Гендерлік лингвистика,мақсаты мен міндеттері



бет1/5
Дата01.02.2022
өлшемі19,19 Kb.
#130330
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 дәріс


Гендерлік лингвистика,мақсаты мен міндеттері

Қазіргі заманда тіл білімінде жүргізіліп жатқан зерттеулердің әртүрлілігі олардың бір-бірімен байланысы мен шекарасын және негізгі өлшемдерін анықтауды талап етеді.Солардың ішінде лингвистикалық зерттеулерге ортақ төрт түрлі ұстанымды атап өтуге болады:

1.Экспансионизм ұстанымы (шекараның жойылуы,шектеудің болмауы, пәнаралық байланыстың кеңеюі);

2.Антропоөзектілік ұстанымы (тілдегі адам мәселесі);

3.Жаңафункционалдық (неофункционалдық) ұстаным (тілді әрекет деп қарастыру оның қолданыс аясын зерттеу);

4.Экспланаторлық ұстаным (түсіндірмелік) [Кубрякова 1995,207б.].

Бұлар гендерлік зерттеулерде де қарастырылады. Жеке пән ретінде қалыптасу барысында түрлі объективті себептер орын алады. Бір жағынан, пәннің әдіснамасын қалыптастыру,сонымен байланысты зерттеу нысанына қатысты жалпы әдістемелік көзқарастардың қалыптасу үдерісі жүреді,екінші жағынан,пәннің ғылыми-танымдық теориясын (эпистемологиясын) қарқынды зерттеу жүргізіледі.

Тіл білімі үшін маңызды жалпы теориялық қағида-жыныстың әлеуметтік-мәдени байланыстылығының тіл мен сөйлеудегі көрінісі.Мұны анықтауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер мен әдістемелер тіл білімінде жеткілікті.Тілшілер тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі де осы-гендерлік лингвистика бағытын қалыптастыру,өзге де ғылым салаларының мәліметтерін пайдалана отырып,дербес пәндік білімді дамыту болып табылады.[Халеева 1999, 5б.].





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет