Гипербелсенділік және зейін жетіспеушілігі бар балаларға көмек



Дата18.12.2022
өлшемі25,88 Kb.
#163142
түріНұсқаулар
Байланысты:
ибб срсп Аралбек Г.
1547197784, 7 ктп, Реабилитация неврологических больных, промывания желудка, 7 кесарево сечение, кері байланыс 2023, 7Б 20.11.23ж, Без названия

Гипербелсенділік және зейін ЖЕТІСПЕУШІлігі бар балаларға көмек

  • Олар сөгіс пен жазаға қарсы болып, аздаған мақтауға үлкен мән беретін болады. Бұндай балаларға нұсқауларды анық, нақты етіп тұжырымдап, мейлінше қысқа етіп айту қажет (он сөзден артық болмауы керек), әйтпесе олар сізді тыңдамайтын болады. Ата-аналар оларға біруақытта бірнеше тапсырманы бермей, бір нұсқауларды жеке –жеке беруі тиіс.

  • Ата-аналар тамақтану, серуендеу, ойнау, үй жұмыстары, ұйықтау уақыты секілді күн тәртібінің сақталуын қадағалап, күн режимін нақты реттеуі керек.


  1. Артық энергияны шығару үшін балаға жаттығу жасауға, ұзақ уақыт серуендеуге, жүгіруге мүмкіндік беріңіз.
  • Мінез-құлықты түзеу үшін баламен талқылай отырып, жақсы және жаман мінез-құлықты көтермелеу және жазалау жүйесін қолданыңыз;


  1. Тапсырмаларды орындау кезінде балаға артық жұмыс беріп шаршатуға болмайды, себебі, онда гипербелсенділік күшейіп кетуі мүмкін. Көпшілік жиналатын іс-шараларға тез қозатын (тез ашуланатын) балалардың қатысуын болдырмау немесе шектеу қажет.

  2. Бала ауырған кезде оны бағынбағаны үшін ұрысу пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды болады. Мұндай жағдайларда балаға тек қылықтары үшін оң баға, теріс баға (Мысалы, "Сен жақсы баласың, бірақ қазір сен мынаны дұрыс жасамадың, негізі былай әрекет етуің керек еді...")беріп, бағалауға болады.. Қандай жағдай болмасын, өз балаңызды төмен бағалап,оны басқа балалармен ("Леша жақсы, сен жамансың!» деген секілді) салыстырмаңыз.

  3. Теледидар мен компьютерлік ойындарды көру және ойнау уақытын қысқарту ұсынылады. Гипербелсенді бала үшін теледидарды ұзақ қарау да және компьютерде ұзақ шұғылдану да шектеулер болуы тиіс (ол компьютерде неғұрлым көп уақыт өткізсе, оның эмоционалды қозуы соғұрлым жоғары болады және оны тыныштандыру соғұрлым қиын болады).

  4. Жоғары талаптар мен шамадан тыс оқу жүктемелер баланың тұрақты шаршауына және онда оқуға деген жиіркеніштің пайда болуын алып келетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан бұл балаларға топтағы, сыныптағы балалардың ең аз санымен, ең аз сабақ ұзақтығымен және т. б. оқу режимінің аялауыш тәсілін қолдану ұсынылады.

  5. Бала үйге келгеннен кейін оған кем дегенде бір сағат назарыңызды салыңыз. Осы уақыт ішінде бала сізге күні бойы өзін не мазалағанын айтып береді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын) баламен серуендеп, ақырын сөйлесу және оның әңгімесін тыңдау арқылы оның көңілін аулаңыз. Шамадан тыс стрессті жеңілдету үшін үнемі тыныштандыратын массажды немесе бойын босаңдататын жаттығуларды жасаңыз. Бұндай балалар әдетте қорқақтау болады. Сондықтан оларға сіздің қолдауыңыз бен мақұлдауыңыз үнемі қажет.













Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес.

  • Бұндай балалармен жұмсақ, сабырлы түрде сөйлесу керек. Тым белсенді бала жағымды да, жағымсыз да әсерге тез берілгіш. 

  • Бұл балалардың іс - әрекетін өз бетімен жіберуге болмайды, өйткені тым белсенді балалар қалыптасқан жағдайды тез түсініп, үлкендерді өз айдауымен жүргізгісі келеді.

  • Ол балаларға үлкендердің мадақтауы мен ыстық ықыласы ауадай қажет. Алайда не нәрсені де тым әсерге берілмей сабырмен орындаңыз.

  • Тым белсенді балаларға нұсқау беріп тұруды әдетке айналдыру маңызды. Нұсқауларыңыз көп сөзден тұрмасын, әрі кеткенде 10 сөздің айналасында болсын. Балаға бірнеше нұсқауды бір уақытта бермеңіз: «бөлмеңе бар, ойыншықтарыңды жина, қолыңды жу да ас бөлмеге кел деу» дұрыс емес. Әр нұсқауды алдыңғы нұсқау орындалып болғаннан кейін берген жөн. Нұсқаулардың міндетті түрде орындалуын қадағалау қажет.

  • Басқа балалармен қарым - қатынас жасағандағы сияқты тым белсенді баланы тәрбиелеуде бірізділікті ұстану қажет. Тыйым сала бермеңіз, оларды мұқият ойластырып, балаға түсінікті түрде жеткізіңіз. Бала салынған тыйымды бұзса, оны қандай жаза күтіп тұратынын түсінуі тиіс.

  • Үлкендер баланың бұрыс әрекеттерін дұрыс жолға біртіндеп қайта қоя білуі тиіс. Мысалы, егер бала айқайлап жатса, жанына барып оның сүйікті әнін бастаңыз, ол қосылған кезде даусыңызды біртіндеп бәсеңдетіңіз. Балаға әрқашанда таңдауға бірнеше әрекет түрін ұсыныңыз.

  • Тым белсенді баланың жаны тез жаралатындықтан, өзіне деген ерекше қамқорлықты қажет етеді. Оның мазасыздығын басуға жеңіл массаж, жұмсақ алақанмен сылап - сипалау, психогимнастикалық ойындар көмектеседі





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет