"Геометриялық оптика", "Салыстырмалы теорияның элементтері", "Атомдық және кванттық физика"бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата21.02.2023
өлшемі18,2 Kb.
#169580
  1   2
Байланысты:
11-сынып БЖБ 3-тоқсан
ДЖТ 5000 сұрақ GRANTS 2023, Мобильді лаборатория жобасы

"Геометриялық оптика", "Салыстырмалы теорияның элементтері", "Атомдық және кванттық физика"бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
11 сынып
Оқу мақсаттары:
11.6.2.2 - сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану
11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану
11.7.1.1 - Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру;
11.8.1.3 - электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату
11.8.1.4 - Стефан-Больцман, Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану
11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану


Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

  • Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіре алады

  • Әр түрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

  • электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату

  • Фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдана алады

Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану


Орындау уақыты 25 минут


Тапсырма
І нұсқа
1.Автомобиль фарларының жарық шоқтары тұманда нашар көрінетін себебі:
Жарық шоқтары тұманда шағылады және сынады
Жарық шоқтары тұманда түзу сызықты таралады және сынады
Жарық шоқтары тұманда тллық шағылады
Тұман су бөлшектерінен тұрады, одан жарық шоқтары шағылады және шашырайды
Тұман су бөлшектерінен тұрады, одан жарық шоқтары сынады және шашырайды
1 балл
2.Сыну бұрышы түсу бұрышына тең болатындай жағдай:
Екі ортаның сыну көрсеткіштері әр түрлі болса
Бірінші ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1-ден кіші болса
Екінші ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1-ден үлкен болса
Екі ортаның сыну көрсеткіштері тең болса
Түсу бұрышы ортаны бөлетін бетке перпендикуляр болса
1 балл
3. Фотоэффект құбылысы дегеніміз не?........................................................................................
Эйнштейннің фотоэффект құбылысына арналған формуланы жазыңыз..................................
.................................................................................................................................................1 балл
4.Абсолют қара дененің анықтамасы:..........................................................................................
................................................................................................................................................ 1 балл
5.Айналық бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы 15 0 .Шағылған сәулемен айна жазықтығы арасындағы бұрыш қандай?
1 балл
6.Қос дөңес линзаның оптикалық күші 10 дптр.Нәрсе кескіні 20 см қашықтықта болса, нәрседен линзаның орналасу қашықтығы қандай?
2 балл
7.Фотонның импульсі 6,6*10-24 кг болса, оның энергиясы мен толқын ұзындығы неге тең?
2 балл
8.Ғарыш кемесі 0,8с жарық жылдамдығымен қозғалатын болса, оның кинетикалық энергиясы неге тең? Ғарыш кемесінің тыныштықтағы массасы 10 т.
2 балл
9. Электромагниттік толқындар шкаласындағы сәулелерді толқын ұзындықтарына қарай сәйкестендір.
1.Инфрақызыл толқындар а) 1 км-ден 1 мм-ге дейін
2.Радиотолқындар б) 1 нм-ге
3.Ультракүлгін сәулелер в) 1 мкм-ге
4.Гамма сәулелер г) 1 пм
1 балл
10.Қандай да бір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 4,3*1014 Гц.Электронның осы металдан шығу жұмысын және электронның толқын ұзындығы 190 нм жарық әсерінен алатын максимал кинетикалық энергиясын анықтау керек.
3 балл




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет