Жатыр мойнының ҚАҚПАҒЫ



Дата04.11.2022
өлшемі94,53 Kb.
#156574
Байланысты:
2.18. Жатыр мойнының қақпағы
Культура письменного делового общения (на Русском языке), «Үстел теннисі» үйірмесі Күнтізбелік-тақырыптық жоспар-emirsaba.org

ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАҚПАҒЫ


ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАҚПАҒЫН ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҰСТАРЫ
  • Жатыр мойнының қақпағы жыныстық қатынасқа дейін қынапқа терең орналастырылады. Қақпақ жатыр мойнын жабады
  • Контрацепцияның максималды әсеріне жету әр жыныстық қатынас кезінде әдісті дұрыс қолдануды талап етеді.
  • Контрацепцияның әсерін күшейту үшін қақпақтар спермицидтермен бірге қолданылады

ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАҚПАҒЫ ДЕГЕН НЕ?
  • Жатыр мойнына тығыз оралатын жұмсақ, терең, латекс немесе резеңке-пластикалық қақпақ
  • Әр түрлі мөлшердегі қақпақтар бар, маманның көмегімен қалпақшаны жеке таңдау қажет.
  • Әсер ету механизмі - сперматозоидтардың жатыр мойнына енуіне механикалық тосқауыл жасау; спермицидтер әсерінен сперматозоидтар

  • жойылады немесе қимылын жоғалтады. Қақпақтар да,
    спермицидтер де сперматозоидтар мен аналық жұмыртқаның ұрықтануына жол бермейді


ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Әдістің тиімділігі қолданушыға байланысты: Жоспарланбаған жүктілік қаупі жатыр мойны қақпағын әр жыныстық қатынасқа түскенде (спермицидтермен бірге) қолданбаған кезде жоғары болады.
Босанған әйелдер:
  • Қолданудың жалпы сипаты бойынша, бұл контрацепцияның ең тиімсіз әдістерінің бірі болып табылады.
  • Қолданудың жалпы сипаты бойынша, әдісті бірінші жылы қолданған 100 жұптың 32-і жоспарланбаған жүктілікке тап болады. Бұл жатыр мойны қақпағы әдісін қолданатын әрбір 100 әйелдің 68-і қажетті нәтижеге қол жеткізетінін көрсетеді.
  • Жыныстық қатынас кезінде әдісті дұрыс қолданар болса, бірінші жылы қолданған 100 әйелдің 20-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады.

Әдісті тоқтатқаннан кейін фертильдіктің қалпына келуі: Бірден.

Әдістің контрацепция әсері тумаған әйелдер қолданған кезде жоғары болады
  • Қолданудың жалпы сипаты бойынша, әдісті бірінші жылы қолданған 100 жұптың 16-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады. Бұл жатыр мойны қақпағы әдісін қолданатын әрбір 100 әйелдің 84-і қажетті нәтижеге қол жеткізетінін көрсетеді.
  • Жыныстық қатынас кезінде әдісті дұрыс қолданар болса, бірінші жылы қолданған 100 әйелдің 9-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады

ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР, ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАҚСЫ ӘСЕРІ МЕН ЗИЯНЫ

ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР

ЖАҚСЫ ӘСЕРІ

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

Кейде диафрагмаларды қолдану келесіге әкелуі мүмкін:
  • Қынаптың шырышты қабығының, жыныс мүшесінің тітіркенуі
  • Қынап тінінің зақымдануы

Алдын алады:
  • Жүктілікке байланысты тәуекелдер
  • ЖЖБИ-дің кей түрін (хламидиоз, гонорея, жамбастың қабыну ауруы, трихомоноз)
  • Жатыр мойнының рак алды және рак аурулары

Кейде: Несеп-жыныс жолдарының инфекциялық аурулары
Сирек:
  • Бактериалды вагиноз
  • Кандидоз

  • Өте сирек:
  • Ноноксинол-9 препаратын жиі қолдану АИТВ-инфекциясының қаупін арттыруы мүмкін

  • Тек сирек:
  • Уытты шок

ӘДІСТІ ҚАБЫЛДАУҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕР

Әйел жақында босанды ма немесе жүктіліктің екінші триместрінде өздігінен немесе жасанды түсік жасады ма?

Жатыр мойны қақпағын босанғаннан 6 аптадан соң немесе жүктіліктің екінші триместрінде, дененің және жатыр мойнының толық инволюциясы болған кезден ерте бастамаған жөн. Әйел көрсетілген мерзімге дейін қолдана алатын контрацепцияның көмекші әдісін ұсыныңыз

Латекс резеңкесіне аллергиясы бар ма?

Латекстен жасалған қақпақтарды қолдануға болмайды. Әйел пластикалық қақпақтарды қолдана алады.

Әйел АИТВ немесе ЖЖБИ-мен ауыра ма? Әйелдің өзінің айтуынша, оған АИТВ инфекциясына үлкен қауіп бар ма?

Жатыр моцны қақпағын қолдануға болмайды. Әйелге АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін презерватив қолдануға кеңес беріңіз(жеке құрал ретінде немесе контрацепцияның басқа әдісімен бірге)

Әйел қатерлі ісік алдындағы жағдайды ем алды ма (цервикал интраэпителиальді неоплазия [CIN]) немесе жатыр мойны обырын емдеу жоспарында бар ма?

Жатыр мойны қақпақтарын қолдануға болмайды

Келесі сұрақтарды қойыңыз. Оның мақсаты әйел денсаулығы туралы қажетті ақпаратты жинау. Егер әйел барлық сұрақтарға теріс жауап берсе, онда ол әдісті қолдана бастай алады.
ЖАТЫР МОЙНЫ ҚАҚПАҒЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТЕХНИКАСЫ
ҚАЛПАҚШАНЫ КИГІЗУ
1. ҚАҚПАҚТЫҢ ҮШТЕН БІРІ СПЕРМИЦИД, ГЕЛЬ, КРЕМ НЕМЕСЕ КӨБІКПЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫ.
2. ҚАҚПАҚ ЖАТЫР МОЙНЫН ТҰТАСТАЙ ОРАП КИІЛЕДІ. КЕЙІН ВАКУУМ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛПАҚПЕН ЖАТЫРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚАҚПАҚТЫҢ ТҮБІН БАСАДЫ.
3. ЖАТЫР МОЙНЫ ҚАҚПАҒЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ДЕЙІН 42 САҒАТ ІШІНДЕ ТАҒЫЛУЫ ҚАЖЕТ.
ҚАЛПАҚШАНЫ ШЕШУ
1. ҚАҚПАҚ ОРНЫНДА 6 САҒАТТАН КЕМ БОЛМАУЫ КЕРЕК. ЖӘНЕ КИІЛГЕННЕН 48 САҒАТТАН АРТЫҚ ТҰРМАУЫ ҚАЖЕТ.
2 ЕГЕР ҚАҚПАҚ ОРНЫНДА 48 САҒАТТАН КӨП ТҰРСА, УЫТТЫ ШОК СИНДРОМЫНЫҢ БАСТАЛУЫ МЕН ҚЫНАПТАН БӨЛІНУЛЕР, ЖАҒЫМСЫЗ ИІСКЕ АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН.
3. ҚАҚПАҚТЫ ОНЫҢ ІШКІ БЕТІ МЕН ЖАТЫР АРАСЫНДАҒЫ БІТЕУ БАЙЛАНЫСТЫ АЗАЙТУ ҮШІН БІР ЖАҚҚА ЕҢКЕЙТІҢІЗ. ЖАТЫР МОЙНЫНАН ҚАҚПАҚТЫ АҚЫРЫН ШЕШІП, ҚЫНАПТАН АЛЫП ТАСТАҢЫЗ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет