергенова М.Ж Топ: ЖМ 13 30-2 ЖОСПАР 1.Гемостаз туралы түсінік 2.Гемостаздың түрлері 3.Қан ұю жолдары 4.Гемостаздың бұзылу түрлері 5.Гемостаз бұзылыстарын емдеу жолдары КІРІСПЕ - Гемостаз (грек. haimatas - қан, stasis - тоқтау) алғашында қанның тамыр сыртына шығуы тоқтауын көрсететін түсінік болып қалыптасса, қазіргі күні одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады.
- Гемостаз - деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіндігін сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы қансыраудан сақтандыруға және айналымдағы қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің гомеостаздық тетіктерін айтады.
Гемостаз дегеніміз не? - Гемостаз - деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіндігін сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы қансыраудан сақтандыруға және айналымдағы қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің гомеостаздық тетіктерін айтады. Бұл тетіктер қан тамырларының қабырғаларының, қан жасушаларының (әсіресе тромбоциттердің) және қан сұйығындағы (қан ұйытқыш, ұюға қарсы, фибринолиздік, калликреин-кинин жүйелері ферменттерінің) ферменттердің қатысуымен қамтамасыз етіледі.
ГЕМОСТАЗ ТҮРЛЕРІ Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз Қалыпты жағдайда қан тамырларының ішкі қабығындағы эндотелий жасушалары тамыр қабырғаларының тұтастығын қамтамасыз етеді. Олардың ішінен гемостазға қатысты мыналарды атауға болады: ● тромбоциттердің өзара жабысуын тежейтін простациклин өндіреді; ● қан ұюына қарсы әсер ететін антитромбин III – гепарин-сульфатын өндіреді; ● фибринолизді күшейтетін плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерін өндіреді;
Достарыңызбен бөлісу: |