Гинекология 95 тест



Дата18.06.2020
өлшемі33,46 Kb.
#73939
Байланысты:
Гинекология 95 тест


Гинекология 95 тест

209. Науқас 29 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне, лоқсуға, құсуға, іш кебуіне шағымданады. Анамнезі: балалық шағында аппендэктомия болған, жыныстық қатынас 23 жастан, тұрмыс құрмаған, соңғы 2 жыл жыныстық қатынаста болмаған, жүкті болмаған. Объективті: тері жабындылары бозарған, тілі құрғақ, дене қызуы 380С, АҚҚ 110/70 мм. с.б., пульс 96 соққы минутына, іші кепкен, ауырсынулы, Щеткина-Блюмберг симптомы оң, үлкен дәрет 2 күн болмаған. Қынаптық тексеруде: жатыр өлшемі қалыпты, оң жағынан 5,0×5,5×6,0 см, түзіліс пальпацияланады, қозғалысы шектелген, ауру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз:

В. Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы

210. 29 жастағы науқаста операция кезінде аналық без ісігі аяқшасының 360° бұралуы анықталды.

Операциялық кірісу көлемі:

Д. Жатыр қосалқыларын оң жағынан алып тастау

211. Алынған аналық без ісігін макроскопиялық зерттеуде, түзілістің капсуласының ішкі бетінде бүртікті өспелер анықталды.

Сіздің диагнозыңыз:

В. Папиллярлы кистома

212. 28 жастағы науқасқа құрсақішілік қан кетуге байланысты лапароскопия жасалынған, оң жақ аналық без кистасының жарылуы анықталды.

Хирургиялық кірісу көлемі:

Д. Аналық без киста капсуласын алып тастау

213. Шұғыл гинекология бөлімшесіне 23 жастағы науқас құрсақішілік қан кету симптомдарымен келіп түсті. Қойылған диагноз: Жатырдан тыс жүктілік.

Дәрігер тактикасы:

Г. Жедел диагностикалық лапароскопия

214. Науқас Н,.19 жаста, диагностикалық лапароскопия кезінде көлемі 5,0×5,5×6,0 см оң жақ аналық без кистасы анықталды.

Сіздің тактикаңыз:

А. Цистэктомия

215. Науқас 36 жаста, аномальді жатырдан қан кетумен репродуктивті жастағы науқасқа гемостаз мақсатында көрсетілген:

Д. +Жатыр қуысын диагностикалық қыру

216. Науқас Д.,15 жаста, менархе 13 жастан, жыныстық қатынасты терістейді, етеккірдің 3 айға кідіру фонында 10 күнге жалғасқан, жыныс жолдарынан қан кету пайда болды. Ректоабдоминальді және ультрадыбысты зерттеуде патология анықталмаған.

Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:

А. Аналық без ісігі

Б. Үзілген жатырдан тыс жүктілік

В. Жатыр фибромиомасы, қан кету

Г. +Ювенильді аномальді жатырдан қан кету

Д. Ерте өздігінен түсік

217. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы етеккірдің 2-3 айға кідіруі сипатындағы етеккір циклы бұзылысын байқаған. Соңғы 2 аптада жыныс жолдарынан қан кету байқалды. Гинекологиялық статусы: жатыр мойны таза, жатыр мен қосалқылары өзгеріссіз.

Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:

А. Жатыр денесінің эндометриозы

Б. +Аномальді жатырдан қан кету

В. Жатыр фибромиомасы, қан кету

Г. Жатыр денесінің ісігі

Д. Жатыр мойнының ісігі

218. Науқас 49 жаста, бір жыл бойы етеккірдің 2-3 айға кідіруі сипатындағы етеккір циклы бұзылысын байқаған. Қойылған диагноз –климактериялық кезеңдегі аномальді жатырдан қан кету.

Дәрігер тактикасы:

А. Жатыр мойны биопсиясын гистологиялық зерттеу

Б. +Цервикальді канал мен жатыр қуысын жеке диагностикалық қыру гистологиялық зерттеу

В. Симптоматикалық терапия-гемостатикалық, утеротоникалық

Г. Жатыр мен қосалқылар ампутациясы гистологиялық зерттеумен

Д. Жатыр мен қосалқылар экстирпациясы гистологиялық зерттеумен

219. Субмукозды жатыр миомасының симптомы:

А.+Гиперполименорея

Б. Аменорея

В. Диспареуния

Г. Қатынастық қанды бөлінділер

Д. Көп мөлшерлі бөлінділер

220. Эндометриоздың кіші формаларына жатқызады:

А. Аденомиоз

Б. Жатыр мойны эндометриозы

В. +Кіші жамбас ішпердесінің гетеротопиясы

Г. Кіндік маңы эндометриозы

Д. Аналық без эндометриозы

221. Ішкі эндометриозға жатқызады:

А. Ішастар, жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінің эндометриозы

Б. Ішек, несепағар эндометриозы

В. +Жатыр мен жатыр түтігінің интерстициальді бөлігінің эндометриозы

Г. Жатыр мойнының эндометриозы, ретроцервикальді эндометриоз

Д. Жатыр мойны, жатыр, аналық без эндометриозы

222. Сыртқы генитальді эндометриоздың жиі орналасу орнын көрсетіңіз:

А Жатыр түтіктері

Б. Ішек, кіндік

В. Жатыр, жатыр түтіктері

Г. Жатыр мойны

Д. +Аналық бездер

223. Аденомиоз диагностикасында ең ақпаратты әдіс:

А. Ультрадыбыстық зерттеу

Б. +Гистероскопия

В. Метросальпингография

Г. Кульдоскопия

Д. Кольпоскопия

224. Құрсақ қуысы ағзаларының эндометриозының диагностикасында «алтын» стандарт болып табылады:

А. Ультрадыбыстық зерттеу

Б. Гистероскопия

В. +Лапароскопия

Г. Кульдоскопия

Д. Кольпоскопия

225. Жатыр мойны эндометриозы диагностикасында ең ақпаратты әдіс болып табылады:

А.+Кольпоскопия

Б. Цервикография

В. Ультрадыбыстық зерттеу

Г. Лапароскопия

Д. Кульдоскопия

226. Жатыр денесінің эндометриозын анықтауда етеккір циклының нешінші күнінде гистероскопия жүргізіледі:

А. +7-8


Б. 10

В. 11-12


Г. 14-15

Д. 16-17


227. Науқас 37 жаста, аяқастынан іштің кебуі мен ауру сезімі, әлсіздік байқалды. Анамнезінен: етеккір циклы ретсіз, жыныстық қатынаста бір жыл болмаған. Объективті: дене температурасы 37,8˚С, тілі құрғақ, АҚҚ 100/60 мм.с.б., пульс 95 соққы 1 минутта, іші кебінкі, ауырсынулы, Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр өлшемі қалыпты, оң жағынан 11,0×12,0×13,0 см тығыз эластикалық консистенциялы, тегіс беткейлі, қозғалысы шектеулі, ауырсынулы түзіліс анықталды.

Алдын ала диагноз:

А.Аналық безінің апоплексиясы

Б. +Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы

В. Тубоовариальді түзіліс перфорациясы

Г. Жедел панкреатит

Д. Жатырдан тыс жүктілік

228. 37 жастағы науқаста оң жақ аналық без ісігі аяқшасының оралуы анықталды.

Оперативті кірісудің көлемі:

А. Оң жақ аналық безді алып тастау

Б. Оң жақ кистаны сылып алу

В. Оң жақ киста құрамының аспирациясы

Г. Оң жақтан аналық без резекциясы

Д. +Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау

229. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометрийге тән өзгеріс:

А. Атрофия

Б. Пролиферация

В. Безді-кистозды гиперплазия

Г. +Децидуальді трансформация

Д. Хорион бүрлері

230. Макропрепараттың гистологиялық зерттеуінде қандай ұйғарым негізінде жатырдан тыс жүктілік диагнозы қойылады?

А. +Хорион бүрлері

Б. Атрофия

В. Пролиферация

Г. Безді-кистозды гиперплазия

Д. Децидуальді трансформация

231. Науқас 25 жаста, диагностикалық лапароскопияда сол жақты түтікті жүктілік анықталды. Жатыр түтіктері цианозды, ампулярлы бөлігі 2,0×2,5×1,5 см, қалыңдаған, бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы бөлігінен қан кетіп жатыр.

Сіздің тактикаңыз:

А. Іш қуысын дренирлеу

Б. Сол жақты аднексэктомия

В. Сол жақты туботомия

Г. +Ампулярлы бөліктен ұрық жұмыртқасын бөлу және алып тастау

Д. Сол жақты тубэктомия

232. Науқас, Ж., 29 жаста, медициналық аборттан кейін 5-ші тәулікте қалтырау, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы мазалайды. Объективті: температурасы 38,2 С, пульс 96 соққы минутына, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігі пальпация кезінде ауырсынулы, іштің тітіркену симптомы жоқ. Айнамен қарағанда: цервикальді каналдан көп мөлшерде іріңді бөлінділер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесі қалыптыдан жоғары, жұмсақ консистенциялы, ауырсынулы, қосалқылар анықталмайды, күмбездер терең.

Сіздің диагнозыңыз?

А. +Метроэндометрит

Б. Эндоцервицит

В. Сальпингоофорит

Г. Параметрит

Д. Пельвиоперитонит

233. Науқас Ю., 25 жаста, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін көп мөлшердегі бөлінділер, шатаралық аймағында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сыртқы жыныс мүшелер ісінген, гиперемияланған. Айнада: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер көп, іріңді.

Алдын ала диагноз:

А. +Вульвовагинит

Б. Эндоцервицит

В. Сальпингоофорит

Г. Эндометрит

Д. Жатыр мойнының эрозиясы

234. Науқас, 23 жаста, антибиотикотерапиядан кейін көп мөлшерде бөлінділер, шатаралық аймағында қышу, ашу сезімі мазалайды. Айнада: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер көп, ұнтақты, ақ түсті.

Қабыну этиологиясын анықтаудың негізгі әдісін көрсетіңіз:

А. +Бактериоскопиялық

Б. Бактериологиялық

В. Цитологиялық

Г. Иммунологиялық

Д. Гистологиялық

235. Науқас М., 47 жаста, етеккірдің 3 айға тоқтауынан кейін көп мөлшердегі жыныс жолдарынан қан кетумен келіп түсті. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер қанды. Қынаптық зерттеуде: жатыр және қосалқылар өзгеріссіз.

Сіздің диагнозыңыз:

А. +Климактериялық кезеңдегі аномальді жатырдан қан кету

Б. Репродуктивті кезеңдегі аномальді жатырдан қан кету

В. Басталған өзіндік түсік

Г. Субмукозды жатыр миомасы

Д. Аденомиоз

236. Климактериялық синдром – әйел ағзасында дамитын өзгерістер келесінің үдеуінің фонында болады:

А.Эстрогеннің шамадан тыс болуы

Б. Андроген дефициті

В. +Эстрогеннің дефициті

Г. Андрогеннің шамадан тыс болуы

Д. Пролактиннің дефициті

237. Науқас А., 51 жаста, етеккірдің 10 айға кідіруінің фонында тәулігіне 10 реттен көп ыстық «құйылуларды», терщеңдікті, жүрек қағуын, қозғыштықты, ұйқы бұзылысын, жұмысқа қабілеттің төмендеуін аңғарған.

Сіздің диагнозыңыз:

А. +Климактериялық синдром

Б. Предменструалды синдром

В. Посткастрационды синдром

Г. Метаболикалық синдром

Д. Адреногенитальды синдром

238. Науқас, 29 жаста, дене қызуы көтерілуіне, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Етеккір циклының 5-ші күнінде ауырып қалды. Объективті: температурасы 38,2 0С, пульс 88 соққы минутына, тілі ылғалды, іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөлігі ауырсынулы, іштің тітіркену симптомы жоқ.Айнамен қарағанда: цервикальді каналдан көп мөлшерде іріңді бөлінділер. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесінің өлшемі қалыпты, ауру сезімді, қосалқылар анықталмайды.

Диагнозыңыз:

А. +Метроэндометрит

Б. Эндоцервицит

В. Сальпингоофорит

Г. Параметрит

Д. Пельвиоперитонит

239. Науқас М., 29 жаста, көп мөлшердегі іріңді бөлінділерге шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, көп мөлшердегі іріңді бөлінділер, көпіршіктенеді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мен қосалқылар өзгеріссіз.

Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

А. +Кольпит

Б. Пельвиоперитонит

В. Сальпингоофорит

Г. Эндометрит

Д. Эндоцервицит

240. Науқас, 25 жаста, көп мөлшердегі бөлінділерге, сыртқы жыныс мүшелері аймағында қышу сезіміне шағымданады. Бактериоскопиялық зерттеуден кейін келесі диагноз қойылды: Кандидозды вульвовагинит.

Емдеу тактикасы:

А.+Антимикотикалық препараттар, қынап биоценозын қалыптастыру

Б. Метронидазол, қынап биоценозын қалыптастыру

В. Қынап биоценозын қалыптастыру

Г. Перманганат калий ерітіндісімен қынаптық ванналар

Д. Перманганат калий ерітіндісімен қынапты спринцтеу

241. Науқас, 23 жаста, көп мөлшердегі бөлінділер, шатаралық аймағында қышу, ашу сезімі мазалайды. Тексеруден кейін келесі диагноз қойылды: Трихомонадты кольпит.

Емдеу тактикасы:

А.Антимикотикалық препараттар, қынап биоценозын қалыптастыру

Б. +Метронидазол, қынап биоценозын қалыптастыру

В. Қынап биоценозын қалыптастыру

Г. Фурациллин ерітіндісімен қынаптық ванналар

Д. Перманганат калий ерітіндісімен қынапты спринцтеу

242. Науқас, 48 жаста, етеккірдің 2 айға кідіруінен кейін 10 күнге созылған көп мөлшердегі жыныс жолдарынан қан кетумен келіп түсті. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөліністер қанды. Қынаптық тексеруде: жатыр және қосалқылар өзгеріссіз.

Алдын ала диагноз:

А.+Климактериялық кезеңдегі аномальді жатырдан қан кету

Б. Субмукозды жатыр миомасы

В. Басталған өзіндік түсік

Г. Аденомиоз

Д. Эндометрий ісігі

243. Науқас Ж., 29 жаста, біріншілік бедеулікпен етеккірдің 4 аптаға тоқтауы анықталды. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесі қалыптыдан жоғары, жұмсақ, жатырдың оң жағында жұмсақ түзіліс пальпацияланады, сезімтал, күмбездер бос, ауырсынусыз, бөліністер шырышты.

Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

А.+Дамып келе жатқан жатырдан тыс жүктілік

Б. Репродуктивті кезеңдегі аномальді жатырдан қан кету

В. Түтіктің жарылу түрінде үзілген жатырдан тыс жүктілік

Г. Сальпингоофорит

Д. Ерте өздігінен түсік

244. Науқас Н., 29 жаста, етеккір басталар алдында тітіркендіргіштікті, ұйқының бұзылысын, жұмысқа қабілеттің төмендеуін байқайды.

Сіздің диагнозыңыз:

А.Климактериялық синдром

Б. +Етеккіралды синдром

В. Кастрациядан кейінгі синдром

Г. Метаболикалық синдром

Д. Адреногенитальді синдром

245. Науқас, 41 жаста, қосалқыларымен бірге гистерэктомиядан кейін тәулігіне 20 реттен көп ыстық «құйылуларды», тершеңдікті, жүрек қағуын, қозғыштықты, ұйқы бұзылысын, жұмысқа қабілеттің төмендеуін байқады.

Сіздің диагнозыңыз:

А.Климактериялық синдром

Б. Етеккіралды синдром

В. +Кастрациядан кейінгі синдром

Г. Метаболикалық синдром

Д. Адреногенитальді синдром

246. Науқас Г., 34 жаста, етеккір кезінде және алдында күшейетін іштің төменгі бөлігінің ауруы мазалайды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Қынаптық зерттеуде: жатыр мен оң жақ қосалқылары өзгеріссіз, жатырдың сол жағы мен артында көлемі 4,5×5,0×5,5 см тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектеулі, ауру сезімді түзіліс анықталды, күмбездер бос.

Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

А. +Сол жақ аналық бездің эндометриоидты кистасы

Б. Аденомиоз

В. Сол жақ аналық бездің дермоидты кистасы

Г. Субмукозды жатыр миомасы

Д. Сол жақ жатырдан тыс жүктілік

247. Науқас Н., 22 жаста, профилактикалық қаралуда қынаптық зерттеуде: жатыр мен сол жақ қосалқылары өзгеріссіз. Жатырдың оң жағында қозғалмалы, көлемі 5,0×6,0×7,0 см, біртекті емес консистенциялы, бұдыр беткейлі түзіліс анықталды. Ультрадыбыстық зерттеуде: оң жақ аналық безде 5,5×6,2×7,5 см, акустикалық көлеңкемен, гиперэхогенді қосылыстармен түзіліс анықталды.

Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

А.+Оң жақ аналық бездің дермоидты кистасы

Б. Оң жақ аналық бездің фолликулярлы кистасы

В. Оң жақ аналық бездің эндометриоидты кистасы

Г. Субмукозды жатыр миомасы

Д. Оң жақтан эктопиялық жүктілік

248. Жүктіліктің 10-11 аптасында жүргізілген медициналық түсік кезінде жатырлық зондпен жатыр перфорациясы жасалынды.

Дәрігер тактикасы:

А. Жүктілікті жалғастыру, динамикада бақылау

Б. Ультрадыбыстық бақылаумен жатыр қуысын қыруды жалғастыру

В. Антибактериальді терапия, қайталап 1 аптадан кейін жатыр қуысын қыру

Г. Лапаротомия, жатырды қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы, кіші жамбас ағзалары, ішектің ревизиясы, құрсақ қуысын дренирлеу

Д. +Лапаротомия, жатыр қуысын перфорацияланған тесік арқылы қыру, кіші жамбас ағзалары, ішектің ревизиясы, тесікті тігу

249. Аналық бездің ісігіне жоспарлы түрде операция жасар алдында міндетті түрде жүргізілетін тексеру әдісіне кіреді:

А. Пневмоперитонеум

Б. Цервикогистерография

В. Пельвиография

Г. +Асқазан мен ішек рентгенографиясы

Д. Метросальпингография

250. Науқас 52 жаста. Климактериялық синдром диагнозы қойылды.

Қандай ем көрсеткіш болып табылады:

А. Физиоем

Б. Комбинирленген оральді контрацептивтер

В. Таза прогестинді оральді контрацептивтер

Г. +Орынбасушы гормональді терапия

Д. Гонадотропин-рилизинг гормон агонистері

251. Науқас 52 жаста. Климактериялық синдром диагнозы қойылды.

Қандай ем көрсеткіш болып табылады:

А. Физиоем

Б. Комбинирленген оральді контрацептивтер

В. Таза прогестинді оральді контрацептивтер

Г. +Орынбасушы гормональді терапия

Д. Гонадотропин-рилизинг гормон агонистері

252. Мерзімінен асып жаңа туылған нәрестенің жетілу белгілеріне жатады:

А. Шарана майы көп

Б. +Дене салмағы 4000 г жоғары

В. Бойының ұзындығы 47 см жоғары

Г. Құлақ және мұрын шеміршектерінің жұмсақ болуы

Д. Бас сүйектері қатты, жіктер мен еңбектердің тар болуы

253. Психоневрологиялық диспансерде белсенді есепте тұратын науқасқа контрацепцияның келесі түрі тағайындалады:

А. Симпто-термальді

Б. Гормональді

В. +Жатырішілік серіппе

Г. Барьерлік

Д. Химиялық

254. Әйел 29 жаста, соматикалық сау, екі ай бұрын жатырдан тыс жүктілікке байланысты тубэктомия жасалған.

Контрацепцияның қай әдісі тағайындалады:

А.Хирургиялық

Б. +Гормональді

В. Жатырішілік серіппе

Г. Барьерлік

Д. Химиялық

255.Бедеу жұпты тексеру басталады:

А. Гистеросальпингографиядан

Б. Кольпоцитологиядан

В. Функциональді диагностика тестілерінен

Г. Гистероскопиядан

Д. +Спермограммадан

256. Ең жиі қыздарда (2-8 жаста) кездесетін, гинекологиялық патология:

А.Аналық без ісіктері

Б. Аномальді жатырлық қан кетулер

В. Генитальді эндометриоз

Г. +Вульвовагинит

Д. Сальпингоофорит

257. Науқас Н., 26 жаста, Етеккір циклының 5-ші тәулігінде сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін: іштің төменгі бөлігінің ауруына, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданады. Айнамен қарағанда: қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты таза. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыпты, консистенциясы қалыпты, ауыру сезімімен, қосалқылар екі жағынан да анықталмайды.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

А.Сальпингоофорит

Б. +Эндометрит

В. Кольпит

Г. Вульвит

Д. Пельвиоперитонит.

258. 30 жастағы науқаста лапароскопия кезінде екі жақты пиосальпинкс анықталды. Операцияның көлемі:

А.Екі жақты стоматопластикасы,іш қуысын дренирлеу

Б. Жатыр экстирпациясы қосалқылармен бірге

В. Жатырдың қынапүстілік ампутациясы түтікшелермен бірге

Г. +Екі жақты тубэктомия

Д. Екі жақты қосалқыларды алып тастау

259. Гонореямен ауырған науқастардың сауығу критерийлері емнің қанша уақыт бойы жүргізілгеннен кейін қойылады:

А. Бір ай

Б. Екі ай

В. +Үш ай

Г. Төрт ай

Д. Бес ай

260.Жатыр қосалқыларының түзілген іріңді қабынулы түзілісінде көрсетілген:

А. Артқы қынап күмбезі арқылы түзіліс пункциясы

Б. Антибиотиктерді лимфогенді енгізу

В. +Хирургиялық ем

Г. Пирогеналмен терапия

Д. Гоновакцинамен терапия

261. Науқас М., 28 жаста. Жедел екі жақты сальпингоофоритпен, жедел эндоцервицитпен, науқасты бактериоскопиялық жағындыны тексергенде: жасуша ішінде және жасушадан тыс грам-теріс диплококктар орналасқаны анықталды.

Қабыну үрдісінің қоздырғышын анықтаңыз:

А. Ішек таяқшасы

Б. Стафилококктар

В. +Гонококктар

Г. Стрептококктар

Д. Хламидиялар

262. Науқас Ж., 27 жаста Лапороскопиялық операция кезінде оң жақ аналық бездің кистасы анықталған, өлшемі 5,0×5,5×6,0 см.

Операция көлемі:

А. Оң жақтан жатыр қосалқыларын алып тастау

Б. Оң жақ аналық безін алып тастау

В. + Оң жақ цистэктомиясы

Г. Аналық без кистасының құрамының аспирациясы

Д. Оң жақ аналық безі резекциясы

263. Науқас К., 30 жаста Лапороскопиялық операция кезінде оң жақ аналық без кистасының жыртылуы анықталды.

Оператиция көлемі:

А.Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау

Б. Оң жақ аналық безін алып тастау

В. Оң жақ цистэктомиясы

Г. Аналық без кистасының құрамының аспирациясы

Д. + Аналық без кистасының капсуласын алып тастау

264. Алынған аналық без ісігін макроскопиялық зерттеуде: көлемі 10,0×9,5×8,0 см, жарып қарағанда капсуланың ішкі беті тегіс, құрамы – серозды сұйықтық.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

А.Аналық бездің эндометриоидты кистасы

Б. +Жай серозды кистома

В. Аналық без фибромасы

Г. Дермоидты киста

Д. Папиллярлы кистома

265. Алынған аналық без ісігін макроскопиялық зерттеуде: көлемі 4,0×5,0×6,0 см, сұр-ақ түсті, біртекті емес консистенциялы. Жарып қарағанда: капсуланың ішкі қабырғасы тегіс, құрамы – шаш, тістер, май тіні.

Сіздің диагнозыңыз:

А.+Дермоидты киста

Б. Аналық без эндометриоидтыкистасы

В. Папиллярлы кистома

Г. Жай кистома

Д Аналық без фибромасы

266. Біріншілк бедеулікпен, етеккір циклының бұзылысымен семіздікпен, гирсутизммен 25 жастағы науқас С-ны лапароскопиялық тексергенде тегіс, жылтыр беткейімен, тығыз ақ қабығымен екі аналық бездің ұлғаюы анықталды.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

А.+Аналық без поликистозы

Б. Аналық без тестикулярлы феминизациясы

В. Аналық без текомасы

Г. Гонадалар дисплазиясы

Д. Аналық без эндометриоидтыкистасы

267. 25 жастағы науқаста лапароскопиялық операция кезінде екі аналық безінің поликистозы анықталды

Хирургиялық тактика қандай:

А. Аналық без дрелингі

Б. + Аналық безді алып тастау

В. Аднексэктомия

Г. Цистэктомия

Д. Аналық без пункциясы

268. Менопаузада қанды бөліністер кезінде көрсетілген:

А.+Жеке диагностикалық қыру кейін гистологиялық зерттеумен

Б. Гормональді гемостаз қосарланған ауыз арқылы контрацепсия

В. Симптоматикалық емостатикалық терапия

Г. Жатырдың экстирпациясы қосалқыларымен бірге, гистологиялық зерттеумен

Д. Жатырдың ампутациясы қосалқыларымен бірге гистологиялық зерттеумен

269.Ішкі жыныс мүшелерінің даму ақаулары жиі даму ақауларымен қосарланып келеді:

А.Тоқ ішек

Б. Нерв түтігі

В. +Бүйрек пен зәр шығару жолдары

Г. Сүйек-шеіршеки жүйесі

Д. Аш ішек

270.Эндокринді бедеулік байланысты:

А.+Овуляция бұзылысымен

Б. Антиспермальді антиденел пайда болуы

В. Генитальді эндометриозбен

Г. Жатыр түтікшелерінің өтімсіздігімен

Д. Хромосомды ақаулармен

271. 30 жастағы Ю науқаста бедеулік, 7 жыл ішінде 2-3 айға тоқтауы түрінде етеккір циклы бұзылысы бар. Объективті: әйел фенотипі, сыртқы жыныс мүшелері ерекшеліксіз. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыптыдан кішкентай, қосалқылар аймағында тығыз, 3,0×4,0×4,5 см, қозғалмалы, ауырсынусыз түзілістер. Базальді температура – монофазалы. Күйеуінің спермограммасы – қалыпты.

Бедеуліктің болжам генезі:

А.+Эндокринді бедеулік

Б. Перитонеалды

В. Түтіктік

Г. Жатырлық

Д. Психогенді

272.Түтікті-перитонеальді бедеулікті нақтылау мақсатында ең ақпаратты әдіс:

А.Кимографиялық пертубация

Б. Гистеросальпингография

В. Трансвагинальді эхография

Г. +Лапароскопия хромосальпингоскопиямен

Д. Гидротубация

273.Экстракорпоральді ұрықтандыруға абсолютті көрсеткіш болып табылады:

А. Тұқым қуалайтын аурулар

Б. + Жатыр түтікшелерінің болмауы

В. Генезі белгісіз бедеулік

Г. Иммунологиялық бедеулік

Д. Субсерозды жатыр миомасы

274.Науқас Н., 24 жаста, біріншілік бедеулікпен, ретті, ауырсынулы етеккірмен. Гинекологиялық статус ерекшеліксіз. Гинекологиялық статус ерекшеліксіз. Базальды температура екіфазалы. Гистеросальпингографияда –жатыр түтікшелері өтімді, посткоитальді тест оң. Күйеуі қаралған – қалыпты.

Бедеулік себебін анықтау үшін қажет:

А.+Лапароскопия, гистероскопия

Б. Трансвагинальді эхография

В. Компьютерлі томография

Г. Туберкулинді тест, гистероскопия

Д. Лапароскопия, туберкулинді тест

275.Науқас А., 19 жаста, біріншілік аменорея және біріншілік бедеулікпен, әйелдер кеңесіне келді.

Бірінші уақытта қандай патологияны жоққа шығару керек:

А.+Жыныс ағзаларының даму ақаулары

Б. Овуляцияның болмауы

В. Жыныс мүшелерінің ісіктері

Г. Қабыну аурулары

Д. Эндометриоз

276. Жағындыдағы қынаптың тазалық дәрежесі бактериальді вагиноздың бір белгісі тән:

А. +"Кілттік" жасушалар

Б. Додерлейн таяқшалары

В. Лейкоциттер санының жоғарылауы

Г. Эпителий санының жоғарылауы

Д. Көп мөлшердегі бөліністер

277. Бактериальді вагиноздың лабораторлы диагностикасы негізделген:

А.+Аминотест оң және кілттік жасушалар

Б. Аминотест теріс және кілттік жасушалар

В. Додерлейн таяқшалары, кокктардың болуы

Г. Додерлейн таяқшалары жоқ, жағындыдағы лейкоциттер санының жоғарылауы

Д. Кольпоскопияда кольпит ошақтарының белгілері

278.Гирсутизмі бар науқасқа дексаметазонды сынама өткізгенде 17-КС түсуі, зәрде 75% төмендеуі анықталды.

Сіздің диагноз:

А. +Адреногенитальді синдром

Б. Бүйрекүсті без ісігі

В. Поликистозды аналық без синдромы

Г. Гормонөндіруші аналық без ісігі

Д. Конституциональді гирсутизм

279. Гирсутизмі бар науқасқа дексаметазонды сынама өткізгенде 17-КС төмендуі, зәрде 25% төмендеуі анықталды.

Сіздің диагноз:

А.Адреногенитальді синдром

Б. Бүйрекүсті без ісігі

В. + Поликистозды аналық без синдромы

Г. Гормонөндіруші аналық без ісігі

Д. Конституциональді гирсутизм

280. Науқас 29 жаста, тік ішекке иррадиацияланатын іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Қынаптық зерттеуде: жатыр қалыптыдан үлкейген, оң жақ қосалқы маңында ауру сезімі, артқы күмбез қалыңдаған, ауру сезімі бар.

Сіздің диагнозыңыз:

А. Аналық без апоплексиясы

Б. Аналық без ісігі аяқшаларының айналуы

В. +Жатырдан тыс жүктілік

Г. Аналық без кистасының жыртылуы

Д. Жедел аднексит

281.Науқас 25 жаста етеккір циклының 15 күні түсті,жыныстық қатынастан кейін іштің төменгі аймағындағы, тік ішекке иррадиацияланатын ауыру сезіміне шағымданады. Қынаптық зерттеуде: жатыр үлкеймеген, оң жақтағы қосалқыда ауру сезімі, артқы күмбез тегістелген, ауру сезімімен.

Сіздің диагнозыңыз:

А. +Аналық без апоплексиясы

Б. Аналық без кистасы аяқшасының айналуы

В. Жатырдан тыс жүктілік

Г. Аналық без кистасының жарылуы

Д. Жедел аднексит.

282.Науқас Д., 30 жаста, қалыпты етеккір циклімен, аналық без кистасымен, физикалық жүктемеден кейін іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауру сезімі, құсу, жүрек айну, лоқсуға шағымданады. Қынаптық зерттеуде: жатыр үлкеймеген, оң жақта қосалқылар аймағанда консистенциясы тығыз эластикалық, көлемі 5,0х5,0х6,0 см құрылым анықталды, ауру сезімімен.

Сіздің диагнозыңыз:

А. Аналық без апоплексиясы

Б.+ Аналық без ісігінің аяқшасының айналуы

В. Жатырдан тыс жүктілік

Г. Аналық без кистасының жарылуы

Д. Жедел аднексит.

283.Жатырдан тыс үзілген жүктілікке тән белгілерді көрсетіңіз:

А. +Толғақ тәрізді ауру, етеккірдің кідіруі, құрсақішілік қан кету белгілері

Б. Менструацияның кідіруі, жатырдың үлкеюі

В. Құрсақішілік қан кетудің белгілері, менструация кідіруі байқалмайды

Г. Етеккір циклының ортасында құрсақішілік қан кетудің пайда болу белгілері

Д. Жатырдың жұмсаруы мен үлкеюі

284.Аналық без апоплексиясына тән белгілерді көрсетіңіз:

А. Толғақ тәрізді ауру, менструацияның кідіруі, құрсақтық қан кету белгілері

Б. Менструацияның кідіруі, жатырдың үлкеюі

В. Құрсақішілік қан кетудің белгілері, менструация кідіруі байқалмайды

Г. +Етеккір циклының ортасында құрсақішілік қан кетудің пайда болу белгілері

Д. Жатырдың жұмсаруы мен үлкеюі

285. Тубэктомия операциясы кезінде екі қысқыштың арасында түтіктің жатырлық бөлігі мен қай құрылым кесіледі:

А.+Түтіктің жатырлық бөлігі, мезосальпинкс

Б. Жатыр-сегізкөз байламы, мезосальпинкс

В. Аналық бездің меншікті байламы, мезосальпинкс

Г. Жатырдың шеңбер тәрізді байламы, аналық бездің меншікті байламы

Д. Оймыш –жамбас және шеңбер тәрізді байламдар

286. Гинекологиядағы қанайналым бұзылуы себебінен дамыған «Жедел іш» клиникасына тән:

А. Жатырдан тыс жүктілік

Б. +Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы

В. Аналық без апоплексиясы

Г. Жедел аппендицит

Д. Жедел сальпингит

287. Гинекологиядағы құрсақішілік қан кету кезіндегі «Жедел іш» клиникасына тән:

А. +Жатырдан тыс жүктілік

Б. Аналық без ісігі аяқшасының айналуы

В. Миоматозды түйіннің қоректенуінің бұзылысы

Г. Жедел аппендицит

Д. Жедел сальпингит

288. Гинекологиядағы кіші жамбас ағзаларының қабыну процесімен шақырылған «Жедел іш» клиникасына тән:

А. Жатырдан тыс жүктілік

Б. Аналық без аяқшаларының бұралуы

В. Миоматозды түйіннің қоректенуінің бұзылуы

Г. Аналық без апоплексиясы

Д. +Тубоовариальды түзілістің перфорациясы

289. Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдістеріне жатады:

А. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы

Б.+ Жатырдың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы, ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия

В. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу, кольпоцитологияға жағынды

Г. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия

Д. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу

290. Жатырдан тыс жүктілікті растау үшін жатыр қуысын қырғанда алынған қырындыны гистологиялық зерттеу нәтижесі:

А. Эндометридің секреторлық трансформациясы

Б. Эндометрий пролиферациясы

В. +Хорион бүрлерінсіз децидульды тін

Г. Хорион бүрлері бар децидуальды тін

Д. Эндометридің некрозы мен қабыну белгілер

291.Жатырлық жүктіліктің ерте мезгілін растайтын жатырдың алынған кесіндінің гистологиялық зерттеу нәтижесі:

А. Эндометрий бездерінің гиперплазиясы

Б. Эндометрий пролиферациясы

В. Хорион бүрлерінсіз децидульды тін

Г. +Хорион бүрлері бар децидуальды тін

Д. Эндометиридің некрозы мен қабыну белгілер

292.Ановуляторлы ановуляторлы ауытқулы жатырдан қан кетуді растау үшін менструалды циклдың 18 күні жатырдан алынған кесіндіні гистологиялық зерттеу нәтижесі:

А. +Безді эндометрий гиперплазиясы

Б. Эндометрий пролиферациясы

В. Хорион бүрлерінсіз децидуальді тін

Г. Хорион бүрлері бар децидуальді тін

Д. Эндометридің некрозы мен қабыну белгілері

293.Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт типі бойынша үзілуінде диагнозды растау үшін бірінші кезекте не істеу керек:

А.+ Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысына пункция жасау

Б. Жатыр қуысын диагностикалық қыру

В. Жатыр қуысын зондтау

Г. Гистероскопия

Д. Метросальпингография.

294. Етеккірдің кідіруі бар М., 29 жастағы науқаста қынаптық зерттеу кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділер анықталды, сыртқы ернеуі ашық, жатыр көлемі 8 апталық жүктілікке дейін үлкейген, қосалқылар анықталмайды.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт типі бойынша үзілуі

Б. +Жатырлық жүктілік, жүктілікті үзу қаупі

В. Аналық без апоплексиясы

Г. Жатыр қосалқыларының қабынуының асқынулары

Д. Түтіктік жүктілік сақталған

295.Аналық бездің апоплексиясы кезінде операция көлемі:

A. Тубэктомия

Б. Аднексэктомия

B. + Аналық безді тігу

Г. Цистэктомия

Д. Овариоэктомия

296. Ю., есімді 23 жастағы науқаста жедел дамушы түтіктік жүктілік анықталған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық..

Дәрігер тактикасы:

А.+Госпитализация, оперативті ем

Б. Госпитализация, бақылау

В. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ динамикада

Г. Әйелдер кеңесінің дәрігерінің бақылауы

Д. Күндізгі стационарда бақылау

297.Гинекологиялық перитонитте көрсетілген операция:

А.Құрсақ қуысын санациялау мен дренирлеу

Б. Жатырды қосалқылармен бірге қынапүстілік ампутациясы

В. + Жатырды түтікшелермен бірге экстирпациясы, құрсақ қуысын дренирлеу

Г. Жатырды түтікшелермен бірге қынапүстілік ампутациясы

Д. Жатырды қосалқыларсыз экстирпациясы, құрсақ қуысын дренирлеу

298. Жатырдан тыс жүктілік диагностикасында қолданады:

А+ Лапароскопия

Б. Кульдоскопия

В. Гистеросальпингография

Г. Гистероскопия

Д. Пневмопельвиография

299. Аналық без ісігінің хирургиялық аяқшасын құрайды:

А. Аналық бездің меншікті байламы, аналық бездің шарбысы, жатыр түтікшесі

Б. Аналық бездің меншікті байламы, оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шарбысы

В. Аналық бездің меншікті байламы, оймыш-жамбас байламы

Г. +Аналық бездің меншікті байламы, оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шарбысы, жатыр түтігі

Д. Оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шарбысы, жатыр түтігі

300. Диагностикалық лапароскопияда сол жақты түтіктік жүктілік, аборт типті үзілу анықталды. Құрсақ қуысында көлемі 150,0 түйінсіз қою қан, сол жақ түтік көгерген, истмикалық бөлігі 2,0×2,5×1,5 см қалындаған, сол жақ жатыр түтігінің бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы бөліктен қан кету.

Сіздің тактикаңыз:

A. Құрсақ қуысын дренирлеу

Б. Сол жақтық аднексэктомия

B. +Сол жақтық тубтомия, ұрық жұмыртқасын алып тастау

Г. Ампулярлы бөліктен ұрық жұмыртқасын қысып, алып тастау



Д. Сол жақтық тубэктомия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет