«Географияны оқыту әдістемесі» пәні



Дата18.02.2017
өлшемі97,67 Kb.
#10222
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттің оқытушымен өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семей 2014ж

Студенттің оқытушымен өздік жұмысын сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 4 курс 5В011600 «география» мамандығының студенттеріне арналған

Тарих және география кафедрасы

Құрастырған:___________________________________________

1.Тақырыбы: Географияны оқыту методикасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты: Географияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы жайлы және оның даму тарихына үлес қосқан ғалымдар туралы сипаттау.


Негізгі сұрақтары:

1. Кеңестік дәуірдегі география ғылымының дамуы

2. Қазіргі заманғы географияны оқытудағы Қазақстан ғалымдарының еңбектері
Тапсырма: Географияны оқыту әдістемесі пәні педагогикалық білімнің бір саласы. Географияны оқыту әдістемесінің проблемаларын қарастыру. Географияны және экологияны оқыту әдiстемесi курсында оқытушы студенттердi алуан түрлi iскерлiктермен және әдiстеме ғылымының теориялық негiздерiмен, шығармашылық шешуге қамтамасыз ететiн алғашқы педагогикалық жаңа технология бiлiмдермен қаруландыруы туралы баяндау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы тарихының ерекшеліктерін білу керек. Қазіргі таңдағы география ғылымының дамуы және географияны оқыту әдістемесінің дамуы ерекшеліктері мен оның дамуына үлес қосқан педагог ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау керек. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың арасындағы ерекшелігін анықтау. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысын анықтап салыстыру. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістеріне талдай жасай алу.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

3апта 4 балл

2.Тақырыбы: География қайнар көздері және деректерімен жұмыс тәсілдері

Сабақтың мақсаты: География қайнар көздерімен оның ерекшеліктерін және деректерімен жұмыс жасау әдіс – тәсілдері туралы сипаттау.


Негізгі сұрақтары:
1. География пәніндегі деректер түрлері

2. Географияны оқыту әдістемелік құралдарын жіктеу


Тапсырма: Мектеп географиясы құрылымына сипаттама. Баңдарламаның бір бағытты сатылы құрылыуының ерекшеліктеріне талдау. Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты болуы оқыту әдісіне байланысты екендігін ескере отырып, оқыту әдістерінің құрылымын, жіктелуімен таныса отырып сабақты мәнді өткізуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту, ондаң әдістің мазмұнымен, мұғалімнің, оқушының әрекетімен таныс болуы қажет.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту әдістемесіне қабылданған оқыту әдістеме классификациясы: білім алу көздеріне және оқушылардың таным іс ірекетіне қарай жіктелу ерекшеліктеріне талдау. Оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету, өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың өзбетінще таным әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);

б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);



в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады); Осы әдіс – тәсілдерге жекелей сипаттама бере отырып, глоссарий орындау.

Есеп формасы: Глоссарий

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

5 апта 4 балл

3.Тақырыбы: География сабағында графикалық құралдарды қолдану тәсілдері

Сабақтың мақсаты: География сабағы барысында қолданылатын графикалық құралдар түрлерін ажыратып, оларды сабақ уақытында пайдалану ерекшеліктеріне сипаттау.

Негізгі сұрақтары:
1. Графикалық құралдар түрлері

2. Графикалық құралдар маңызы


Тапсырма: Оқыту құралдары жүйесі ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі кабинеттік жүйе екендігін ескере отырып, мектеп географиясындағы география кабинетін құру, оның оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызын анықтау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Мектеп географиясындағы оқыту құралдарының міндетін қарастыру. Оқыту құралдарын жасау процесінде еске алынатын негізгі факторларды анықтау. Географиялық нысандар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілі жағынан оқыту құралдарын жіктеу және оның түрлеріне сипаттама беру. Оқыту құралдары негізгі топтарының міндеті мен пайдалану мақсаты жағынан сипатын қарастыру.

Географияны оқытудағы қолданылатын графикалық құралдар маңызын сипаттау. География кабинетінің негізгі элементтері, олардың сипатына талдау жасау. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын жабдықтауға қойылатын талаптар. Оқытушы үстелі мен сынып тақтасының ерекшеліктері. Карта, сызба нұсқа және қабырға суреттерін сақтауды ұйымдастыру. Технмкалық оқыту құралдары комплекстісі, оларды орналастыру жолдарына талдау жасай отырып, баяндама жазу.

Есеп формасы: Баяндама

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

7 апта 4 балл

4.Тақырыбы: Мектепте географияны оқытудың дәстүрлі емес әдістері

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінің сабақ откізуде алатын орны мен сабақ түрінің ерекшелігі, қазіргі таңда қолданылу сипатын қарастыру.
Негізгі сұрақтары:


  1. Дәстүрлі емес сабақ түрінің сабақ откізуде алатын орны

  2. Дәстүрлі емес сабақ түрінің ерекшелігі, қазіргі таңда қолданылу сипаты

Тапсырма: Дәстүрлі емес сабақ түріне түсінік бере отырып, оның дәстүрлі сабақ түрінен ерекшелігі мен құрылымының сипатына тоқталу керек.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Және көптеген дәстүрлі емес сабақ барысында қолданылатын әдіс – тәсілдерге сипаттама жасау арқылы конспект жазу.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

9апта 4 балл

5.Тақырыбы: География сабағында ойын сабағын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақты қызықты әрі тартымды өткізу мақсатында қолданылатын ойынды сабақ түрлерімен таныстыру.


Негізгі сұрақтары:
1. Ойын технологиясының даму кезеңдері

2. География сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары


Тапсырма: Ойын технологиясының даму кезеңдері мен оның түрлеріне сипаттама. Ойын сабақ түрлерін анықтап, оларға жекелей талдау жасау арқылы, сабақ барысында пайдалану ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады. Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Осы ойын технологиясының түрлеріне тоқталу арқылы сипаттама беру арқылы реферат қорғау керек.

Есеп формасы: Реферат

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

11 апта 4 балл

6.Тақырыбы: Географиядан оқушылардың өзбетінше орындайтын жұмыстары

Сабақтың мақсаты: География сабағында оқушылардың өз бетінше орындайтын тапсырма түрлерін анықтау керек.


Негізгі сұрақтары:
1. Оқушыларды өздігінен орындайтын тапсырмалар түрлері

2. Дамыта оқыту технологиясы

3. Оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалар жинақтары
Тапсырма: Таратпа материалдар және кескін картамен, кесте, диграммалармен т.б. тапсырма түрлерін орындау ерекшеліктерін анықтау. Сонымен қатар оқушылардың өз бетімен орындайтын сарамандық жұмыс сабақ барысы құрылымын талдау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: География сабағының сипатын ескере отырып сабақта қолданылатын тапсырма түрлерін анықтау. Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру, оның бақылаушылық және білім беру негізінде оқушылардың өз бетінше орындайтын тапсырма түрлерінің ерекшеліктеріне талдау жасау. Тексерудің мазмұны мен оқушылардың өз бетінше таным әрекеті деңгейлеріне байланысты тексеру сұрақтары мен тапсырмалардың әр түрлі дәрежеде болуына талдау жасау. Білім мен іскерлікті тексеруді ұйымдастыру формаларына сипаттама. Тексеру формаларын таңдаудың мазмұнға, жас ерекшелікке және оқушылардың білімі мен іскерлігі қалыптасуына байланыстылығын қарастыру. Ауызша, жазбаша және графикалық тексеруді пайдалану. Тапсырмалардың түрлері: толық жауап беруді талап ететін сұрақтар мен тапсырмалар, құрылымдық, сауалнамалар. Білім мен іскерлікті тексеру процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру әдістеріне конспект жазу.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

13 апта 4 балл

7.Тақырыбы: Географиядан компьютер арқылы істелінетін көрнекіліктер

Сабақтың мақсаты: Компютерлік технологияның қалыптасуы мен дамуы және онда қолданылатын элементтер түрлерін ажырату және сипаттау.


Негізгі сұрақтары:


  1. Компютерлік технологияның география сабағында қолданылатын элементтері

  2. Презентация, слайд – шоу, карта жасайтын арнайы бағдарламар түрлері

  3. Электронды оқулықтар және оның маңызы

  4. Оқушылардың қызығушылығын тудыратын видеороликтер

Тапсырма: Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдеріне сипаттама.




Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделу ерекшеліктерін қарастыру. Оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу - білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту жолдарын кесте арқылы орындау.

Есеп формасы: Кесте



Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

15 апта 4 балл
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет